Фитоценоздардың тіршілік етуіне қажетті экологиялық жағдайлардың жиынтығы

Скачать

76. Тіршілік орны дегеніміз не?
A. фитоценоздардың тіршілік етуіне қажетті экологиялық жағдайлардың жиынтығы;
B. далалық фитоценоздардың тіршілік етуіне қажетті факторлардың жиынтығы:
C. орман фитоценоздарының тіршілік етуіне қажетті факторлардың жиынтығы;
D. өзен аңғарындағы фитоценоздардың тіршілік етуіне қажетті факторлардың жиынтығы;
E. орман фитоценоздардың тіршілік етуіне қажетті факторлардың жиынтығы

77. Фитоценоздардың тіршілік етуіне қажетті экологиялық жағдайлардың жиынтығы
A. биотоп:
B. синуздар;
C. биоценоз;
D. ярус;
E. экотоп
78. Бірлестіктегі өсімдіктердің түгелімен ауысу процессі қалай аталады?
A. сукцессия;
B. динамика;
C. синузаль;
D. биогеоценоз;
E. регрессия

79. Орманды отаған соң пайда болатын өсімдік бірлестігін атаныз
A. азотофил;
B. эдификатор;
C. фитоценоз;
D. биотоп;
E. базофил

80. Өсімдік бірлестігіндегі негізгі (шешуші) өсімдіктерді атаныз
A. эдификаторлар;
B. ассекаторлар;
C. жарық сүйгіштер;
D. көлеңкеге төзімділер;
E. суыққа төзімділер;

81. Бірлестіктегі негізгі өсімдіктерге бағынышты өсімдіктерді атаңыз
A. ассекаторлар;
B. жарық сүйгіштер;
C. көлеңкеге төзімділер;
D. суыққа төзімділер;
E. сциофиттер

82. Мелиорациялық жұмыстардың обьектісі
A. топырақ;
B. грунт;
C. жер;
D. тау жынысы:
E. су қоймалары

83. Топырақ кесіндісі не үшін қажет?
A. алынған топырақ кескінінің ерекшелігі мен қүрылымын білу үшін;
B. топырақ шекарасын нақтылау үшін;
C. топырақ ығысуының түрақтылығын нақтылау үшін;
D. б және в жауаптары;
E. топырақтың құнарлығын білу үшін

84. Негізгі кесіндініңтереңдігі
A. 2 м;
B. 0,6 м;
C. 1,0- 1,20 м;
D. 5 м;
E. 7 м

85. Топырақ кесіндісі не үшін жасалады?
A. топырақ шекарасын нақтылау үшін;
B. өсімдік жамылғысының тамыр тереңдігін аңықтау үшін;
C. топырақ ығысуының түрақтылығын нақтылау үшін;
D. б және в жауаптары;
E. топырақ құнарлығын зерттеу үшін

86. Мелиорацияда техникалық және экологиялық шешімдерді дұрыс қабылдауға көмектесетін негізгі жобалық құжатты атаңыз
A. топырақтың мелиоративтік картасы;
B. геоморфологиялық карта;
C. гидрогеологиялық карта;
D. 2 м- ден төмен терендіктегі тұзданган топырақ картасы;
E. физикалық карта

87. Өнімділігіне қарай топырақ сапасын багалау қапай аталады?
A. бонитировка;
B. диагностика;
C. құнарлылығы;
D. картограмма;
E. диаграмма

88. А.П. Шенников фитоценоздың қалыптасуын неше сатыға бөлді:
а) бір
в) екі
с) үш
д)төрт
е)бес

89. Өсімдіктердің бір – біріне әсерлері әр алуан, олардың классификациясын үш тұрғыдан қай ғалым қарастырды:
а) В.Н. Сукачев
в) А.П. Шенников
с) В.В. Алехин
д)Ф.Н. Рупрехт
е)Миркин, Розенберг

90. Өсімдіктердің бір – біріне әсер ету жолдарының толық классификациясын қай ғалым жасады:
а) В.В. Алехин
в) Ф.Н. Рупрехт
с) А.П. Шенников
д) В.Н. Сукачев
е)И.А. Селиванов

91. Экологиялық оптимум дегеніміз:
А) фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы.
В) өсімдіктің түріне конкуренция жоқ жерде (мысалы пионерлік топта) ең көп масса беруіне жағдай жасайтын ортаның факторларының қолайлы үйлестірілуі.
С) түрлердің тіршілік әрекеті өнімдерінің (фитонцидтер, колиндер, антибиотиктер т.б.) бөлінуі арқылы бір – біріне ықпал ету.
Д) жоғары сатыдағы күрделі өсімдіктер тамырының саңырауқұлақтар жіп шумағымен селбесіп тіршілік етуі.
Е) өсімдіктер арасындағы қатынастың бір формасы есебінде кең тараған құбылыс.

92. Фитооптимум дегеніміз:
А) түрлердің тіршілік әрекеті өнімдерінің (фитонцидтер, колиндер, антибиотиктер т.б.) бөлінуі арқылы бір – біріне ықпал ету.
В) өсімдіктің түріне конкуренция жоқ жерде (мысалы пионерлік топта) ең көп масса беруіне жағдай жасайтын ортаның факторларының қолайлы үйлестірілуі.
С) өсімдіктер арасындағы қатынастың бір формасы есебінде кең тараған құбылыс.
Д) фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімдік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы.
Е) күрделі өсімдіктедің қарапайым өсімдіктерге әсері.

93. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы ғылыми тәжірибе тұрғысынан жауап берді:
А) Т.А. Работнов
в) К.Шретер
с) Ф.Штеблер
д) А.П. Шенников
е) А.В. Прозоровский

94. Симбиоздың кең тараған түрлерінің бірі:
А) паразит
в) эккрисотрофтар
с)микориза
д) сапротрофтар
е) микроорганизм

95. Фитоценоздың флоралық құрамы дегеніміз:
А) белгілі бір ауданның өсімдіктерін оның флорасымен жалпы танысу
В) қарапайым өсімдіктердің бір – бірінен әсері
С) күрделі өсімдіктердің қарапайым өсімдіктерге әсері
Д) онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығы
Е) өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі

96. Жіңішке жусан латынша атын табыңыз:
А) Artemisia gracilescens
В) Artiplex cana
С) Stipa Lessingiana
Д) Festuca sulcata
Е) Artemisia pauciflora

97. Көкпек латынша атын табыңыз:
А) Stipa Lessingiana
В) Artemisia pauciflora
С) Artiplex cana
Д) Stipa sareptana
Е) Festuca sulcata

98. Тырсық латынша атын табыңыз:
А) Artemisia gracilescens
В) Festuca sulcata
С) Stipa Lessingiana
Д) Artiplex cana
Е) Stipa sareptana

99. Ассоциация дегеніміз:
А) белгілі бір ауданның өсімдіктерін оның флорасымен жалпы танысу
В) қарапайым өсімдіктердің бір – бірінен әсері
С) күрделі өсімдіктердің қарапайым өсімдіктерге әсері
Д) өсімдіктер қауымдарының жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі
Е) онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығы

100. Флоралық байлық дегеніміз:
А) өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі
В) күрделі өсімдіктердің қарапайым өсімдіктерге әсері
С) қарапайым өсімдіктердің бір – бірінен әсері
Д) онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығы
Е) белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші.

101. Біздің ТМД елдерінде бұрынғы ССРО күрделі өсімдіктердің қанша түрі болды:
А) 10000
в) 20000
с) 250000
д) 30000
е) 40000

102. Экобиоморфа, экоморфа және биоморфа кім ұсынды:
А) а) В.В. Алехин
в) Л.Г. Раменский
с) Б.А. Быков
д) В.Н. Сукачев
е)И.А. Селиванов

103. Экоморфа дегеніміз:
А) популяциялардың азды – көпті біркелкі таралуы.
В) түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы.
С)әртүрлі экобиоморфқа жататын түрлер.
Д) бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі.
Е) сыртқы ортаның жағдайымен қарым – қатынасына байланысты тіршілік формасы.

104. Экобиоморфа дегеніміз:
А) түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы.
В) бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі.
С) популяциялардың азды – көпті біркелкі таралуы.
Д) сыртқы ортаның жағдайымен қарым – қатынасына байланысты тіршілік формасы.
Е) әртүрлі экобиоморфқа жататын түрлер.

