«Жабдықтардың спецификациясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы курсты нағұрлым терең және мұқият оқып білу мақсатында, студенттерге творчестволық дағдыларын қалыптастыруға, оқу, ғылыми – техникалық, әдістемелік әдебиеттермен және лекция конспектілерімен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру үшін оқытылады.
Өзіндік жұмыстың міндеттері студенттердің «жабдықтардың спецификациясы» пәні негіздерін есеп беру жұмыстарын, курстық жне дипломдық жбаларды безендіруде, иллюстрацияларды және кестелерді, форматтар және негізгі жазбаларды безендіру үшін қолдануды меңгеру және үйренуден, схемаларды безендірудің жалпы ережелерін, схемалардың әріптік позициялық белгіленулерінің, мұнай өңдеу өнеркәсібінің аппараттарының графикалық бейнеленуінің негізгі заңдылықтарын үйренуінен тұрады.
Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттерді емтиханды тапсруға дайындауы және оларда арнайы мамандық курстарын оқу үшін іргетастық базаны құруы қажет.
Пән бойынша сабақтар үшін база болып лекциялар, практикалық сабақтар, және ең бастысы студенттердің әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасауы есептеледі.
2 Студенттердің өзіндік жұмыстарының формалары
Курстың көлемін және оның күрделілігін, маңызын ескере отырып студенттердің өзіндік жұмысының және жеке тапсырмаларының әртүрлі формалары жасалған:
• реферат;
• бақылау жұмысы;
• коллоквиум;
• дискуссия (кейстер);
• кроссвордтар0;
• тесттік тапсырмалар.
Курстық жұмысқа ерекше мән беріледі, ол курстың барлық бөлімдерін бір тұтастыққа біріктіріп қана қоймай, сонымен бірге конструкторлық құжаттамаларды, курстық жобалар және жұмыстар, дипломдық жұмыстар және жобалар, сонымен қатар технологиялық және ағымдық схемаларды безендіру ережелері мен талаптрын тереңінен оқуға, комбинирленген өндірістік процестерді бейнелеудің ерекшеліктерін қарастыруға, жеке аппараттар, және олапрдың бөлшектері мен түйіндерін, құрылыстық сызбаларды орындауды мұқият үйретуге мүмкігдік береді.
Бақылау жұмыстары үшін курстық және дипломдық жобаларды, рефераттарды безендіру ережелеріне қатысты, ағымдық, технологиялық схемаларды орындау спецификацияларын, жеке аппараттардың сызбаларын орындау, өндірістік процестердегі жабдықтардың орналасуының генералды жоспарларын орындау спецификацияларына қатысты материалдардар беріледі.
Дискуссиялар студенттердің конструкторлық құжатамаларды безендіру ерекшеліктеріне қатысты, күрделі теориялық бөлімдерді мңгеруі, оқытушымн бірге отырып әңгімелесулер жүргізу үшін арналған. Ол үшін студенттерге плакаттар жасалынған, оларда проблемалық жағдайлар көрсетілген.
Кроссвордтар студенттерде логикалық ойлау дағдыларын дамыту және лекциялық сабақтарда алынған білімдерді іс жүзінде қолдану қабілеттеліктерін қалыптастыру үшін жасалады.
Тесттік тапсырмалар оқытылып жатқан пән бойынша студенттердің алған теориялық білімдері деңгейлерін анықтау үшін арналған. Тесттер білімнің, біліктіліктің, дағдылар мен түсініктердің деңгейлерін объективті бағалауға, оқудың жеке қарқынын анықтауға және студенттерді қорытынды дайындауға мүмкіндік береді. Тестілі формадағы тапсырмалар ештеңе бекітілмейтін және терістелмейтін сұрақтар алдында бірқатар артықшылықтарға ие.Тестілі тапсырмалардың технологиялық артықшылығы олардың оқыту және бақылауды автоматтандыру талаптарына сай келуінен көрінеді. Тесттік тапсырмалар оқу процесін ұйымдастырудың модульді принципін тиімді таратуға әрекет етеді. Оларсыз рейтинг мәнсіз болып есептеледі.
3. СӨЖ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ
Семестрдің басында СӨЖ бойынша кеңес беру графигі және тапсырмаларды орындау бойынша оқу процесінің картасы құрастырылады. Оқу процесінің картасында бақылау жұмыстарын және коллоквиумдарды тапсыру мерзімдері келтіріледі. Кеңес беру кезінде ең қиын деген материалдарды дискуссия түрінде талдау жүргізіледі, ол студенттерге өз ойларын сөзбен айтып жеткізу қабілетін көтереді, арнайы сөйлеу мәнерін дамытады, өз пікірлері мен көзқарасында қала білу қабілетіне үйретеді.
Барлық тапсырмалар уақытылы берілуі тиіс. Кешігіп орындалған тапсырмалар төмен бағалармен автоматты түрде бағаланатын болды (әрбір кешіккен күн үшін әрбір тапсырмадан 0,5 балл шамасында алынып тасталады).
СӨЖ ұйымдастыру үшін келесілер қажет: