Спандияр Көбеев-Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы. Өз ұстазына еліктеп, ол ұстаздық қызметін ағартушылық ісін дамыту үшін пайдаланған, қазақ халқы арасында озық елдердің мәдениетін, әсірес, орыс әдебиетін насихаттаған. Сол арқылы Спадияр ұлы Абай мен Ыбырай Алтынсарин негізін салған қазақ әдебиетіндегі демократтық-ағартушылық бағытты әрі қарай жалғастырады және жаңа жағдайға лайықты дамытты.
Спандияр 1878 жылы 1қазанда бұрынғы Торғай облысы, Никалай уезі, Обаған болысына қарасты № 3 ауылда туған. Менен бұрын бес баласы, бір қызы бар ата-ана мен дүниеге келгенде, сірә, қуана қоймаған болу керек,-дейді жазушы естелігінде,-Ес біліп, етек жапқан кезде анамыз “Сен әрі суық, әрі қатты мұқтаждық көрген мұқтаждық көрген кезімізде”деуші еді.
Спандиярдың әкесі Көбей-мұсылманша хат таныған, шыншыл, қол өнерімен (етік тігу, балташылық кәсіп, т.б.) күн көрген адам. Ол балаларын оқыту жағын көбірек қарастырған.Анасы Айтбоз да, жазушының айтуынша, қайратты,есті,ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам долған.Отбасының жарастығы,үлгілі тәрбие болашақ педагог-жазушының мінез-құлқының қалыптасуына де әсер еткен.
Спандияр мектеп жасына жетіп қалған кезде ауылда“Ыбырай Алтынсарин мектеп ашады ”екен деген хабар тарап, әкесі баласын осы иектепке орналастыруды армандаған.Бірақ мектеп ашу ісі созырынқырап кетеді де, Көбей 9 жасар Спандиярды ескіше оқуға береді.Алайда діни-схоластикалық мектептің қатал дене жазасына шыдай алмай, Спандияр оқуды тастап кетеді.
1887 жылы уәделі Ыбырай мектебі ашылады да,Спандияр ұлы ағартушының өз көмегімен сол мектепке орналасады.Оны 1892 жылы бітіреді.Содан кейінгі жылдары Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық болсты мектепте (1892-1895), Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс – қазақ мектебінде (1895-1897)оқиды.
Болашақ педагог – жазушы бұдан кейін тағы да оқып, мұғалім болып шығуды армандайды.«Ыбырайдың өлімі менің оқытушы боламын деген ынта – ниетімді енді бір жолата баянды етіп, бекітті » дейді ол.Сол ниетпен Орынбордағы оқытушылар семинариясына түсуге талаптанады да, оның сәті түспей қалған соң, Қостанайдағы екі жылдық курска түсіп(1898) оқиды.Курсты 1901 жылы бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімі болып шығады.
Жасынан Ыбырайдың ағартушылық, ұстаздық жолын үлгі тұтқан Спандияр енді мақсатына жетіп, алған білімін ел мүддесіне жаратуға мумкіндік туғанын өз естеліктерінде былайша еске алады:
“Алдымда туып-өскен ауылым. Мәдениеттен кенже қалған қаранғы ауыл. Менің ендігі өмірім сол ауылда өтпекші. Солаулда қолымнан келгенше мәдіниет шам-шырағын жақпақшымын. Бір кездегі өзім сияқты, кіршіксіз таза, уыз тілекті жас жеткіншектерді оқытып, олардың көзін ашып, ғылым жолына, мәдениет соқпағына түсіремін деп асығып келемін”.
Спандияр өз ауылында және оған таяу жердегі мектептерде орын болмай, Қостанайдан мың шақырымдай Ырғыз уезіндегі Толағай деген жерге жіберіледі.Жүрегі надандық торына шырмалған халқы үшін білім шырағын жазу үмітіне толы жас жігіт жердің шалғайлығына қарамай, сонда қарамай, сонда оқытушыболып барады.Онда бірталай қиыншылықтарға кездеседі.Арнаулы салған мектеп үйінің жоқтығы, жабдықтар мен оқу құралдарының жетімсіздігі, балаларын орысша оқытуға ел ішіндегі наразылық көзқарас-бәрімен жас мұғалім жалғыз күреседі.Балаларды Ыбырай әдісімен орысша оқытады,ғылым негіздерін үйретеді.Сөйте жүріп,Спандияр өзіне тілектес достар табады.Олел адамдарына ғылым салаларынан түсінік береді.Орыс әдебиетінің көрнекті өкілдері Пушкиннің “Дубровский”,Н.В.Гогольдің “Өлі жандар”атты шығармалары мен А.П.Чеховтың күлкілі әнгімелері,И.А.Крыловтың мысалдары Спандиярдың ауызша әңгімелері арқылы ел ішіне тарайды.
Кейін Спандияр Крылов мысалдарын аудара бастайды.Мұны ол ескі ауылдағы ұнамсыз мінез-құлық пен ел әкімдерінің,бай –шонжарлардың кертартпа көзқарастарын сынауға пайдаланады. Жазушы өз естеліктерінде бірде бала оқытып жатқан үйге Ыбырай деген байдың жас төлдерді әкеп қамағанын әнгімелейді. “Үй менікі, бұл үйді салдырған-менмін.Арық –тұрақ төлдерімді далаға қоя алмаймын...мына отырған қу маңқаларыңнан маған төл артық ”дейді бай.Бұған ыза болған Спандияр Крыловтың “Көлбақа мен Юпитер”атты мысалын аударып, бай қылығын әшкерелеуге жұмсайды.Оны кешке жиналған достарына оқып береді.
