Алғы сөз

Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты
ӘН

ӘН 042-18-2.1.-2015

Орман шаруашылығын басқару пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Басылым № 1
08.09.2015ж.

5В080700 – Орман шаруашылығы мамандықтарына арналған
Орман шаруашылығын басқару пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Семей 2015

Алғы сөз


Құрастырушы __________ __28__ _08__ 2015ж., Самиева Гүлмира Төлеуғалиқызы, аға оқытушы, Менеджмент және маркетинг кафедрасы

ТАЛҚЫЛАҒАН
2.1. Менеджмент және маркетинг кафедрасының отырысында.

__28__ __08____ 2015ж. №_1___Хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ А. Койчубаев

БЕКІТІЛДІ
2.2. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының отырысында.

__8__ ____09____ 2015ж. № _1_ Хаттама

ОӘБ төрағасы____________________ С. Тойкин

1.Курстық жұмысты орындау бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар

Курстык жұмыс жазудың максаты: Әрбір студент өзінің болашақ мамандығын қалыптастыратын пәндерді оқып-үйрету барысында алған теориялык білімдерін одан әрі тереңдетіп, жетілдіре беруі үшін күнделікті болып жатқан (алда да болатын) экономикалық және әлеуметтік процестерді баскарудың тәжірибесін мемлекеттік, салалык және аймақтық тұрғыдан жеткілікті талдап, соның арқасында баскару тәжірибесінің салыстырмалы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып, соңғыларын одан әрі болдырмаудың жолдары мен әдістерін ғылыми-методологиялык және ұйымдастырушылық жағынан негіздей білуге тиіс. Сондықтан дәл осы мақсатқа кол жеткізу үшін осы пән бойынша курстык жұмыс жазу керектігі оқу жоспарында қаралған.
Курстык жұмыстың мәні, жазу әдістемесі мен сатылары: Курстық жұмыстың мәні - жинастырылтан ресми, әдеби-статистикалык және болжамдык материалдарды жүйелі түрде саралап талдап, одан алынған тұжырымдар мен қорытындыларды алынған такырыпты терең ашып беру үшін белгілі логикалык сәйкестілікке келтіруге және осылардың барлығын өз сөзбен жазып шығуға үйрету болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда студенттердің жазбаша жұмыстары дипломдык жұмыс жазумен аякталуға тиіс. Курстық жұмыс жазу барысында мынадай әдістемелік нұсқау сакталғаны жөн:
- тақырыптын ғылыми-әдістемелік астарын толык меңгеру үшін керекті әдебиетті аныктап, оны оқып-үйреніп, өзіне жарамды дегендерін жазбаша жинактау;
- ғылыми-теориялык тұжырымдарды қоғамдық өмірдің тәжірибесінде болып жаткан жағдайлармен салыстыра қарастыру үшін ресми материалдар мен динамикалық, құрылымдық, мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерді терең талдау;
- тақырыпты тандап алғандағы мақсатқа кол жеткізу үшін жоғарыда аталған жұмыстарды логикалық бірізділікке келтіру, зерттеу объектісінің басқару механизмдерін одан әрі жетілдіру және экономикалық – әлеуметтік тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін негіздеу.
Курстық жұмысты орындау ұйымдастыру жағынан келгенде мынадай сатылардан өтуге тиіс:
- кафедра мәжілісінде алдын ала бекітілген тақырыптар тізімі студентгерге беріледі;
- әрбір студент өзіне оңтайлы тақырыпты таңдап алып, ол бойынша әдебиеттер тізімін жасағаннан кейін жұмыстың мазмұнының (жоспарының) жобасын жасақтап, оны кафедрадан бекітілетін ғылыми жетекшімен бірлесе отырып жетілдіреді;
- жоғарыдағы "әдістемелік нұскауларға" сәйкес жазылған курстық жұмыс ғылыми жетекшіге тапсырылады;
- ғылыми жетекшінің кеңесі бойынша курстық жұмыс түзетіледі және жетілдіріледі. Ғылыми жетекші жұмысты жарамды деп таппаса, онда бұл жұмыс корғауға жіберілмейді;
- ғылыми жетекші жазылған жұмысты жарамды деп тапқан жағдайда ол кафедра шешімімен құрылған арнайы комис­сия алдында тиісті дәрежеде қорғалады.
Курстық жұмысты қорғау барысында студент тандап алған тақырыбын өздігімен түбегейлі зерттегенін, барлық талданған әдеби-статистикалық материалдарды түгел меңгергенін, талдаудың негізгі корытындыларын тұжырымдағанын, қойылған теориялық және практикалық сұрақтарға жауап бере алатынын дәлелдеп шығуы тиіс. Олай болмаған жағдайда комиссия курстық жұмысқа теріс баға беріп, оның түзетіліп жазылуына мерзім тағайындайды.
Курстқы жұмыс А4 (210x297) ГОСТ 2.30.1-68 "ЕАКД.-Форматы" бойынша бір бетіне жазылып, ал кесте немесе суреттер кезінде А 3 (297x420) форматы қолданыла береді.
Курстық жұмыс келесі талаптармен жазылады: сол, жоғарғы, төменгі 20 мм – ден кем болмауы тиіс, оң жолдың шеті 10 мм – ден аспауы тиіс.
Абзацтар 1,25 см – дей арақашықтықта, интервал -1,5 см болуы тиіс. Бет 30-35 беттен кем болмауы керек.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің аттарын, негізігі бөлімдерінің бөлімшелерінің аттарын жол ортасында және үлкен әріптермен аяғында нүктесіз. Бөлімше аттарында сөзді тасымалдауға болмайды.
Кіші бөлімшелердің және бөлімшелердің аттарын үлкен әріптермен, абзацпен, ал қалған сөздерді кіші әріптермен жазуға болады.
Бөлімше атауынан кейін нүкте қойылмайды және асты сызылмайды. Егер бөлімше аты бірнеше сөйлемдерден құралса, олар нүктемен ажыратылады.
Бөлімше атауменен және текст арасында 2 см – ден кем емес болуы қажет. Яғни екі интервал. Бөлімше атауыменен және кіші бөлімшенің атауыменен 1 см – ден кем емесе болуы қажет.
Курстық жұмыстың беттерін араб цифрларыменен белгілеу қажет. Беттің нөмері оң жақтың төменгі жағында нүктесіз және сызықшасыз жазылуы тиіс.
Алғашқы бет, мазмұндама, қосымшалар есептеледі, алайда нөмір жазылмайды.
А 3 форматындағы бет бір бет болып саналады.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде міндетті түрде заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарғылыр, бағдарламалар (соңғы түзетулер мен өзгерістер енгізіген), газеттер, журналдар, оқулықтар (соңғы 5 жыл бойынша), ғаламтор сайттары (сілтеме көрсетілуі тиіс) жазылуы керек.
Бірінші заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарғылыр, бағдарламалар, екінші оқулықтар, үшінші газеттер, журналдар, төртінші ғаламтор сайттар жазылады.
Міндетті түрде кестеге, суреттерге, қолданған әдебиеттерге сілтеме жасалады. Сілтемені мәтінде квадрат жақшаныңы ішіне жазады. Мысалы, Мәтін ... ... ...[2].
Суреттерді араб цифрларымен (қосымшалардағы суреттерден басқасы) толассыз түрде нөмірлейді. Егер сурет жалғыз болса, ол Сурет 1 деп жазылады. Сурет сөзі және оның атауы жол ортасында орналастырылады.
Әр қосымшаның суреттері жеке нөмірленеді (араб цифрлармен). Қосымша белгісі сан алдында жазылады. Мысалы, - Сурет А.3.
Суреттерді бөлім шектерінде нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда суреттің нөмерінде нүктемен бөлінген бөлім нөмері мен суреттің реттік нөмері жазылады. Мысалы - сурет 1.1
Суреттердің түсіндірмесі болуы керек. Оны суреттен кейін жазады, оның астында суреттің нөмері мен аты жазылады. Мысалы, Сурет 1- Банк жүйесінің құрылымы.
Суреттерге сілтеме жасалғанда келесі түрде жазу керек: егер толассыз нөмірлеу болса, сурет 2-ге сәйкес... , егер бөлім шегінде нөмірленсе сурет 1.2 –ге сәйкес
Кестелер көрсеткіштерді ыңғайлы және көрнекі түрде көрсету және салыстыру үшін қолданылады. Әр кестенің аты болу керек. Ол нақты, қысқа және кестенің мазмұнын ашу керек. Кесте атауының алдында бір жолға нөмері бар Кесте (қызыл жолдан) деген сөз жазылады.
Кестелерді араб цифрларымен (қосымшалардағы суреттерден басқасы) толассыз түрде нөмірлейді.
Әр қосымшаның кестесі жеке нөмірленеді (араб цифрлармен). Қосымша белгісі сан алдында жазылады. Мысалы, - Кесте В.1, егер ол қосымша В-да болса.
Кестелерді бөлім шектерінде нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда кестенің нөмерінде нүктемен бөлінген бөлім нөмері мен кестенің реттік нөмері жазылады. Мысалы - кесте 1.1
Әр кестеге текстіде сілтеме жасалыну тиіс. Сілтеме жасалғанда келесі түрде жазу керек: егер толассыз нөмірлеу болса, кесте 2-ге сәйкес... , егер бөлім шегінде нөмірленсе кесте 1.2 –ге сәйкес
Жолдары көп кестелерді келесі бетке тасымалдауға болады. Кесте бөлігін келесі бетке тасымалдағанда Кесте сөзі және оның нөмері, кестенің сол жақ бөлігінде үстінен жазылады. Кестенің қалған бөліктерінде Кестенің жалғасы сөзі жазылады. Кестені басқа бетке тасымалдағанда оның аты тек оның бірінші бөлігінде жазылады. Кестені келесі бетке тасымалдағанда оны төменнен шектемейді.
Көлеміне қарай кестені оған сілтеме жасалынған тексттің артынан тікелей орналастырады немесе келесі бетке, қажет болғанда қосымшаға енгізіледі.
Барлық қосымшаларға сілтеме жасалыну керек. Қосымшаларды сілтемелер беру ретіне қарай орналастырады.
Әр қосымшаны жаңа беттен бастайды. Қосымша сөзі және оның белгісі беттің жоғарғы бөлігінің ортасында орналастырады.
Қосымшаның аты бас әріптен басталады.
Қосымшаны орыс алфавитінің бас әріптерімен белгілейді, Е, З, Й, О, Ч, Ы, Ь,Ъ әріптерден басқасынан. Қосымша сөзінен кейін оның жүйелілігін көрсететін әріп жазылады.
Егер есепте бір қосымша болса оны Қосымша А деп жазады
Қосымшалар жалпы есептің бет санына қосылады.

