2-межелік бақылау
$$$ 51
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.
А. Не еткен соң?
В. Қайткендіктен?
С. Қалай?
D. Қашаннан бері?
Е. Не еткенше?
$$$ 52
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А. Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
В. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
С. Өмірінде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
D. Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
Е. Сын түзелмей, мін түзелмес.
$$$ 53
Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.
А. Кешке қарай.
В. Жалғыздың үні.
С. Қуанғанынан күлді.
D. Еріктен тыс.
Е. Жүргіріп келді.
$$$ 54
Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.
А. Жанар бар шынын айтты, өйткені анасын ренжіткісі келмеді.
В. Шұға мырс етіп күліп жіберді, оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.
С. Ол бірде бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.
D. Ақан шын сүйді, сол себепті өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.
Е. Біржан келесі өлеңін оқыған: мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.
$$$ 55
Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
А. Зат есім.
В. Етістіктің есімше түрі.
С. Сан есім.
D. Есімдік.
Е. Сын есім.
$$$ 56
Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
А. Бастауыш пен баяндауыштың арасында.
В. Бірыңғай мүшелердің арасында.
С. Атаулы сөйлемнен кейін.
D. Одағай сөзден кейін.
Е. Қыстырма сөзден кейін.
$$$ 57
Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А. Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.
В. Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
С. Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.
D. Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
Е. Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.
$$$ 58
Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Мен бір тарсыл естідім.
А. Толықтауыш.
В. Бастауыш.
С. Баяндауыш.
D. Анықтауыш.
Е. Пысықтауыш.
$$$ 59
Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз.
А. Бұл үйдің балалары естияр еді.
В. Бұл істі көпке қалдырмау керек.
С. Бұл күз айында болған әңгіме.
D. Бұл баланың таланты бар екен.
Е. Мен бұл жағын білмеп ем.
$$$ 60
Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
В. Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
С. Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
D. Айжан дүкенге кетті.
Е. Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
$$$ 61
Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз.
А. Қыздардың үлкені Майра да, кішісі – Сайра.
В. Қыздардың – үлкені Майра да, кішісі Сайра.
С. Қыздардың үлкені Майра да - кішісі Сайра.
D. Қыздардың үлкені - Майра да, кішісі - Сайра.
Е. Қыздардың - үлкені Майра, кішісі Сайра.
$$$ 62
Қос нүтенің қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.
А. Кезектес салалас.
В. Ыңғайлас салалас.
С. Себеп-салдар салалас.
D. Талғау мәнді салалас.
Е. Қарсылықты салалас.
$$$ 63
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.
А. Баланың кітабы.
В. Оқуды бітірді.
С. Көпір арқылы өту.
D. Менің оқушым.
Е. Хатқа жауап.
$$$ 64
Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А. Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
В. Ертең апам келеді.
С. Табиғаттың тұла бойы тұнған сыр, оның тілің білсең, ешқашан қор болмайсың.
D. Маған жақындан келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенің таныдым.
Е. Бүгін жаңа ай туды.
$$$ 65
Үстеудің сөйлемде негізінен қандай қызмет атқаратынын табыңыз.
А. Бастауыш.
В. Баяндауыш.
С. Анықтауыш.
D. Пысықтауыш.
Е. Толықтауыш.
$$$ 66
Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
А. Әлде, болмаса, өйткені.
В. Бірақ, неге десең, егер.
С. Алайда, себебі, онда.
D. Я, немесе, біресе.
Е. Мен, да, және.
$$$ 67
Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
А. Балалар далада ойнап жүр.
В. Жауап берсең ше.
С. Сен қашан келесің.
D. Келгеніңе қанша болды.
Е. Әттең, кешігіп қалдың-ау.
$$$ 68
Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А. Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.
В. Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.
С. Кең даланы сұлу сағым басты.
D. Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
Е. Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.
$$$ 69
Үстеудің қызметін анықтаңыз.
Жата-жастана қонуымызды өтінеді.
А. Пысықтауыш.
В. Бастауыш.
С. Анықтауыш.
D. Толықтауыш.
Е. Баяндауыш.
$$$ 70
Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз.
А. Алыстан дабырлаған дауыс естілді.
В. Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
С. Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті.