105. Биоморфа дегеніміз
А) түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы.
В) сыртқы ортаның жағдайымен қарым – қатынасына байланысты тіршілік формасы.
С) әртүрлі экобиоморфқа жататын түрлер.
Д) бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі.
Е) популяциялардың азды – көпті біркелкі таралуы.

106. Фитоценоздар теңбілділігін экологиялық , фитоценотикалық және эпизодтық ,- деп бөлуді ұсынған ғалым?

А) Т.А.Работнов.
В)Л.Г.Раменский.
С)В.Н.Сукачев.
Д)И.В.Борисова.
Е)В.Г.Карпов.

107. Фитоценоздардың геометриялық құрылымы дегеніміз-

А)Фитоценоздағы өсімдіктер жапырақтарының тіршілік ету
орнына бейімделуіне байланысты кеңістікте орналасуы. В)Фитоценоздың негізгі құрылымдық , сонымен бірге экологиялық және энергетикалық бөлігі.
С)Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы.
Д)Белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші.
Е)Белгілі бір аймақта бір фитоценоздардың тіршілік ететін орнында екінші бір фитоценоздармен жүйелі түрде алмасып отыруы.

108. Фитоценоздардың маусымдық өсу сипаты және фитоценоз құрамындағы өсімдіктердің даму барысындағы өзгерістерінің сыртқы көрінісі қалай аталады?

А) Ярус
В)Ценопопуляция
С)Аспект
Д)Флуктуация
Е)Формация

109. ’’Феноритмотип’’ деген терминді енгізген ғалым?

А)И.О.Байтулин.
В)В.В.Алехин.
С)А.С.Рожков.
Д)И.В.Борисова.
Е)Н.А.Селиванова.

110. Феноритмотип дегеніміз-

А)Вегетацияның ұзақтығы,басталу және аяқталу кезеңдері ұқсас және де фенологиялық күйімен тыныштық кезеңдерінің алмасу бағыттары бірдей өсімдіктер тобы.
В) Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы.
С) Фитоценоздардың маусымдық өсу сипаты және фитоценоз құрамындағы өсімдіктердің даму барысындағы өзгерістерінің сыртқы көрінісі.
Д) Вегетацияның ұзақтығы,басталу және аяқталу кезеңдері бөлек және де фенологиялық күйімен тыныштық кезеңдерінің алмасу бағыттары бірдей өсімдіктер тобы.
Е) Фитоценоздардың маусымдық өсу сипаты және фитоценоз құрамындағы өсімдіктердің даму барысындағы өзгерістерінің ішкі көрінісі.

111. Өсімдіктер қауымының әртүрлі жылдардағы белгілі бір бағыты жоқ,әртүрлі бейімделген немесе циклды өзгеруі қалай аталады?

А)Флуктуация
В)Фитоценотип
С)Фригана
Д)Аспект
Е)Ценопопуляция

112. Флуктация- бұл...

А)Биоценоздың өсімдік немесе жануарлар компоненттерінің даму ритмикасынан немесе климаттың тұрақсыздығынан тұрады.
В)Ол белгілі бір аймақта,тіршілік орындарының барлық типтеріне орналасып,сол жерге тән барлық өсімдік жиынтығынан тұрады.
С) Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы.
Д) Белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткішінен тұрады.
Е)Әртүрлі экобиоморфтарға жататын түрлерден тұрады.

113. Қандай терминді алғашқылардың бірі болып,американ фитоценологы Глизон қолданды?

А)Синузия
В)Неофит
С)Флуктуация
Д)Формация
Е)Индикация

114. Флуктуацияны тудыратын себептеріне байланысты Т.А. Работнов қандай типтерге бөлді?

А)Экотопикалық,антропогендік,зоогендік,фитоциклды,фитопаразитарлық.
В) Экотопикалық, фитопаразитарлық , антропогендік,биотикалық,фитоциклды.
С) Экотопикалық ,зоогендік, фитопаразитарлық антропогендік, абиотикалық,.
Д)Экотопикалық ,экзотопикалық,зоогендік, фитопаразитарлық, фитоциклды.
Е) Экотопикалық,антропогендік,зоогендік,фитоциклды,биогендік.

