Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлері, сондай-ақ оқушыларда қалыптасатын танымдық дербеіктің бөліктері ескерілді. Сонымен қатар психологтердің, дидакт ғалымдарының және әдіскерлерінің ілгері еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамдық бөлігі ретінде нақты негізделген.
Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігі ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-әрекет жандандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты сабақ жүргіздің ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады (П.Пидкаеистыи, А. әбілқасымова және басқалары). Олай болса, оқушылардың дербес танымдық белсендігін арттырудың ең тиімді жолы.
Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктердің жоғары деңгейіне көтеру деп санайды.
Біздің зерттеудің нәтижесі қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылырдың білім, білік және дғдыларында кездесетін негізгі кемшіліктер мектептердегі білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктерінің төмендегінен деген қорытынды жасап отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық тұрғыдан алғанда оқу үрдісін дамытатын кез келген мәселені шешу арнайы ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен түсіндіріледі. Ендеше жоғары сынып оқушылары мен төменгі курс студенттерінде танымдық белсенділікті қалыптастыру біз тағайындаған психологиялық-педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттың бірі-сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармышылық тапсырмалар беру және т.б.) пайдалану. Екіншісі – оқу үрдісінде сабақтың барлық түрі жекелендіруге, оқуының өзіндік жұмысын дамытуға мүмкіндік беретін компьютер одан кейін техниканың мүмкіндіктерін қолдана білу.
Осыған байланысты біз оқушылар өз бетінше компьютерлік техниканың көмегімен орындауға арналған физиканың негізгі бөлігін қамтитын тапсырмалар мен деңгейлік есептер жүйесін жасадық. Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушы мен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғртыуға қабілеті әр түрлі оқушылыр мен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл кезде оқушының танымдық белсенділігінің дамытудың негізгі қажетті шарты –оқу үрдісін дараландыру.
Оқушылардың сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезіндегі танымдық өзіндік жұмыстарын бақылаудан байқағанымыз, олар тапсырмалардың түріне байланысты белсенділікті әр түрлі деңгейңн көрсетеді. Мысалы, алгоритмдік үлгі бойынша орындалған тапсырма өзінің жұмысқа төмен дәрежедегі дайындықты, ал шығармашылық сипаттағы тапсырмалар белсенділіктің жоғары дәрежесін талап етеді.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейіне анықталады. Оны тағайындау үшін біз мынандай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындаллуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
Танмыдық белсенділігі төмен оқушылар білімдерінің төмен екіндігін көрсетті: игерілетні материалдардың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байлансыты таба алмайды. Бұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальді түрде игереді, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен стандарттық емес үлгідегі тапсырмаларды орындауда оларға тапсырманың орындалу барсысы, шарттық жүзеге асуы және нақты әдістердің көрнекті үлгісінің жасау үшін мұғалімнің көмегі қажет болады.
Оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тұра тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан мұндай тапсырмаларды орындауда оқушыларға үнемі көмек қажет.
Қалыптасудың жоғары деңгейіне ие оқушылар қорытындылауда жоғары дәрежеге жетеді. Әр түрлі тапсырмаларды орындауда теориялық материалды игеруде белсенділік пен ынталылықты танытады. Игерілген тақырыптың логикалық байланысын еркін игереді. Олар стандартты және стандартты емес тапсырмаларды дербес орындайды. Шығармашылық тапсырмаларды не өзі, не мұғалімнің көмегімен орындайды. Осындай деңгейге ие оқушылар оқушылардың білім дәрежесі жоғары, олар өз білімін тәжірибеде еркін қолданады, тапсырма орындаудағы және мазмұн игерудегі қиындықтарды қиналмай жеңеді.
Бұдан шығатын қорытынды, берілген тапсымалар оқушылардың білім дәрежесіне сай болуы тиіс. Біздің зерттеуіміз бойынша, танымдық белсенділігін жоғары оқушылар күрделі тапсырмаларды таңдайды.Осыған байланысты оқушыларға берілетін тапсырмалары әр түрлі болып келеді. Оқушылардың білім, білік және дағдылар қалыптасуының деңгейін ескере отырып, компьютерлік техниканың көмегімен шешуге болатын тапсырмалар құрастыру олардың танымдық белсенділігін арттыруға әр қайсысының шығармашылық бастамасын дамытуға себеп болады. Сондықтан комьютерді қолдану арқылы өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалардың жинағы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың неғұрлым тиімді әдісі болып табылады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерін, деңгейлерінің өзгеруін бағалау үшін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі. Оның нәтижелерін төмендегі кестелерден көре аласыздар.
Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің өсу қарқыны.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесі бойынша, кезеңнен кезеңге өту барысында бақылауға арналған сыныптардан гөрі эксперименталді сыныптарда танымдық белсенділіктің деңгейі жылдам әрі қарқынды дамиды. Эксперименталді сыныптардың оқушыларының басым көпшілігі өте жақсы және жақсы деген баға алды, бұл көрсеткіш олардың танымдық белсенділігінің жоғары дәрежеде дамитынын көрсетеді.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесі эксперименталді сыныптарды оқушылардың оқу үлегрімінің жүйелі түрде өсіп отыратынын мынадай факторлар анықтап берді.
1. Оқу және оқудан тыс өзіндік танымдық белсенділікті арттыруда компьютердің жиі қолданылуы.
2. Барлық сабақта компьютерді кеңінен қоладну арқылы мәселелік жағдайларды туғызу.
3. Компьютерді қолдану арқылы үнемі бақылау және өзін-өзі бақылау.
4. Компьютерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін іс-әрекетке жүйелі түрде тарту теориялық білім санасын арттыруға және ол білімді одан әрі тереңдету қажеттігін түсінуге, олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
5. Компьютерді қолдану арқылы танымдық белсенділікті қалыптастыру үрдісі кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі білім базасын жасауда арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылардың білім және дағдыны игеруіне арналған негіз жасау, компьютердің көмегімен оқушылардың оқу үлгірімін бақылау және өзін -өзі бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.
6. Танымдық өзіндік жұмыс атқара білу қабілетінің қалыптасу үрдісі мотивті қалыптастыру білімді саналы түрде игеру дәрежесі, негізгі ойды бөліп алу және оқу - танымдық белсенділікті қорытындылау сияқты жан-жақты қызметі бар материалдың негізінде құрылады.