Өлшем құралдары

Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыс тану ғылымы жән экология институты
Органикалық және физикалық химия кафедрасы

050112 Химия мамандығы үшін

Метрология, стандарттау және сертификаттау пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Өскемен, 2005
Құрастырған: Муздыбаева ОӘК органика және Шарбану Акказиновна физикалық химия кафедра
х.ғ.к., аға оқытушы отырысында талқыланған
№ _1_ Хаттама
21 қаңтар 2005 ж.

ОӘК Жаратылыстану ғылымы және экология институтының Ғылыми әдістемелік кеңесі отырысында бекітілген
№ _3__ Хаттама
08 ақпан 2005 ж.

ОӘК баспаға ШҚМУ әдістемелік бөлім ұсынған _______ 2005 ж.

ОӘК түйіндемесі: метрология, стандарттау және сертификаттау пәні бойынша
Берілген ОӘК студенттердің өздік білім деңгейін шыңдауға, метрологияның теориясы мен практикасы, метрологиялық қамтамасыз ету, стандарттау мен сертификаттау жүйесінде жаңа материалды оңай меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Өздік жұмысқа ұсынылған графиктік-есептеу жұмыстары студенттердің өз бетінше экспериментті жоспарлауға, керекті дәлдікпен өлшеу құралдарын таңдап алуға көмектеседі.
Метрология, стандарттау және сертификаттау пәнінің оқу-әдістемплік кешені Химия мамандығында оқитын студенттерге арналған құрастырушы Муздыбаева Ш.А. – Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005. - 29 б.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
2005
І ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
1 Жалпы мәліметтер
1.1 Метрология, стандарттау және сертификаттау.
1.2 Органикалық және физикалық химия кафедрасы.
1.3 Муздыбаева Шарбану Акказиновна.
1.4 Қатыстық ақпарат: тел. 54-04-82.
1.5 ШҚМУ, бас ғимарат, кесте бойынша.
1.6 Несиелер саны - 1.
1.7 Оқу жоспарынан көшірме:

Курс
Семестр
Несиелер
Лекциялар
Семинарлар
СОӨЖ
СӨЖ
Барл
ығы
Бақылау
түрі
1
1
1
9
6
15
15
45
емтихан

1.8 Пререквизиттері: физика, жалпы химия, жоғарғы математика курстарынан студенттердің негізгі білімі. Дифференциалдық, интегральдық есептеулерден және ықтималдық теория,дан терең білімі болуы қажет.
1.9 Постреквизитері химия (аналитикалық, физикалық және коллоидтық), физикалық зерттеу әдістері, химиялық технология.
2 Пәннің қысқаша мазмұны:
2.1 Пәннің мақсаты: студенттердің өлшем ұғымына жоғары білімді көзқарасты қалыптастыру, белгілі талаптарға байланысты өлшеулердің нәтижелерін – метрологиялық сипаттмаларын дұрыс шығара білу, стандарттаудың әдістері мен принциптерін оқыту, сертификаттаудың негізгі әдістері мен талабын білу.
2.2 Пәннің міндеттері:
- студенттердің өлшем әдістемері мен өлшем құралдары, өлшем бірліктері және физикалық шамалардың (ФШ) негізгі өлшем эталоны туралы жалпы ұғымдар;
- өлшеу кезіндегі дәлділікке әсер ететін факторларды білу, қателіктерді жою жолдары және дәлділіктерді жоғарылату әдістері мен өлшеу анықтығын білу;
- әртүрлі өлшемдерді статистикалық өңдеу әдістерін және берілген дәлділікке жету мақсатында экспериментті қоюды жоспарлай білу;
- ҚР-ның стандарттау және сертификаттау заңдары;
- стандарттау кезіндегі істелетін жұмыстар мен әдістері;
- стандарттаудың метрологиялық қызметінің (МҚ) түрлері мен категориялары және ҚРСТ.
2.3 Пәннің мазмұны: негізгі сұрақтар: метрология, стандарттау және сертификаттаудың теориялық негізі; өлшеу бірлігі және оның түрлері; өлшеу теориясының негізі; өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, стандарттаудың әдістемелері мен принциптері, метрология заңдылықтары; стандарттаудың мемлекеттік жүйесі, өнімді өндірудегі және пайдаланудағы сертификаттау; сертификаттаудың негізгі міндеттрі мен әдістемелері. Экспериметтік жоспарлау мумкіндігін сапалық өлшеу қатесі негзінде көрсете білуін, керекті дәлдікпен өлшем құралдарын таңдап алуды, химиялық өлшеу нәтижесіне қателер теориясын қолдануын, өлшем құралдары мен әдістеріне ғылыми-техникалық қүжаттарды (мемлекеттік стандарт, техникалық шарт, салалық стандарт, халықаралық сертификаттау стандарты ИСО – 2000 – 2004) қолданылуын, метрологиялық қызметті ұйымдастыруда өлшеу құралдарының негізгі принциптерін келтіруді, өлшеу құралдарын сауатты таңдап алуды, түзету әдістерін студент пәнді оқып біткеннен кейін меңгере білуі қажет.

3 Метрология, стандарттау және сертификаттау пәні бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу


Жұмыс түрі
Тапсырма мақсаты және мазмұны
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер
Орындау мерзімі
Балдар, рейтингтік шкалаға сәйкес
Бақылау түрі
Тапсыру мерзімі
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Эссе
жазу
Метрологияның негізгі терминтерімен таныс болу. ФШ бірліктерін дәл беру және өлшеу бірлігі.
1, 3, 4, 9
1 апта
5
Ағымдық, ауызша
2 -ші апта
2
Аналитикалық шолу
Өлшеудің техникалық негізімен таныс болу. Өлшеу моделі, метрологияның негізгі постулаты, өлшеу қателігінің түрлері. Дәлдіктің класстары, бөлік құны.
1, 2, 4, 5, 10
2 апта
7
Ағымдық, бақылау жұмысы
4-ші апта
3
Эссе жазу
Таралу заңынының критерилері арқылы қателікті есептеу: Стьюдент коэффициенті; Фишер критериі; χ2-квадрат; Бартлер критериі; Кохран критериі.
2, 5,
10,12
2 апта
5
Ағымдық, ауызша
6 -ші апта
4
Есептеу тапсырмасы
Өлшеу нәтижелерінің метрологиялық характеристикасы: ұқсастық, қайталанғыштық, дәлділік (дұрыстық) арқылы өлшеу нәтижелерін есепте.

2, 4, 5, 10,12
2 апта

10
Тексеру
8 -ші апта
5
Тезаурус
Стандарттау облысында қолданылатын терминдерді жаз: нормативтік құжат, стандарт, норма, консенсус, стандартттау объектісі, стандарттау облысы, категория, талап ету міндеті, міндеттің сәйкестігі, өніи, бұйым, халық тұтынушы өнім, қызмет, өнім үлгісі, ұғым систематизациясы, классификация, классификатор, кодтау, унификация, типтеу, параметр, бірінің орнына бірін қолдану, тіркесушілік, қауіпсіздік, стандартау органы.

4, 6, 7, 13, 15

2 апта

5
Ағымдық, экспресс- сұрау
10- ші апта

6
Тезаурус
Сертификаттау бөлімінде қолданатын терминдер мен анықтамаларды толық көрсет: сапа, қасиет, өнім, бұйым, қызмет ету, процесс, өндіруші, қолданушы, сапа көрсеткіші, талабы, бақылау, сыннан өткізу, сапаны қадағалау, сапа облысындағы саясат, сапаны жүргізу, үнемі жақсарту, аудит, сапаны басқару, сапа жүйесі, сертификат сәйкестігі, аккредитация, аттестат аккредитациясы, ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі, белгі сәйкестігі, сынақ лабораториясы, сертификаттау, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің реестрі.

4, 6, 7, 14, 15

2 апта

5
Ағымдық, экспресс- сұрау
12- ші апта

7

Реферат
Берілген тақырыпты қарап, теориялық негізіне көңіл аудар, терминологиялық сөздік құрастырып (негізгі түсініктер), курсың бөлімдері бойынша таблица түрінде көрсет:
1-метрология;
2-стандарттау;
3-сертификаттау. Рефератты А4 форматта орында.

1– 20

2 апта

6
Ағымдық, баяндама
14 ші апта
8
Коллоквиум
Метрология, стандарттау және сертификаттау негізінен біліміңді тереңдет. Физикалық шама, өлшем бірліктері, өлшем қателіктері, систематикалық және кездейсоқ қателіктер, химиялық анализ нәтижелерін өңдеудің теориялық негізі, өлшем құралдарының қателіктері, ҚР метрологиялық қызметі, ҚР метрологиялық қамсыздандару принциптері, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізі, сертификаттау, стандарттау.

1-20
2-апта
10
Ағымдық,
Ауызша сұрау
15-ші апта

3.6 Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Брянский Л.Н., Дойников А.С. Краткий справочник метролога. – М., 1991. – 79 б.
2. Романенко В.И., Орлов А.Г., Никитина Г. В. Книга для начинающего исследователя-химика. – Л., 1987. – 280 б.
3. ГОСТ 16263 – 70 Государственная система обеспечения единства измерений. Термины и определения. – М., 1982. – 54 б.
4. Сергеев А.Г., Латышев М.В., Терегея В.В. Метрология, стандартизация и сертификация. – М., 2003. – 525 б.
5. Чарыков А.К. Математическая обработка результатов химического анализа. – Л., 1984. – 168 б.
6. Мутанов Г., Умырзаг Р. Основы стандартизации, метрологии, сертификации. Менеджмент качества. – Астана, 2003. – 169 б.
7. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, метрологии. – М., 1999. – 711 б.

Қосымша әдебиеттер:
8. Шишкин И.В. Основы метрологии, стандартизации и контроля качества. – М., 1988. – 320 б.
9. Власов А.Д., Мурин Б.П. Единицы физических величин в науке и технике. Справочник. – М., 1990. – 176 б.
10. Ахназарова С.Л., Кафанов В.В. Оптимизация эксперимента в химии и химической технологии. – М., 1978. – 319 б.
11. Тюрин Н.И. Введение в метрологию. – М., 1985. 150 б.
12.Отчет по НИР Разработка методики полярографического и атомно-абсорбционного определения свинца в богато-кадмиевых растворах. – Усть-Каменогорск,-1994.–52 б.
13. Закон Республики Казахстан о стандартизации Казахстанская правда от 14.08.1999.
14. Закон Республики Казахстан о сертификации Казахстанская правда от 13.08.1999.
15. Закон Республики Казахстан об единстве измерений Указ Президента от 7 июня 2000 г.
16. СТ РК ИСО 9000-2001. Системы менеджмента качества. Основные положения и словарь. Астана, -2001, -29 б.
17. СТ РК ИСО 9001-2001. Системы менеджмента Требования. Астана, -2001, -23 б.
18. СТ РК 1158-2002. Образование высшее профессиональное. Материально-техническая организация образования. Астана, -2002, -17 б.
19. СТ РК 1157-2002. Образование высшее профессиональное. Системы менеджмента качества организаций образования. Астана, -2002, -35 б.
20. СТ РК ИСО 9004-2001. Системы менеджмента качества. Рекомендации по улучшению деятельности. Астана, - 2001, -45 б.
21.Шәбікова Г.Х., Оспанов Х.Қ., Сыздықов Р.Р., Сыздықова Л.И. Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері. Алматы, -2002, -242 б.
3.7 Баға туралы ақпараттар:
Аралық бақылау (коллоквиум) – 10 ұпай.
Ағымдық бақылау – 50 ұпай:
Лекция: қатынасу –1; конспектілеу –1; белсенді қатысу–1.
Семинарлық сабақ: сұраққа жазбаша жауап – 2; семинар сабағына белсенді қатысу – 2.
Эссе – 5*2=10; мазмұны -2; шығармашылық амал-2; өз уақытында тапсыру – 1.
Тезаурус-5*2=10; қысқаша анықтама-3; өз уақытында тапсыру - 2.
Аналитикалық шолуды құру (конспект)-5; шолудың тұтастығы- 3; мазмұндау логикасы (сәйкестілік) -2.
Есептеу жұмысы – 8; нәтиже ұқсастығын көрсету есебі- 3; нәтиже қайталанымдылығын көрсету есебі-3; нәтиже дұрыстығын көрсету есебі-2.
Реферат – 10; дайындау-2; мазмұны – 2; қарғау-6.
Қорытынды бақылау (емтихан) – 40 ұпай (әрбір билеттің сұрағына терең әрі мазмұнды білім көрсету).
Барлығы: 100 ұпай.
4 Курстың саясаты:
сабаққа кешікпеу;
сабақта ұялы телефонды өшіру;
келмеген сабақтарды ұстаз белгілген уақытта өтеу;
егер тапсырманы орындамаса немесе оқып үлгермесе қорытынды баға төмендейді;
оқу процесіне белсенді қатысу;
әрқашан сабаққа дайын болу;
әрбір екі сабаққа кешігу немесе сабақ бітпей жатып әр түрлі себеппен сабақтан кетсе, ол бір күн сабаққа келмеу деп саналады;
емтиханда көшіру тыйым салынған;
курстастарына және ұстазтарға шыдамды болу және жақсылықты ғана тілеу қажет;
студенттердің Намыс кодексін сақтау.

2 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы – 1 несие

Тақырып аты
Лекциялар
Семинарлар
СОӨЖ
СӨЖ
1. Метрология пәні және оны оқыту шаралары. Физикалық шама. ФШ жүйесі. SI жүйесі.
1
1
2
2
2.Химиялық анализ - метрологиялық процедура. Химиялық анализ нәтижесінің қателіктері.
1
1

2
2
3 Химиялық анализ нәтижесін өңдеудің теориялық негізі
2

3
3
4. Өлшем құралдары. Өлшем құралдарының қателіктері және олардың метрологиялық характеристикасы (сипаттамасы)
1
1

5. Қазақстан Республикасында метрологиялық қызмет. Метрологиялық қамтамасыз етудің принциптері
1
1
2
2
6. Стандарттау жүйесінің мемлекеттік негізі..
1
1
2
2
7. Сертификаттауды қамтамасыз етудің нормативтік әдістері. ҚР–дағы сертификаттау.
2
1
2
2
Барлығы (сағат):
9
6
15
15

2.2 Лекциялық сабақтардың тезисі
Тақырып 1. Метрология пәні және оны оқыту шаралары. Физикалық шама. Физикалық шамапар жүйесі. SI жүйесі
Метрология – өлшеу туралы ілім, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамассыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым. Физикалық шаманың мәні – бірлік бойынша есептелінген сандық мән немесе шкала арқылы белгіленген сандық бірлік. Мысалы:10 кг – дененің массалық мәні. ФШ-ны шынайы және нвқты мән болып екіге бөлінеді.
ФШ жүйесі-белгілі бір принциптер арқылы бір-бірімен өзара байланысты құралған ФШ жиынтығы. Егер кейбір бірліктер тәуелсіз болса, ал басқасы тәуелсіз фунцияларды құраса, яғни шартты түрде белгіленген, басқа шамалардан тәуелсіз негізгі және туынды ФШ-ны құрайды .
ФШ бірлік жүйесіне размерлік деген ұғым тән. Размерлік деп - туынды шамалардың негізгі шамаларға байланыстылығын символмен белгілеуді айтады. Егерде санның біреуінің дәрежесі нөл тең болса, оны размерсіз ФШ деп атайды..
ФШ-ны өлшеу деп ФШ-лар шкаласын сақтау және қайталану үшін қолданған техникалық құралдар жиынтығын атайды. Өлшенетін шама деп оның бірлігі немесе шкаласымен, немесе оның өлшем бірліктерін физикалық салыстыру процессін айтады. Егер Q -өлшенетін шама, [Q]- оның өлшем бірлігі, q- өлшенетің шаманың сандық мәні болса, олардың қатынасын мынадай формула көрсетеді: Q = q [Q].
Өлшеу тәсілдері мен түрлері: тура, жанама, тұтас, бірге өлшеу. Метрологияны практикалық, жалпы, теориялық және эксперементтік деп бөледі.
Бірлік жүйесін құруда еркін таңдалған бірлікті негізгі бірлік дейді. Олардың негізгісі: ұзындық, уақыт, масса, заттың мөлшері, жарық күші, электр тоғының күші, температура; қосымша бірлігі: жазық және кеңістік бұрыштар, онымен қатар туынды, жүйеден тыс, еселік және үлестік ФШ бірліктері. Негізгі өлшем бірліктері: метр, килограмм, секунд, ампер, кельвин, кандела, моль; қосымша – жазық бұрыш - радиан, кеңістік бұрыш - стерадиан.
Әдебиеттер: негізгі- 1, 3, 4, 5, 7: қосымша- 8, 9.
Тақырып 2. Химиялық анализ - метрологиялық процедура. Химиялық анализ нәтижесінің қателіктері
Химиялық анализ - аналитикалық сигналды бақылау. Аналитикалық сигнал ретінде: тығыздық (абсорбциялық спектроскопия), түзу немесе тілім жарығы (эмиссиялық спектроскопия), тұнба массасы (гравиметрия), титрант шығыны (титриметрия), радиоактивтік проба (радиометрия), температураның төмендеуі немесе жоғарылауы (криоскопия) тағы басқалар.
Химиялық анализдегі қателіктердің негізгі этаптары: сынама (проба) іріктеу және сынақ дайындау; аналитикалық сигналыды байқау үшін сынама керек жағдайға аудару; сынаманы компоненттерге бөлу немесе концентрациялау; анықтау; анализ нәтижесінің мәнін есептеп шығару. Қателіктер классификациясы: көрсету тәсіліне байланысты- абсолюттік (стандарттық ауытқу) және салыстырмалы (салыстырмалы стандарттық ауытқу); өлшеу амплитудасына байланысты (көтерілу немесе бәсеңдеу) - оң және теріс; қателіктер мен өлшенетін шамалар арасындағы байланыс этаптарына байланысты -тұрақты және пропорционалдық; пайда болу себептеріне байланысты – кездейсоқ, жүйелік және дөрекі; химиялық анализдің түрлеріне байланысты -инструменттік; реактивтік; әдістемелік; аналитикалық сигналдарды пайдалау принциптеріне байланысты- тура; жанама мәнді анықтау, жиынтық мөлшерін таңдау, генералдық жиынтық параллельдік анықтауға байланысты - сериялық; бірліктік; орталық мән. Химиялық анализ әдістеріндегі жүйелік қателіктерге байланысты I, II, III типті деп бөлуге болады. Химиялық анализдегі кететін кездейсоқ қателіктерге байланысты олар түрлі мәндегі айнымалы шама деп алынады. Сондытан, нәтижелерді өңдеу кезінде жалпы қателер теориясын қолданған жөн. Ол 3-мақсаттан тұрады: 1-кейбір химиялық анализ әдістерінің шектік қателерін бағалау; 2-химиялық анализ этаптарының қателіктерін есептеу; 3-химиялық анализ жүргізудің қолайлы жағдайын таңдау.
Әдебиеттер: негізгі - 1, 2, 4, 5,7; қосымша - 10, 12
Тақырып 3. Химиялық анализ нәтижесін өңдеудің теориялық негізі
Кездейсоқ және жүйелік қаткеліктерді нақты бөлу өте қиын. Мұндай жағдайда әрбір өлшеудің шынайы мәнінен сандық ауытқуын айқындау керек. Шаманың бірнеше өлшеу нәтижелері ықтималдық мәні маңайында шоғырланады. Өйткені орташа мәнді Мо-да десе, кездейсоқ шаманың шексіз қатардағы таралуын бас (генеральдық) жиынтықтар деп, ал осы қатардағы нәтижелердің заңдылықты ықтималдықпен таралуын кездейсоқ таралу немесе статистика деп атайды. Кіші сұрыптамалық жиынтық деп іріктеп алынған ең аз сандық өлшеу нәтижесін айтады. Нәтиженің таралу дәрежесі оның дисперсисына да байланысты. Дисперсия ( ) деп кездейсоқ шаманың шынайы мәнінен ауытқуының математикалық күтімін айтады. Квадрат түбірі дисперсияның оң мәнін стандарттық немесе орташа квадраттық ауытқу деп атайды (ОКА). Нәтижені өңдеу үшін вариация коэффициенті, сұрыптамалық стандарттық салыстырмалы ауытқу, ең үлкен ауытқу қолданады.
Вариация коэффициенті (орташа квадраттық қателік) %-пен белгіленіп, орташа стандарттық ауытқудың кездейсоқ шаманың орта мәніне қатынасын көрсетеді. Стандарттық ауытқудың орташа жиынтығы деп стандарттық ауытқудың кездейсоқ шаманың орташа мәніне қатынасын айтады.
Ең үлкен ауытқу деп вариациялық қатардағы ең соңғы мүшелері арасын айтады (нәтижелер өсу қатарына қарай орналасқан).
Кездейсоқ шамалардың таралуы Гаусстың қалыпты таралу заңына бағынады. Өйткені қалыпты таралу басқа таралуға қарағанда теориялық жағынан кеңінен зерттелген, сондықтан ол заң әртүрлі заңмен таралатын шамалар үшін ең шекті заң болып табылады.
Қалыпты таралу тығызды,ының графигі қалыпты қисық немесе Гаусс қисығы деп аталады. Ол симметриялық колоколға ұқсас болады. Мұндай қисық екі параметрмен математикалық күтім және стандартты ауытқумен (дисперсиямен) сипатталады.
Кіші сұрыптамалық жиынтық және бас (генеральдық) жиынтықтар үшін кеңінен зерттелген бірнеше теориялық таралулар бар. Олардың әрқайсысы еркіндік дәрежесіне байланысты. Сондай таралулары атасақ: Стъюдент, Фишер, Бартлер, Пирсон, Кохран т.б. Бұл заңдылықтар кездейсоқ және жойылмайтын жүйелік қателерді және дисперсияның біркелкілігін бағалауда қолданады.
Әдебиеттер: негізгі - 2, 4, 5, 6; қосымша - 9, 12
Тақырып 4. Өлшем құралдары. Өлшем құралдарының қателіктері және олардың метрологиялық характеристикасы (сипаттамасы)
Өлшеу құралдары (ӨҚ) деп, өлшеуде қолданылатын нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдарды айтады. Өлшем - ФШ-ның сандық мәнін арнаулы техникалық құралдардың көмегімен анықтау. Практиктикада өлшеудің көп және бір белгілі жиынтығы және өлшем магазині қолданылады.
Стандартық үлгі (СҮ) - берілген заттың сандық характеристикасын анықтауда қолданылатын, әрі метрологиялық аттестацияға ұшырайтын тиісті түрде дайындалған заттың сынамасы. Стандарт (зат) - өте тұрақты, тазалық дәрежесі жоғары, өлшенетін қасиетті дәл көрсететін химиялық зат. Ол жүйелі қателерді табуда қолданады. Өлшем құралында ерекше қолданылатыны - эталон. Ол физикалық шама бірліктерін өлшейтін және сақтайтын өлшем құралдары. Эталон түрлері – ұлттық және халықаралық.
Өлшем қателіктері деп өлшенетін шаманың шын мәні мен нақты мәнінің арасындағы айырмашылықты айтады. Өлшем құралдары қателіктерінің түрлері: есептелу тәсіліне байланысты – абсолюттік және салыстырмалы, пайда болу себептеріне байланысты – жүйелі, кездейсоқ және дөрекі.
Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасы (МС) деп өлшем құралдарының өлшем нәтижесіне, дәлділігіне әсер ететін қасиеттерін айтады. Ең көп таралған МС –ға жататыны: өлшем диапозоны, өлшем аспабының немесе көп қатарлы өлшемнің шкала бөліктерінің мәні, өлшем шектігі.
Әдебиеттер: негізгі - 1, 3, 6, 7; қосымша - 9, 10, 12.
Тақырып 5. Қазақстан Республикасында метрологиялық қызмет. Метрологиялық қамтамасыз етудің принциптері.
Қазақстан Республикасы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету Заңының 6-бабына сәйкес өлшем бірлігі жүйесі құрылысы 3 компоненттен тұрады: ұйымдастыру, техникалық және нормативтк негіздер. Бұл Заң мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз етуді, елде өлшем дәлділігін сақтауды, өлшем құралдары мен бірліктерге метрологиялық заңдылықты қолдануды, орнатуды әрі заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейді.
Мемлекеттік өлшем жүйесінің объектісі ретінде шаманың бірлік эталоны, өлшем құралдары, өлшеу әдістері мен нәтижелері және құралдарына талаптар, өлшеуді орындау әдістемелері, және нормативтік құжаттары қарастырылады. Мемлекеттік өлшем жүйесі құрылымының ұйымдастырушылық негізін құрушы метрологиялық қызмет, мемлекеттік бірлік эталоны және техникалық негізді құрайтын өлшем құралдары және өлшем бірлігін қамтамасыз ететін жұмыс тәртібі мен ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
Метрологиялық бақылау мен қадағалау деп стандарттау, сертификаттау және метрология органдары арқылы жүзеге асатын заңды бұзбау, өлшем бірлігін қамтамасыз етуді және басқа да ҚР нормативтік актілерді ұстаудың, техникалық, халықаралық келісімді және нормативтік құжаттарды қамтитын заңды іс.
Әдебиеттер: негізгі - 2, 4, 5, 6; қосымша - 9, 12

Тақырып 6. Стандарттау жүйесінің мемлекеттік негізі
Стандарттау деп, тұтынушылардың тиісті сапалы, бағасы тиімді зат алуды қамтамасыз ететін нормалар мен ережелер, сондай – ақ жайлы да қауіпсіз еңбек етуді қатамасыз етуге арналған, орындалуға міндетті немесе ұсынылған іс.
Стандарттаудың мақсаты – әр саладағы нақты да, нормаланған потенциалды міндеттеді шешу үщін белгіленген ұсыныстар, талаптар, ережелер, нормаларды кең әрі бірнеше рет қолдану ауқылы ретке келтіруді жоғарғы сатыға жеткізу.
Стандарттар категориясы – мемлекетаралық, отандық, региондық, салалық (отрасль), кәсіпорындық немесе фирмалық стандарттар болып бөлінеді.
Белгілі бір ереже бойынша объектіні немесе объектілер тобын символдар, шартты белгілер арқылы оларды ауыстыруды кодтау (шартты белгілер жүйесі) деп атайды. Кодтау мәліметтерді өңдеу, сақтау, тіркеу процесстерінің тиімділігін арттыруға жол ашады. Ең бір көп қолданыс тапқан кодтар қатары (штрих - әр түрлі кеңдіктегі ашық жер қалдыру) - 13 және 8 разряды сандар. Штрих-код: мемлекеттің кодынан (мемлекет жалауы), кәсіпорын кодынан (дайындаушы - фирма), тауардың өз кодынан және бақылау санынан тұрады.
Халықаралық стандартау ұйымы (ИСО) 1947 жылы құрылған. Ең жоғарғы басшылық органы - генеральдық Ассамблея. Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) 1906 ж. құрылған. Ол 1-ші Халықаралық электр конгресі болған кезден бастап, яғни 1881 жылдан бастап жұмыс істейді..
Әдебиеттер: негізгі - 4, 6, 7; қосымша - 8, 13, 14, 15.
Тақырып 7. Сертификаттауды қамтамасыз етудің нормативтік әдістері. ҚР–дағы сертификаттау
Сертификаттау – теңестірілген (идентифицированная) өнімдер, процестер (өнім) немесе қызмет көрсетуді нақты бір стандартқа немесе басқа бір нормативтік құжатқа сай қамтамасыз етуді қажетті бір сенімділікпен, үшінші бір жақ арқылы дәлелдеу.
Үшінші жақ – сертифатау жүйесінің процедурасы мен ережелеріне сәйкес сертификаттауды жүргізетін мекеме (организация). Мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау, аккредиттелген сынақ лабораториялары мемлекеттік сертификаттау жүйесіннің ұйымдық құрылымын құрайды.
Сертификаттау сапасын қамтамасыз етудің 2 критериясы бар: сертификаттау мекемесінің техникалық компетенттілігін анықтайтын- дұрыстық, мүдделі (өнім шығарушы) жақтың тәуелсіздіг і- әділдік. Сертификаттау: процесті жобалау, ресурстерді құрау, процесті жоспарлау және өңдеу, мекеменің талапқа сай болуы, нәтижені бекіту және бақылау, сертификатқа және белгіге сай болуын жасау, реестрді жүргізу, инспекциялық бақылау процестерін қамтиды.
Әдебиеттер: негізгі- 4, 6, 7; қосымша - 13-20.
2.3 Семинар сабақтарының жоспары
Тақырып 1. Сұрақтар
1. Метрология, физикалық шама (ФШ) деген ұғымдарға ғылыми анықтама бер. Механика, оптика, магнетизм, электрлік сияқты ФШ -ларға мысал келтір.
2. ФШ -ның размерлігі дегеніміз не? Паскаль, генри, ом, фарада, вольт шамаларының размерліктерін жаз.
3. Сіздер қандай Халықаралық бірліктер жүйесін білесіңдер?
4. Халықаралық SI жүйесіндегі эталондық бірліктерді ата?
Тапсырма
1. ФШ –ның негізгі принциптері мен бірліктерін ситатта. ФШ –ның негізгі және туынды бірліктеріне мысал келтір..
2. SI бірліктері мен басқа да ФШ бірліктер арасындағы арақатынастарды көрсет.
3. Үлестік және еселік қосымшаларды пайдаланып келтірілген ФШ мәндерін ата: 5,3 * 10 13 Ом, 10, 4 * 10 13 Гц; 2, 56 10 7 Па; 4, 67 10 4 Ом; 0,067 м; 0, 098 с; 7,65 * 10-3 с; 3, 34 10-6 Ф; 45, 6 10-9 с ; 12, 3 *10-13 Ф.
Әдебиеттер: негізгі - 1, 3, 4, 5, 7; қосымша- 8, 9.
Тақырып 2. Сұрақтар
1. Химиялық анализде кететін қателердің көздері.
2. Сынаманы (пробаны) алдын –ала дайындау кезінде қандай қателерден сақтану керек?
3. Анализ нәтижелерінің дұрыстығын бағалау түрлері.
4. Дисперстік анализ. Химиялық анализ нәтижесін өңдеу кезінде дисперстік анализді қалай қолдануға болады?
Тапсырма
1. Метрологияның негізгі постулатын тұжырымда.
2. Ұқсастық, бірдегейлік және дұрыстық ұғымдарына түсініктеме бер.
3. Шығу көзіне байланысты жүйелік қателердің түрлері.
4. Кездейсоқ шамалардың таралуының сандық сипаттамасы.
5. Қате түрлері (туу себептері) және оларды жою жолдары.
Әдебиеттер: негізгі - 1, 2, 4, 5,7; қосымша- 10, 12
Тақырып 3. Сұрақтар
1. Салыстырмалы стандарттық ауытқу дегеніміз не?
2. Үзіліссіз кездейсоқ шамалардың математическалық күтілуі (қолайлы жағдай).
3. Гаусстың таралу заңы. Фишердің, Бартлердің критерилері.
4. Фишер, Бартлер, Кохрен, Стьюдент критериилеріне анықтама бер?
Тапсырма
1. Өлшеу нәтижелеріндегі кездейсоқ қателердің таралу параметрлерімен байланысы.
2. ФШ кздейсоқ таралуы және функциясы.
3. Жүйелік қателер және оларды түзету әдістері.
4. Кездейсоқ қателер. Оларды түзетудің математикалық моделі.
Әдебиеттер: негізгі: 2; 4; 5; 6; қосымша -10; 12.
Тақырып 4. Сұрақтар
1. Өлшеу құралдарының диапазоны мен оның шекарасы.
2. Бөлу бағасы және шкаланың бөлу бағасын қалай табуға болады. Өлшем құралдарының сезімталдығы.
3. Вариация (гистерезис) дегеніміз не?
4. Өлшеу құралдарының дәлділік кластарына анықтама бер және оны қалай анықтауға болады?
Тапсырма
1. Өлшеудің сапасы: дәлділік, дұрыстық, сенімділік.
2. Тура және көп өлшеудің өңдеу этаптары.
3. Жүйелік және кездейсоқ қателерді табу әдістері. Жүйелік және кездейсоқ қателер қалай қосылады?
4.Өлшеу құралдарының әдістемелік және инструментальдық қателері және оларды бөлу жолдары (тәсілдері).
Әдебиеттер: негізгі - 1, 3, 6, 7; қосымша - 9, 10, 12.

Тақырып 5. Сұрақтар
1. Өндірісте метрологиялық қамтамасыз ету деп нені түсінеді?
2. Метрологияның нормативтік-құқықтық аспектілері нені құрайды?
3. Мемлекетік метрологиялық қызметінің негізгі функциясы?
4. Өлшем құралдарының тексеру түрлері қандай?
Тапсырма
1. Метрологияның нормативтік-құқылық негізі.
2. Метрологиялық қызмет.
3. ҚР-ның Өлшем бірлігі заңының негізгі мақсаты.
4. Мемлекеттік өлшем құралдары, оның объектісі мен тағайындалуы.
5. Өлшеуді орындаудың әдістері.
Әдебиеттер: негізгі -3; 4; 6; 7; қосымша- 13; 14; 15
Тақырып 6. Сұрақтар
1. Стандарттың нормативтік және қүқықтық негізің ата.
2. Стандарттау және стандарт дегеніміз не?
3. Мемлекеттік стандарттау жүйесі қандай мақсатпен енгізілген және стандарттауда қандай жұмыстың жүргізілуін белгілейді?
4. Штрих – кодқа қойылатын негізгі талаптар.
Тапсырма
1. ҚР –ның Стандарттау заңының негігі баптарын жаз.
2. Мекеме (кәсіпорын) стандарты (фирмалық стандарттар, техникалық шарттар).
3. Шет елдердегі стандарттау. Неміс стандарттау институты, Британдық стандарттау институты, стандарттаудың Француз Ассоциациясы, стандарттау және технологияның Американдық ұлттық институты.
Әдебиеттер: негізгі - 4, 6, 7; қосымша - 8, 13, 14, 15.
Тақырып 7. Сұрақтар
1. Сертификаттау дегеніміз не?
2. Сіздер қандай сертификат түрлерін білесіздер?
3. Сапа жүйесінің менеджменті дегеніміз не?
4. Сапа бақылауынан өткен мекеме қандай нормативтік құжаттар алады?
Тапсырма
1. Сертификаттау сапасын қамтамасыз ететін критерилерді анықта. Сапаны қамтамасыз ететін 2 критериді көрсет.
2. Баға сәйкестігін бақылау. Белгі сәйкестігі.
3.Сертификаттау мөлшерін (нормасы) белгілейтін Европалық бірыңғайдық– Европалық Кеңестің Глобальдық концепциясы.
4. ҚР-ның Сертификаттау заңында қолданатын негізгі анықтаманы ата.
Әдебиеттер: негізгі - 4, 6, 7; қосымша - 13-20.
Семинар сабақтарына дайындалудың әдістемелік нұсқасы: лекция материалдарын, ұсынылған әдебиеттерді оқу, негізгі терминдер мен анықтамаларды талқылап, жазба түрінде (глоссарий) дайындау, тапсырманы дәптерде дайындау.
2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып 1. Тапсырма
1. ФШ – дың 5 – өлшем шкаласын, оған байланысты мысалдарымен көрсет.
2. ФШ –ның размерлігі. Негізгі және қосымша өлшем бірліктерін, механика, электрлік және магнетизм бірліктерін көрсет.
3. Халықаралық бірлік жүйесінің артықшылығы.
4. SI жүйесіне кірмейтін бірліктердің қолдануы.
Ұсынылған әдебиеттер: 1; 3; 4; 5; 7; 8; 9
Тақырып 2. Тапсырма
1. Химиялық анализ нәтижелеріндегі кездейсоқ қателерінің бағасы.
2. Шектік байқау бағасының статикасы.
3. Химиялық анализ нәтижесін жарамсыздыққа шығару.
4. Шектік табылу..
Ұсынылған әдебиеттер: 1; 2; 4; 5; 7; 10; 12.
Тақырып 3. Тапсырма
1. Сенімділік шекарасы мен сенімділік ықтималдылығы.
2. Гаустың қалыпты таралу заңы.
3. Еркіндік санының дәрежесі.. Мәнділік деңгей..
4. Кіші сұрыптамалық жиынтықтың статистикасы. Стъюдент таралуы.
Ұсынылған әдебиеттер: 2; 4; 5; 6; 10; 12.
Тақырып 4. Тапсырма
1. Өлшем құралдарындағы жүйелік қателерді жоюдың (түзетудің) әдістері.
2. Кездейсоқ қателері өлшемінің бағасы.
3. Өлшем құралдарының метрологиялық характеристикасы.
4. Өлшем құралдарын және қосымша қондырғыларды таңдау.
5. Корреляция коэффициенті және түзету еселігі.
Ұсынылған әдебиеттер: 1; 3; 6; 7; 9; 10; 12.
Тақырып 5. Тапсырма
1. Өлшем құралдарының заңдық негізі.
2. Өлшем құралдарының калибровкасы.
3. Өлшем құралдарын тексерудің кестесін көрсет.
4. Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың мақсаты мен объектісі.
Ұсынылған әдебиеттер: 3; 4; 6; 7; 13; 14; 15.
Тақырып 6. Тапсырма
1. ҚР –дағы Мемлекеттік стандарттың (Госстандарт) құрылымы.
2. Халықаралық және ұлттық стандарттарды жасаудың этаптары.
3. Стандарттың стандарттар ИСО және МЭК-тің ұқсастығы мен айырмашылығы.
Ұсынылған әдебиеттер: 4; 6: 7; 8; 13; 14; 15.
Тақырып 7. Тапсырма
1. Сертификаттау органының негізгі функциясы.
2. Ішкі және сыртқы аудит, сапа менеджменті, сертификаттау, білім аудың сапасы, сертификат сәйкестігі ұғымдарына анықтама бер.
3. Сертификаттаушы қызметкерлердің негізгі функциясы. Ұсынылған әдебиеттер: 4; 6; 7; 13-20.
Бақылау формасы: Бақылау жұмыстары. Оқу кестесі бойынша дербес кеңес (консультация) беру.
СОӨЖ сабақтарына дайындалудың әдістемелік нұсқасы: СОӨЖ негізгі сұрақтаорын қарастыру, ұсынылған тақырыптың теориялық негізгіне көңіл бөлу, кесте түрінде (негізгі анықтамаларды) терминологиялық сөздікпен курстың негізгі бөлімдерін көрсет: 1-метрология; 2-стандарттау; 3- сертификаттау.
2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары (СӨЖ)
Тақырып 1. Тапсырма
1. ФШ шынайы және нақты мәндері ұғымдарына анықтама бер.
2. SI бірлік жүйесі эталоны (классификация) және олардың қатынасы: негізгі, қосымша, туынды, системадан тыс, еселік және үлестік.
3. ФШ –ды жазу және белгілеу ережелері.
4. ФШ – лар шкаласы. ФШ-дың шкалаларға сәйкес мысалдарын келтір.
Ұсынылған әдебиеттер: 1; 3; 4; 5; 7; 8; 9.
Тақырып 2. Тапсырма
1. Химиялық анализде кететін қателердің классификацисы
2. Химиялық анализде кететін қателердің көздерінің негізгі этаптары
3. Қателердің түрлерін табу әдістері.
4. Анализ нәтижелерінің ұқсастығы, бірдегейлігі және дұрыстығы. Бас және сұрыптамалық жиынтықтар.
Ұсынылған әдебиеттер: 1; 2; 4; 5; 7; 10; 12.
Тақырып 3. Тапсырма
1.Эксперименттік жолмен алынған мәліметтерді статистическалық теория арқылы өңдеу.
2. Нормалдық таралу мен таралу функциясы.
3. Бартлер және Кохран критерилерін түсіндір. Оларды қандай жағдайда қолданады?
4. Фишер критериі қандай жағдайларда қолданады?
5. Пирсон критериі арқылы дисперсияның бірдегейлігін теориялық жүзінде бағалау.
Ұсынылған әдебиеттер: 2; 4; 5; 6; 10; 12.
Тақырып 4. Тапсырма
1.Өлшем құралдары қателіктерінің классификациясы және түрлері.
2. Өлшем құралдарының сезу табалдырығы анықтау.
3. Өлшем құралдарын калибрлеудегі стандарттық үлгі.
4. Өлшем құралдарының метрологиялық характеристикасы.
Ұсынылған әдебиеттер: 1; 3; 6; 7; 9; 10; 12.
Тақырып 5. Тапсырма
1. ҚР -да метрологиялық қамтамасыз етудің негізі.
2. ҚР - дағы метрологиялық қызмет.
3. ҚР-да өлшем құралдарындағы метрологиялық қадағалау және бақылау.
4. Өлшем бірлігі заңының негізгі мақсаты.
Ұсынылған әдебиеттер: 3; 4; 6; 7; 13; 14; 15.
Тақырып 6. Тапсырма
1. Стандарттау объектісіндегі өзараалмасушылық.
2. ҚР –дағы нормативтік құжаттарды дайындау.
3. Халықаралық стандарттаудың ерекшеліктері.
4. ҚР –дағы Госстандарттың құрылымы.
Ұсынылған әдебиеттер: 4; 6: 7; 8; 13; 14; 15
Тақырып 7. Тапсырма
1. Сапалы өнімге, қызмет атқаруға катысты негізгі ұғым.
2 Сапа жөніндегі ішкі аудиттердің мақсаттары мен міндеттерін ата.
3. ИСО 14000 сериялы стандарты нені шектейді (айқындайды)?
4. Менеджмент сапасы жүйесінің моделі.
СӨЖ сабақтарына дайындалудың әдістемелік нұсқасы: СӨЖ –қа берілген тапсырмаларға конспект жазу, өлшеу нәтижелері және өлшем құралдарындағы қателіктер классификациясын айқындап көрсет, А4 форматта өлшем бірліктерін схема түрінде бер.
Ұсынылған әдебиеттер: 4; 6; 7; 13-20
2.6 Курс бойынша жазбаша жасайтын жұмыстың тақырыптары
Метрология - ғылым (1 тақырып);
Физикалық шама және оның өлщем бірліктері (1 тақырып);
Химиялық анализдегі қателіктер (2 тақырып);
Кездейсоқ қателерді бағалаудың теориялық негізгі (3 тақырып );
Гаусстың қалыпты таралуы (тақырып 3);
Өлшем құралдарының кездейсоқ және кездейсоқ қателері (тақырып 4);
Өлшем құралдарының метрологиялық характеристикасы (тақырып 4);
Өлшеуді орындаудың әдістемелері (тақырып 5);
ҚР –да метрологиялық қызмет (тақырып 5);
Стандарттаудың нормативтік-базалық құжаттары (тақырып 6);
Сапалық менеджмент жүйесіндегі жоғарғы басшылықтың ролі (тақырып 7);
Сапаға қатысты терминдер (тақырып 7);
Сапалық менеджмент жүйесін енгізу мен жобалаудың этаптары (тақырып 7);
Өндірістік орта жағдайын қамтамасыз ететін ресурстарға қойылатын талап (тақырып 7).
Метрикалық өлшем жүйесіне тарихи шолу (тақырып 1);
ФШ бірліктерінің Халықаралық жүйесі (тақырып 1);
Аналитикалық сигнал – метрологиялық процедура (тақырып 2);
Химиялық анализ әдістемесінің қателіктері (тақырып 2);
Нәтижелер ұқсастығы көрсеткішінің есебі (тақырып 3);
Нәтижелер қайталанғыштығы көрсеткішінің есебі (тақырып 3);
Нәтижелер дұрыстығы көрсеткішінің есебі (тақырып 3);
Стандарттау заңының негізгі жағдайы (тақырып 6);
Сертификаттау заңының негізгі жағдайы (тақырып 7);
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңының негізгі жағдайы (тақырып 5);
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және бақылау (тақырып 5);
Халықаралық стандарттау (тақырып 6);
Жоғарғы білім алу аясындағы сапа (тақырып 7);
Экологиялық сертификаттау (тақырып 7).
Ұсынылған әдебиеттер: 2-7; 10; 22-20.
2.7 Өздік жұмысқа арналған тестілік тапсырма
1.Метрология ғылымы деп нені айтамыз?
А) өлшем ...
В) физикалық шама
С) өлшем құралдары
D) өлшеу қателіктері
Е) эталондар
2.Метрологияның заңдылық негізі қандай құжаттарда анықталған?
А) метрология туралы кітаптарда
В) ГОСТ-да
С) ҚР Өлшем бірлігін қамтамасыз етуд заңында
D) техникалық шарттарда
Е) метрология туралы әдістемелік оқу құралдарында
3. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңы нені анықтайды?
А) физикалық шама размерін
В) физикалық шама бірліктерін
С)метрологияның заңдылық, экономикалық, ұйымдастырушылық негізін
D) өлшеу әдістерін
Е) өлшеу дәлділіктерін
4. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңы неге бағытталған?
А) эталондық құрылымдарға
В) тексеру схемларына
С) өлшеу әдістерін
D) өлшеу дәлділіктері мен бірдегейлігін қамтамасыз етуге
Е) туынды бірліктерге.
5. Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мақсаттарының бірі не?
А) өндірістің тиімділігін көтеру
В) өлшем құралдарының дәлділік класын көтеру
С) бірлік жүйесін құру
D) жаңа өлшеу әдістерін құру
Е) шаманың мәнін табу.
6. Негізгі физикалық шама дегеніміз не?
А) физикалық шама жүйесі ішінен еркін тағайындау
В) басқа шамаларға тәуелсіз шартты түрде алынған шама
С) мәні ең үлкен
D) размерлігі ең қарапайым
Е) мәні ең кіші.
7. Берілген ФШ бірліктерінің қайсысы жүйеден тыс?
А) кандела
В) моль
С) минут
D) ампер
Е) килограмм
8. SI жүйесіндегі метрге анықтама бер
А) Париж меридианы миллионының төрттен бір бөлігі
В) 1 м ұзындықтағы платиналық ұзындық
С) криптон -86 атомынцң вакуумдегі 1650763,73 сәуленелу толқын ұзындығына тең
D) секундтың 1299792458 бөлігінде жарықтың вакуумде жүріп өткен жолының ұзындығына тең
Е) платина-иридий қайрағының екі көршілес осьтерінің орта штрихтарының арасы
9. SI жүйесінде нені масса бірлігі деп алған?
А) бір дециметр куб таза судың температуралық ең үлкен тығыздықтағы массасы
В) дециметр куб мұз массасы
С) дециметр куб ауа массасы
D) нейтрон массасы
Е) бір литр судың массасы
10. SI жүйесінде термодинамикалық температура бірлігіне деп не алынған?
А) мұздың еру температурасы
В) судың қайнау температурасы
С) бөлімі судың үштік нүктесінің термодинамикалық температура сының 1273, 16 бөлігі
D) абсолюттік нөл нүктесі
Е) церий-магний нитратының магниттік қабілеттілігі
11. Өлшем дегеніміз не?
А) салыстыруға арналған өлшем құралы
В) берілген размердегі физикалық шаманы қайталауға арналған өлшем құралы
С) өлшем құралдары орнына басқа өлшем құралдарымен ауыстыруды тағайындау
D) берілген размердегі физикалық шаманы сақтауға арналған өлшем құралы
Е) өлшем құралдары орнына басқа өлшем құралдарымен толықтыруды тағайындау
12. Стандарттау қызметінің бағыты
А) белгілі бір облыста жағдайды тәртіпке келтірудің оптималдық дәрежесіне жету
В) белгілі бір облыста минималдық жағдайға жету
С) белгілі бір облыста максималдық жағдайға жету
D) А және С
Е) А және В.
13. Стандарт – бекітілген құжат, онда не тағайындалады?
А) барлық түрдегі немесе оның нәтижесін анықтайтын қызметтің характеристикасы, ережесі, жалпы принциптері.
В) барлық түрдегі немесе оның нәтижесін анықтайтын қызметтің сипаттамасы және инструкциясы
С) түрлі қызметтің нәтижесні қолданудың ережесі, сипаттамасы және инструкциясы
D) В және С
Е) құрылысты проектілеудің нормасы мен ережесі
14. Бірлік эталонды тағайындау
А) көрме экспонаты
В) ескіден қалған зат
С) бірлікті сақтау және қайталау
D) мемлекеттік баға
Е) өнер шығармасы
15. Регионалдық стандарт деп, қабылданған стандарт:
А) стандарттаудың мемлекетаралық организациясымен
В) стандарттаудың халықаралық организациясымен
С) стандарттаудың ұлттық органымен
D) В және С
Е) стандарттаудың регионалдық организациясымен
16. Нәтижені өлшеудің қателігі дегеніміз не?
А) физикалық шаманы өлшеуде кететін кате
В) қате өлшеу
С) құралдардың ақаулығынан кететін қате
D) өлшеу әдістерінің дұрыс еместігінен кететін қате
Е) өлшенетін шаманың шын мәнінің шынайы нәтиженсінен ауытқуы
17. Фирмалық стандарт –қабылданған стандарт
А) өнімнің жалпы характеристикасы, ережесі
В) нақты өнім түрінің талабы
С) әр түрлі қызметтегі жалпы принциптер мен ережелер
D) А және С
Е) А және В
18.ФШ нәтижесінің орта квадраттық қетесі деп нені айтады?
А) өлшеу нәтижесінің көбейтіндісі
В) өлшеу нәтижесі қатесінің таралу функциясының параметрі
С) өлшеу нәтижесіне берілген түзету
D) өлшеу нәтижесіне берілген бөлінді шама
Е) өлшеу нәтижесінен алынатын шама
19.Техникалық шарт – нормативтік құжат:
А) өнім стандартына берілген қосымша
В) стандартқа енгізілген өзгерту
С) нақты өнімге берілен техникалық талап
D) А и В
Е) өнім стандартына қойылған шек
20. Қалыпты таралудағы қателіктерді тексерудің біруін ата
А) хи-квадрат критерии бойынша
В) математикалық тосу есептеу арқылы
С) дисперсияны анықтау арқылы
D) ассиметрияны есептеу арқылы
Е) эксцесті анықтау арқылы
21.Германиядағы VDE белгісі стандартағы ереже мен талаптардың сәйкестігін растайды
А) кез-келген сертификаталанатын тауарларды
В) электротехникалық және электрондық заттарды
С экология жүйесінде
D) сертифицикаттау жүйесіндегі А2-нің барлық түрлерін
Е) А, В, С
22. Европалық С белгісі тауарлардың мынадай сәйкестікті растайды
А) европалық стандарттың
В) қауіпсіздік директивасының талабын
С) халықаралық ИСО стандартын
D) электротехникалық және электрондық заттарды
Е) сапа менеджменті жүйесінде.
Тестілік тапсырманың жауап коды: 1-А; 2-С; 3-С; 4- D; 5-А; 6-А; 7-С; 8- D; 9-А; 10-С; 11-В; 12-А; 13-А; 14-С; 15-Е; 16-Е; 17-В; 18-С; 19-С; 20-А; 21-Е; 22-В.
2.8 Курстың емтихандық сұрақтары
1 Метрология нені зерттейді? Физикалық шамаға (ФШ) анықтама беріңіз.
2. ФШ әртүрлі шкалаларына мысал келтіріңіз. ФШ-ның мәндері мен размерлілігі дегеніміз не?
ФШ өлшемі мен мәні дегеніміз не?
3. SI жүйесіндегі негізгі, қосымша, туынды, үлестік және еселі, жүйеден тыс өлшем бірліктеріне мысал келтіріңдер.
4. Температура, ампер, моль, секунд, канделла, радиан, стерадиан, килограмм, метр ұғымдарына анықтама бер.
5. Өлшеу бірдегейлігінің маңызы неде?
6. Өлшем құралдары (ӨҚ) жүйесінің бірлік эталондары (уақыт, ұзындық, масса бірлігі, термодинамикалық темература бірлігі, электр тоғы, электрлік магниттің шамалары (ЭҚК, кедергі, электрлік сиымдылық), сәулелі шама (канделла).
7. Өлшем құралдарын тексеру деген не және оны қандай әдістермен жүргізіледі? Өлшем түрлері, өлшем әдістері.
8. Физикалық шаманың шын және нақты мәні. Өлшеу қателігі. Өлшеу сапасы.
9. Анализ нәтижесінің дұрыстығының, ұқсастығының, қайталанғыштығының көрсеткіштерін есептеу. Мо-да, медиана, дисперсия.
10. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасы: өлшеу диапазоны, сезгіштігі, вариациялық өлшеу диапазоны, өлшеу шегі, өлшеу бірлігі.
11. Өлшеу қателіктерінің сандық өрнегінің түрі және байқалу заңдылықтарына байланысты жіктелуі.
12.Стьюдент, Пирсон, Фишер, Бартлер коэффициенттері.
13. Сенімділік ықтималдылығы және сенімділік шекарасы. Мәнділік коэффициенті.
14. Анализ нәтижесінің дәлділік көрсеткіштерін анықтау әдістерінің түрлері: тәуелсіз, стандартты үлгі, қосу әдісі, өлшендіні өзгерту.
15. Өлшем құралдарының дәлдік класы деген не? ӨҚ –дағы қателіктерді бағалау эдістері.
16. Стандарттау және стандарт деп нені атайды? Стандарттау бойынша ҚР-да қандай құжат негізгі болып саналады?
17. Стандарттау заңының қолдану аймағы.
18. Стандарттау объектісін ата. Стандарттаудың мақсаты.
19. ҚР-ң мемлекеттік стандарттау жүйесінде бойынша қандай нормативтік құжаттар стандарттауға кіреді?
20. Стандартттау облысында басты халықаралық ұйымның аты қандай? Оның мақсаты, бағыты.
21. ҚР-ң мемлекеттік стандарттау жүйесінде бойынша қандай нормативтік құжаттар метрологияға кіреді?
22. Стандарт категориялары мен түрлері.
23. ҚР сертификаттау облысындағы негізгі құжат қандай?
24. Сертификаттау анықтама бер. Сертификация мақсаты.
25. Сертификация түрі.. Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай талаптар қойылады?
26. Сертификаттаудағы нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар.
27. Сәйкестік сертификаты деген не?
28.Аккредитация, аудит (сертификаттаудағы), аккредитация аттестаты.
29.Сәйкестік белгісі, тексеру лаборатоиясы, сәйкестік сертификаты, нормативтік құжат.
30. ҚР-дағы мемлекттік сертификаттау жүйесі.


Скачать


zharar.kz