Шерубай ҚҮРМАНБАЙҮЛЫ
ТЕРМИНТАНУ
(оқу қүралы)
"Атлас баспасы-2001" Алматы, 2006
БК81.2-3 я7
Қ49
Казақстан Республикасы Мәдениет және акпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр
КУРМАНБАЙҮЛЬІ Ш.
ТЕРМИНТАНУ: Оқу құралы. Алматы: "Атлас баспасы -2001", 2006 - 244бет.
І8ВN 9965-597-15-4
Оку күралы негізінен жоғары оку орындарының филология факультеттері студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға, тіл мамандарына, терминтанушылар мен терминшілерге арналған. Сондай-ак оку күралын термин, терминология мәселелері кызыктыратын өзге салалардың мамандары да кажетіне жарата алады.
Оку күралының басты ерекшелігі — біздегі дәстүрлі көзкараска сәйкес терминология лексикологияның бір тармағы ретінде карастырылмай, өзге елдер тәжірибесі ескеріліп, ол "терминтану"деп аталатын дербес ғылыми пән ретінде үсынылып отыр. Оку күралы терминтану мәселелері бойынша соңғы 5-6 жыл көлемінде филология факулътеттерінің студенттері мен магистранттарына жүргізілген арнаулы курс материалдары негізінде дайындалған.
ББК 81.2-3 я7
© Құрманбайүлы Ш., 2006 © "Атлас баспасы-2001", 2006,
АЛҒЫСӨЗ
Термин мен терминология туралы сөз болғанда бізде көбінесе терминдерді өзге тілдерден өзгеріссіз қабьщдау-қабьілдамау немесе баламаның сәтті-сәтсіз жасалғандығы туралы әңгімеден аса алмай жататын жағдайлар өте жиі байқалады. Жекелеген атауларды бір ізге түсірген, жүйеге келтірген де дүрыс, ол да атқарылуға тиіс маңызды практикалық істердің бірі. Бірақ біз тек "ана терминді былай атайық, мына терминді былай аударайық немесе жасайық" деуден аса алмай, өрқайсысымыз өз үсынысымызды, жасаған терминімізді қолданысқа енгізуді мақсат етумен ғана шектеліп отыруға тиіс емеспіз. Жалпы жекелеген атаулар туралы түрлі пікірлер айтып, үзақ пікірталас тудыра беруге болады. Егер уақытында тілші ғалымдар мен салалық мамандар болып бір тоқтамға келіп, үсынылған баламалар мен жасалған жаңа терминдердің арасынан ең тиімдісін, сәтті жасалғанын іріктеп алып отырмасақ, терминологияны реттеу, біріздендіру жүмыстарын жолға қоя алмаймыз. Бүкіл әлем тілдерінде терминологиялық жүмыстардың жүргізілуі сондай бейберекеттікке орын бермеу мақсатынан туындаған.
Терминтанушылардың қазіргі алдында түрған міндеттерінің бірі терминтануды дербес пән ретінде дамыту. Оның теориялық, практикалық және едістемелік мәселелерін ғьшыми түрғьщан шешу, оқу пәні ретінде тиісті деңгейде оқыту қазіргі таңдағы аса маңызды істер болып табылады.
Термин, терминология мәселелері еліміздің жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде кейінгі жьщдарға дейін лексикологияның бір тармағы ретінде оқытылып келеді. Жоғары мектеп бағдарламасында Қ.Кеңесбев пен Ғ.Мүсабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" оқулығында Ә.Болғанбаевтың "Қазақ лексикологиясы" оқулығы мен Ә.Болғанбайүлы, Ғ.Қалиүлының авторлығымен жарық көрген "Кдзіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы" оқу қүралдарында да термин, терминология мәселелері лексикология шеңберінде қарастырылады. Термин сөздер аталған және өзге окулықтарда бір тақырыпша ретінде ғана беріліп, олардың өзге лексикалық қабаттардан айырма-шылығын көрсетуге баса мән берілді. Сондықган да жоғары оқу орындарын бітірушілердің термин, терминология мәселері жөніндегі білімі өте шектеулі ғана болып жатады. Бірқатар елдерде терминтануды дербес пән ретінде танып, оның теориясы, тарихы арнайы оқытылып та жатыр. Түрлі оқулықтар мен оқу құралдары, көмекші қүралдар дайындалған. Ал бізде термин және терминология мәселелерін термин-танудың нысаны ретінде танып, оны дербес пән ретінде жеке бөліп алып қарастыруға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрмеді. Кейінгі жылдары терминологияның түрлі мәселелері бойынша докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғаған мамандар осы істі қолға алып, жоғары оқу орындарында арнаулы курстар жүргізіп, түрлі күралдар дайындаса терминтанудың оқытылу деңгейі көтеріле түскен болар еді. Бірақ бүл бағыттағы атқарылған жүмыс әлі де өте аз, дәлірек айтқанда, іс жаңа қолға алына бастады деуге болады. Оның себебін біздегі отандық тіл білімінде терминтанудың дербес пән ретінде өркендеп, терминология мәселелерінің терең зерттеліп, ғылыми мектеп қалыптаса алмай келгендігімен байланысты деп пайымдаған дүрыс болса керек. Себебі терминология мәселелері жақсы зерттелген бірқатар елдерде оны оқыту да салыстырмалы түрде дүрыс жолға қойылған.
Оқулықтар, оқу қүралдары мен түрлі анықтамалықтар, арнаулы сөздіктер дайындалған. Бүл түрғыдан келгенде біздің әлі кезегін күтіп түрған аткаруға тиісті істеріміздің аз емес екендігі анық. Сол себептен осы оку қүралын дайындауды міндетіміз деп санадық. Үсынылып отырған оқу қүралын осы бағыттағы жасалуға тиісті жүмыстардың, атқарылуға тиісті істердің бірі деп түсінген жөн. Оқу қүралында қамтылған негізгі мәселелердің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия үлттық университетінің тарих-филология факультетінде "аударма ісі" мамандығы бойынша білім алып жатқан қазақ бөлімінің 5 курс студенттеріне арнаулы курс ретінде оқылғанын, ал жекелеген бөлімдерінің 2002 жылдан бастап осы университеттің "қазақ тілі" мамандығы бойынша маманданып жатқан магистранттарға үсынылғанын айтуға тиіспіз.
Терминтануды дербес ғылыми пән ретінде оқьпуға арналған қазақ тіліндегі алғашқы оқу қүралы болғандықтан, терминология жөнінде біздегі қалыптасқан көзқарасқа сәйкес келмейтін мәселе-лердің бар екендігі де анық. Соның өзі терминтануды пән ретінде оқьгту сапасын арттыруға, термино-логияның түрлі мәселелеріне жаңаша қарауға, басқаша бағамдауға, түрлі бағыттағы зерттеулер жүргізуге белгілі бір дәрежеде түрткі болар, ойға ой қосар деген үміттеміз. Шет елдер мен өз ғалымдарымыздың терминтану саласындағы зерттеулерінің нәтижелерін ескере отырып, алдағы уақытта оку қүралын әлі де мазмүндық және қүрылымдық түрғыдан жетілдіре беру ниетіміздің бар екендігін, оны міндетіміз санайтындығымызды айтқан жөн деп білеміз.
I. ТЕРМИНТАНУ - ДЕРБЕС ҒЫЛЫМИ ПӘН
1.1. Терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орны туралы
Терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орны туралы бізде кейінгі жылдары ғана шет жағалап сөз қозғала бастағаны болмаса, бүл өзге елдердің ғалымдары тарапынан осыдан 30-40 жьгл бүрын көтеріліп, арнайы карастырылған, талқыланған мәселе. Түрлі елдердің терминтанушы ғалымдары тарапынан бүл мәселені зерттеуге арналған ғылыми еңбектер жарық көрді. Мәселен, Ресей ғалымдары терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі алатын орны туралы мәселені өткен XX ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында, жетпісінші жылдардың басында көтеріп, көптеген ғылыми еңбектер жазды, ғьглыми симпозиум өткізді. Содан бері оларда осы бағыттағы жүмыстар үздіксіз жүргізіліп, зерттеулер жалғасып келеді. Ресейдің маңдай алды жетекші университеттерінде терминтану бойынша 70-жылдардың екінші жартысынан бастап арнаулы курстар мен семинарлар жүргізіледі. Бүл түрғыдан келгенде бізде отандық терминтанудың едәуір кенжелеп қалғаны байқалады. "Терминология-ның теориялықжәне практикалық мәселелерін зерттеу әлі де жете қолға алынбай отыр. Терминологияның осындай өзекті проблемаларын зерттеу, ретке келтіру ісі қазақ тіл білімінің алдында түрған күрделі міндеттердің бірі" (Термин қалыптастыру тәжірибесінен Қазақ терминологиясының мәселелері. А.,1986. 65-6.) деп жазған еді сексенінші жьшдары тілші ғалым А.Әбдірахманов. Одан бері өткен жиырма жыл ішінде бүл салада біршама ізденістер болғанмен, терминологияның көптеген мәселелері ғылыми және практикалық түрғыдан шешімін таба қоймады. Терминтанудың теориялық, әдістемелік, практикалық мәселелерін зерттеудегі алынатын ғылыми нөтижелердің деңгейі, терминологиялық жүмыстарды жүргізу барысында көрініс беріп жатқан жүйесіздік, үйлесімсіздік соны айқын аңғартып отыр.
"Терминоведение" терминін 1967 жьшы 30 мамыр мен 2 маусым аралығында Ленинградта өткен Екінші бүкілодақгық терминология мәселелеріне арналған мәжілісте В.П. Петушков үсынған. Содан бастап бүл терминді одақгың көптеген тілші ғалымдары қолдана бастады. Терминдерді зерттейтін ғылым саласын "терминология" деп атауды қүп көретін кейбір тілші ғалымдардың да бар екендігіне қарамастан, соңғы жылдары "терминоведение" термині жаппай қолданыла бастады. Біз де терминологиялық лексиканы зерттейтін бүл саланы "терминоведение" деп атайтын ғалымдар пікірін қолдаймыз. Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде осы соңғы жылдарға дейін тек "терминология" термині қолданылып келді. Соңғы 5-6 жылдың көлемінде біз бүл саланың атауын "терминоведение" терминінің үлгісімен "терминтану" деп атап, солай қолданып жүрміз. Себебі көп мағыналы "терминология" атауына қарағанда бүл термин үтымды жасалған, саланың өзіндік ерекшелігін көрсететін атау деп санаймыз.
Терминтанудың зерттеу нысаны айқындалған дербес ғьшыми пән екендігін өткен XX ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап кеңес одағының көптеген белгілі тілші ғалымдары айта бастады. 1969 жылғы 24-27 желтоқсанда Мәскеу мемлекеттік университетінде "Қазіргі ғылымдар жүйесіндегі терминологияның орны" (Место терминологии в системе современных наук) деген тақьфыпта ғьшыми симпозиум өткізілді.
Мәскеуде өткен бұл симпозиумның аты айтып тұрғандай, ғылыми жиында терминтанудың айқындалған ғылым екендігі жөніндегі пікірді көптеген ғалымдар айтады. Осы симпозиумда жасалған баяндамалар мен хабарламалар тезисі жарияланған көлемді жинақтың бір бөлімі "Терминология — дербес ғылыми пән " деп аталады.
Терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтауға, оның әдістері мен құрылымын зерттеуге көп еңбек сіңірген ғалымның бірі Мәскеулік терминтану мектебінің белгілі өкілі В.М.Лейчик. Ол 60-жылдардан бастап осы мәселені жиырма жылдан астам үздіксіз зерттеп, 1989 жылы "Предмет, методы и структура терминоведения" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғалым 1970 жылдардан бастап М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттері мен аспиранттарына оқыған арнаулы курсында терминтануды дербес ғылыми пөн ретінде оқытты. Ол осыдан қырық жылға жуық бүрын терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орнын, оның өзге ғылымдар-мен байланысын анықтауға арналған ғылыми макала жазған. Ғалым 1969 жылы жарық көрген "Место терминологии в системе современных наук (к постановке вопросе)" деген мақаласында термин-танудың ғылым ретінде даму, калыптасу тарихын және өзге ғылымдармен байланысын көрсетеді.
Ғалым терминтанудың ғылым ретінде қалыптасуы-ның алғашқы кезеңі XX ғасырдың 30-жылдарына дейінгі кезеңді қамтиды деген түжырым жасай отырып, ол кезенің өзіндік сипатын атап көрсетеді.
Жаңа ғылым саласы терминтану өзінің ерекше зерттеу нысаны терминологиялық лексика анықталғаннан кейін де үзақ уақытқа дейін терминдердің тек лингвистикалық аспектілерін ғана қарастырып, лингвистикалық зерттеу әдістерін пайдаланды. Арнаулы лексиканың жалпы лексикадан елеулі ерекшеліктері бар екендігі көрсетілді, бір арнаулы сала ішіндегі терминдердің синонимдері болуының зияндылығы дөлелденді, терминжасам тәсілдері мен терминқор қалыптастыру көздері анықгалды.
Терминдер ғылым мен техниканың белгілі бір саласының үғымдарының атауы болғандықган және олар сол үғымдардың арасындағы байланыстарды да көрсететін болғандықтан, терминді тек лексикология-лық, лексикографиялық түрғьщан зерттеу жеткіліксіз болды. Яғни, терминдерді зерттеудің логикалық аспектісі пайда болды. Бүл түрғьщан қарастырьшу арқьшы терминнің дыбыстық таңба мен белгілі бір сала үғымымен байланысты сөз (сөз тіркесі) атау екендігі анықталды. Дегенмен, термин табиғатын тануда формалды-логикалық әдістің де жеткіліксіз екендігі байкалып, ғалымдар терминді психологиялық түрғыдан зерттеуге ойысты. Терминтану мен психологияның байланыстылығы терминнің көп жағдайда үғымдардың ұқсастығы (аналогия) негізінде жасалатындығымен түсіндіріледі. Екі үғымның үқсастығы олардың атауының алмасуына негіз болады. Терминге психологиялық түрғьщан қарау да қажет, алайда термин жай ғана таңба, символ емес, ол үғымның адам миында бейнеленуінің негізгі шарты, терминде үғымның мазмұны, өзге үғымдармен байланысы көрініс табады. Таным теориясы терминтанудың әдіснамалық іргетасы ретінде оған үнемі тірек болып отырады.
Сөйтіп, В.Лейчик терминтану дамуының 30-жылдары аяқталған бірінші кезеңін — логика-лингвистикалық кезең деп атайды.
Терминтану дамуының екінші кезеңі 40-жылдардан басталып, бүл кезеңде терминтану семиотикамен тығыз байланыс орнатты деп атап көрсетеді ғалым. Семиотиканың зерттеу пөні әлемді түрлі тәсілдермен моделдеуші көптеген таңбалар жүйесі болса, тілдің өзі тұтастай сол таңбалар жүйесіне жатады. Түрлі салалардың терминдері де біздің сол салалардағы білімімізді көрсететін таңбалар жүйесін қүрайды. Егер терминдер үғымдар жүйесіне сәйкестендіріліп, терминжүйе қүрайтын болса, онда ол таңбалар жүйесіне тән белгілердің бәріне ие болады. Осы жағынан келгенде терминтанудың семиотикамен байланыстылығы еш талас туғызбайды.
Терминжүйе белгілі бір арнаулы саланың ақпараттық тілі болып табылады. Яғни, терминжүйе арқылы сол саланың үғымдары мен олардың арасындағы байланысы, өзара қарым-қатынасы мен олардың иерархиясы туралы ақпарат алуға болады. Терминологиялық ақпарат дәлдігі мен нақтылығы жағынан әр саланың арнаулы үғымдары жөнінде толық мәлімет беретіндігімен ерекшеленеді. Бүдан терминтанудың мен ақпараттанумен шектесетінін көруге болады.
Жетістіктері терминтануда тиімді пайдаланьшып жүрген тағы бір ғылым саласы — ғылымтану. Ғылымтану — ғылым дамуының жалпы сипатын, ғылыми кадрлар мен ғылыми қьізметті жоспарлау қағидаттарын анықтайтын, еңбекті ғылыми үйымдастыруды, ғьшымның қоғам өміріндегі рөлі мен оның әсерін талдайтын, ғылыми қызмет психологиясын зерттейтін ғылым саласы. Ғылымтанудың аса маңызды міндетінің бірі ғылым тілі (математикалық, химиялық формулалар, графикалық, көлемді моделдер, және ғылыми терминдер) де кіретін ғьшыми аппаратты жасау.
Сонымен терминтану дамуының 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басын қамтитын үшінші кезеңін В.Лейчик мазмүнына қарай ғылымтанушылық, ал зерттеу әдісіне қарай кибернетикалық терминтану деп атаған жөн деп санайды. Одан бері де терминтану бірнеше даму сатысынан өтті. Кейінгі уақытта терминтану когнитивтік, әлеуметтік лингвистикалық түрғьщан да кдрастырьша бастады.
Сонымен қорыта келгенде терминтану негізінен лингвистикамен, логикамен, семиотикамен, ақпараттанумен, математикамен, кибернетикамен, жүйелердің жалпы теориясымен, психологиямен байланысты кешенді ғьшым деп таньшып жүр.
Бізде терминтану (терминология) күні бүгінге дейін тіл білімінің, оның ішінде, лексикологияның бір саласы ретінде карастырылып келді. Осы уақытқа дейін жазылған оқулықтардың бәрінде дерлік, өзге елдерде терминтануды дербес ғьшыми пән ретінде қарастыратын ғалымдардың бар екендігі жөнінде мөлімет те берілмеген. Бүл біздің елімізде терминология мәселелерінің тиісті деңгейде зерттеліп, өзге жүрттардың ғалымдарымен, терминтану мектептерімен, терминологиялық орталықтармен байланыстың орнатылмағандығын көрсетсе керек. Сондықтан да бүл бағытта атқарылуға тиісті істеріміз аз емес екендігі анық.
Казіргі кезенде терминтану мектебі қалыптасқан бірнеше елдің ғалымдары терминтануды дербес ғьшыми пән ретінде танып отырғандығын айту керек. Сезіміз дәлелді болу үшін олардың ғылыми еңбектерінен, әр кезенде айтқан пікірлерінен үзінділер келтірелік. Мысалы, В.П. Петушков былай деп жазады: "Озінің көп жьшдық тарихы бар екендігіне қарамастан, терминтану - бүл жаңа қалыптасып келе жатқан ғылым". (Петушков В.П. Лингвистика и терминоведениеТерминология и норма. - М., 1972.С.116.).
Терминтануды білімнің айрықша саласы деп санайтын Дж.Сейгердің оның ғьшымдар жүйесіндегі орны туралы 70-жылдары айтқан пікірі мынадай: "Терминологияны дербес сала ретінде қарастыратын уақыт жетті. Осы уақытқа дейін ол лингвистиканың біршама аз мән берілген саласы болды. Тіл мамандарының терминологияға өте аз көңіл бөлуі кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені көбінесе оны зерттеу дәстүрлі лингвистің қүзіретінен тыс жатқан қағидаттарға негізделген" (Sаgег 1974, 74-75).
Ал Ф.Ригз терминология лексикология мен концептологияның (ғылымда үғымдар мен олардың арақатынасын білімнің бірлігі ретінде зерттейтін философияның саласы) арасынан орын алу керек дейді. (Rіgss 1979). Ол терминтанушы лексиколог пен консептологтың арасында түрған маман деп санайды.
В.М.Лейчик пен И.П.Смирнов терминтану жаңа ғылыми пән ретінде қалыптасты деп санайды: "Көптеген деректердің жинақталуы, терминология-лық жүмыстардың түрлі бағыттарының пайда болуы, қазіргі кезеңдегі ғылыми және практикалық қызметтің өзге аспектілерімен салыстырғанда бүл жүмыстың өзіндік ерекшеліктерінің көрсетілуі жаңа ғьшыми пән - терминтанудың қалыптасу үрдісін анықтады. Бүл ғылыми пәннің өз зерттеу нысаны, өз әдістері, өзінің абстракті және нақты өнімдері бар" (Лейчик В.М., Смирнов И.П., Современные состояние и тенденции дальнейшего развития терминологичес-кой работы в СССР Научно-техническая информация. Сер. 1. 1981. №3. С.4-7.) дей келіп, олар "терминтанудың бөлініп шығуының заңдылығына қазір ешкім де талас туғызбайтынын" атап көрсетеді.
Терминтанудың ғылым ретінде қалыптасуының мерзімі туралы осы мәселені арнайы зерттеген ғалым В.М.Лейчик бьшай деп жазады: "XX ғасырдың 70-жылдарының аяғы мен 80-жылдарының басында терминтануды ғьшыми пән ретінде калыптасып болды деуге болады" (В.МЛейчик, 1989, 12).
"Терминтану ғылым ретінде жаңа ғылымның туындауы мен дамуының (эволюциясы) классикалық үлгідегі қиындығы көп өз тарихи жолынан өтті. Бүл жолда барлық кезеңдер мен факторлар болды, солардың бәрі ақырында жаңа пән терминтанудың калыптасу фактісінің күмәнсіздігін көрсетуге әкелді" (Татаринов В.1996. С.272).
Терминологияның (терминтанудың) жалпы теориясын үсынып, "Жалпы терминология. Теория мәселелері" (1989) және "Жалпы терминология. Терминологиялық қызмет" (1993) деп аталатын монографиялық еңбек жазған А.В.Суперанская, Н.В.Подольская, Н.В.Васильева сияқты ғалымдар да термитануды дербес пән деп санайды. Олар терминология мәселелерімен айналысатьш мамандарға жалпы тілдік біліммен қоса, бірнеше тілдің сөзжасам мүмкіңдіктерін біліп, бір немесе бірнеше салалық пән бойынша хабардар болып, логика, ақпараттану, лингвистикалық статистиканың негіздерін білуі тиіс деп есептейді.
Сондай-ақ "Терминтануға кіріспе" оку күралының авторы С.В. Гринев пен "Отандықтерминтану тарихы" деп аталатын 4 томнан түратын еңбек жариялаған ғалым В.А.Татаринов сияқты ғалымдар да терминтануды дербес ғылым саласы ретінде таниды. Бүл ғалымдардың еңбектерінің аттарынан-ақ терминтануды дербес ғылым ретінде танитын-дықтарын көруге болады.
Сонымен бірнеше елдердің ғалымдары дербес ғьшыми пән ретінде танып отырған терминтануды, біз де арнайы зерттеп, жоғарғы мектепте оқытуды қолға алуымыз қажет. Терминтануға берілген В.М.Лейчиктің анықтамасы мынадай: "Терминтану -лингвистика, логика, семиотика, информатика, жүйелердің жалпы теориясы және бірқатар салалық пәндік ғылымдардың тоғысқан түсында (ғылыми-техникалық революция дәуірінде) пайда болған жаңа кешенді ғьшыми-қолданбалы пән".
Терминтанудың ғьшымдар жүйесіндегі орны туралы пікір білдірген өз ғалымдарымыздың да бар екенін айта кету орынды. Олар "Ана тілі" газетінде "Терминология - ғылымтану ілімінің негізгі саласы" (Ш.Біләл. "Ана тілі" газеті. 2003, мамырдың 22-сі) және "Терминология дербес ғылым емес" (Б.Момынова. "Ана тілі" газеті. 2004, наурыздың 18-і) атты мақала жариялаған Ш.Біләл мен Б.Момынова. Газет мақаласы болса да, терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселеге қатысты пікір айтылғандықтан, оларға қысқаша болса да тоқталып өткен орынды.
Терминтану ғьшымтанудың бір саласы деген пікірге келсек, бүл пікір өткен XX ғасырдың 60-жылдарының аяғында осыдан қырықжылдай уақыт бүрын айтылған болатын. Одан бергі уақытта терминтану бірнеше даму кезендерінен өтті, бүрынғы ғылыми түжырымдар жаңа пайымдаулармен, тың түжырымдармен толықты. Кдзір терминтану ғылымтанудың бір саласы емес, онымен байланысты кешенді ғьшыми пән деген пікір орныға бастады. Дәлірек айтқанда, терминтану лингвистика, семиотика, логика, ақпараттану сияқты ғылымдармен әр түрлі дәрежеде қандай байланысты болса, ғьшымтанумен де солай байланысады.
Ал терминтану дербес ғьшым емес деген пікірге келсек, бүл пікір де мәселені жан-жақты зерттеп барып, нақты деректерге негізделген ғылыми түжырымдарға сүйене отырьш айтьшған деуге негізіміз жоқ. Терминтанудың дербес ғьшыми пән екендігі ғьшыми симпозиумдарда талқьшанып, диссертация-лық зерттеулерге арқау болған мәселе. Бізде осы уақытқа дейін терминология лексикологияның тармағы ретінде қарастырьшып келе жатқанымен, бірқатар шет елдерде терминтану дербес пән ретінде таньшып жетекші университеттерде оқьгтьшып келеді. Терминтанушы мамандар дайындалады. Бірқатар елдерде бүл пәнді оқытуға арналған "Терминтануға кіріспе", "Терминтану" сияқты оқу қүралдары мен оқулықтар жазылған. Терминтануды дербес ғьшым емес деп жариялау үшін ең алдымен, осы атқарылған жүмыстар мен зерттеулер нәтижелерінің дүрыс жасалмағандығын, кемшіліктерін ғылыми түрғьщан дәлелдеу қажет болады. Ондай іргелі зерттеу жүргізілмегендіктен, біздің шет ел ғалымдарының жасаған теориясына, олардың зерттеулерінде негізделген түжырымдарға сүйенуімізге тура келеді.
Бір нәрсенің басы ашық. Ол - терминтанудың тіл білімімен, лексикологиямен тығыз байланыстьшығы және оның дербес ғылым саласы ретінде лингвистикадан бастау алып, содан өрбіп, тармақталып шыкқандығы. Сол себептен де және терминтанудың негізгі бірлігі термин сөз немесе сөз тіркесі ретінде тіл білімінің зерттеу нысаны, тілдік бірлік болғандықтан да терминтану ең алдымен, лингвистикамен тығыз байланысты, онымен түбі бір өрі ешкдшан одан біржолата іргесін аулақ салып кете алмайтын ғылым саласы болып қала бермек. Егер бүкіл терминология немесе оның басым бөлігі мағыналы сөздер емес тек шартты таңбалар, символдар, формулалар мен сан-таңбалардан күралатын болса, онда оны лингвистикадан бөлек кдрап, семиотика немесе логика, ғьшымтану сияқты басқа да ғылым салаларының бірінің шеңберінде қарауға болар еді. Алайда қазір, тіпті жақын болашақга олай бола қояды деп ешкім болжам жасай алмайды. Сондықтан терминтану таза лингвистикалық пән болмағанның өзінде, оның тіл білімінің қойнауында туындағаны жөне терминнің, терминологияның, жалпы ғьшым тілінің көптеген мәселелерінің тілдік түрғьщан зерттеле беретіндігі даусыз. Терминтануды біз бірнеше ғъшымның тоғыскан жерінде пайда болған кешенді ғьшыми пән ретінде танысақта, соған сәйкес терминологиялық лексиканы бірнеше аспектіде кдрастырсақ та, оның ішінде лингвистиканың алар орны айрықша (басты орында) болып қала береді. Өйткені термин дегеніміз - сәз, терминология дегеніміз - сөздер жиынтығы. Терминдер қанша жерден айрықша мәртебесі бар, қаншалықты арнайы қолданыстағы сездер болса да, олардың мағынасын, жасалуын, қолданысьш зерттеуде тіл біліміне жүгінбеу мүмкін емес.
Терминологияның бүкіл әлемде негізінен тіл білімі түрғысынан, тілші ғалымдар тарапынан көбірек зерттелуі де занды. Алайда терминтану лингвистика-ның қойнауында пайда болғанымен, оны қазір таза лингвистикалық пән деп оқшаулап алудың да негізі жоқ. Терминтанушы ғалымдар атап көрсеткеніндей, оның логикамен, семиотикамен, информатикамен, жүйелердің жалпы теориясы және бірқатар салалық пәндермен тығыз байланыстылығын да жоққа шығарудың реті бар деп санамаймыз. Ал салалық терминдерді жасауда, терминжүйелерді қалыптас-тыруда түрлі сала мамандарының үлесі қашан да үлкен болған, ол солай бола да береді.
Сонымен лингвистиканың негізінде қалыптасқан кешенді ғьшыми пән терминтанудың зерттеу нысаны - термин және олардың жиынтығы терминжүйе мен терминологиялар, сондай-ақ, сол терминдер жиынтығының жинастырылу, қүрастырьшу, қьізмет етуі мен пайдалану заңцылықтары болып табылады.
Әдебиеттер
Реформатский А.А. Что такое термин и терминология. Ин-т языкознания АН ССР. М.,1959. - 14с.
Головин Б.Н. О некоторых аспектах лингвистического и информационного изучения терминов Место терминологии в системе современных наук. Научный симпозиум. - М., 1970.
Место терминологии в системе современных наук Научный симпозиум. - М., Изд.Моск. универ-та, 1970. - 247 с.
Хаютин А.Д. Термин, терминология, номенклатура. СамГУ. Самарканд, 1972. - 129 с.
Агапова Г.Н. О лингвистических основах терминологии Филология. - М., 1974 - С. 21-28.
Будагов Р.А. Терминология и семиотяка Будагов Р.А. Человек и его язык. 2-ое изд. М., 1976. С. 245-252.
Реформатский А.А. Мысли о терминологии Современные проблемы русской терминологии. М.: Наука, 1986. С. 163-198.
Головин Б.Н., Кобрин Р.Ю. Лингвистические основы учения о терминах. - Горкий, 1987 -104 с.
Гринев С.В. Введение в терминоведение. - М., 1993. - 309 с.
Лейчик В.М. Место терминологии в системе современных наук (к постановке вопроса)Начно-техническая информация. Сер. 1. 1969. №8. С.5-8.
Лейчик В.М., Смирнов И.П., Современные состояние и тенденции дальнейшего развития терминологической работы в СССРНаучно-техническая информация. Сер. 1. 1981. №3. С.4-7
Лейчик В.М. Предмет, методы и структура терминоведения: Автореф.дис. ... докт. филол. наук. -М., 1989. - 47 с.
Петушков В.П. Лингвистика и терминоведение Терминология и норма. - М., 1972.
Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Место общей теории терминологии в ряду научных дисциплинОбщая терминология. Вопросы теории. М., 1989. - С.17-24.
Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология. Вопросы теории. М.,1989. - 246 с.
Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология. Терминологическая деятельность. М.,1993. - 289 с.
Татаринов В.А. Тероия терминоведения. Том 1. Теория термина: история и современное состояние. М.,1996. — ЗПс.
Біләл Ш. Терминология - ғылымтану ілімінің негізгі саласы"Ана тілі" газеті. 2003, мамырдың 22-сі.
Момынова Б. Терминология дербес ғылым емес"Ана тілі" газеті. 2004, наурыздың 18-і.
1.2. Терминтану және оның салалары
Дербес ғылыми пән ретінде танылып жүрген терминтану іштей бірнеше тармақтарға бөлінеді.
В.М.Лейчик докторлық диссертациясында терминтану өз ішінде теориялық терминтану, практикалык (тәжірибелік), салгастырмалы термин-тану, тарихи (диахрондык) терминтану, термин-танушылык мәтін теориясы, терминтану тарихы деп аталатын бөлімдерден түрады десе, С.В.Гринев және өзге де ғалымдар оның басқа да салаларын атап көрсетеді. Олар төмендегідей:
Теориялық терминтану — жекелеген терминдер мен олардың жиынтығының мазмүндық, түлғалық және функционалдық қүрылымын зерттейтін терминтану-дың саласы.
Практикалық терминтану — терминологиялық қызмет нәтижелерін алу мен оларды пайдалану мәселелерін қарастыратын терминтанудың саласы.
Терминтанушылық мәтін теориясы — терминтану мен жеке мәтін теориясының тоғысқан түсында пайда болған, күрамында терминдер кездесетін мәтіндер типологиясын және мәтіндердегі терминдер қолданысының түрлі аспектілерін (мәтінді терминологиялық талдау мен терминді мәтін арқылы талдау) қарастыратын теория.
Жалпы терминтану — арнаулы лексиканың барынша жалпы қасиеттері, түрлі мәселелері мен онда болып жататын процестерді зерттейді.
Жеке терминтану — терминтанудың белгілі бір үлт тіліндегі жекелеген салалардың арнаулы лексикасы мен үғымдарын зерттейді.
Типологиялық терминтану — терминологияның жалпы қасиеттері мен әр сала терминологиясының өзіндік сипатынан туындайтын ерекшеліктерін айқындау үшін жекелеген сала терминологияларын салыстыра зерттейтін терминтанудың бір тармағы.
Салғастырмалы терминтану - әр түрлі тілдердің арнаулы лексикасының жалпы қасиеттері мен айырмашьшықтарын салыстыра зерттейді.
Семасиологиялық терминтану — арнаулы лексема-лардың мағынасын (семантикасын), мағынаның өзгеруі мен көпмағыналылық, омонимия, синонимия, антонимия сияқты түрлі семантикалық қүбьшыстарға қатысты мәселелерді зерттейді.
Ономасиологиялық терминтану - арнаулы лексемалардың қүрьшымдық формаларын, арнаулы үғымдарға ат беру процестері мен атаулардың тиімді формасын таңдауды зерттейді.
Тарихи терминтану - терминологияның жасалу және даму үрдісін анықтай отырып, соның негізінде оны ретке келтіруге арналған дүрыс үсыныстар беру үшін зерттейтін терминтанудың бір саласы.
Функциональды терминтану - терминдердің әр түрлі мәтіндер мен көсіби қарым-қатынас жағдаят-тарындағы, мамандар даярлаудағы қазіргі кезендегі қызметін, сондай-ақтерминдердің сөйлеу процесі мен компьютерлік жүйелерде пайдаланьшу ерекшеліктерін қарастырады.
Гносеологиялық (когнитивтік) терминтану — ғьшыми таным мен ойлау процесіндегі терминдердің рөлін зерттейді.
Қолданбалы терминтану - теориялық терминтану қағидаттарының түрлі бағыттағы терминологиялық жүмыстарды жүргізуде пайдаланьшуын қарастырады.
Терминография - арнаулы сездіктер түзудің жалпы әдіснамасы мен нақты тәсілдерін жасауды, терминологиялық сөздіктерді түріне карай топтастыру мен жіктеудің қағидаттарын жасауды, жекелеген типтегі сездіктерге арнаулы лексиканы тандап алу мен оларды сездікте берудің, сипаттаудың, мағынасын түсіндірудің ғылыми негізделген қағидаттарын жасауды қарастыратын терминтанудың саласы. (Гринев,1993)
Бізде терминологияны негізінен семасиологиялық терминтану, тарихи терминтану, салғастырмалы терминтану, қолданбалы терминтану тұрғысынан зерттеу біршама қолға алына бастады. Жарық көрген ғылыми еңбектердің терминология мәселелерін осы аспектілерде қарастырғанын айту керек. Терминография саласын зерттеуге арналған Е.Әбдірәсіловтің "Қазақ терминографиясының жүйесі" (2005) атты алғашқы монографиялық еңбегі жарық көрді. Ал терминтанудың қалған аспектілері түрғысынан жүргізілуге тиісті зерттеулер әлі өз кезегін күтіп түр деуге болады.
1.3. Отандық терминтанудың даму тарихына қысқаша шолу
Бізде күні бүгінге дейін "терминология" термині "тілдегі бүкіл терминдер жиынтығы" және сол "терминдер туралы ілім" деген үғымдарды білдіріп келді. Сондықтан да болса керек термин жайын сөз еткен еңбектерде үлттық терминологиялық лексика мен термин туралы ғылым терминтанудың даму тарихын, қалыптасуын түтастықта, оларды бөлмей, бір атаумен белгілей отырып қарастыру байкалады. Біздіңше, мүның ара жігін ажыратып, әр үғымды өзінің негізгі белгілеріне қарай атаумен айрықшалағанымыз жөн. Әдетте кез келген ғылым өзінің қарастыратын нысанын зерттеу, оның күпияларын ашу, даму және өзгеру зандылықтарын анықтау кажеттілігінен туындайды, пайда болады. Сол сияқты ғьшым мен техниканың дамуына байланысты жаңа үғымдардың атаулары, терминдер саны арта келіп терминологиялық лексика қалыптасты. Ал терминдердің жасалуын, олардың мағыналарының өздері белгілейтін үғымдарына сәйкес келуін, өзге тілдерден қабылдануын, тілдік жөне логикалық түрғыдан жүйеленуін қамтамасыз ету қажеттілігінен терминтану ілімі пайда болды. Ендеше, бізге терминологиялық лексиканың қалыптасуы мен оны зерттейтін ілімнің пайда болу, даму тарихын да соған сәйкес нақтылай отырып қарастырған қисынды болса керек. Әрине, бүдан оларды бір-бірінен мүлде бөлек, байланыссыз қарау керек деген түсінік тумауға тиіс.
