Кәсіпорынның өткізу қызметі - компанияны тұтынушылар мен тығыз байланыстыратын буын

Скачать

Кіріспе

Нарықтық экономика кез – келген кәсіпорын дербес түрде іс әрекетін жүргізеді.Тұтынушылардың қажетті тауарлар және қызметтермен қамтамасыз ету үшін әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар құрылады.Олардың іс - әрекетіне жедел көмек ету, реттеу жұмысын мемлекеттік кәсіпорын атқарады. Бұл мақсаттарды жүзеге асы үшін алуан түрлі құжаттар қолданылады. Барлық құжаттардың ішінде ерекше орын алатын басқару құжаттар, себебі нарықтық қатынаста кез – келген кәсіпорынның мақсаты тұтынушылардың сұранысын талаптарын сапалы түрде жүзеге асыру болып табылады.
Өндірілген тауарды тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметтегі екі әдіспен жүзеге асырады: өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдар арқылы. Тауарды тікелей өткізу әр қашанда тиімді емес, сондықтан да өндірушілер делдалдардың қызметеін қажет етеді.
Өткізу – өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ тауарға меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру.
Тәжірибеде өткізу арналарының 2 негізгі типі қолданылады: тікелей және жанама.
Тікелей өткізу арнасы – тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз, делдалдарсыз тікелей ауысып, жылжуы.
Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін – тұтынушыға жылжуына байланысты арналар.
Кәсіпорынның өткізу қызметі – компанияны тұтынушылар мен тығыз байланыстыратын буын. Өткізу қызметінің құрылымы территориялық, тауарлық белгісіне қарай жасалынуы мүмкін. Компанияда ішкі және сыртқы немесе далалық өткізу қызметтері болады. Сыртқы өткізу қызметі – ол тапсырыс берушілерге өздері барып жұмыс істейтін агенттер. Ішкі өткізу қызметі – ол жұмыскерлердің кеңседен шықпайақ өткізу жұмыстарын орындау.
Өткізудің маркетингтік жүйелерінің түрлері өткізу арналарының құрылымына байланысты болады.


Скачать


zharar.kz