115. Флуктацияның ең көп тараған типін атаңыз?

А)Зоогендік.
В)Антропогендік.
С)Экотопикалық.
Д)Фитопаразитарлық.
Е)Фитоциклды.

116. Флуктуациялар амплитудасын және ұзақтығына байланысты – жасырын елеусіз,осциляциялық,дигрессивті демутациялық,- деп 3 топқа бөлген ғалым?

А)Глизон.
В)Б.А.Быков.
С)Т.А.Работнов.
Д)Б.М.Миркин.
Е)А.П.Шенников.

117. Фитоценоздардың экологиялық-биологиялық құрылымы дегеніміз...

А)Фитоценоздағы өсімідік түрлерінің жеке сапалық белгілерімен ерекшеленетін биоморфаларының және экоморфоларының сандық құрамы.
В) Фитоценоздың негізгі құрылымдық , сонымен бірге экологиялық және энергетикалық бөлігі.
С) Фитоценоздағы өсімдіктер жапырақтарының тіршілік ету орнына бейімделуіне байланысты кеңістікте орналасуы.
Д)Белгілі бір аймақта бір фитоценоздардың тіршілік ететін орнында екінші бір фитоценоздармен жүйелі түрде алмасып отыруы.
Е) Белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші.

118. Т.А.Работнов теңбілділіктің(мозайканың) неше түрін ажыратуды ұсынды?

А) Екі
В)Төрт
С)Алты
Д)Жеті
Е)Сегіз

119. Фитоценоздардың мозайкалылығының эпизодтық, ценобиотикалық,клональдық формаларын –мозайкалылықтың бір типіне біріктіріп,қалай атауға болады?

А)Биогендік
В)Зоогендік
С)Фитогендік
Д)Абиогендік
Е)Экзогендік

120. Фитоценоздардың хронологиялық құрылымы-

А) Ол белгілі бір аймақта,тіршілік орындарының барлық типтеріне орналасып,сол жерге тән барлық өсімдік жиынтығынан тұрады.
В) Биоценоздың өсімдік немесе жануарлар компоненттерінің даму ритмикасынан немесе климаттың тұрақсыздығынан тұрады.
С)Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы.
Д)Фитоценоздардың дамуындағы өзгеріс белгілерінен тұрады.
Е)Әртүрлі экобиоморфтарға жататын түрлерден тұрады.

121. Экзогендік-бұл

А)Адам әрекетінің жергілікті әсеріне байланысты болады
В)Кейбір өсімдіктердің вегетативтік көбеюінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
С)Жел,су тағы да басқа факторлардың фитоценозға әсеріне байланысты болады.
Д)Өсімдіктердің бір түрлерінің , екінші бір түрлеріне әсер етуіне байланысты болады.
Е)Өсімдіктердің ұрық бастарының таралуының және олардың өркендерінің өсіп жетілуінің кездейсоқтығына байланысты болады.

122. Өсімдіктердің ұрық бастарының таралуының және олардың өркендерінің өсіп жетілуінің кездейсоқтығына байланысты болатын теңбілділіктің түрі қалай аталады?

А)Клональдық
В)Зоогендік
С)Ценобиотикалық
Д)Эпизодтық
Е)Эдафотопикалық

123. Ценобиотикалық бұл-

А)Өсімдіктердің бір түрлерінің екіншісіне әсер етуінен ортаның өзгеруі арқылы,соның ішінде нанорельеф және микрорельеф пайда болуы.
В) Өсімдіктердің ұрық бастарының таралуының және олардың өркендерінің өсіп жетілуінің кездейсоқтығына байланысты.
С)Ценоздардың зоокомпоненттерінің әсерінен микрорельефтердің пайда болуы,ортаның өзгеруі.
Д)Эдафатоптың біркелкі еместігіне байланысты.
Е)Кейбір өсімдіктердің вегетативтік көбеюінің ерекшеліктеріне байланысты бір-біріне жақын орналасқан , бір түрге жататын дербес организмдерден клоналар пайда болады.

124. Флуктуация(fluctuatio) латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А)тербелу,қозғалу.
В)араласу,тербелу.
С)тербелу,тұрақсыздану.
Д)араласу,қауым.
Е)тұрақсыздану,қауым.