D. Жарқ етіп шам жанды.
Е. Шоқан қалжыңға түсініп, қарқ-қарқ күлді.
$$$ 71
Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз.
А. –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
В. –Абайды да білемін. Ол - Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
С. –Абайды да білемін? Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?
D. –Абайды да білемін, Ол Құнанбайдың өлеңші-баласы емес пе?
Е. –Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе.
$$$ 72
Дейін, шейін, таман шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
А. Жалғаулық.
В. Септеулік.
С. Болжалдық демеулік.
D. Демеулік.
Е. Шектік демеулік.
$$$ 73
Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
А. Бірыңғай толықтауыш.
В. Бірыңғай анықтауыш.
С. Бірыңғай баяндауыш.
D. Бірыңғай пысықтауыш.
Е. Бірыңғай бастауыш.
$$$ 74
Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А. Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
В. Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.
С. Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
D. Білім адамның – қанаты.
Е. Бозбаламын – мен де енді.
$$$ 75
Сын есім – қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Еркін сабағын жақсы оқитын.
А. Бастауыш.
В. Баяндауыш.
С. Анықтауыш.
D. Пысықтауыш.
Е. Толықтауыш.
$$$ 76
Сөйлемдегі сан есім қандай мағынада жұмсалған, сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз.
Еламан жеті-сегіздей балықшымен ұлы теңізге қарай беттеді.
А. Жинақтық, баяндауыш.
В. Топтау, пысықтауыш.
С. Болжалдық, анықтауыш.
D. Болжалдық, пысықтауыш.
Е. Бөлшектік, толықтауыш.
$$$ 77
Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемдегі көрсетіңіз.
А. Мен оқыған кітап қызық-ақ!
В. Түн.
С. Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
D. Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.
Е. Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.
$$$ 78
Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
А. Сан есім.
В. Сын есім.
С. Есімдік.
D. Етістіктің есімше түрі.
E Зат есім.
$$$ 79
Бірыңғай толықтауышты табыңыз.
А. Өмірді сүйген - өмірден орын табады.
В. Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.
С. Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.
D. Ақан жастайынын әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.
Е. Тәрбие тілден басталады.
$$$ 80
Салаластың түрін ажыратыңыз.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
А. Ыңғайлас.
В. Қарсылықты.
С. Түсіндірмелі.
D. Кезектес.
Е. Талғаулы.
$$$ 81
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
В.Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.
С.Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.
D. Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.
Е. Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.
$$$ 82
“Әлде” жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
А. Кезектес салалас.
В. Себеп-салдар салалас.
С. Ыңғайлас салалас.
D. Талғаулы салалас.
Е. Қарсылықты салалас.
$$$ 83
Бірыңғай мүше түрін анықтаңыз.
Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтқан.
А. Бірыңғай пысықтауыш.
В. Бірыңғай анықтауыш.
С. Бірыңғай бастауыш.
D. Бірыңғай баяндауыш.
Е. Бірыңғай толықтауыш.
$$$ 84
Толықтaуыш қатысқан қатарды табыңыз.
А. Мен жазда келдім.
В. Алға қарай тез адымда.
С. Ол да барар.
D. Асанда кітап бар.
Е. Жуырда келмекші.
$$$ 85
Екінші сөйлемдегі түсіп қалған сөйлем мүшесін табыңыз.
- Не мәселе туралы шақыртқаныңызды біліп отырмын.
- Сіздің ... білгеніңіз жақсы.
А. Баяндауыш.
В. Анықтауыш.
С. Толықтауыш.
D. Бастауыш.
Е. Пысықтауыш.
$$$ 86
Кезектес салаласты табыңыз.
А. Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.
В. Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олар тартылып қалады.
С. Қалада жаңа үйлер салынды.
D. Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып жүреді.
Е. Біз асыға кірдік.
$$$ 87
Себеп бағыңыңқы сабақтас құрмалас қандай сұраққа жауап береді, табыңыз.
А. Неліктен? Неге?
В. Не үшін? Қайтпек болып?
С. Қашан? Қашаннан?
D. Қайтсе де? Қайткенмен?
Е. Қалай? Не етпестен?
$$$ 88
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Марат домбыраның құлағын бұрап берді.
А. Берді.
В. