Зоология пәнінен тест тапсырмалары
1. Қай ғалым гельминтологияның негізін салушы?
А) П.А. Петрищева;
В) Е.Н. Павловский;
С) К.И. Скрябин;
D) В.А. Догель;
Е) Е.И. Марциновский
2. Dracunculus medinensis (ришта) тудыратын ауруы.
А) дракункулез;
В) аскаридоз;
С) дифиллоботриоз;
D) элефантиазис;
Е) трихиниллез.
3. Екі жақты симметриялы, экто-энто-мезо-дермадан тұрады, денесі тері-ет қапшығымен жабылған, тері-ет қапшығының жиырылуы арқылы қозғалады. Бұл белгілер топтардың қайсысына тән?
А) губкаларға;
В) ішекқуыстыларға;
С) құрттарға;
D) буынаяқтыларға;
Е) моллюскаларға.
4. Ұзындығы 1-4,5 см, 100-200 сақинасы бар, даму сатылары бір иеде ғана өтеді. Бұл белгілер қай құртқа тән?
А) қарулы цепені;
В) қарусыз цепені;
С) эхинококк;
D) майда таспа құрт (ергежей);
Е) кең сақиналы таспақұрт;
5. Жалпақ таспа құрттың корацидия дернәсілі қайда дамиды?
А) ылғалды топырақта;
В) суда;
С) адамда;
D) шаянда;
Е) балықта.
6. Жалпақ таспа құрттың плероцеркоид дернәсілі қайда дамиды?
А) ылғалды топырақта;
В) суда;
С) адамда;
D) шаянда;
Е) балықта.
7. Адам жалпақ таспа құртпен қалай залалданады?
А) қайнамаған су ішкенде;
В) жуылмаған көкөніс жегенде;
С) шала қуырылған сиыр етін жегенде;
D) шала пісірілген шошқа етін жегенде;
Е) жаңа тұздалған немесе шала қуырылған балық етін жегенде.
8. Жалпақ құрттар типінің негізгі белгілерін атаңыздар.
А) парагастральды қуыстың болуы;
В) мезоглеяның болуы;
С) паренхиманың болуы;
D) алғашқы қуыстың болуы;
Е) миксоцельдің болуы.
9. Сиыр цепені паразиттердің қай тобына жатады?
А) қанды паразиттер;
В) қуысты паразиттер;
С) тканьді паразиттер;
D) клеткалы паразиттер;
Е) эктопаразиттер.
10. Құрттардың бұлшық еттері қандай ұрық жапырақшасынан дамиды?
А) эктодермадан;
В) энтодермадан;
С) мезодермадан;
D) эктодерма және энтодермадан;
Е) эктодерма және мезодермадан.
11. Жыныс тесігі, қынап, екі тармақты жатын, екі тармақты жұмыртқа өткізгіш, жіп тәрізді жұмыртқа (өткізгіш) безі. Бұл қай құрттың жыныс жүйесі?
А) жұмыр құрттардікі;
В) буылтық құрттардікі;
С) сорғыш құрттардікі;
D) таспа құрттардікі;
Е) көп қылтанды құрттардікі.
12. Жыныс диморфизмі қай құрттарда айқын байқалады?
А) буылтық құрттарда;
В) сорғыш құрттарда;
С) таспа құрттарда;
D) жұмыр құрттарда;
Е) кірпікшелі құрттарда.
13. Төмендегі құрттардың адамда “Піл” ауруын қоздырады?
А) Dracunculus medinensis (ришта);
В) Wachereria bancroti (банкрофт жіпшесі);
С) Enterobius vermicularis (балалар острицасы);
D) Trichinella spiralis (спиральды трихинелла);
Е) Ascaris lumbricoides (адам аскаридасы).
14. Жұмыр құрттардың дене қуысы:
А) аралас;
В) целом;
С) алғашқы қуыс;
D) паренхимаға толы;
Е) парагастральды қуыс.
15. Паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым...
А) протистология;
В) гельминтология;
С) акарология;
D) арахнология;
Е) энтомология.
16. Wuchereria bancrofti (банкрофт жіпшесі) тудыратын ауруы:
А) дракункулез;
В) аскаридоз;
С) дифиллоботриоз;
D) элефантиазис;
Е) трихиниллез.
17. Enterobius vermicularis (балалар острицасының) – тың ұзындығы:
А) 10 мм;
В) 5-10 см;
С) 10-18 мм;
D) 35-50 мм;
Е) 32-100 см.
18. Трематодтар үшін қоректенудің қандай типі тән?
А) фитофагия;
В) зоофагия;
С) некрофагия;
D) сапрофагия;
Е) капрофагия.
19. Тері-бұлшық ет қапшығы дегеніміз не?
А) эпителиймен паренхиманың жиынтығы;
В) эпителиймен базальды мембрананың жиынтығы;
С) эпителиймен зәр шығару жұйесінің жиынтығы;
D) эпителиймен ет талшықтарының жиынтығы;
Е) эпителиймен асқорыту жұйесінің жиынтығы.
20. Төмендегі топтардың қайсысында алғаш рет қан айналу жүйесі пайда болды?
А) буылтық құрттарда;
В) немертиндерде;
С) таспа құрттарда;
D) жұмыр құрттарда;
Е) кірпікшелі құрттарда.
21. Буылтық құрттар тыныс алады:
А) желбезекпен;
В) өкпемен;
С) кеңірдекпен желбезекпен және өкпемен;
D) бүкіл денесімен;
Е) кеңірдекпен.
22. Жауын құрты қай кластың өкілі:
А) көпқылтанды құрттар;
В) сорғыштар;
С) азқылтанды;
D) жұмыр құрттар;
Е) таспа құрттар.
23. Буылтық құрттардың ерекшелігі:
А) аралас қуыстың болуы;
В) целом қуысының болуы;
С) алғашқы қуыстың болуы;
D) паренхиманың болуы;
Е) мезоглеяның болуы.
24. Сүліктер паразиттердің қай тобына жатады?
А) қанды паразиттер;
В) эктопаразиттер;
С) қуысты паразиттер;
D) тканьді паразиттер;
Е) клетка ішілік паразиттер.
25. Буылтық құрттар типінің өкілдеріне симметрияның қай түрі тән?
А) екі жақты;
В) радиальды;
С) асимметрия;
D) екі сәулелі;
Е) симметрия жоқ.
26. Жұмыр құрттармен салыстырғанда буылтық құрттардың өзіне тән қандай ерекше белгісі бар?
А) денесі жоғарыдан төменге қарай жалпайған;
В) дене жамылғысында кірпікшелер бар;
С) қайайналым жүйесі бар;
D) көпшілігі паразитті тіршілік етеді;
Е) дене қуысы бар, ас қорыту жүйесі аналь тесігімен аяқталады.
27.Теңіз жұлдыздарының сезім мүшелері болып не табылады?
А) қарапайым көздер, амбулакральды аяқтар және қысқа 5 қармалауыштар;
В) тек күрделі көздер;
С) тек амбулакральды аяқтар;
D) тек сәулелердің соңындағы қысқа 5 қармалауыштар;
Е) статоцистер.
28. Амбулакральды жүйенің сұйықтығының құрамы қандай?
А) құрамы бойынша теңіз суына жақын;
В) белоктың аз мөлшері бар;
С) амебоциттері бар целомдық сұйық;
D) қышқылды ортасы бар;
Е) буынаяқтылар гемолимфасына жақын.
29. Тікентерілілер типінің ересек формаларына қандай симметрия типі тән?
А) винтті;
В) радиальды;
С) билатеральды;
D) қоссәулелі,
Е) шар симметриясы.
30. Теңіз жұлдыздарының тыныс алу мүшелері болып:
А) бір үлесін амбулакральды жүйе және тері желбезектері атқарады;
В) трахеялар;
С) майлы дене;
D) өкпе;
Е) бүкіл денесімен.