125. Фитоценоздардың геометриялық құрылымын зерттеу әдістерін ұсынған ғалымдар?

А)О.К.Росс, Х.Р.Томинг.
В)А.А.Корчагин,В.С.Ипатов.
С)А.В.Кюхлер,В.П.Сочава.
Д)Л.Г.Раменский,Т.М.Лимпаа.
Е).Б.Н.Норин,В.В.Мазинг.

126. .Ценопопуляция дегеніміз не?
A.Сыртқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік формасы
B.Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы
C.Өсімдіктер қауымының әртүрлі жылдардағы белгілі бір бағыты жоқ,әртүрлі бейімделген немесе циклді өзгеруі
D.Биоценоз құрылымының бөлігі
E.Органикалық заттарды қарапайым заттарға айналдыратын организмдер

127. Ценотикалық популяция дегеніміз не?
A.Түрдің тиісті фитоценозда өмір сүру формасы,оның осы жағдайда мекендеуге бейімделу формасы.
B.Сыртқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік формасы
C.Өсімдіктер қауымының әртүрлі жылдардағы белгілі бір бағыты жоқ,әртүрлі бейімделген немесе циклді өзгеруі
DОрганикалық заттарды қарапайым заттарға айналдыратын организмдер
E.Биоценоз құрылымының бөлігі

128. Экобиоморфа дегеніміз?
A.Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы
B.Фитоценоздардың флоралық құрамы
C.Биоценоз құрылымының бөлігі
D.Биоморфа және экоморфаның бірлігі
E.Сыртқы орта жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік формасы

129. Морфогенез фазаларыдегеніміз?
A.Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы
B.Сыртқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік формасы
C.Фитоценоздардың флоралық құрамы
D.Өсімдіктің онтогенезі кезіндегі тіршілік формаларының өзгеруін көрсетеді
E.Биоморфа және экоморфаның бірлігі

130. Сукцессиялық өзгеріс дегеніміз не?
A.Кері оралмайтын,ал егер кері оралса,он жылдан артық уақытта оралатын өзгеріс
B.Динамикалық құбылыс
C.Түрдің тиісті фитоценозда өмір сүру формасы
D.Биоценоз құрылымының бөлігі
E.Фитоценоздардың флоралық құрамы

131. Экоморфа дегеніміз не ?
A.Биоморфа және экоморфаның бірлігі
B.Сыртқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік формасы
C.Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы
D.Биоценоз құрылымының бөлігі
E.Фитоценоздардың флоралық құрамы

132. Қауымның флоралық толықтығы дегеніміз ?
A.Биоморфа және экоморфаның бірлігі
B.Биоценоз құрылымының бөлігі
C.Фитоценоздардың флоралық құрамы
D. Сыртқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік
E.Ол белгілі бір аудан көлемінде өсетін түрлердің саны

133. Популяцияның сукцессивті дамуын бірінші рет бейнеледі?
A.В.Н.Сукачев
B.Т.А.Работнов
C.А.П.Шенников
D.В.В.Алехин
E.Ф.Н.Рупрехт

134. Ценопопуляцияның неше типі бар?
A.8
B.6
C.3
D.9
E.1

135. Ценопопуляцияның типтері қандай?
A.Инвазионды,қарапайым,регрессивтік
B.Фитоценоз,экобиоморфа,экоморфа
C.Экобиоморфа.экоморфа,инвазионды
D.Инвазионды,қарапайым,экоморфа
E.Зооценология,микробиоценология,биогеоценология

136. Л.Г.Раменский (1938) түрлерге сәйкес популяцияларды үш түрлі фитоценотиптерге бөлді,қандай?
A.Инвазионды,қарапайым,экоморфа
B.Экобиоморфа.экоморфа,инвазионды
C.Зооценология,микробиоценология,биогеоценология
D.Виоленттер,патиенттер,эксплеренттер
E.Фитоценоз,экобиоморфа,экоморфа

137. Омброфиттер дегеніміз не?
A.Ол белгілі бір аудан көлемінде өсетін түрлердің саны
B. Сыртқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік
C.Жаңбыр суын және конденсацияланған ылғалды пайдаланатын өсімдіктер
D.Биоценоз құрылымының бөлігі
E.Фитоценоздардың флоралық құрамы

