Үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр және ақ заттардан тұрады. Алайда ондағы сұр зат, жұлындағыдай бірақ жерге топтаспаған, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, қызметі әртүрлі орталықтарға айналған. Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбір жұлын жолдары осы мида бір-бірімен қиылысып оң жақтан келген талшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Сұр зат жоғарыда айтылғандай нейрондардан тұрады, рефлекстік қызмет атқарады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің (VIII, IX, X, XI, XII) ядролары мен бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар кәне жұлын қызметін реттеуде маңызды рөл атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан. Сопақша мидың нейрон шоғырлары жүйке орталықтары) адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен орын алады. Оған тыныс, қан тамырларын тарылтып кеңітетін, жүрек соғуын баяулатып сирететін (тежейтін) тіршіліктік орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы бұзылса да адам өледі. Сопақша мида сондай-ақ көптеген қорғаныс (жас шығару, кірпік қағу, жөтелу түшкіру, тер шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын сөлі мен ұйқы безі сөлін шығаратын және құсу) рефлекс орталықтары бар. Бұл орталықтардың да өмірді сақтауда маңызы аз емес. Мәселен, эмбрион сатысывда жұту орталығы дамымай қалса (бульбарлық паралич) жаңа туған бала анасын емгенмен аузындағы сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш арқылы қарынға бармай тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, бала өкпесі қабынып және ашығьш өледі. Сопақша мидың мойын және көз еттерінің тонусын өзгертетін көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бірге статикалық және татокинетикалық (вестибулярлық) рефлекстерге қатысады.
Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады: а) жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер.
Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Ми қыртысының сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген мысалдардан көруге болады. Емізер алдында баланың жаялығын құрғатып құндақтап отырса, балада осы қимыл әрекетіне сай шартты рефлекс қалыптасады да құндақтай бастасымен онда ему рефлексі басталады. Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан көруге болады. Аузына ас аларда оның шірік иісін сезсе, шірік-ау деген ойға келсе, адам лоқсуы, тіпті қусуы мүмкін. Бұл тәжірибе әсіресе гапноз (иландыру) жағдайында анық байқалады.
Артистер сахнада жүріп, қажет болса көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді.
Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ зат негізінен жұлынның жоғары өрлеуші және мидың жұлынға қарай (төмен) құлдыраушы жолдары.
Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйекми жүйкелерінің V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпірде дем алуды дем шығару үрдісімен алмастырып тұратын пневмотаксис орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейзистік орталық орналасқан.