2. Курстық жұмыс тақырыптары
1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы (орман және орман паркі шаруашылығы мысалында)
2. Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру (орман және орман паркі шаруашылығы мысалында)
3. Өндірісті басқаруды жетілдіру (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
4. Персоналды басқару (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
5. Өндірістік бағдарламаны жоспарлау (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
6. Мониторинг жүйесі және басқарудың ақпараттық жүйесі (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
7. Еңбек ақы қорын жоспарлау (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
8. Орман шаруашылығы саласында когалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру(орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
9. Рентабельділік, пайда және өзіндік құнды жоспарлау (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
10. Еңбекті ұйымдастыру (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
11. Орман екпелерін мемлекеттік реттеу мен қорғаудың ерекшелігі (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
12. Ағаштарда кездесетін аурулардын мәселелері және олардың алдын алу жолдарын реттеу (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
13. Еңбекті техникалық нормалауды ұйымдастыру (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
14. Орман өнімділігі, орман жері және орман өнімділігін арттыру жолдары (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
15. Орман және орман паркі шаруашылығындағы инновация және ғылыми-техникалық үдерісі (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
16. Семей орманы мемлекеттік мекемесінің табиғи орман резерватындағы күту кесу жұмыстарының бағдарламалары (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
17. Орман шаруашылығында кесу машиналарының қолданылуын бағалау (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
18. Орман шаруашылығы өндірісі бойынша бизнес-жоспар құру(орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
19. Орман өсірудің өндірістік циклы (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
20.Өндіріске қызмет көрсетуді ұйымдастыру(орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
21. Семей орманы мемлекеттік мекемесінің табиғи орман резерватындағы орман шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы циклы (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
22. Кәсіпорынның орман табысын жоспарлау(орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
23.Қазіргі заман жалпы мемлекеттік жүйесіндегі орман шаруашылық саясатын жүзеге асыру үрдісі (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
24. Кәсіпорынды дамытудың инвестициялық жобасының экономикалық тиімділігін есептеу(орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
25. Кәсіпорында құрал-жабдықтарды қолдану тиімділігін бағалау(орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
26. Кәсіпорынды дамытудың экономикалық тиімділігін бағалау (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
27.Жас ағаштарды кесуде қолданылатын іс-шаралар кешенін бағалау (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
28. Кәсіпорында өнім сапасын арттырудың экономикалық механизмі(орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
29. Орман екпелерінің зиянкестер мен аурулардың экологиясы мәселелері және оны шешу жолдары(орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).
30. Қарағай және шырша тұқымдарының фитопатологиялық мәселесі және оларды зерттеу жолдары циклы (орман кәсіпорыны және орман паркі шаруашылығы мысалында).

3. Әдебиеттер тізімі
1.Негізгі әдебиеттер
1.1 Қазақстан Республикасының Орман Кодексі. № 35 тамыз. Ресми газет. 2003 жыл
1.2 Қазақстан Республикасының орман кодексі (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 05.07.11  ж. жағдайы бойынша енгізілген). Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы;  2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
1.3 Т.В. Наточина Экономика лесного хозяйства с основами менеджмента, маркетинга и бизнеса. Астана. 2007 г.
1.4 Ж.Б. Қайкен және т.б. АӨК кәсіпорындарының экономикалық талдауы.Семей. 2012ж.
1.5 К.Ш. Дүйсенбаев және т.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауы.Алматы.2011 ж.
2 Қосымша әдебиеттер
2.1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2009
2.2Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006
2.3 А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006
2.4 Бердалиев К. Менеджмент, Алматы. 2005
2.5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет____________________________________________________________________
Мамандығы________________________________________________________________
Кафедра______________________________________________________________________

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:_______________________________________________________________________________________________________

Орындады :
___________
курс
_______________
оқу формасы

Аты-жөні___________________
Қолы_________________

Жұмыс жетекшісі:
Лауазымы, атағы
____________________
Аты-жөні___________________
Бағасы______________
Қолы
_________________
______________20__ж.
___________20___ж.

Семей 2015 ж.


Скачать


zharar.kz