1903-1905 жылдар ішінде Спандияр Петрапавыл уезіндегі Нілді болыстық мектебінде істейді. 1905 жылы жазда Омбы қаласында бір айлық ауыл шаруашылық курсында оқиды.Бұдан кейін Спандияр Петрапавылдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне орналасады,онда 1910 жылға дейін мұғалім боп істейді.Осы жылдырда (1908-1909)ол өзі Кішіқұмда
бастап аударған Крылов мысалдарын көбейтіп,жөндеп,баспаға ұсынад.
Олаудармалары 1910 жылы Қазанда “Үлгілі тәржімә”деген атпен басылады.
И.А.Крылов мысалдарын кезінде Абай мен Ыбырай,одан кейін Спандиярдың замандастары А.Байтұрсынов пен Б.Өтетілеуов те аударған.Солардың бәрінің Крылов мысалдарына жүгіну кездейсоқ емес еді. Сол дәуірдегі орыс қоғамы мен қазақтың тұрмыс-тіршілігінің, олардағы әлеуметтік теңсіздіктің, зорлық пен әділетсіздіутің ұқсаз жақтары да аз болмайтын.Сондықтан қазақ ақындары Крылов мысалдарында суреттелетін арыстан , аю, қасқыр, түлкі сияқты жыртқыштардың қой – қозы, өгіз тәрізді момын жануарларға жасаған зорлығынан ел өмірінің шындығын таныды, оны тұспалдау арқылы сынауға мүмкіндік алды.
Қаладан шалғайда,қаранғылықтың қаймағы бұзылмаған заманда Ыбырай байдың аулы сияқты жерлерде Көбеев те осы тәрізді сорақылықтарға ұшырасты. Ола рды жас ұстаз ақын Крылов үлгісімен сынауға тырысты. Мұның бәрі заманның талабы еді.
Зорлық пен әділетсіздікті ғана емес, надандық пен тоғышарлық, мақтаншанқтық пен көрсеқызарлық, әлім білмай,қолдан келмес іске ұмтылушылық сықылды өрескел қылықтарды да Көбеев Крылов мысалдарын аудару арқылы сынға алған. Мысалы,ол “Маймыл мен көзімдірік ”атты мысалда біреудің айтуымен көзілдірік алып, оны іске жарата алмаған маймылдыкүлкі етеді.
С.Көбеевтің бұл кітабі- “Үлгілі бала”1912 жылы Қазан қаласында басылып шығады.Ол бастауыш мектептегі қазақ балалары үші оқу кітабі ретінде құрастырылған.Оған автор өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғат жайлы балаларға мәлімет беретін қысқа-қысқа әңгіелерді кіргізген. “Үлгілі бала”С.Көбеевтің өзіеің бірсыпыра төл шығармалары да бар. Олар - әлеуметтік теңсіздікті, зорлықты,үстем тап адамдарының қатыгездігін әшкерелейтін, жетім-жесірді аяуға үндейтін өлендер мен әңгімелер.
“Жетімнің өлеңі”атты шығармасында автор жастай жетім қалған баланың аянышты тағдырын суреттей отырып,жалпы халықтың азаттығы идеясын қозғайды.
“Үлгілі бала”кітабының маңызы оеың алғашқы оқу кітаптарының бірі екендігінде ғана емес,ондағы шығармалар Спандиярдың жазушы ретіндегі демократтық,ағартушылық көзқарасының толыса түскендігінің айғағы тәрізді.
1955 жылы Испандияр “Орындалған арман” атты мемуарлық кітап жариалады. Кітап 1954 жылы өнделіп, 2-ші рет басылды.
“Орындалған арман” – педагог – жазушының өткен өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайлы шығарма. Онда автор заман шындығын әр қилы оқиғалар мен адамдар тағдыры арқылы көрсетеді. Кітапты оқып отырғанда, ең алдымен, өзінің көп жылдық өмірін халық қызметіне арнаған, екі дәуірді басынан кешірген, талай қилы кезендер,қалтарысы мол жылдардан өтіп, халқына адал қызмет еткен, көрнекті қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген қарт пен педогог – жазушының бейнесі көз алдынан өтеді, оның көзқарасының қалыптасуы нанымды суреттеледі. Айналасында болып жатқан өзгерістерге бақылаушы болып сырттан қарап тұрмай, С. Көбеев өмірге етене араласып жүреді. Сондықтан оны қандай оқиғаға болмасын өз көзқарасы, өз қатынасы бар. Жазушы өз бейнесін қызық етіп ұстайды да, ескі қазақ ауылындағы байлар мен кедейлер арасындағы стихиалық қақтығыстар, жер бамуы, жеріс дамуы, 1905 жылы алғашқы орыс төңкерісінің қазақтарға әскері, 1916 жылы көтеріліс, орыс-қазақ достығының нығаюы жайын кейде кесек оқиғалар, кейде шағын эпизоттар арқылы айқын көрсетіп отырады. Шығарманың негізгі кейіпкері ел басындағы ауыртпалықты бірге көтереді, қолынан келгенін халық мүддесі жолына жұмсайды.
Кітапта Ыбырай Алтынсариннің халық мүддесі жолындағы қызыметін көрсетуге бірсыпыра көңіл бөлінеді. Автор қазақ даласында алғаш мектептер ашқан, сол мектептердің біріне