Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы

Скачать

Мұхит – Жер шарындағы ең көп таралған зат, осынау өзгеше минерал – судың басты сақтаушысы. Біздің планетада су қалайша пайда болған ? Бұл мәселені ғылым түпкілікті шешкен жоқ . Жер пайда болған кезде су материктік жер қырты-сы секілді, жоғарғы мантиядан бөлініп шыққан немесе біртіндеп жиналған деп жорамалдайды . Вулкандар атқылаған кезде , литосфера плиталарының созылу зоналарында мұхиттық жер қыртысы пайда болған сәтте Жер бетіне төгіле отырып, су қазіргі уақытта да магмадан бөлініп шығады. Әлі де миллиондаған жылдар бойы осылай бола бермек. Жер шарына судың бір бөлігі космостан келеді. Мұхит суының басты қасиеттері – оның тұздылығы мен температурасы .
Үнді мұхитының физикалық – географиалық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан . Мұхит солтүсті-гінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхиты-мен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шека-расы – Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді . Мұхиттың жағасы аз тілім- денген . Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығынақтары , Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз . Мұхиттың шекарасында ғана ірі арал-дар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Үнді мұхитының жағасы – ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалым-дар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұң-ғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәлі-меттер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген .
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челлен-джер» кемесімен шыққан аылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді . Қазіргі кезде ғылы-ми- зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициалар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде – «Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кеме-лер бар.
Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері –Ява шұңғымасын-да 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты , мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр , ол Африканың оңтүсті-гінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар , жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған . Жер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді . Қазіргі кезде олардың құрлысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лава-лардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп , Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзелгенін көрсетеді. Тынық мұхит – оны Ұлы мұхит деп те атайды- планета бетінің 1\3 –ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр. Мұхит сопақша пішінді экватор тұсында ерекше енді , сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит. Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген теңіздер жатыр . Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м –ден аспайтын қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары(Жапон, Охот және басқа ) өзара әсер еттін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен бөлінген .
Тынық мұхитта аралдар өте көп , олардың саны 10 мыңнан асады. Тынық мұхит-тың жағасы мен аралдарын мекендеген халықтар ертеден –ақ мұхитта жүзіп , оның байлықтарын игерген. Ф. Магелланның , Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтиже-сінде мұхит туралы мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянс-кийдің Жер шарын айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С.О. Макаров «Витязь» кемесімен комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициалық кемелер 1949ж. бастап жүйелі ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уақытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде арнайы халық-аралық ұйым құрылған. Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит табиғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары , түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағытіршілік , мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу үшін біздің елімізде , Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми – зерттеу орталығы құрылған.
Солтүстік Мұзды мұхит – Жер бетіндегі ең кіші мұхиттардың бірі. Мұхит Арктиканың нақ ортасынында орналасқан, ол Солтүстік полюстің айналасындағы мұхитты, таяу жатқан материк бөліктерін, аралдар мен архипелактарды қосатын кең-байтақ кеңістікті алып жатыр. Мұхиттың жағалары негізінен ойпатты, тек кей жерлерінде ғана таулы. Климат жағдайларының қатаңдығына байланысты халық аз қоныстанған және шаруашылық жағынан аз игерілген . Әдетте, бұл жазықты және батпақты тундыралар.
