Кедендік төлемдер
Кедендік баж салығы –мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлем. Кеден ісін жүзеге асыру кезінде ҚР –ң кеден органдары ҚР –ң кеден заңдарында белгіленген кеден төлемдерін алады. Кеден төлемдері бойынша төлеушілер, есептеулердің, төлеудің, қайтарып берудің және кеден төлемдерін өндіріп алудың тәртібі, сондай –ақ жеңілдіктер ҚР –ң кеден заңдарымен анықталады. Кеден төлемдерінің ставкаларын ҚР Үкіметі белгілейді.
ҚР –ң кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және ҚР-ң кеден заңдарында белгіленген басқа да жағдайларда кеден төлемдерінің мынадай түрлері төленеді:
1. кедендік баж;
2. кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
3. тауарларды сақтау үшін кедендік алым;
4. кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
5. ҚР кеден органдарының лицензия бергені үшін алым;
6. кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым;
7. алдын ала шешім үшін төлемақы.
Жеке тұлғалар ҚР –ң кеден заңдарында белгіленген оңайлатылған тәртіппен тауарлар алып өткен кезде, жоғарыда көрсетілген кедендік төлемдер және салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
Кеден органдары алымдары мен төлемдердің ставкалары
Кеден төлемдерінің атауы
ЕВРО –мен ставка
Кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалар өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу үшін кеден алымдары
Жүктің кедендік декларациясының негізгі парағы үшін 50 евро және жүктің кедендік декларациясының әрбәр қосымша парағы үшін 20 евро
Тауарларды иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары (ашық орын)
Тәулігіне 1 шаршы метр үшін 0,17 евро
Тауарларды иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары (жабық үй -жай)
Тәулігіне 1 шаршы метр үшін 0,48 евро
Тауарларды иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары (жайластырылған үй –жай –арнайы жабдықтарды пайдалана, ерекше температуралық режимді және т.б. жасай отырып арнайы бейімделген үй –жай)
Тәулігіне 1 шаршы метр үшін 0,86 евро
Тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымдары:
50 км –ге дейінгі қашықтыққа
9 евро
50 –ден 100 км –ге дейінгі қашықтыққа
11 евро
100 –ден 200 км –ге дейінгі қашықтыққа
18 евро
200 –ден 400 км –ге дейінгі қашықтыққа
81 евро
400 –ден 600 км –ге дейінгі қашықтыққа
117 евро
600 –ден 800 км –ге дейінгі қашықтыққа
134 евро
800 –ден 1000 км -ге дейінгі қашықтыққа
206 евро
1000 –нан 1500 км –ге дейінгі қашықтыққа
293 евро
1500 –нан 2000 км –ге дейінгі қашықтыққа
455 евро
2000 км –ден астам қашықтыққа
599 евро
Ауданы мынадай кеден қоймасын құруға арналған лицензия бергені үшін алынатын алымдар:
1000 кв м дейінгіні қоса алғанда
9000 евро
1000 –нан 2000 кв м дейінгіні қоса алғанда
14000 евро
2000 кв м астамды қоса алғанда
19000 евро
Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар
20000 евро
Ауданы мынадай еркін қойманы құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар:
1000 кв м дейін
19000 евро
1000 кв м астам
28000 евро
Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар
8000 евро
Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бергені үшін алымдар
5000 евро
Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бергені үшін алымдар
5000 евро
Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар
200 евро
Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлем
50 евро