Үлттық терминқордың қалыптасу тарихы үлттық әдеби тілдің дамуымен тығыз байланысты. Ол терминологиялық лексиканы қүрайтын атауларды шығу тегіне (қай тілден енгендігіне), жасалу жолы мен кезеңіне қарай бірнеше дәуірге бөле отырып, тарихи түрғыдан зерттеуді қажет етеді. Ал термин туралы ғъшым терминтанудың қалыптасу, даму тарихы XX ғасырдан бастау алады. Алайда терминтану тарихын XV ғасырдан бастауды үсынатын да ғалымдар бар. Мөселен, физиолог ғалым Жандар Керімбектің Ермаханы Өтейбойдақ Тілеуқабылүлының "Шипагерлік баян" атты еңбегінде кездесетін атауларды келтіре отырып, терминтану тарихын осы еңбек жарық керген кезеңнен бастау керек деп санайды. Терминтану ғылымын қазақша атаутану деп атауды үсынатын ол "Алғашқы қазақ атаутану ғылымының негізі 1468 жылы қаланғанын білдік. Қазақ атаутануының мыңжылдық тарихы бар, яғни Ресейді былай қойғанда, әлі Еуропада терминология ғылымы жоқ кезде, қазақ елінде негізі қаланған" деген пікір айтады. Ғалым пікірі терминтану ғылымының емес қазақ терминологиясының, оның ішінде медициналық терминологияның даму тарихы туралы сөз болғанда ескерілгені жөн болса керек. Кдзақ тіліндегі термин шығармашылығының бастауларын іздегенде "Шипагерлік баянды" ескерусіз қалдырмау керектігі анық. Жалпы О.Тілеуқабылүлының бүл еңбегінің тілі мен ондағы терминдерді арнайы зерттеген орынды. Сонда ғана біз нақты деректерге сүйене отырып, тиісті түжырымдар жасай аламыз.
"Қазақ терминологиясының жасалуын, дамуын және қалыптасуын зерттеуді, біздіңше, Октябрь революциясынан бастау керек. Бүл кезеңде мал шаруашылығы, халық медицинасы; жер бедері, өсімдіктер дүниесі т.б. салалардан жасалған халықтық кәсіби сөздер, атаулар болды, бүлар революциядан кейінгі дәуірде ғьшыми терминологияға үлкен бір сала болып енгенін айқындау қажет". (Әбдірахманов А. Термин қалыптастыру тәжірибесіненҚазақ терминологиясының мәселелері. А., 1986.65-71.)
Тілші ғалым А.Әбдірахмановтың бүл пікірі де жеке салалардың терминдерінің, терминологиясының қалыптасуына қатысты айтылған. Мүны терминтанудың ғылым ретінде қалыптасуы деп қараудың және оны Октябрь революциясымен байланыстырудың негізі бар деп айту қиын.
Бізде қазақтіл білімінің ғылыми негізінің қалануын Ахаң есімімен байланыстырып, оны XX ғасырдың басынан басталады деген пікір бар. Ал терминтанудың тіл білімінің, оның ішінде лексикологияның қойнауында пайда болған ғылым екендігін мойындасақ, онда терминтанудың тарихын да казақ лингвистикасының тарихымен байланыста қарау керек. Сол түрғыдан келгенде терминтанудың өткен жүзжылдықтағы дамуын бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады. Отандық терминтанудың негізінің қалана бастауының алғашқы кезеңі қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғүлама ғалым Ахмет Байтүрсынүлы есімімен тығыз байланыста қараған жөн. Ғалым өзі жасап қолданысқа енгізген жүздеген терминдері арқылы терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды термин шығармашьшығында үтымды пайдаланудың, үлттық терминжасам үлгілерін қалыптастырудың жолын көрсетті. 20-жылдары Ахаң термин комиссиясының төрағасы бола жүріп, көптеген жаңа терминдерді салалық мамандармен қосыла талқылап, оларды бекітіп, қолданысқа енгізді. Өзі басқарған комиссия бекіткен терминдерді сөздік түрінде бастырып шығарып, көпшілік қауымға, мамандарға үсынды. 1926 жылы Қызылордада "Орысша-қазақша әскерлік атаулары" (Русско-казакская военная терминология) 5000 дана таралыммен, 1927 жылы "Пән сөздері" 10 000 дана таралыммен басылып шықгы. 1931 жылы жарық көрген "Атаулар сөздігі" де сол жылдардың жемісі. Оның бүл еңбектері терминографияны дамытудың алғашқы ізденістері болумен бірге, терминологиялық жүмыстарды жүргізудің, оны бір орталықтан басқару мен үйымдастырудың, оның ішінде, терминологияны біріздендіру мен оны ретке келтірудің де бастамасы еді. Сонымен қатар А.Байтүрсынүлы төл терминдер мен кірме терминдерді үлт тілінің фонетикалық, орфографиялық заңдылықтарына сәйкес дүрыс жазудың, өзге тілдерден термин қабылдау мен термин алмасудың жолдарын, төртібін атап корсеткен ғалым. Бүл айтьшғандардың барлығы да кдзіргі терминтану ғылымының қолданбалы терминтану, семасиология-лық терминтану, ономасиологиялық терминтану деп аталып жүрген салаларының қарастыратын мәселелері. Ал Ахмет Байтүрсынүлының 1926 жылғы Бакуде откен Бірінші бүкілодақтық түркология сиезінде жасаған баяндамасында қазақ зиялыларының терминологияны жасауда қандай қағидаттарды басшьшыққа алып отырғандығын ортаға салып, осы қағидаттарды озге түркі халықтарының да басшылық-қа алу керектігін үсынуы — терминологияның сол кезеңге тән даму үрдісін айқындап, терминтанудың қай бағытта даму керектігін корсету болып табьшады. Бүл аталғандар - жалпы терминтану мен салғастыр-малы терминтану ауқымында қарастырылатын мәселелер. Осы себептен де отандық терминтанудың пән ретінде қалыптасу тарихында Ахмет Байтүрсынүлының алатьш орны айрықша болмақ. Соз болып отырған кезеңдегі терминологиялық лексиканың жасалуы мен қалыптасуына Ахаңмен замандас Н.Төреқұлұлы, Е.Омарүлы, Х.Досмұхамедүлы, Қ.Кемеңгерүлы, Ж.Күдерин, М.Жүмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы, Т.Шонанүлы сынды алаш зиялыларының да елеулі үлес қосқанын айту керек. Мысалы, Нәзір Төреқүлұлы кірме терминдерді қабылдау, оларды үлт тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп жазуға арналған "Жат сөздер туралы" (Мәскеу, 1926. - 38 бет) деп аталатын еңбек жазса, 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде Елдес Омарұлы "Қазақша пән сөздер" (Қазақ білімпаздарының тұңғышсиезі. Орынбор,1925. -75-6.) деген тақырыпта баяндама жасап, терминология қағидаттарын сиез қарауына үсынған. Сондай-ақ өзге аталған алаш зиялылары да көптеген салалық терминдерді жасап, термин мәселесіне арналған мақалалар жариялаған. XX ғасыр басындағы қазақ терминологиясының жай-күйі туралы сөз еткенде 20-жьшдарға дейін-ақ жарық көрген М.Әуезовтің "Қайсысын қолданамыз?" ("Сарыарқа" газеті. 1917 жылғы қазанның 9-ы. №17) және "Ғьшым тілі (научный термин)" деп аталатын ("Абай" журналы. 1918 жыл, №7. 4-7 беттерде) мақалаларын атамай өтуге болмайды. Ғалымның бүл аталған мақалалары терминдерді біріздендіру мен ұлттық ғылым тілінің болашағы туралы мәселе көтерген алғашқы жарияланымдардың бірі.
Осы кезеңце қазақ зиялылары бірнеше арнаулы саланың негізгі үғымдарының атауларын өз тілімізде жасап, қолданысқа енгізді. Бұл істен қазақ оқыгандарының ешқайсысы да шет қалмай, көпшілігі ондаған, бірқатары жүздеген қазақша жаңа терминдер жасаған. Олар маманданған салаларының үғымдарын үлт тілінде атап, кәсіби қызметінде қазақтілін кеңінен пайдаланып, оны ғылым мен білімнің тілі ретінде дамытуды өздерінің төл міндеті санады. Казақ тілінің қоғам өмірінің барлық салаларындағы қолданысын кеңейтіп, ғылым тілін, терминологиялық лексиканы үлттықтіл негізінде қалыптастыру, ұлт тіліндегі термин шығармашылығын дамыту - бұл кезеңнің басты ерекшелігі болып табылады.
30-жылдардан бастап қазақ терминологиялық лексикасын қалыптастыру мен дамытудың жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңді "қазақ терминологиясы дамуының кеңестік дәуірі" деуге болады. А.Байтұрсынүлы кезеңіндегі қазақ зиялыларының ғылым тілі мен терминологиялық қорды қалыптастыруда үстанған бағыттары мен олардың негізге алған қагидаттары қатты сынға алынды. Олар ұлт тілінің дамуына үлкен нүқсан келтіретін, қазақ үлтын совет халқынан оқшаулап кері тартатын "түркішіл", "пантүркішіл", "үлтшылдық", "пуристік" бағыт үстанды делініп, сол 30-жылдарға дейінгі жиырма жылдай уақытты қамтитын алаш оқығандарының терминологияны дамытуда ұстанған бағыт-бағдары басқа арнаға бүрылды. Ендігі жерде кеңес одағы халықтарына ортақ жалпыкеңестік терминологиялық қор құру мақсаты қойьшды. Одақты қүрайтын барлық үлттық республикалар орыс тілінің терминологиясын үлгі ете отырып, ұлтаралық тіл мәртебесіне ие осы тілмен ортақтығы мол терминологиялық қор қалыптастыру көзделді. КСРО-да терминологияның халықаралық сипатын арттыруға баса мән берілді. Үлттық республикалардың көпшілігі кеңестік тіл саясатына сәйкес белгіленіп отырған осы бағытқа қарай бетбұрыс жасады. Қазақстан да 30-жылдардан бастап ұлттық терминологиялық қорын осы жаңа бағытқа сәйкес калыптастыруды бірден қолға алып, осы іске белсене араласқан республикалардың бірі болды. Қазақ терминологиясын дамытудың осы кезең талаптарына жауап беретін жаңа қағидаттары белгіленді. Сөйтіп, барлық терминологиялық жұмыстар кеңестік тіл саясатының талаптарына лайықталып жасалған терминология қағидаттарына сай жүргізіле бастады. XX ғасырдың 30-90 жылдары аралығын қамтитын 60 жылдай уақыт ішінде терминология дамуының негізгі бағытын белгілеп отырған мемлекеттің саяси курсы, оған негізделіп белгіленген тіл саясаты да айтарлықтай өзергіске ұшыраған жоқ. Сол себептен де жалпы кеңес одағындағы терминологияны дамытудың бағыты, ұлттық республикаларда да сол бағыттағы жұмыстардың жүргізілу тәртібі мен бағдары да басқа арнаға бүрыла қоймады. Қайта жыл өткен сайын орныға түсті. Біздің қазіргі қолданыстағы терминологиялық қорымызды қүрайтын термин-деріміздің елеулі бөлігі дәл осы кезенде жалпыкеңестік терминқор қалыптастыруды мақсат еткен уақытта жасалып, қалыптастырылды. Сондықтан да үлттық терминологиялық қорымыздың даму, қалыптасу тарихындағы бүл кезеңнің өзіндік орны бар.
Қазақ терминологиясы дамуының бүл кезеңіне тоқталғанда белгілі тілші ғалым Құдайберген Жұбанов есімін атамай өте алмаймыз. Ол 30-жылдардың басынан бастап, өзі жаппай куғын-сүргін кұрбаны болған 1937-жылға дейінгі бірнеше жыл аралығында ғана терминология саласында барынша өнімді жүмыс атқарды. Мемтерминком жұмысына басшылық етті, Мемлекеттік терминология комиссиясы Бюллетенінің төрт санын шығарды. Онда әлеуметтік экономика, математика, физика, ботаника сияқты ғылым салаларының терминдері мен терминология, орфография мәселелеріне арналған мақалалар жарияланды. Ол ұсынған термиология қағидаттары 1935 жылы Мәдениет қызметкерлерінің съезінде қабылданды. Ғалым үсынған қағидаттардың ресми бекітілуі Кдзақстандағы терминологияны дамытудың жаңа бағытының лингвистикалық негізі бар дегенді зандастыру еді.
Ж.Молдажаровтың "Қ.Жүбанов еңбектері сол жылдардағы тіл құрылысы саласындағы идеологияльгқ күресті қорытындылайды" деген пікірінің негізі бар. Шындығында да солай. Қ.Жүбанов өз кезеңінің талаптарына жауап беретін жаңа қағидаттар жасап, оны съезде ресми бекіту арқьілы казақ терминологиясы дамуының жаңа кезеңінің басталуына, ендігі жерде республикадағы терминологиялық жүмыстардың КСРО-ның белгілеп отырған тіл саясатына сәйкес жүргізілуіне негіз қалады. 30-жылдардың орта түсынан бастап термин жасау, терминдерді шет тілдерінен қабылдау, терминдерді жазу, бір сөзбен айтқанда барлық терминологиялық жүмыстар ғалым үсынған қағидаттарды негізге ала отырып жүргізілді.
Тілші ғалым А.Әбдірахманов "Қ.Жүбановтың осы айтылған идеялары мен қағидалары тіл майданындағы күресте жеңіп шықты. ...интернационалдық терминдердің орыс тіліндегідей вариантта жазылуы Қ.Жүбановтың дәйекті күресінің арқасында 1935 жылы республика Мөдениет қызметкерлерінің съезінде қабылданып, қазақ тілінің дамуы барысында омірден бекем орын тепті. Сойтіп, Қ.Жүбановтың ғылым жолындағы табанды күресінің арқасында орфографияның негізгі мәселелері мен терминология программаларында нағыз тоңкеріс жасалды, жаңа бағыт жүзеге асырылды"1 — деп жазады.
А.Әбдірахмановтың "ғалымның табанды күресінің арқасында орфографияның негізгі мәселелері мен терминология программаларында нағыз тоңкеріс жасалды, жаңа бағыт жүзеге асырылды" деген түжырымын сол кезеңнің шындығы ретінде қабылдаған орынды. ҚЖүбанов жасаған қағидаттар коп үлтты мемлекетті кұраушы халықтардың тілдерін, олардың терминқорын қалыптастыруда көздеп отырған мақсатына, жаңа заман талабына сай жасалды. Сондықтан да замана сүранысын ескере отырып жасалған бүл қағидаттар терминологиялық жұмыстарды жүргізу барысында ұзақ жылдар бойы басшылыққа алынып келді. Кеңестік кезеңде терминология қағидаттары жөнінде әңгіме қозғап, өзіндік ұсыныстарын айтқан ғалымдар болды. Н.Сауранбаев, С.Бәйішев, М.Балақаев сынды ғалымдар тарапынан жазылған қағидаттар жөніндегі мақалаларды солардың қатарына қосуға болады. Алайда бұл мақалалар Қ.Жұбанов қағидаттарының одан әрі орныға түсуіне, осы саладағы жүмыстарды нақтылай түсуге септігін тигізгенімен, терминқор қалыптастыруда үстанып отырған бағытымызды өзгерте қойған жоқ. Ондай өзгерістерді уақыттың өзі де қажетсіне қоймап еді. Сонымен терминология дамуының бұл кезеңінде қазақ совет тіл білімінің көрнекті өкілі профессор Қүдайберген Жұбанов жасаған қағидаттар жалпысоветтік терминқор қалыптастыру бағытындағы терминологиялық жүмыстады жүргізуде бағдар беруші негізгі ғылыми лингвистикалық қүжат ретінде басшылыққа алынды. Қазақ тілінің бүгінгі қолданыстағы терминдерінің елеулі бөлігі кеңестік кезеңде осы кағидаттарға сүйене отырып жасалды, өзге тілдерден қабылданды және жазылды. Сол себепті қазақ терминологиясының даму тарихында ҚЖүбановтың, ол жасаған қағидаттардың өзіндік орны бар.
30-90 жылдары Қазақстанда терминтану пән ретінде қарқынды дамыды немесе терминтанудың теориялық, өдіснамалық, әдістемелік негізі жасалды, отандық терминтанудың ғылыми мектептері қалыптасты, үлт тіліндегі термин шығармашьшығы дамытылды деп айта алмаймыз. Алайда бірқатар практикалық жүмыстардың жүргізілгенін, термино-логиялық сөздіктер жасалғанын, терминдерді қолдану мен біріздендіруге қатысты мақалалардың жарық көргенін айту керек.
Сөз болып отырған кезенде Ә.Кайдаров, К.Мүсаев, О.Айтбаев, Т.Жанүзақов, А.Әбдірахманов, Ж.Молдажаров сынды тілші ғалымдар мен
Ә.Сатыбалдиев Е.Аққошқаров сияқты сала мамандарының термин мәселелеріне арнап қалам тартқан озге де авторлардың жекелеген ғьшыми және ғьшыми-копшілік макалалары жарықкорді. Ал арнайы зерттеулерге келер болсақ, Г. Қошқарбаев (1949), Т.Мүсакүлов (1958), М. Исамбаев (1961), Е.Рамазанов (1964), М.Нүғыманов (1966), Ж.Молдажаров (1972), С. Жансейітова (1989) сынды санаулы мамандар ғана терминология мәселелері бойынша кандидаттық диссертацияларын қорғады. 1986 жылы "Қазақ терминологиясының мәселелері" атты мақалалар жинағы, 1988 жылы О.Айтбаевтың "Казақтерминоло-гиясының дамуы мен қалыптасуы" деп аталатын зерттеу еңбегі басьшып шықты. Коптеген терминоло-гиялық сөздіктер баспа бетін корді. Олардың қатарына 1948-49 жылдары және 1962 жылы Ғылым академиясы шығарған терминологиялық сөздіктер топтамасы мен одан озге де жеке авторлардың, авторлар үжымының шығарған создіктерін жатқызуға болады.