Мұхит аумағының елеулі бөлігі теңіздерден тұрады. Олардың көбі шеткі теңіздер, тек біреуі ғана ішкі теңіз болып табылады. Мұхитта аралдар көп- олар материктерге жақын орналасқан. Жаңа Жер , Новосибирск және басқа аралдар. Олар материктерге таяу орналасқан. Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеу- бұл бірқатар елдердің : ТМД , Норвегия , Швеция және басқа елдердің теңізде жүзушілерінің , саяхатшыларының және ғалымдарының көптеген ұрпақтарының қаһармандық ерліктерінің тарихы.
Сонау ерте кездерде жайпақ шағын қайықшамен және қайықтармен орыс адамдары – поморлар саяхатқа шығатын. Грумантте (Шпицбергенде) қыстап шығып , Обьтың сағасына қарай жүзетін. Олар балық аулауды кәсіп етті, теңіз аңдарын аулады және поляр суында жүзудің жағдайын жақсы білді .
Орыстардың теңізде жүзуі жөніндегі деректерін пайдалана отырып , ағылшындар мен голландықтар Европадан Шығыс елдеріне (Қытай мен Үндістан ) аса қысқа жолды іздеп табуға әрекет етті . Виллем Баренцтің XVI ғасырдың аяғында теңізде жүзуінің нәтижесінде мұхиттың батыс бөлігінің картасы жасалды.
Ұлы солтүстік экпедициясы (1733-1743 жж.) мұхит жағалауларын жоспарлы түрде зерттей бастады. Оған қатысушылар ғылыми ерлік жасап , Печора сағасынан Беринг бұғазына дейін жүзіп өтіп, жағалар мен теңіздерді картаға түсірді . Олардың көпшілігі есімдері (Челюскин , Лаптевтер және басқалары) картадағы географиялық атауларда қалды. Осы экспедиция жинаған деректерді зерттей отырып, М.В.Ломоносов Солтүстік Мұзды мұхит туралы алғашқы ғылыми түсінікті тұжырымдады: полюс ауданында теңіз түбінің көтерілуі мүмкін екені туралы өз ойын айтты, ағыстардың бағыттарын, мұздардың шығыстан батысқа қарай ығуын болжап берді. Орыстардың тәжірбиесіне сүйене отырып,XIX ғасырдың аяғында А. Норденшельдтің басшылығымен орыс- швед экспедициясы «Вега» шхунасымен жолда бір қыстап , батыстан шығысқа қарай мұхитты алғаш рет төтелей жүзіп өтті. XX ғасырдың басында бұл жолды Р. Амундсен қайталады. Мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың аяғында Ф. Нансеннің «Фрам» кемесімен ығуы кезінде және XX ғасырдың басында Г. Седовтың «Әулие Фок» шхунасымен полюске қарай жүзуі кезінде жинақталды. Россияда мұхитты зерттеудің жаңа жоспары жасалды. 1899 ж. адмирал С.О. Макаровтың жобасы бойынша дүние жүзіндегі ең тұңғыш «Ермак» мұзжарғыш кемесі жасалды, онымен поляр суында үш рет жүзу жүзеге асырылды және мұзды машина күшімен жеңуге болатыны дәлелденді.
Бір жүзу маусымында мұхит арқылы өтудің мүмкіндігін 1932 ж. кеңестік «Сибиряков» мұзжарғышының экспедициясы дәлелдеп берді. Осы экспедицияға қатысушылар О.Ю.Шмидтің басшылығымен тереңдіктерді, мұздың қалыңдығын өлшеді, табиғатқа бақылау жүргізді.
Кеңес ғалымдары Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеудің жаңа тәсілдерін талдап жасады. 1937 ж. шыққан мұзда алғашқы «Солтүстік полюс- 1» (СП-1) поляр станциясы ұйымдастырылды. Төрт кеңес поляршысы И.Д. Папаниннің басшылығымен мұз үстінде Солтүстік полюстен Гренланд теңізіне дейін қаһармандықпен ығып барды. Ағыспен осы ығу мұхитты зерттеу жөніндегі жаңа тәсілдің заманын ашты. Ықпалы станцияны қазірде ТМД, американ және канада поляр зерттеушілері кеңінен қолданады.
Сол 1937 ж. «Георгий Седов» мұзжарғышы мұз құрсауында қалды, сөйтіп ол қалқымалы ғылыми станцияға айналды. Ұзақ ығу кезінде экспедицияға қатысушылар мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы жаңа мәліметтер жинады. Солтүстік полюске жеткен кеңестік «Арктика» атом мұзжарғышы мұнда еркін жүзген алғашқы кеме болды. (1977 ж.).
Мұхитты зерттеу үшін қазір ұшақтар пайдаланылады, олар мұзға қонып, бір реттік бақылаулар жүргізеді. Космостан түсірілген суреттер мұхит үстіндегі атмосфера жағдайының өзгеруі туралы , мұздардың ығуы туралы мәлімет береді. Барлық осы зерттеулердің нәтижесінде Мұзды мұхиттың табиғаты (климаты туралы, органикалық дүниесі жөнінде) көп материал жиналды, оның түбінің жер бедері анықталды, түпкі ағыстар зерттелді.
Солтүстік Мұзды мұхит табиғатының көптеген құпиялары қазірдің өзінде белгілі, бірақ болашақ ұрпақтың ашатын жаңалықтары әлі көп, оның ішінде , сендердің де болуларың мүмкін .


Скачать


zharar.kz