138. Гидрофиттер дегеніміз не?
A.Жаңбыр суын және конденсацияланған ылғалды пайдаланатын өсімдіктер
B.Тамырлары,тамырсабақтары және түйнектері жер бетіне жақын орналасқан артық ылғалды жағдайда өсетін өсімдіктер
C.Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы
D.Биоценоз құрылымының бөлігі
E.Фитоценоздардың флоралық құрамы

139. Трихофиттер дегеніміз не?
A.Тамырлары мен тамырсабақтары орташа тереңдікте орналасқан топырақ капиллярларындағы суды пайдаланатын өсімдіктер
B.Тамырлары,тамырсабақтары және түйнектері жер бетіне жақын орналасқан артық ылғалды жағдайда өсетін өсімдіктер
C.Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы
D.Биоценоз құрылымының бөлігі
E.Фитоценоздардың флоралық құрамы

140. Фреатофиттер дегеніміз не ?
A.Тамырлары мен тамырсабақтары орташа тереңдікте орналасқан топырақ капиллярларындағы суды пайдаланатын өсімдіктер
B.Тамырлары,тамырсабақтары және түйнектері жер бетіне жақын орналасқан артық ылғалды жағдайда өсетін өсімдіктер
C.Фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы
D.Биоценоз құрылымының бөлігі
E.Тамырлары мен тамырсабақтары топырақтың терең қабатындағы ерітінділерді пайдаланатын өсімдіктер

141. Өсімдіктер қауымының жер асты бөлігі неше ярустан тұрады?
A.10
B.1
C.8
D.3
E.2

142. Ярус дегеніміз не ?
A.Фитоценоздағы қабаттың бөлігі
B.Биоценоз құрылымының бөлігі
C.Фитоценоздардың флоралық құрамы
D.Көлденең бөлігіндегі бөлшегі
E.Динамикалық құбылыс

143. Қабат дегеніміз не?
A.Фитоценоздағы қабаттың бөлігі
B.Биоценоз құрылымының бөлігі
C.Фитоценоздардың флоралық құрамы
D.Көлденең бөлігіндегі бөлшегі
E.Фитоценоздың негізгі құрылымдық,сонымен бірге экологиялық және энергетикалық бөлігі

144. Қалқа дегеніміз не?
A.Фитоценоздағы қабаттың бөлігі
B.Биоценоз құрылымының бөлігі
C.Фитоценоздардың флоралық құрамы
D.Ярустың көлденең бөлігіндегі бөлшегі
E.Динаимкалық құбылыс

145. Биогоризонттар дегеніміз не?
A.Ярустың ценоэкосистемадағы функциональдық бөлшегі
B.Биоценоз құрылымының бөлігі
C.Фитоценоздардың флоралық құрамы
D.Көлденең бөлігіндегі бөлшегі
E.Фитоценоздың негізгі құрылымдық,сонымен бірге экологиялық және энергетикалық бөлігі

146. Фитоценоздардың эволюциялық класы қандай типтерге бөлінеді?
А. Сингенез және Эндоэкогенез
В. Гологенез және Гейтогенез
С. Флорогенез және Фитоценогенез
D. Сингенез және Эволюция
Е. Эндоэкогенез және Гейтогенез

147. Аллогенді сукцессияларға не жатады?
А. Сингенез
В. Гологенез және Гейтогенез
С. Флорогенез
D. Эволюция
Е. Флорогенез

148 . Фитоценоздардың қалыптасуындағы алғашқы фазасы:
А. Проценоз
В. Эксплеренттер
С. Патиенттер
D. Виоленттер
Е. Ценотика
149. Фитоценоздар динамикасының бір формасы:
А. Эндоэкогенез
В. Гейтогенез
С. Катаклизмдер
D. Эволюция
Е. Гейтогенез

150. Фитоценоздар құрылымының кері дамымайтын, қайталамайтын өзгеруін қалай атайды?
А. Аллювиагенді фитоценоз
В. Фитоценоздардың динамикасы
С. Автогенді фитоценоз
D. Фитоценоздардың фазасы
Е. Фитоценоздардың популяциясы


Скачать


zharar.kz