Аталған кезенде жасалған терминдердің саны мен сапасын, ұстанған жолымыз бен жүргізген жүмыстардың жетістігі мен кемшіліктерін аныктап, терминология саласындағы алдағы атқарылатын жұмыстарымызда оларды ескеріп, жақсы тәжірибелерін іске жаратып, кемшіліктерін қайталамау үшін бүл кезең өлі де жан-жақты зерттелуі қажет.
Сонымен, бүл кезенде терминологияны халықара-лықтандыру бағытына басымдық беріліп, КСРО халықтарына ортақтығы мол жалпыкеңестік терминологиялық қор қалыптастыру көзделді. Жекелеген республикаларды есептемегенде, одақгы қүраған халықтардың басым копшілігі терминология-сын қалыптастыруда орыс тілін үлгі түтып, дайын термин қабьшдайтын негізгі сыртқы көз ретінде де орыс тіліне жүгінді. Бізде де солай болды. Нәтижесінде лексикалық кұрамы жағынан орыс тілімен ортақгығы мол, терминдердің айтылуы мен жазылуы тұрғысынан да одан айырмашылығы мейілінше аз терминқор қалыптастырылды. Ал ұлт тіліңцегі термин шығармашылығы тоқырауға үшырап, терминжасам тәсілдері жетілдірілмеді. Номендер мен өзге арнаулы лексемаларға да осы сипат тән екендігін айту керек. Ал отандық терминтануды пән ретінде дамытып, бұл саладағы іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізу назардан тыс калып келген десе де болады.
Аяқталған ғасырдың 90-жылдарынан бастап Қазақстанда терминология дамуының жаңа кезеңі басталып, ол өз кезегінде теминтанудың практикалық, ғылыми-әдістемелік және теориялық мәселелерін зерттеуге тың серпін берді. КСРО-ның іргесі сөгіле бастаған 80-жылдардың аяғынан бастап, сол кезендегі терминологияны қалыптастыру бағытындағы атқарылған істерге жаңаша қарап, басқаша бағамдау көрініс бере бастады. Ал кеңес одағының ыдырауы, 90-жылдары қоғам өміріңде болған түбегейлі өзгерістер ұлт тілдерінің дамуын жаңа бір биікке көтерді. Тәуелсіздігін жариялаған әр ұлт өз тілінің тағдырына, оның дамып өркендеуіне үлт мүддесі түрғысынан қарай бастады. Әліпби, орфография, терминология, ономастика, тілді үйретудің әдістемесі сияқты мәселелерге айрықша көңіл бөлініп, үстем тілдің ықпалы күшті болған кезендегі бүл салалардағы орын алған кемшіліктер айқындалды. Оларды түзетіп, үлт тілін дыбыстық, қүрылымдық және сөздік қүрам түрғысынан өз ерекшеліктері мен заңдылықтарын сақтай отырып дамытуға соңғы жылдары көп көңіл бөлінді. Төуелсіз мемлекеттің, егемен елдің мемлекеттік тілі ретінде қазақ тіліне қоғам өмірінің сан түрлі саласында қолданылу мүмкіндігі беріліп, соған сөйкес оған қосымша міндеттер де жүктелді. Термин қолданылмайтын адам қызметінің саласы болмайтындықтан әсіресе, терминология мәселелеріне ғылыми қауымның, түрлі сала мамандарының, жалпы жұртшылықтың назары айрықша ауды. Казақтілі білім беру, заң шығару, іс жүргізу, түрлі ақпараттар тарату
тілі ретінде қоғамдағы қызмет аясын кеңейтуі үшін сол сан түрлі салалардағы үғымдарды дәл бейнелеп, кәсіби, ресми қарым-қатынастарды қамтамасыз ете алатын тіл болуы керек. Ал ол үшін оның терминжасам тәсілдері жетілдірілген әрі түрақты түрде жүмыс істеп түратын, терминдер жүйесі қалыптасқан, термино-логиялық лексикасы нормаланған тіл болуы кажеттігі созсіз. Кеңестік дәуірде үзақ жылдар бойы қоғам өмірінің көптеген салаларындағы қызметі шектеліп, үздіксіз түрде жүргізіліп отыруға тиіс терминология-лық жүмыстар өз деңгейінде қолға алынбай келген тілдің мүндай талаптарды бірден мүлтіксіз атқарып кете қоюы оңайға соқпасы белгілі. Сондықтан да кезінде жіберілген кемшіліктерді түзетіп, аткдрылмаған істерді кәсіби деңгейде қолға алып, терминологияны үлт тілінің мүддесіне сәйкес жетілдіре түсу міндеті туындады. Бүл іске тіл мамандары да, терминтанушылар мен пән мамандары да белсене ат салыса бастады. Олар зиялы кдуымға, ғалымдар мен түрлі сала мамандарына үлт тілін ғылым-білімнің, техниканың, онер мен мәдениеттің, ел басқару мен заң шығарудың тілі ретінде дамытып, қолданыс аясын кеңейтіп, уақыттың озі жүктеп отырған міндетті атқаруға тиіс екендігін жақсы түсінді. Термин мәселесіне барынша араласушылар, мақалалар жазып, жекелеген терминдер мен термионологиялық сөздіктер жасаушылар, диплом жұмыстары мен диссертациялар қорғаушылар саны дәл осы кезенде күрт ості. Бүл қоғам омірінде болған түбегейлі өзгерістерге сәйкес үлттық сананың оянуына байланысты корініс берген табиғи кұбьшыс. Мұндай процесс бодандықтан босап, отарлық қүрсауынан шыкқан елдердің барлығына дерлік тән нәрсе. Тек отарсыздану (деколонизация) өр елдің нақты жағдайына байланысты түрлі деңгейде, әр түрлі қарқынмен жүргізілуі мүмкін. Отарсыздану елдің саяси-экономикалық, мәдени деңгейі мен әскери куаты сынды факторларға тәуелді болатыны сияқты тіл саласындағы ұлттық бағытта даму да сол елдегі қалыптасқан тілдік ахуалмен тікелей байланысты.
КСРО кезінде терминологияны халықаралық-тандыру бағытына басымдық берілді. Көп ұлтты алып мемлекеттің түтастығын күшейтіп, түрлі салалардағы мамандардың кәсіби қарым-қатынасын жеңілдетіп, тілдік бөгетті жою үшін де бұл бағыт қажет болды. Сондай-ақ ең бастысы қоғам өмірінің, арнаулы салалардың барлығындағы орыс тілінің үстемдікке ие болуы үшін де халықаралықтандыруға мақсатты түрде көңіл бөлінді. Кеңес одағында терминологияны халықаралықтандыруда да отарлау саясатына төн сипат болды. Оны мынандай факторлардан айқын көруге болады. Мысалы, кеңестік республика халықтарының орыс әліпбиіне көшіріліп, халыкдралық терминдер мен "большевик", "коммунист", "колхоз" сияқгы жүздеген советизмдер мен руссизмдерді орыс орфографиясына сәйкес жазудың міндеттелуі соның айқын көрінісі. Одақ қүрамына кірген көптеген үлттар терминдерді өз тіддерінің фоно-морфологиялық зандылықтарына сәйкестендірмей, дөл орыс тіліндегі қалпында кдбылдап, солай жазып-айтуына тура келді. Сондай-ақ итернационализмдер мен советизмдерді аударуға да тыйым салынды. Соның нәтижесінде үлт тілінің төл заңдылықтары бүзылды жөне терминологиялық аударма тежеліп, жалпы термин шығармашылығының дамуына тосқауьгл қойыдды. 90-жылдары тәуелсіз республикалардың пайда болуына байланысты үлттық сананың оянуы отарлау саясатымен астасып жүргізілген терминологияны халықаралықтандыру (интернационализация) бағытына қарама-қарсы терминологияны үлт тілінде жасау, бүрынғы қабылданған терминдерді үлт тіліндегі баламамен алмастыру (деинтернационализация) бағытының өріс алуына жол ашты. Соңғы он-он бес жыл ішінде көптеген терминдердің аударылып, біркдтар терминдердің жазылуына өзгеріс енгізілуі осы үрдістің жандана бастағандығының дәлелі бола алады. Жалпыкеңестік термиқор қүру мақсатын көздеп, терминологияны халықаралықтандыру бағытын үстанған кезенде мүндай әрекетке жол берілмес еді. Егер жол беріле қалса, онда ол үлтшылдықтың белең алғандығы, пуризмге жол берілгендігі ретінде бағаланып, оған қарсы қатаң шаралар қолданылар еді.
Сонымен 90-жылдардан бері көрініс бере бастаған үлт тілінде жасалған терминдерге басымдық беру бағыты ұлттың оз дербестігін, ұлттық ерекшелігін сақтауға бет бүруымен байланысты туындап отырған табиғи қүбылыс. Тәуелсіздік алған елдерде отарсыздану процесінің жүргізілуі қандай занды болса, соның ішінде үлт тілінің ғылым саласындағы, терминологиядағы деинтернационализация процесінің өріс алуы да сондай заңды. Дәлірек айтқанда, терминологияның үлттық сипатын арттыруға үмтылу сол отарсызданудың тілдегі бір корінісі. Мөселен, ономастика саласында жүздеген топонимдердің (кала, аудан, ауыл, көше, станция атаулары) тарихи немесе жаңадан жасалған атаулармен алмастырьглуы, аты-жөндерін үлттық үлгіде жазып, жаңа туылған балаларға жаппай қазаша ат қою түрінде көрініс берсе, терминологияда ол жүздеген жаңа терминдердің жасалуы, өзге тілден енген терминдердің тол атаулармен алмастырылуы түрінде көрініс тауып отыр. Осындай табиғи процестің жүріп жатуы терминтану-дың пән ретінде дамуына да әсер етпей қоймады.
Бір жағынан үлт тіліндегі термин шығарма-шылығының жандануы мен терминқорды қалыптастыруға деген кеңестік көзқарастың өзгеруі терминология дамуының қазіргі заманға сай жаңа бағытын белгілеуді қажет етсе, екінші жағынан жарыспалы нүсқалардың көбеюі, бірізділіктің, тілдік норманың сақгалмауы, терминжасам, терминдерді қолдану мен оларды аудару, терминологиялық сөздіктер жасау барысында кемшіліктердің орын алуы терминологияның практикалық5 әдістемелік мәселелерін шешуді, терминологиялық жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде жүргізуді қажет етіп отыр. Осындай қажеттіліктердің пайда болуы, ұлт тіліндегі терминдерді реттеу мен жүйелеуге деген талаптың артуы — терминологияны өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне шығарып, бұл саланың теориялық, практикалық мәселелерін ғылыми түрғыдан арнайы зерттеуді, терминтанушы, терминші мамандар даярлауға сүранысты да туғызды.
Бүл кезеңде терминтану мәселелерін арнайы зерттеуге едәуір көңіл бөліне бастағаны байқалады. Терминтану мәселелерін арнайы қарастырған Ә.Қайдар, Ө.Айтбайүлы, Б.Қалиүлы, Ш.Қүрманбайұлы, Е.Әбдірәсілов сынды тіл мамандарының зерттеу еңбектері, мақалалары жарық көрді. Оқу құралдары мен әдістемелік құралдар (Ш.Қүрманбайүлы, С.Әлісжанов) жарияланды. Тілшілер мен салалық мамандар арасында байланыс бүрын да болған, сол байланыс осы кезеңде бұрынғыдан да жандана түсті. Терминология мәселелеріне арналған конференцияларға, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге сала мамандары шақырылып, олардың үсыныс-пікірлері ортаға салынды. Терминологияны реттеудің көптеген мәселелері бірлесіп талқьшанды. Тіл мамандары мен салалық мамандар бірлесіп бірқатар терминологиялық сөздіктер жасады. Тілшілер терминология мәселелерін зерттеуге ынта білдірген салалық мамандарды, тіл білімі институтына қызметке тартты, ғылыми жобаларға қатыстырып, диссертациялық тақырыптар берді. Олардың арасында тіл мамандарының ғылыми кеңесшілігімен диссертация қорғағандар да болды. Ө.Айтбайүлының кеңесшілігімен математик (физика-математика ғьшымдарының кандидаты) Ш.Біләл 1997 жылы "Үлттық ғъшым тілі негіздерін қалыптастыру" деген тақырыпта, 2002 жылы Ә.Қайдардың кеңесшілігімен химик (химия ғылымдарының кандидаты) С.Ақаев "Терминнің тілдік және танымдық сипаты" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. Жалпы 90-жылдардан бастап, кеңестік кезеңдегімен салыстырғанда терминтану саласындағы зерттеулер саны күрт өсті. Соңғы он шақгы жьш көлемінде екі тіл маманы ӨАйтбаев (1992), Ш.Қүрманбайүлы (1999) және жоғарыда аталған екі салалық маман терминология мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады. Филологиялық білім алған жиырма шақты маман кандидаттық диссертация қорғады. Сан мен сапаның сәйкесе бермейтінін ескерсек те, терминология мәселелеріне тілді тұтынушы көпшілік, түрлі сала мамандары тарапынан сүраныс туындап, соған сәкес оған ғылыми қауым тарапынан мән беріліп отырғаны анық. Терминтану бойынша зерттеулер санының артуы бүл салада ғылыми түрғыдан шешімін табуға тиіс өзекті мәселелердің көп екеңцігін де білдіреді. Сонымен казір терминтану саласындағы ғьшыми ізденістер жалғасын тауып жатыр. Бірақ әзірге Казақстанда терминтану теориясына, оның ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтауға немесе терминологияны зерттеудің жаңа бағыттарын белгілеуге бастайтын үлкен жаңалық өкелген іргелі зерттеулер көп жарық көрді деп айтуға ерте. Біздегі зерттеулердің дені салалықтерминдердің жасалу тәсілдерін, өзіндік ерекшеліктерін, оларды реттеудің жолдарын анықтауға арналған сипаттамалық түрғыда жазылған диссертациялық жүмыстар. Терминтану тарихының беттерін толықтыруға қажет болатын шолулар мен дерекнамалық еңбектер. Олардың арасында да салалық терминологияларды реттеуге септігін тигізуге жарайтын түжырымдар, нақты ғылыми нәтижелер де бар екендігін жокқа шығаруға болмайды. Алайда бүл саладағы зерттеулерді жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттігі анық байқалып отыр. Қазіргі терминтану салсындағы ізденістердің ғылыми нәтижелері ретінде қазақ терминологиясының XX ғасырдағы даму кезендерін, әр кезеңнің өзіне тән сипатын анықтау, терминжасамның тәсілдері мен терминқор қалыптастырудың көздерін атап көрсетіп, қазақ терминологиясының кешегі қалпы мен бүгінгі жай-күйіне баға берген, термиқорды қалыптастыруда үстанатын ғылыми қағидаттарды анықтаған, терминологияны жетілдіруде, терминологиялық жүмыстарды жүргізуде орын алған кемшіліктерді көрсеткен ғылыми-теориялық, қолданбалы, әдістемелік еңбектерді атап айтуға болады.
Әдебиеттер
Кайдаров Ә.Т., Айтбаев Ө. Казақ терминологиясының қалыптасу тарихы, қазіргі жайы және міндеттерКдзақ терминологиясының мәселелері. А., 1986. 9-30-6.
Курманбайүлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты. Астана, 2002. — 184 б.
Жандар Керімбектің Ермаханы. Атаутанудың мыңжылдық тарихы бар "Казақәдебиеті" 2005, желтоқсан.
1.4. Шет елдердегі терминтанудың дамуы мен қалыптасуы
Әлемнің бірқатар елдерінде терминтанудың пән ретінде дамуының өзіндік тарихы бар. Мысалы, Австрия, КСРО (оның ішінде Ресей, Украина, Балтық жағалауы елдері), Чехословакия (қазіргі Чехия мен Словакия), Канада, Польша, Скандинавия елдері (Норвегия, Финляндия, Швеция), Нидерланды, Испания, Франция сияқты елдерде терминтану мәселелері жақсы зерттеліп, терминологиялық жүмыстарды жүргізуге көп көңіл бөлініп келеді.
Шет елдердегі терминтанудың даму және қалыптпасу тарихы туралы сөз болғанда алдымен австриялық ғалым О.Вюстердің есімі аталады. Ол 1931 жылы "Техника, оның ішінде, электроника тілін халыкаралық нормалау" деген тақырыпта жазьшған докторлық диссертациясын жариялады. Оның осы еңбегі терминология теориясын жасаудың алғашқы ізденісі, 1930-жылдары шет елдердегі термин туралы ғылымның негізін қалауға бастаған еңбек деп саналады. Терминтанудың негізін қалаған ғалым О.Вюстер австирялық (немесе австрия-германиялық) терминтанушылар мектебіне жетекшілік етті.
Бүл мектеп термин мен терминологиялық жүйенің логикалық жағына, яғни, үғымдардың табиғатына, олардың өзара қатынасына, қасиеті мен үғымға берілген анықтамага (дефинициясына), сондай-ақ терминдерді стандарттаудың практикалық мәселе-леріне, әсіресе, терминологияны халықаралық-тандыруға баса мән бергендігімен ерекшеленеді.
О.Вюстер Стандарттаудың үлттық органдар халықаралық федерациясына (қазіргі Стандарттау жөніндегі халықаралық үйым ІСО) кіретін Терминология жөніндегі техникалық комитетті қүрудың бастамашысы болған. Оның бастамасымен 1971 жылы ЮНЕСКО жанындағы Терминология жөніндегі халықаралық ақпараттық орталық — ИНФОТЕРМ күрьшған. О.Вюстер кдйтыс болғаннан кейін Инфотермді терминология теориясы мен халықаралық ынтымақгастыққа көп еңбек сіңірген ғалым профессор Х.Фельбер басқарды. Ол "Теггпіпоіоёу Мапиаі" (ІЖЕБСО, Рагіз, 1984, 265 р.) атты бірінші халықаралық оку күралының авторы. Бүл мектептің дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар К.Галинский, В.Недобиты, Г.Будин. (Гринев,1993. 298с.)
Ресейлік бірқатар терминтанушылар мен канадалық Г.Рондо сияқты кейбір ғалымдардың терминтану пән ретінде КСРО-да қалыптасты дегеніне қарамастан, хронологиялық жағынан да, алғашқы гылыми еңбектердің жарияланып, терминтанудың ғылыми пән ретінде зерттеле бастауы мен терминологиялық жүмыстардың қолға алынуы түрғысынан да Австрия терминтану мектебінің ізденістерін алдымен атаған орынды.
Австриялықтардан кейін ізінше КСРО терминтану мектебі қарқынды дами бастады. Біздіңше, оған сол жылдарда Австрия мен Чехословакия елдеріндегі терминтану саласында атқарыла бастаған істер белгілі дәрежеде ықпал етті.
КСРО терминтану мектебі деп аталғанымен сол одақты қүраған республикалардың бәрінде терминология мәселелері жан-жақты зерттеліп, терминологиялық жүмыстарды жүргізу жоғары деңгейде жүзеге асты деуге болмайды. Үлттық республикалардың көпшілігінде терминологиялық комиссиялар қүрылып, ғылыми зерттеу институт-тарының қүрамында терминология бөлімдері сияқты қүрьглымдар жүмыс істегенімен олардың жүмысының нәтижесі көрінбеді. КСРО-ны қүраған республикалар ішінде барлық жағынан өзгелерге үлгі ретінде үсынылған Ресейде терминологиялық жүмыстарға үлкен мән беріліп, оларда терминтану мектебі қалыптасты. Украина, Балтық жағалауы елдері сияқты республикаларда біршама ғылыми ізденістер мен практикалық жүмыстар атқарылды, жекелеген галымдардың ғылыми еңбектері жарық көрді. Бірақ олардың жалпы көлемі мен ауқымы Ресейдегімен салыстырғанда әлдеқайда аз еді.
Ресейлік терминтанушы ғалымдар олардағы терминтану теориялық негізі тіл қүрылысы мен жазуды, үлт тілдерін дамытуды жоспарлау бойынша атқарылған жүмыстар аясында 1930-жылдардан бастап қалана бастады деп санайды. 1933 жылы СА.Чаплыгин мен Д.С.Лотте сынды ғалымдардың үсынысымен Техникалық терминология комиссиясы күрылды. Кейіннен бүл комиссия — "Ғылыми-техникалық терминология комитеті" болып қайта қүрылды. Қазір бүл комитет — "Ғылыми терминология комитеті" деп аталады. КСРО ғылым академиясы жанынан күрылған бүл комитеттің негізгі міндеті терминология теориясы мен терминологияны реттеудің әдіснамасын жасау болды. Кеңестік терминтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі саналатын Д.С. Лотте терминологиялық жүмыстарды жүргізудің әдіснама-лық негізін қалай отырып, терминологияны реттеудің жалпы қағидаттарын белгіледі жөне түңғыш рет терминге қойылатын талаптарды анықтады. Терминтанушы ғалымдар оның осы еңбектері мен Э.К. Дрезеннің еңбектері, Г.О.Винокурдың мақала-лары, кейінірек жарияланған А.А.Реформатскийдің мақалалары кеңестік терминтану мектебінің негізін қалады деген түжырым жасайды.
Ресейдегі терминтанудың келесі кезеңі 40-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың соңына дейінгі уақытты қамтиды. Бүл кезенде негізінен терминнің мәртебесі төңірегінде Реформатский А.А., Капанадзе Л.А. және баска да ғалымдар арасында қызу пікірталас орын алған. Терминология тарихына арналған ЛЛ.Кутина, П.Н.Денисова, А.С.Герд, ЕДКоновалова еңбектері, терминтанудың логикалық аспектісін зерттеген Е.К.Войшвилло, Н.И.Кондаков, Д.П.Горский және терминдерді аударуға арналган Э.Ф.Скороходько еңбектері жарықкөрген. Бүл Ресей тілшілерінің терминология мәселелеріне шындап көңіл бөле бастаған кезеңі деп есептеледі.
70-жылдардан бастау алған келесі кезең терминтанудың нағыз кең қанат жайып, аймақтық терминтану мектептерінің пайда болған уақыты деп көрсетіліп жүр. Одақтың астанасы болған Мөскеуде терминтану саласындағы непзп ғылыми жұмыстар КСРО ҒА-ның Ғылыми-техникалық терминология комитетінде Д.Лоттенің ізбасарлары А.М.Терпигорев, В.С.Кулебакин, В.И.Сифоров және Н.К.Сухов, С.И.Коршунов, К.А.Климовицкий, Э.А.Натансон, Т.Л.Канделаки, Г.Г.Самбурова, В.Ф.Журавльев сынды ғалымдар тарапынан жүргізілсе, екінші үлкен орталық Мәскеу мемлекеттік университетінің (МГУ) филология факультетінде П.Н.Денисов, В.П.Даниленко, В.М.Лейчик, В.Н.Прохорова, П.В.Веселов, Р.С.Саголова сынды ғалымдар зерттеулер жүргізіп, Г.Н.Агапова, Н.Б.Гвишиани, М.М.Глушко, С.В.Гринев, В.Л.Налепин сынды ғалымдар кіретін профессор О.САхманованың мектебі қалыптасқан.
Осы кезеңде Л.Л.Кутина, Ф.П.Сороколетов, Е.Д.Коновалова, А.СГерд, А.И. Моисеев сынды ғалымдар негізін қалаған Ленинградтық терминтану мектебі, Б.Н.Головин мен Р.Ю.Кобрин, В.Н.Немченко, К.А.Авербух сынды ғалымдар кіретін Горький терминтану мектебі, С.З.Иванов, Е.САнюшкин бастаған Воронеж терминтану мектебі пайда болған. Сібір мен Оралда да зерттеулер жүргізілген.
Ал 80-жылдардың басынан бастап, терминография теориясын жасауға бағытталған (Шайкевич, А.С.Герд, С.В.Гринев, ІО.Н.Марчук); терминологиялық редакциялаудың қолданбалы және терминтанудың философиялық жән өлеуметтік лингвистикалық (В.М.Лейчик, С.Е.Никитина), салғастырмалы, гносеологиялық мәселелері зерттеле бастады.
90-жылдардан бастап терминтанудың когнитивтік, ақпараттық (М.Н.Володина, Л.В.Ивина) және мәтінмен байланысты мәселелерін зерттеуге арналған жүмыстар жарық көрді.
Сөйтіп, КСРО кезінде бастау алған терминтану саласындағы зерттеулер саны жыл өткен сайын артып,
Ресейде терминтанудың үлкен ғылыми орталығы қалыптасты. Бүл орайда А.Суперанская, Н.Подольская, Н.Васильева сынды ғалымдардың "Әлемде XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап бар терминтерді реттеу мен жаңа терминдерді жасауда елеулі жүмыстар атқарып келе жатқан екі ірі терминологиялық орталық бар. Олар Астрия мен КСРОда" (1989, 3 с.) - деуінің негізі бар.
Қазіргі уақытта да Ресей ғалымдары терминтану саласындағы сол басымдығын сақтап қалып отыр. Себебі оларда қалыптасқан ғылыми мектеп және сол мектептен тәрбиеленіп, өсіп шыққан терминтанушы ғалымдар шоғыры бар.
Прага терминтану мектебі де аталған екі ірі мектептен кейінгі үлкен ғылыми орталық ретінде мойындалады. Прага лингвистикалық үйірмесінің негізінде қалыптасқан бүл мектеп терминдердің мөтіндердегі қолданысына мән бере отырып, терминологиялық лексикаға функциональдық жөне өлеуметтік мәдени түрғыдан келетіндігімен ерекшеленеді. Ғылым тілін зерттеу оларда тілді мәдениет, өркениет пен технология саласындағы кдтынас күралы ретінде карастыра отырып жүргізіледі. Прага терминтану мектебінің дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар чехиялықЛ.Дрозд бен словакиялық Я.Горецки.
Прага мектебінің Австрия және КСРО терминтану мектептерінен басты өзгешелігі — олардың үлттық термиқор қүру бағытын үстанғандығы. Кеңес одағының термитану мектебі де О.Вюстер негізін қалаған австрия-германиялық терминтану мектебі де терминологияны халықаралықтандыру бағытын үстанып отырғанда олардың арасында орналасқан Прага терминтанушылар мектебі латын-грек және неміс терминдерінің орнына үлттық, славяндық терминдер жасауға басымдық берді. Бүл жағынан олар француздар мен француз тілді Канада терминтанушылар мектебіне ұқсайды. Казақстанда бұл бағыт 20-жылдары алаш зиялылары қауымдасып еңбек еткен, терминқор қалыптастыру ісінің басында Ахмет Байтұрсынұлы тұрған кезеңце басымдыкқа ие болғаны белгілі.
Терминтану саласындағы жұмыстар жақсы атқарьшып жатқан елдердің бірі — Канада. Канадада терминтанушылар ең алдымен терминнің лингвистикалық мәселелеріне көп көңіл бөледі. Мысалы, түрлі тілдердегі терминдерді аудару мен салғастыру, терминжасам, терминологиялықдеректер қорын жасау т.б. Терминжасам мәселесі Г.Рондо "Неонимия" (терминтанудың саласы) деп атауды үсынған ғылым аясында қарастырьшады.
Скандинавия елдерінде де терминологиялық жүмыстар қарқынды жүргізіліп, терминтанушыларды дайыңцау дұрыс жолға қойьшған. Онда Х.Пихт сияқты ірі терминтанушы ғалымдар жұмыс істейді.
Терминтануды дамытуда елеулі жүмыстар атқарып отырған Польшада С.Гайда, В.Новицки, З.Строберски сияқгы белгілі мамандар қызмет етеді.
Жалпы қазір әлем елдерінің барлығында дерлік терминологиялық орталықтар қүрылған. Термин-танушы ғалымдар әлемде ғылыми терминологиясы дамыған 60 тіл (ағылшын, неміс, орыс, француз, итальян т.б.) бар деп жүр. Ол дегеніміз — әлемнің сол 60 елінде терминологиялық жүмыстар жоғары деңгейде жүргізіледі дегенді білдіреді. Терминология-лық жүмыстарды жүргізуді жолға қоймайынша, дамыған, жетілдірілген, қоғам өмірінің түрлі салаларындағы ақпарат алмасу мен кәсіби қарым-қатынасты қамтамасыз етуге жарайтын терминология қалыптастыру өте қиын шаруа. Түркі халықтарының ішіндегі ең бай тіл деп саналатын қазақ тілінің терминологиясын әзірге ғалымдардың ешқайсысы дамыған деп көрсетпейді. Ендеше, қазақ терминологиясын жетілдіру қазақ зиялыларының, ғылыми қауымның, әсіресе, тілшілер мен бүкіл салалық мамаңцардың алдынца түрған зор мінцет.
Әлемнің терминтанушы ғалымцары мен терминтану орталықтарының арасынца тығыз байланыс орнап, оларцың арасыңцағы ақпарат алмасу, тәжірибе бөлісу әлі це өз цеңгейіңце жолға қойьшмаған. Өзге елцерцің терминтану орталықтары мен халықаралық терминологиялық органцарымен байланыс орнату бізце мүдце қолға алынбай отыр цеуге болацы. Қазіргіцей ақпараттық-технологиялық мүмкінціктер мол уақытта бүлай болуы үлкен кемшілік. Сонцықтан ца цүние жүзі елцерінің терминологиялық орталықтарымен еларалық, халықаралық байланыстарды орнатып, терминтану саласындағы әлем ғалымдарының іргелі ғылыми еңбектерімен дер кезінде танысып отыру арқылы терминологиялық жүмыстардың жоғары деңгейце жүргізілуіне, отанцық терминтануцың цамуына мүмкінцік туғызу аса қажет іс болып табылады.
II. ТЕРМИНТАНУДЫҢ НЫСАНЫ МЕН ПӘНІ - ТЕРМИН
II. 1. "Термин" үғымының атауы туралы
"Термин" атауының өзі әр кезеңде ұлт тіліне түрліше аударылып, оның бірнеше балама нұсқасы үсынылды. О баста қазақ терминологиясы дамуының Байтұрсынүлы кезеңінде "пән сөз" деп аталды. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарық көрген алаш оқығандарының еңбектерінде, сол жьшдардың мерзімді басылымдарында осы термин жиі қолданьша бастаған еді. Ахаң да "пән сөзі" деп қолданған. Елдес Омарүлы, Нәзір Төреқүлүлы, Халел Досмүхамедүлдарының еңбектерінде де осы атау пайдаланылды. Е.Омарүлының 1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының түңғыш сиезінде жасаған баяндамасы "Казақша пән сөздер" деп аталса, А.Байтүрсынұлы 1926 жылы Бакуде өткен бүкілодақтық конференцияда жасаған баяндамасында "пән сөз" терминін қолданған. Білім ордасы бекіткен терминдер сөздігі 1927 жьшы Н.Қаратышқанүлының құрастыруымен "Пән сөздері" деген атпен жарық көрді. Бұл атау сол қалпымен бірізді қолданыла бергенде қазіргі күнге дейін қалыптасып, төл терминдеріміздің бірі болып та кеткен болар еді. Алайда отызыншы жылдардың бас кезінен бастап терминологияны халықаралықтандыру, орыс тілінің терминологиясын үлгі етіп алу бағытына бет бұрғандықтан, "пән сөзді" — "термин" атауы алмастырды. Дәлірек айтқанда, ұлттық терминқорды қалыптастыруда Ахаңцар ұстанған бағыттан өзге жолды таңдап, сол жолдың прогресшілдігіне сенген қазақ совет оқығандары, терминология тізгінін ұстаған ғалымдар мамандар алмастырды. Отызыншы жылдардан бастап тоқсаныншы жылдарға дейін
"термин" сөзі барлық әдебиеттерде баламасыз бірізді қолданылып келді. Елдегі орныққан тілдік жағдаят пен терминологияны дамытуда ұстанған кдғидаттарымызға сәйкес отызыншы жылдардан кейін оны ұлт тіліне аударуды, оған қазақша балама табуды ойлап көп ешкім бас қатыра да қоймады. Уақыттың талабына бағыну, заман ағымынан шықпау — жаңаша жол іздеуді, қандайда бір өзгеріс жасауға талпынуды қажет етпейтіні белгілі. Сол себепті бұл сөз аталған кезенде (1930-1990 жылдар аралығы) білім алған екі-үш үрпақтың құлағына құйылып, санасына сіңіп, үйреншікті атауымызға айналды десек те болады.
Отызыншы жылдары "пән сөз" терминінің "пән атаулары" деген нүсқасын қолданған жекелеген зиялылар да болды. Мысалы, Әлкей Марғүлан 1930 жылғы "Еңбекші қазақ" газетінің наурыз, сәуір айларында жарық көрген бірнеше санында (№60, 64, 72, 73, 75, 82, 87) "Осы пән атаулары дүрыс па?" деген атпен жүртшылық талқысына көптеген терминдерді үсынды. Бірақ бүл атау жаппай қолданыла қоймады. Сондай-ақ сол жылдары "пән атаулары" терминінің пәнге қатысын көрсетпей-ақ "атау" түрінде қолдану да болды. Мысалы, 1931 жылы Халық ағарту комиссариаты білім кеңесінің терминология комиссиясы бекіткен терминдерін "Атаулар сөздігі" деген атпен шығарды. Осьгдан бьшайғы уақытта, яғни 30-жылдардың басынан бастап "термин" сөзі жаппай қолданысқа көше бастады. Совет халқына ортақ терминологиялық қорды қалыптастыру бағыты белгіленгендіктен, бізде ғана емес өзге үлттық республикаларда да бүл атау біркелкі қолданыла бастады. Сонау 20-30-жылдардан кейін "термин" сөзіне қазақша балама табу, оны қазактың төл сөзімен атау мәселесі араға 60-70 жыл салып барып, тек 90-жылдары ғана қайта сөз бола бастады. Кеңес одағын қүраған үлттық республикалар тәуелсіздіктерін жариялап, тілдері мемлекеттік тіл мәртебесін алуына байланысты сол кеңес дәуірінде қалыптасқан терминқорға да жаңаша қарау көрініс берді. Дәл осы соңғы он-он бес жыл көлемінде "термин" атауына байланысты түрлі үсыныстар айтылды. Үсыныс білдірушілердің арасында отызыншы жылдарға дейін қолданыста болған "пәнсөз" немесе "атау" терминін қайта жаңғыртып қолдануды үсынушылар да, "термин" атауын қалдырған дүрыс деушілер де, "аталым", "атаусөз", "үғымсөз" сынды жаңа баламалар жасап үсынғандар да болды. Сондай-ақ сөз болып отырған атауды 30-жылдары фонетикалық өзгеріске үшыратып "термін" түрінде қолданғандар да болды, бүгін де осы нүсқага тоқталғанымыз дүрыс деп санайтын мамандар бар.
Сонымен ғасырға жуық уақыт аралығында арнаулы лексиканың бірлігі болып табылатын бір ғана үғым атын — пән сөз, пән атаулары, атау, аталым, атаусөз, үғымсөз, терминтермінтермен түрінде тоғыз түрлі нүсқада атау жөнінде үсыныс жасалып, олардың бірнешеуі әр кезеңце қолданыс тапқан екен. Бүлардың арасынан нақты қолданыс тапқандары — пән сөз бен термин. Калғандары жеке авторлар қолданысы мен кейбір басьшым беттерінде ғана үшырасқаны болмаса, жалпы қолданысқа көше алмады. Ал үғым мазмүнын қамту жағынан да ретімен атар болсақ, пәнсөз, термин, атау сөздерін атауға болады. Бүгінгі біздің тілдік қолданысымыздағы "термин" сөзінің ұсынылған баламаларының қайсысына басымдық берген жөн дегенге келер болсақ, әзірге бұл жөнінде мамандар тарапынан бір тоқтамға келген ортақ шешімнің жоқ екендігін айту керек.
Жоғарьщағы көрсетілген нүсқалардың әрқайсына өз тарапымыздан қысқаша тоқталсақ, мынаны айтуға болады:
"Пөн сөз" атауы туралы. Термин "пән" және "сөз" деген екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған. Ертеректе араб тілінен еніп, өз сөзімізге айналып кеткен пән
о9 (арабша — ... фән, орысша — предмет) сөзі "білімнің, ғьшымның, өнердің жеке бір саласы" деген мағынаны білдіреді. Терминнің ғылым мен техниканың немесе өзге де арнаулы салалардың үғымдарының атауы екені белгілі. Ендеше ғасыр басында жасалған бүл сөз өзі білдіретін үғымның негізгі белгілерін қамтыған. Терминнің белгілі бір пәнге тән, белгілі бір саланың сөзі екендігі оның басты ерекшелігі ретінде үғым атауынан көрініс тапқан. Термин сәтті жасалған. Сондықтан да болса керек, жаңа жасалған атау екендігіне карамастан, бүл сөз жиырмасыншы жьшдары зиялылар тарапынан қолдау тауып, жаппай қолданысқа көше бастаған еді. Бүл атаудың терминқорымыздан берік орын алмай, қолданыстан шеттетілуі оның сәтсіз жасалғандығынан емес, терминологияны халықаралықтандыру бағытының басталып кеткендігінен болды. Әрине, екі сөзді біріктіріп "пәнсөз" түрінде жазғанда атаудың ықшамдылығы артып, қолданылу, сөз тудыру мүмкіндігі арта түсер еді деп ойлаймыз.
"Атау" туралы. "Атау" жаңа сөз емес, тілімізде бүрыннан қолданьшады. Терминнің де атау екені рас. Оған таласудың еш реті жоқ. Бірақ "атау" сөзі өте кең үғымды білдіреді. Атау тек термин сөзді емес, атауыштық қызмет атқаратын өзге сөздер түрлерін де қамтиды. Сондықтан да оларды іштей бір-бірінен ажырату үшін "термин" атауы пайдаланылады. Сонау жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ Ахаң бастаған алаш зиялылары "атау" сөзі түрғанда, "пән сөз" атауын бекерден-бекер ойлап тапқан жоқ. Олар ұғымдар арасын ажырату қажеттігін сол кезде-ақ жақсы түсінген. Мысалы, тілімізде мал атаулары, өсімдік атаулары, жер-су, елді мекен атаулары, аң-қүс, жануарлар атаулары, балық атаулары, газет-журнал атаулары сияқты т.б. атаулар көп. Олардың бірі жалпы есімдер болса, екіншілері — жалқы есім сөздер. Бүлардың барлығы да атау сөздер. Осы секілді атау сөздердің бәрін терминдер қатарына қоса алмасымыз белгілі. Сондай-ақ терминге бір табан жақын номен деп аталып жүрген сөздер де бар. Олар да атау сөздер қатарына кіреді. Термин "атау" деген жалпы ұғымның ішіне кіргенмен, оның өзге атау сөздерден өзіндік ерекшеліктері бар екендігі сөзсіз. Сол себептен де терминді — атау, терминтануды (терминологияны) — атаутану деп атайық деген ұсыныс туралы ойланғанда мәселенің осы қырын ескерген жөн болар деп білеміз. Біздіңше, тіліміздегі "атау" сөзі орыс тіліндегі — название, нименование сөзінің, ал "атаутану" — номинация ұғымдарына дәлірек сәйкес келеді. Сондай-ақ атаутану тек терминдерді ғана емес, бүкіл атау сөздерді зерттейтін ғьшым саласы деген үғымды кдмтып тұр.
"Пән атаулары" туралы. Бүл "пән сөз" терминінің үлгісімен жасалған. Алайда форма сәйкестігі болғанмен мүнда мағына дәлдігі, үғым мазмүнын қамту жетісіңкірей бермейді. Олай дейтініміз бүл атау термин сөзінің баламасы емес, ғьшым, техника, білім салаларының, яғни пәннің өзінің атауы деген үғымды білдіріп түр. Мысалы, өсімдіктану, тәнтану, табиғаттану, тілтану, әдебиеттану, елтану немесе физика, химия десек, пәннің, ғьшым салаларының атаулары болады. Сондай-ақ мүнда атау сөзден гөрі сипаттау басым, шүбалаңқьшығы және бар.
"Аталым" туралы. Бүл балама 90-жылдардан кейін үсынылған жаңа сөз. Ол осы кезеңде -м, -ым-ім жүрнағының көмегімен туындаған айтылым, жазылым, тыңдалым, естілім сияқты тіл білімі терминдерінің үлгісімен жасалған. Алғашқы үсынылған кезде жекелеген авторлар тарапынан қолданылғанмен, қазір өте сирек аталып, үмытыла бастады. Бүл үлгімен жасалған терминдер қазір біршама қолданыла бастады. Термин шығарма-шылығында бір нәрсені үмытпаған дүрыс. Ол — негізгі, тірек терминдердің мейлінше қьісқа болуын ескеру. Сонда солардың негізінде сөз тудыру, үялас терминдер жасау, жаңа атаулар өрбіту мүмкіндігі сақгалады. Тірек терминдер қай саланың да басты, негізгі үғымдарын білдіретіндіктен, олардан туындайтын, олармен байланысты болатын тектік, түрлік үғым атаулары көп болатыны анық. Жалғамалы тіл үшін, сөз тудырушы жүрнақтар сөз соңына ғана жалғанатын біздің тіліміз үшін бүл маңызды мәселе. Мүмкіндігінше бір немесе екі буынды болғаны жөн. Үш буыннан асқаннан кейін сөз ықшамдьшығынан, сөз тудыру қабілетінен айрыла бастайтындығы байкалады. Сөз шығармашьшығымен айналысушьшар мүны ескермеуіне болмайды. Бүл түрғъщан келгенде пәнсөз, атау, термин сөздерінің мүмкіндіктері бірдей. Айталық пәнсөзтану, атаутану, терминтану сынды атаулардың аталымтану, атаусөзтану, үғымсөзтану терминдеріне қарағанда айтуға, жазуға, қолдануға қолайлы екендігі сөзсіз.
Қазір терминологияда шүбалаңқы, көп сыңарлы терминдер өте мол. Салалық терминологиялардың бірқатарында 60-70 пайызға дейін, жекелеген салаларда одан да жоғары мөлшерді қүрап жатады. Ал шүбалаңқьі терминдердің атау ретінде қолдануға қолайлы бола алмайтыны белгілі.
"Атаусөз, үғымсөз" баламалары туралы. Бүл сөздерді үсынған авторлардың өздерінен басқа көп ешкім қолдана қойған жоқ. Біздіңше, "атауды білдіретін, атау болатын сөз" деген мағынаны беретін "атаусөз" баламасының екі сөздің бірігуінен жасалған түлғалық жаңалығы болмаса, тіліміздегі бүрыннан бар "атау" сөзінен мағыналық-семантикалық жағынан еш айырмасы жоқ. Дәлірек айтсақ, тіддегі терминнен өзге де атауыштық қызмет атқаратын сөздердің барлығы да "атаусөз" бола алады. Яғни бүл атау терминнің өзіне ғана тән басты ерекшелігін білдіріп түр дей алмаймыз. "Үғымсөз" де осы үлгімен жасалған. "Үғымды білдіретін сөз" деген бүл атаудың мағынасы терминге сәйкес келе алмайды. Терминнің заттық немесе абстракты үғымдарды білдіретіні рас. Бірақ термин емес, өзге сөздер де ғылыми, техникалық болмаса да қарапайым үғымдарды білдіре алады. Екінші сыңары "сөз" де мағыналық түрғыдан үйлесіп түрған жоқ, бүл жерде оның орнына "ат", "атау" сөздері әлдеқайда дәл келер еді. Қысқасы, бүл екі атауды да сәтті баламалар кдтарына қоса алмаймыз.
"Термин" атауы туралы. Бүл атаудың латын тілінде "шек", "шекара" деген мағынаны білдіретіні белгілі. Біздің тілімізде орыс тіліндегі таңбалануына сәйкес XIX ғасырда жарық көрген кейбір еңбектер мен басылымдарда кездесе бастаса, XX ғасырдың басында жүртшылыққа біршама жақсы таныс болды. Жиырмасыншы жылдары үлт тілінде жасалған баламасына жарыспалы нүсқа ретінде сиректеу қолданылып жүрсе, 30-жылдардан бастап "термин" сөзі жаппай қолданылатын, тұрақтаған атауға айналды. 90-жылдарға дейін алпыс жылдай уақыт бұл терминді үлттық баламамен алмастыру туралы әңгіме қозғалған емес. Тек қоғам өмірінде елеулі өзгерістер болған сол 90-жылдардан бастап қана оны өз тілімізде бұрыннан бар сөзбен немесе жаңа жасалған баламамен алмастыру мәселесі көтеріле бастады. Тілімізде қазір фонетика, фонема, лексика, лексема, морфология, морфема, синтаксис, фразеология сияқты ондаған өзге тілдерден қабылданған тіл білімі терминдері өзгеріссіз қолданылып жүргенде неге солардың ішінен "термин" атауына ерекше көңіл аударьшып отыр? Оның себебін мына мәселелермен байланысты деп түсінген жөн. Біріншіден, орыс тілін үлгі ете отырып жалпыкеңестік терминқор қалыптастыру бағытына деген көзқарас өзгеріп, үлт тіліндегі термин шығармашылығын дамыту мәселесінің күн тәртібіне қойылып отыруы көпшілік санасына жалпы әсер етті. Екіншіден, бүл сүрақтың туындауына негізінен терминкің тілшілердің қолданысымен, бір ғана лингвистиканың шеңберімен шектелмей, бүкіл сала мамандарының, көпшшік қауымның назарын аудартып отырған өзекті мәселе ретінде көрініс беруі басты себеп болды. Жалпы термин, терминология мәселелерінің қоғам назарын айрықша аудартып, қалың қауымның әңгіме арқауына айналып отыруына байланысты үғым атауының өзі де жүртшылық талқысына түсті. Әйтпесе, бүл атау да алпыс жылдан астам тілдік қолданысымызда болып келген өзге де кірме сөздер сияқты лингвистикалық әдебиеттерде өзгеріссіз қолданьша берген болар еді немесе тіл мамандарының өз арасыңда ғана талқыланар еді.
"Термин" атауын өзгертуді үсынушьшардың оған тағатын негізгі "міні" оның кірме сөз екендігі. Біз үлт тіліндегі термин шығармашылығын толық қолдаймыз. Үлттық терминқорымызды қалыптас-тыруда қазақ тілінің лексикалық байлығы мен сөзжасам тәсілдерін барынша тиімді пайдалану қағидатын бірінші орынға қою қажет деп санаймыз. Алайда тіліміздегі кірме сөздердің бәрін төл сөзімізбен алмастыру және алдағы уақытта шет тілдерінен сөз қабылдамау мүмкін емес екендігін түсінуге тиіспіз. Сондықган да "термин" сөзінің қолданьша бергені жөн. Ал "термін" түрінде тіліміздің дыбыстық жүйесіне икемдеп алайық деген үсыныспен келісуге негіз бар. 20-30 жылдар аралығында жарық көрген кейбір басьшымдарда "термін" түрінде қолданьшған да болатын. Сол жылдары жарық көрген кейбір газет мақалаларында "термен" нүсқасы да қолданьшған болатын. Араб тілінен еніп тілімізге әбден сіңісті болып кеткен аумин ("айтқаныңыз келсін, тілек қабыл болсын" деген мағьшада қодцанылатын) сияқты бірілі-жарым сөз болмаса бүл үлгімен жасалған сөздердің лексикалық қорымызда аз үшырасатыны рас. Соңғы кезде реліс, тәбіл, режім, кәбіл сияқты терминдерді ресми бекіте бастағанымыз белгілі.
Сонымен қорыта айтқанда, "термин" (немесе "термін") сөзінің терминқорымызда қала беруіне мынадай себептер бар:
Біріншіден, "термин" тілімізде сексен жылдай уақыт қолданылып, миллиондардың санасына сіңіп, көзі үйреніп, қүлағы тосырқамайтын жағдайға жеткен сөз. Бүл — психолингвистикалық фактор. Мүнымен санаспауға болмайды.
Екіншіден, бүл "термин" атауын халық жаппай қолданып келді. Соңғы үш үрпақ қай әлеуметтік топкд жататындығына қарамастан, білім беру жүйесі, БАҚ құралдары арқылы осы сөзді тілдік норма ретінде кдбылдады. Бүл — әлеуметтік лингвистикалық фактор. Онымен де санасуға тура келеді.
Үшіншіден, бүл атау терминтану саласының тірек термині болып табылады. Терминологияны зерттейтін ғылымның атынан бастап, ондаған, жүздеген терминдер осы атаудан туындаған немесе онымен тіркесу арқылы жасалған. Мысалы, терминтану, терминология, терминография, терминжасам, терминжүйе, термин шығармашылығы, терминология-лық лексика, терминоид, терминбөлшек сияқты көптеген терминдерді өзгеріске үшыратып, бүкіл саланың атауларын алмастыру оңай жүзеге асатын іс емес.
Төртіншіден, жоғарыда үсынылған баламалардың барлығы дерлік терминге қойылатын талаптарға сай жасалып, үғым мазмүнын дәл қамтып түрған сәтті атаулар деп айта алмаймыз. "Пәнсөз" бен "атау" сөздерінен өзгелері үғым мазмүнын қамту жағынан да, атау сөзге тән қасиеттері жағынан да сәтті жасалған сөздер қатарына қосылып түрған жоқ. Ол баламалар жөнінде жоғарыда қысқаша тоқталдықжәне осы соңғы аталып көрсетілген факторлар да бар.
II.2. Терминнің тілдік сипаты
Терминді әдетте біз ең алдымен, адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде, негізінен кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп үғамыз. Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын өр түрлі белгілері атап көрсетіледі. Термин жөнінде сөз қозғалғанда "Барлық термин — сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес" деген түжырым жиі қайталанып жатады. Бүл түжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дүрыс айтылған деуге болады. Алайда терминнің тілдік бірлік болып табьшмайтын күрамына сандар, графикалық таңбалар кіретін символ-сөз түрлері де болатындықтан, мүндай түжырымды терминнің барлық типтеріне қатысты жалпы сипат ретінде қабылдауға келе бермейді. Сонымен қатар, терминнің тек қана сөз емес, терминологияда сөз тіркесі түріндегі терминдердің мол екенін және кейбір тілші-терминолог ғалымдар атап көрсетіп жүргеніндей, сөйлем терминдердің де болатынын ескерсек, "Барлық термин — сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес." деген пайымдаудың термин табиғатын жан-жақты ашып түр дей алмасақ керек. Сондай терминнің тілдік табиғатын түсіндіру кезінде өте жиі қайталанатын түжырымдардың бірі Н.З.Котелованың "Терминдер — сөздер, тілдік ешнәрсе оларға жат емес" ("Термины — это слова, и ничто языковое им не чуждо") деген сөзі. Ғалымның сөзін түпнүсқа тілдегі калпына байланып жоғарыдағыдай сөзбе-сөз, дәлме-дәл көшірмей, автордың айтпақойы мен сөйлем мағынасын сақтай отырып, өз түсінігімізге лайықтап, тілімізге жатықтау етіп сәл басқашалау аударсақ, "Термин деген — сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің ешқайсысы да оған жат емес" деген болар едік. Термин-сөздің лингвистикалық табиғатын тану түрғысынан келгенде ғалымның пікірі орынды айтьшған. Оны соңғы жьшдары терминтану саласында жүргізілген көптеген лингвистикалық зерттеулер нәтижелері растап отыр. Бірақ терминнің жасалуы, қолданылуы, қызметі түрғысынан жалпы әдеби тілдегі атаулардан өзіндік айырмашылықтары бар екендігін атап көрсетіп жүрген ғалымдар пікірлерін де ескерусіз қалдыруға болмайды.
Жалпы термин жөнінде нақты мыналарды айтуға болады:
1. Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
2. Терминдер негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық таңба түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы термин-сөздерге қарағанда әлдеқайда төмен.)
3. Термин — белгілі бір терминологияның мүшесі.(АЛ.Реформатский)
6. есімдер болады.
7. Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, белгілі бір арнаулы сала шеңберінде қолданылады.
Бүл аталғандарды терминтану саласындағы ғылыми еңбектердің көпшілігінде аталып көрсетілетін, мамандар мойындаған терминнің басты белгілері деуге болады. Терминтану саласындағы зерттеу еңбектерінде, лингвистикалық ғылыми әдебиеттерде терминнің өзге де қасиеттері, өзіндік қырлары мен ерекшеліктері аталып жатады. Олардың бәрін тізіп жату міндетті болмағандықган, біз негізгілерін ғана атап көрсеттік.
Термин күрамы жағынан түбір сөз де, туынды сөз де, күрделі сөз де, терминологиялық тіркес те болуы мүмкін. Мысалы:
Түбір терминдер: сөз (лингв.), тау (геогр.), ән (муз.), тап (тарих), сан (матем.) т.б.
Туынды терминдер: а) айдауыл (әскери), шағылдыр-ғыш (физ.) қосынды (мат.) есімдік (лингв.), балқынды (хим.), буландырғыш (машин.) т.б. ә) біріккен атаулар — асқазан (мед.), ішперде (биол), шымтезек (хим.) сөзжасам (лингв.), қолжазба (өдеб.) т.б.
Тіркесті терминдер: сөз тіркесі (лингв.), атыс аймагы (әскери), айналмалы жиілік (тех.), айньшалы қозғалыс (физ.), бүтін сан (мат.), егіз үйқас (әдеб.) т.б.
Терминдер үлт тіліндегі сөзжасам үлгілерімен катар шет тілдерінің термин жасаушы терминбөлшектері (терминдік элемент) қатысуы арқылы да жасалады.
Терминбөлшек (терминоэлемент) дегеніміз — терминологиялық мағынасы бар ең кіші бірлік.
Терминболшектің мағынасын бүдан да толықырақ аша түсетін анықтама бар. Мысалы, В.Ф.Новодранованың терминбөлшекке берген мына анықгамасын айтуға болады:
Терминбөлшек — әдетте терминнің қүрамында белгілі бір орынды иеленіп, мейілінше түрақтаған жалпы мағынаны білдіретін, туынды терминдердің үнемі қайталанып отыратын және жаңа терминдер жасауға қабілетті болшегі.
Терминдер негізінен жалпы есімдер болатыны белгілі. Сонымен қатар жалқы есімдер қатысуымен жасалған терминдер де болады. Олар негізінен эпонимдер немесе фамилия терминдер (фамильные термины) болып келеді. Кобінесе жалқы есімдер күрделі терминнің сыңары ретінде қолданылады. Мөселен, В.Даниленко өз зерттеуінде мына мысалдарды келтіреді: Ньютон заңы, Пифагор теоремасы, Ом заңы, Мотросов тежеуіші (тормоз Матросова), Бэр заңы, Вильда буландырғышы (испаритель Вильда), Есаки эффекті (эффект Есаки), Ферми энергиясы (энергия Ферми), Бриллюэн аймағы (зона Бриллюэна) т.б. тіркесті терминдер күрамында — Вольт доғасы (Вольтва дуга), Торичелли бостығы (Торичеллиева пустота), аристофанов өлеңі (аристофанов стих), горациев шумағы (горациева строфа), пифагор жүйесі (пифагорова система) т.б.
Ғалым атап көрсеткен мүндай терминдер қатарына Френель аумағы (зона Френеля), Вавилов-Черенков сәуле шығаруы (излучение Вавилова-Черенкова), де Бройль гипотезасы, де Бройль толқындары, Мюллер-Редже талдауы, Гельмгольцтің сығылу гипотезасы,
Ферми шекарасы, Бойль-Мариотт изотермі, Больцман түрақгысы, Гейзенберг көрінісі, Кюри принципі, Бойль нүктесі, Керр эффекті, Майкельсон эшалоны, Архимед спиралі немесе жалқы есімдердің метонимиялануы аркылы жасалған вольт, ватт, ампер, герц, кюрий, генри, ом, джоул сияқты терминдерді қосуымызға болады. Соңғылары жалпы есімдер қатарына өткенімен олардың көбінің жалқы есімдердер негізінде туындағанын аңғару қиынға соқпайды.
Сондай-ақ аты аталған зерттеуші көптеген зат есімдер мен сын есімдердің сөзжасам үлгісі сөз тудырушы негіз ретінде жалқы есімдердің пайдаланылатынын атап көрсетеді. Мысалы, мынадай геология терминдері: байкалит (Байкал), астраханит (Астрахань), бианкит (Бианки - фамилия), глинкит (Глинка — фамилия), валуевит (Валуев), воробьевит (Воробьев — фамилия), гетит (Гете — фамилия), т.б. химия терминологиясында менделевий, кюрий, курчатовский сияқты элементтер атаулары; философия терминологиясында ғылыми ағымдар атаулары: (марксизм, ленинизм, тоизм) т.б.
Терминологияда мағыналары бірдей терминдер де аз қолданылмайды. Оларды жеке үғымдар атаулары ретінде қабылдап, шатастырып алмаған жөн. Ондай термиңцер "тең мағыналы терминдер" деп аталып жүр.
Тең мағыналы терминдер (равнозначные термины) - бір үғымның атауы ретінде пайдаланылатын мағыналары бірдей (немесе дәл сондай) терминдер.
Терминтанушылар тарапынан терминге берілген анықтамалар өте көп. Олардың бірін-бірі толықгыратындары да, қайшы келетіндері де, бірін-бірі белгілі дәрежеде қайталайтындары да бар. Жалпы термин мәселесін зерттеп, термин жайлы сөз қозғаған ғалымдардың оған анықтама бермегені кемде-кем. Ондай анықтамалардың бөрін бірдей тізе берсек, студенттердің, сала мамандарының кай анықтаманың терминнің лингвистикалық табиғатын толық сипаттап беретінін ажыратуы қиынға соққан болар еді. Әзірге терминтанушылардың бәрі бірдей мойындап немесе ортақ мәмілеге келіп, ғылыми, анықтамалық әдебиеттерде бірізді қолданылып жүрген анықтама мынау деп корсету қиын. Сол себепті терминнің негізгі белгілерінің көбін қамтығын, терминді түрлі қырынан қарастырып, әр түрлі аспектіде зерттеп жүрген ғалымдардың берген мына анықгамаларын білген абзал.
Лингвистикалық анықтама:
Термин — ғылыми немесе ондірістік-технологиялық үғым атауы болып табылатын арнайы қолданыетағы дефинициясы (анықтамасы) бар соз немесе соз тіркесі. Терминтанушылық анықгама:
Термин — терминологиялық жүйенің элементі. Арнаулы мақсаттар тілі теориясы түрғысынан берілген анықтама:
Термин — адам қызметі мен білімнің арнаулы салаларының жалпы, нақты немесе абстракті үғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар тілінің лексикалық бірлігі.
Термин үғым атауы болса, терминнің дефинициясы еген — сол үғым атауына берілген дәл ғылыми нықтама. Термин сөздің мағынасы оның ефинициясы арқылы анықталады.
II. 3. Терминге қойылатын талаптар
"Термин қандай болуы керек?" деген сүрақ қойылғанда оның мағынасы үғым мазмүнын дәл қамтуы тиіс, қысқа да нүсқа болуы керек, бір мағыналы болуы керек, жарыспалылықтан, синонимдерден ада болуы керек деген коп керектерден түратын талаптар қойылып жатады. Жалпы терминнің қандай болуы керектігі женінде айтыльш, жазылып жататын талаптар аз емес. Олардьгң бәрін тізе берудің де реті де, қажеті де бола қоймас. Дегенмен солардың ішінен басты-басты саналатындары аталып көрсетілгені, оларды сала мамандарының терминологиялықжұмыстарға араласу барысында ескергені жөн деп білеміз. Тіл мамандары мен терминтанушылардың көпшілігінің еңбектерінде атап көрсетіліп жүрген терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар:
1) Терминнің бірмағыналылығы. Термин негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы керек. "Бір таңбаланушыға — бір таңба, бір таңбаға — бір таңбаланушы" сәйкес келуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі. Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады.
2) Термин мағынасының дәлдігі. Термин атаудың өзі белгілейтін ұғымның мазмүнын қамтып, ұғымның негізгі басты белгілерінің термин мағынасы арқылы берілуі. Терминологиядағы шарттьшық түрғысынан келгенде бүл талап та үнемі орындала бермеуі мүмкін. Біз термин мағынасының дәлдігі туралы сөз қозғағанда бүл талапты оның дефинициясының дәл берілуіне қатысты қойған дүрыс деп пайымдаймыз.
3) Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминді ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті үнатады. Тіліміздегі көптеген көп қүранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнем заңының талаптары. Алайда терминологияда бүл талап үнемі орындала бермейді. Терминологиялықтіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп қүрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың үғым мазмүнын дәл беру түрғысынан артықшылыктары бар деп санайтын ғалымдар да бар. Бүл түрғыдан келгенде "Термин мағынасының дәлдігі оның қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден түратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйелілігін және сол үғымның өзге үғымдармен байланысын көрсетеді".
4) Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты үлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқьшы туындайды. Салалық терминдердің көпшілігі өр саланың ғалымдарының, практик мамандарының қаламынан туындайды. Салалық мамандардың барлығы бірдей үлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдік заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесімі мен қосымшалардың жүмсалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін жетік біледі деп айту қиын. Оның үстіне ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс. Сондыктан да терминологияда сезжасам зандьшықгарын қанағаттандыра бермейтін термин-создер ұшырасып қалып жатады.
5) Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғүрлым қысқа, ықшам атауларға соз тудырушы жүрнақтарды үсті-үстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды соз, жаңа атау жасауға болады. Ал көп қүрамды атаулар бүл талапқа жауап бере бермейді. Бүл талапты терминнің сөз тудыруға (деривациялык) кабілеттілігі деп те атайды.
6) Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялық-тың болмауы. Жалпы ғылым тілі бейнелілікті, образдылықгы емес, әр үғымды оз атымен атауды кажет ететін дәлдікті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін қүрайтын терминдердің эмоциональдық түрғыдан бейтараптық танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі. Терминге эмоционалдылық пен экспрессиялық жат емес деп санайтын тілші-терминолог ғалымдар да бар. Солардың бірі В.Н.Прохорова "Терминнің эмоционалдылығы туралы" деген мақаласында лексика-семантикалық жолмен жасалған терминдердің метафоралылығы мен метонимиялылығы оның эмоциялылығын білдіреді... Сондай-ақ егер термин белсенді қолданыстағы эмоционалды сөздерден жасалса, онда термин де сол эмоционалдық бояуды сақтайды" — дейді.
7) Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуга қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде тандалмағаны жөн.
Байқап отырғанымыздай, терминге қойылатын талаптардың қаи-қайсына қатысты да қарсы айтылған уөждер, олар туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар бар. Ендеше, бүл талаптар барлық жағдайда бірдей орындалуға тиіс деп үзілді-кесілді айту қиын. Жалпы талап деген нәрсенің өзі мүлтіксіз орындалуға тиісті заң немесе айнымайтын аксиома, бүлжымас қағидат емес. Дей түрғанмен де, адамзат қоғамының қай саласын алсақ та, белгілі бір талаптарды айқындап, сол талаптарға үмтылу арқылы бейберекеттікке, ретсіздікке, жүйесіздікке, тәртіпсіздікке жол бермеу үшін мақсатты жүмыстар жүргізіледі. Сондықтан да терминге қойылатын жоғарыда аталып корсетілген талаптар әрқашан мүлтіксіз орындала бермегенімен, термин шығармашылығьшда осы талаптардың үддесінен шығу козделіп отырады. Мәселенің осындай қырларын ескере отырып, мүндай талаптарды мінсіз, идеалды терминдерге арналған деп санайтын тілші-лингвист ғалымдардың кейбір түжырымдарын негізсіз деуге болмайды. Бірақ барлық терминологиялық жүмыстардың негізгі мақсаты — жетілдірілген, барынша ретке келтірілген, бір ізге түсірілген, стандартталған терминологиялық қор қалыптастыру болғандықтан, мүмкіндігінше аталған талаптардың орындалуына үмтылу міндет саналады. Терминмен жүмыс істеуді, термин шығармашылығымен айналысуды міндетіне алған әр маманның осыны назарында үстағаны абзал.
Жоғарыда аталған талаптарды терминнің мағынасына, түлғасы мен қолданысына қарай -семантикалық талаптар, терминнің түлғасына қойылатын талаптар және прагматикалық талаптар деп үшке жіктеп қарастыру жиі үшырасады. Ол үш топтың ішіне жоғарыда біз тоқталғаннан озге де кейбір талаптарды да қосатын ғалымдар бар. Алайда терминологиялық әдебиеттердің копшілігінде негізінен жоғарыдағы талаптар аталады.
Терминге қойылатын талаптар
Семантикалық талаптар
Терминнің түлғасына қойылатын талаптар
Прагматикалық (функциональдық) талаптар
1
2
3
1. Мағъшалық қайшылықтың болмауы (терминнің ұғым мазмүнына сай келуі)
І.Тілдікнормаға сәйкес келуі
(көсіби жаргондар-дың, фонетикалық және грамматика-лық нормадан ауыткулардың болмауы)
І.Қолданысқа енгізілгендігі
(терминді маман-дардьгң, ғылыми қауымның кабыл-дауы немесе жиі қолданылатындьгғы)
2. бірмағыналылық (Бүл талап негізі-нен белгілі бір арнаулы термино-логия шеңберінде қойылады)
2.терминнің ықшамдылығы
(қысқалығы) а) лексикалық ықшамдылык ә) түлғалық ыкшамдылық
2. жатық айтылуы
(жағымды дыбысталуы)
3. терминнің толықмағьгаалылыгы
(термин мағьшасында ол белгілейтін ұғымды дәл беретін ең басты, мейлінше аз белгі-лерінің қамтылуы)
3. сөз тудыруга (деривациялық) қабілеттілігі (Бұл талап термин-нің ықшамдығымен тығыз байланысты. Ықшам жасалган, қысқа терминнен Туынды термин жасау мүмкіндігі
4.синонимдердің болмауы
4. инварианттылық
(фонетикалық, графикалық, морфо-логиялық, сөзжасам-дық және синтаксистік варианттардьщ болмауы)
5. уәжділік (термин мағьгнасьгның ұтаньгктьі, өзі
белгілейтін ұғымы жөніңде анық мәлімет беруі)
Кейде жекелеген ғалымдар тарапынан бүл талаптардан өзге талаптар да аталып жатады. Мәселен, прагматикалық талаптардың қатарына терминнің қазіргі уақытқа лайық заманауилығы (современность), әлем ғалымдары арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетуге қызмет ететін халықаралықтығы (интернациональностъ) және кейбір сала мамандарының (медицина т.б.) өздері ғана түсінуге тиіс қүпиялығы (эзотеричность) жатады деп санайтын ғалымдар да бар. Бірақ бүл көрсетілгендерді терминге қойылатын негізгі талаптар қатарына қосудың реті жоқ.
II. 4. Халықаралық терминдер туралы
Қазіргі қазақ терминологиясында арнайы назар аударуды қажет ететін мәселенің бірі — тілімізге өзге тілдерден орыс тілі арқылы еніп, "халықаралық терминдер" деген атқа ие болып жүрген атаулар. Мүндай атаулар көбінесе Еуропа мен ТМД елдерінің бірқатарында қолданылады. Бүл санатқа жататын атауларды аудару-аудармау, қабылдау, жазу туралы тілші ғалымдар мен салалық мамандардың пікірлері сан қилы. Бізде бүл мәселе соңғы жылдары мамандар назарына жиірек іліге бастады. Дегенмен, жан-жақты зерттелген, ғылыми түрғыдан толық шешімін тапқан мөселелердің қатарына қосуға әлі ертерек. Нақтылайтын түстары баршылық.
Жалпы шет тілдерінен қабылданған терминдерге деген көзқарастың терминология дамуының әр кезеңінде әр түрлі болғандығы байқалады. Оны терминология дамуының әр кезеңінде осы терминдердің калай аталғандығынан да көруге болады. Жиырмасыншы жылдың бас кезіндегі қазақ оқығандары өзге тілден қабылданған сөздерді "жат сөздер", "кірме сөздер", "бүратана сөздер ", "бөгде сөздер ", "қотыр сөздер ", "бүралқы сөздер " деп атап, бүл сөздердің тілімізге көггтеп кіруін тілімізді шүбарлау ретінде қабылдаса, 30-жылдардан бастап бүл атауларға "интернационалдык терминдер ", "халықаралық терминдер" деген ат беріп, мүндай атаулардың көптеген халықтардың тілдеріне ортақтығын, ғылым-білім саласындағы қарым-кдтынасты жеңілдететін-дігін баса айта бастадық.
Өзге тілдерден енген сөздерді төл сөздеріміздей көрмей, оларды жат, кірме, бөгде, қотыр, бүралқы, бүратана деген анықтауыштармен беру тіл түтынушыларының, зиялылардың бұл сөздерге деген сол кезендегі көзқарасын білдіреді. Бертінде ондай сөздерді белгілі бір халық тілінің шеңберімен ғана шектелмейтін, бірнеше тілге қызмет ететін әмбебап сөздер ретінде оларға "халықаралық" деген айрықша статус беріп тілімізге көптеп қабылдаудың прогрессивтік жағын атап айтатын болдық. Қоғам дамуының, терминология қалыптасуының әр кезеңіндегі шет тілдерінен енген сөздердің түрліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар аудара қоятындай мәселе сияқты көрінбеуі де мүмкін. Ал шын мәнінде бүған елеусіз калдыра салатын үсақ-түйек нәрсе деп қарауға да болмайды. Өйткені дәл сол атаулар арқылы үлт зиялыларының, ғылыми жүртшылықтың, көпшілік қауымның кірме сөздерге берген бағасын көруге болады. Өзге тілден енген терминдердің мүндай атаулары тек атауыштық қана емес, сонымен бірге бағалауыштық қызмет те атқарып түр. Бүл әлеуметтік лингвистикалық, психо-лингвистикалық түрғьщан қарастыруды, арнайы мән беруді қажет ететін тіл үшін маңызды мәселе. Мүндай нәрсеге қоғамдық сананың экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен немесе табиғи жолмен өзгергендігін, болмаса мәжбүрлеу жолымен өзгертілгендігін анықтауға негіз болатын тілдік-тарихи дерек ретінде қараған абзал деп ойлаймыз. А.Байтүрсынүлы, Н.Төреқүлүлы, Х.Досмүхамедүлы сияқты үлт зияльшары бастаған қазақ қауымы өзге тілден енген термин сөздерді "жат сөздер" десе, біз неліктен оларды "интернационализмдер", "халықаралық терминдер" деп атайтын болғанымыз жөнінде шындап ойланып, мүны назар аударатын мәселе ретінде қарамаған да екенбіз.
Бізде сонау отызыншы жылдардан бастап күні кешеге дейін терминдерді өзге тілдерден өзгеріссіз кабылдауды професшілдіктің, интернационалистіктің белгісі ретінде
қабылдау, солай насихаттау орын алып келді. Тек 90-жылдардан бермен карай ғана Ә.Кайдар, Б.Калиүлы, Ә.Жүнісбек сынды тілші ғалымдар мен салалық мамандар, жалпы зиялы қауымның жекелеген өкілдері өзгеше пікірлер айта бастады. Мүны да қоғам өмірінде болған өзгерістердің қоғамдық санаға әсері, санадағы сілкіністердің көрінісі деп танып, әлеуметтік лингвистикалық мәселе ретінде карауға болады. Дегенмен, кешегі кеңестік білім беру жүйесі миллиондардың санасына халықаралық терминдер туралы біржақты түсінік қалыптастырғаны анық. Сондықтан да бүгінгі таңда ондай атауларды орынды-орынсыз қорғаштап, бүрынғыша өзге тілдерден дайын терминдерді лек-легімен қабылдай беруге бейілділердің аз болмауы да табиғи нәрсе. Оған таңданудың қажеті жоқ. Біздің қазіргі міндетіміз — кешегіміздің кемшілігі мен жетістіктерін сараптай отырып, бүл мәселеде алдағы уақытта үстанатын ғылыми негізделген байыпты бағытымызды белгілеу. Әрине, бүл түста бізге кешегідей терминологиямызды шектен тыс халықаралықтандырамыз, советтік терминқор жасаймыз деп, біржақтылыққа үрынғанымыз сияқты, тап-таза үлттық терминология қальштастырамыз, тілімізді тазалаймыз деп, шет тілдері сөздерінің бәрін жау көретін екінші бір шеткерілікке, біржақтылыққа бой алдырып алмау жағын да үмытпауымыз керек.
Өзге тілдерден сөз кабылдамай, сөз алмасу, термин алмасу процесіне мүлде тосқауыл қойып тастау мүмкін де, кажет те емес. Тілдер арасындағы өзара сөз алмасу қашан да болған, бола да береді. Шет тілдері терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі ретінде орнымен пайдаланылса дүрыс, ал үлт тіліндегі термин шығармашылығын шектеп, өзге тілдерден термин қабылдауға жаппай жол беріп қарап отыру — шарасыздық. Тілдің бағын байлайтын, мүмкіндігін шектейтін ондай әрекетсіздіктің жалғаса беруіне немқүрайды қарауға болмайды.
Кеңестік кезенде терминологияны халықаралық-тандыруға баса назар аударылғанына қарамастан, сол 70-80-жылдарда да идеология мен жалпы ағымның ыңғайында кете бермей, өзіндік пікірлерін айта білген, құнды тұжырымдар жасаған ғалымдардың да болғанын айту керек. Мәселен, В.А.Гречконың терминнің қандай болуы қажеттігі жөніндегі макаласындағы мына тұжырымына назар аударып көрелік. Ғалым "Геология и минералогия, например, располагают многими тысячами заимствованных терминов. И что же? Безоглядное заимствование иноязычных слов обрекло все грядущие поколения на изучение геологии как науки и как какого-то малознакомого языка. Это, конечно, создает дополнительные трудности в освоении науки. Выдержанные на национальной русской основе понятия и концепции этих наук усваивались бы легче".1 - деп жазды.
Біз ғалымның бұл пікірі өте орынды айтылған деп санаймыз. Ғылымды игеру сол ғылым тілінің негізгі кілті болып табылатын жүмбақ атауларды (терминдерді) жаттаудан, жадыңа токудан, алдымен сол атаулардың мәнін ашып, не мағына беретіндігін біліп алудан басталатынын бізде мектеп окушысынан бастап академикке дейін білсе керек. "Бастауыш" деген терминнің сөйлемнің басында түратын бас мүше екендігін, ал "анықтауыштың" анықтайтын сөздің алдынан келетін сөйлем мүшесі екенін, ана тілінде тілі шыкқан кез келген оқушының алғаш естігенде-ақ түлғасына қарап түспалдайтынын, ал кейін оның сөйлемдегі қызметі мен анықтамасын білген соң ешқашан үмытпайтынын дәлелдеп жату артық болар. Себебі бастау, анықтау сөздерінің мағынасын тіл ғылымын әлі оқымағанына қарамастан әр бала біледі. Термин мағынасының үғынықтылығы (прозрачность термина) мен тұлғасы таныстығы ғылым-білімді игеру кезінде ғана емес, оның ұзақ уақыт есте сақталуына, оңайлықпен ұмытылмауына да себеп болады деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, шет тілдерінің терминдерін ұзақ жылдар бойы біз өз тілімізге орыс тіліндегі қалпында өзгертпей қабылдап келеміз. Ондай терминдердің әдеби тілдің жалпы лексикасынан айрықша оқшауланып, тілге кірікпей, тұлғалық, дыбыстық өзгешелігін көрсетіп, бөлектеніп тұратындығы байқалады. Алаш зиялылары олардың осындай жаттығын жасырмай, өзгешеленіп тұратын қасиетін байқағандықтан да кезінде "жат сөздер" деп атаған болар. Бұл тұрғыда сол 80-жылдарда-ақ латыштардың кірме атауларды оз тіліне қабылдау қағидаттарын дұрыс белгілегені назар аудартады. Кезінде А.А.Реформатский де "өз тіліміздің сөздерінің арасында халықаралық терминдер жатжұрттық болып түрмауы үшін, кірген тілінің тиісті қосымшаларын қабылдап, септеліп т.б. өзгерістерге үшырауы керектігін"2 атап көрсеткеніндей, В.П.Скуиня да өз мақаласында былай деп жазады: "Чтобы заимство-вания лучше включилисъ в общую систему заимствую-щего языка, при заимствовании иноязычных терминов следует соблюдать требования фонетико-морфологи-ческого принципа. Фонетический аспект этого принципа предусматривает благозвучность заимство-вания и соответствие его фонетическим нормам заимствующего (система звуков и букв, законы звуко-и буквосочетаемости и т.д.) морфологический аспект предусматривает соблюдение правил морфологической структуры и грамматикализации слов в заимствущем языке"3.
Алаш зиялылары белгілеген, сонау XX ғасырдың басында-ақ жасалған қағидаттарда бізде де солай болған. 30-жылдарда біз мүндай қағидаттарды қатты сынға алып, кірме сөздерді "қорламай" орыс тіліндегідей жазу керек деген түжырымға келдік. Содан бері өзге тілдерден термин қабылдауда сол жолдан ауытқыған емеспіз. Соңғы жылдары бірқатар тілші ғалымдар тарапынан бұл мәселе қайта көтеріліп, орфографиялық ережелерге тиісті өзгерістер енгізу жөнінде нақты ұсыныстар айтылғанмен, дәстүрге айнала бастаған қағидаттар әлі басшылыкқа алынып келеді. Жекелеген атаулар мен термин сөздерді (Мәскеу, зауыт, ыстанса, кәбіл, режім т.б.) орфографиялық ережелеріміз бен терминология қагидаттарына сүйенбей жазып жүргенімізбен, аталған ереже, қағидаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, олар ресми түрде заңдастырылған жоқ.
Үлттық терминқор қалыптастыруда термин сөздердің этно-мәдени, үлттық мағынасын ескеруге де біз жеткілікті көңіл бөліп келдік деп айта алмаймыз. Бүл жөнінде ресейлік тілші ғалым М.Н. Володинаның осыдан жиырма жыл бүрын кеңестік дәуірде айтқан төмендегі пікірі де назар аудартады. "Внутренняя форма " термина нередко несет в себе дополнительное, специфически национальное значение, так называемый "семантический фон ", обусловленный лингвистическими моментами, сопровождающими образование соответствующего термина ". 5
Үлттық терминқор қалыптастыру, терминқорымыз-дың үлттық сипатын арттыру туралы сөз қозғалғанда мәселенің осы қырын ескерусіз калдыруға болмайды.
Жоғарьща келтірілген В.А.Гречконың пікірімен үндесіп, В.Н.Володинаның айтқан терминнің "ішкі пішінінің" кірме терминдерге қатысты қьірын аша түсетін Т.Р.Кияктың түжырымы да ескеруді қажет етеді.
"Следует учитывать тот факт, что внутренняя форма терминов-интернационализмов часто "затемнена" употреблением международных словообразовательных морфем, чрезмерное увеличение которыми может существенно затруднить взаимопонимание"6 — деп жазады ғалым.
Көріп отырғанымыздай, терминологияны халықаралықтандыру бағытын үстанған кездің өзінде ғалымдар, ондай терминдерді шектен тыс көп қабылдай берудің, қабылдаушы тілдің заңдылықтарына икемдемеудің үлт тіліне зиянын тигізетінін дәлелдейтін түжырымдар жасаған. Өкінішке қарай бізде жетпіс жыл көлемінде халықаралық атауларды асыра дәріптеу, оларды прогрестің жаршысы, әлемдік ғылымды игерудің кілті, халықгар достығы мен ғылыми ынтымақгастықтың көрсеткіші ретінде түсіндіру орын алып келді. Сөйтіп, шет тілдерінің терминдерін шектен тыс көп қабылдап, терминқорымыздың үлттық сипатын әлсіретіп, өз тіліміздегі термин шығармашылығын дамытуды тежеп келдік.
Кейде "үлы тіл" деген тіркесті орынсыз қолданып, немесе кең тараған үлттардың тілін үлгі ретінде үсынып, терминологиямызды дамытуда соларды бетке үстауымыз керек дейтін де ойлар айтылып жатады. Мүндай пікірлерді кайсыбір БАҚ беттерінде кездесетін мақсатты түрде қазақ тілінің қолтығын жазбауын қалайтындар ғана емес, әсіре еуропашыл өз ғалымдарымыздың еңбектерінен де үшыратуға болады.
Жалпы алғанда тіл білімі терминологиясында ресми түрақтаған "ұлы тіл" деген термин қодданылмайды. "Әлем тілдері" (мировые языки), "халықаралық тілдер" (международные языки) деген атаулар, накты ұғымдар бар. Тілдердің кең тарағандығына байланысты артықшылықтарын айтқымыз келгенде осы терминдер ойымызға оралады. Құқықтық түрғыдан зандастырылған БҮ?-ның ресми және жұмыс тілдері болып табылатын алты тілді (ағылшын, араб, испан, қытай, француз, орыс) халықаралық тілдер дейтініміз белгілі. Бірақ бүл тілдердің мүндай мәртебені иеленуі олардың өзге тілдерден қүрылымдық, сөздік қүрам немесе стилдік тармақгарының жақсы дамығандығы-мен байланысты ғана екен деген біржақгы түсінік туындамауы керек. Бүл жерде осы тілдердің иесі, түтынушысы болып табылатын халықтар түратын мемлекеттерінің саяси, экономикалық т.б. түрғыдан дамуымен, тілдердің кең таралуымен, яғни тілден тыс факторлар ықпалының да зор екенін естен шығаруға болмайды.
Кеңестік дөуірде жазылған әдебиеттерде, басылымдарда "үлы орыс халқы", "үлы орыс мәдениеті", "үлы орыс тілі" деген тіркестер коп жағдайда озге халықтармен салыстыра алғанда орынсыз әрі жиі қолданылатын. Кезінде кеңестік идеология арқылы есімізді білер білместен осы үғымдар санамызға сіңіріліп жататындықтан солай қабылданып, солай болуға тиіс сияқты болып та корінетін. Кейін байқап қарасақ, оның астарында бір тілдің үстемдігін орнату пиғылы жатыр екен. Бодандықган арьшып, үлттық санамыз оянып, біз де оз тіліміздің қадір-қасиетін үғынып, оның да үлы екенін үлт ретінде жаппай сезіне бастаған кезенде осы тіркестерден, октемдіктің, шовинизмнің иісі аңқып түрғанын аңғардық десек, артық айтқандық бола қоймас. Әділетсіздік қашанда қарсылық туғызады. Кейінгі жылдарда кешегі "үлы халық", "үлы тіл" деген тіркестердің тырнақшаның ішіндегі үғымдар ретінде үғынылып, жағымсыздау реңкке ие болып, "октем халық", "октем тіл" мағынасында қолданылып жүргендігі соның айқын корінісі.
Шындығында ғасырлар бойы оркендеп, "халық тілі", "үлт тілі", "әдеби тіл" дәрежесіне дейін дами алған тілдердің барлығы да үлы тілдер. Саны жағынан
салыстыруға келмейтін шағын ғана үлттың тілінен ондаған, жүздеген миллиондар мен миллиардтар түтынатын кең тараған тілдерден табьша бермейтін үғым атаулары мен оралымдар, мақал-мәтелдер мен түрақты тіркестер табуға болады. Сондықган да әр тіл озінше бірегей, әр тіл озінше үлы. Әр түрлі мәлімет коздерінен алған деректерге қарағанда қазір өлемде 3500-ден 5000 мыңға дейін тіл бар деп саналады. Осы тілдердің мүншасы "үлы тілдер" ал мүншасы "қатардағы тілдер" деп әлемнің ешбір ғүламасы, бірде-бір корнекті тілші ғалымы жіктеп-жіліктеп, боліп бере алмаса керек. Сондықган "үлы тіл" деген тіркесті тілдерді салыстыра айтқанда қолданудың реті жоқ. Ал жеке бір үлт тілінің ерекшелігін, бірегей қасиетін, создік қорының байлығын айту керек болғанда қолдануға неге болмасын? Ең алдымен, әркімнің дүниені танып білген озінің ана тілін, әр халықгың ата-бабаларынан мүра болып қалған оз үлтының тілін қымбат та үлы санауы да табиғи нәрсе. Сол себепті белгілі бір халықтардың, үлттардың ғана тілін кең тарағандығына немесе куатты, аукдтты мемлекеттің тілі болғандығы үшін үлы деп үлықгаудың негізі жоқ.
Үлт тілдерін халықаралық терминологияда орныққан создерінің үлес салмағына қарай бағалап, терминалмасым кезінде сол тілдерге басымдық беру қажет деп санайтындар да бар. Шығыс еуропа мен ТМД елдерінің тілдерінде ағылшын, француз, неміс сияқты еуропа халықгары тілдерінің создері кобірек кездесетіні белгілі. Оны озіміздің терминқорымыздан да коруге болады. Бірақ оны сол тілдердің үлылығынан деп үғынуға болмайды. Ғылым-білімнің, экономика-ның оркендеу деңгейіне, халықтардың ғылыми-мәдени қарым-қатынасына байланысты белгілі бір халықтардың создері, терминдері озге тілдерге кобірек қабьщдануы мүмкін. Бодан елдер мен дамушы елдер тілдеріне үстемдік етуші елдер тілдерінің жекелеген терминдері ғана емес қоғам омірінің коптеген
салаларында солардың тілі тұтастай үстемдік құруы да мүмкін екендігі белгілі. Сондай-ақ жазба ескерткіштерде сақталған қазіргі қолданыста жоқ өлі тілдердің де халықаралық терминологияда үлесі едәуір болуы мүмкін. Мысалы, латын тілі сөздерінің халықаралық қолданыстағы терминдер қатарындағы үлесі едәуір. Кейде қолданыстағы ұлт тілдерінің қатарында болмағандықтан да өлі тіл болса да латын тілінің сөздері терминдік элемент ретінде дайын күйінде пайдаланылып та жатады. Екінші жағынан алып қарасақ, бір жарым миллиардтан астам адам сөйлейтін БҮҮ-ның ресми тілдерінің бірі қытай тілінің халықаралық терминологиядағы үлесі жоқтың қасы. Ал бүл тілді дамымаған тіл, үлы тілдердің қатарына жатпайды деп ешкім де айта алмайды. Керісінше, терминқорын өз тілінің негізінде қалыптастырып отырған сол қытай тілі үшін "халықаралықтерминдер" деген үғым мойындалмайды. Сол сияқты бірнеше араб елдерінің мемлекеттік тілі әрі халықаралық тілі болып табылатын араб пен Үндістандай миллиард халқы бар елдің тілі хинди тілдерін де халықаралық терминологиядағы үлесіне қарап үлы тілдер қатарынан алып тастаудың қандай негізі бар? Ендеше, тілдердің үлылығын олардың халықаралықтерминқорға қосқан үлесіне қарай анықгауға болмайды деген сөз.
Соңғы жыддары халықаралық терминдер туралы бүрынғыша біржақты айтылмай, олардың табиғатына тереңірек үңілу нәтижесінде ескеруге тұрарлық тың пікірлер көрініс беріп жүр. Сондай пікірлердің бірін біз Ә.Кдйдаровтың еңбегінен кездестіреміз. Ғалым халықаралық терминдер туралы сөз ете келіп былай дейді: "Тіл-тілдердің арасында ортақ интернацио-нализмдер болмаса, немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі" деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік үғымдардың бәрін шет тіл сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып отырған қытай, жапон т.б. халықтарды біз жақсы білеміз. Демек, ортақ интернационализмдердің қажеттігі ең алдымен елдің саяси-әлеуметік жағдайына, даму дәрежесіне, оларға деген сүраным мен қажеттілікке, әр тілдің өз мүмкіншілігіне
байланысты екен".7
Шындығында да, хальгқаралықтерминдерсіз ғылым дамымай, ғылыми қарым-қатынас әлсірейді деудің негізі жоқ. Біздің халықаралық терминдерге көп жүгінуіміздің ең басты себебі ғылыми үғымдар жүйесін тілдік түрғыдан жүйелеп берудің қиындығынан туындайды.
Терминология мәселесін арнайы зерттеп жүрген ғалымдар "Егер қандай да бір елдегі үлттық тілдің ғылыми терминологиясы болмаса және ол жасалып жатпаса, онда ғалымдар терминологиясы қалыптасқан өзге тілге жүгінуге мәжбүр",8 — деп көрсетеді.
Әрине, солай болып жататыны рас. Бірақ мәселеге екінші қырынан қарайтын болсақ, біздің тілімізде ғылыми терминология жасалмаған деп үнемі өзге тілдерге жүгіне беруді еш ақтауға болмайды.
Өйткені сол ғылыми терминологиясы жақсы дамыған, қалыптасқан тілдің терминдерін үлт тілінде жасаған сол елдің ғалымдары мен салалық мамандары емес пе? Ендеше біз де неге солай істемейміз? Әлде кейбір ғалымдарымыз дәлелдеуге тырысып жүргеніндей, біздің тіліміз шынымен-ақ термин жасауға икемсіз тіл ме?
Жоқ, ешбір үлттың тілін термин жасауға мүмкіндігі жетпейтін тіл деуге болмайды.
Мәселе үлт тілін термин шығармашылығьгнда пайдалануға байланысты. Терминжасам процесіңде өз тілімізді пайдаланбай өзге тілдерден дайын терминдерді өзгеріссіз қабылдай берсек, онда әрине, тіліміз ғылыми үғымдарды атауға бейімделіп терминологиямыз ұлт тілінде жасалынбайды. Сондықтан ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру сол тілді тұтынушылардың, ұлттық кадрлардың қолындағы іс.
Халықаралық терминдер жөнінде соңғы жылдары жазылған еңбектердің ішінде Б.Қалиүлының мақалалары көңіл аударуды қажет етеді.
Ғалым халықаралық терминдер мөселесіне арнайы тоқтала келіп, оларды таралуына байланысты 5 аймаққа боледі. Ол "Егер халықаралық терминдер бүкіл дүние жүзі тілдеріне ортақ екендігі рас болса, ол создердің Еуропа тілдеріне ғана емес, баска да Азия, Африка, араб, қытай, жапон, үнді, Индонезия тілдеріне де ортақ болулары керек еді ғой. Жоқ, олай емес. Халықаралық терминдер делініп жүрген атом, газ, йод, цемент, цех сияқты создерді Шығыс Азия (қытай, жапон, корей, вьетнам), араб, үнді, Индонезия халықтарының тілдерінен кездестіре алмайсың. Бүл түрғъщан алып қарағанда халықаралық терминдер дегеніміз, сайып келгенде, белгілі бір аймаққа төн ортақ создер болып шығады"4, — дейді.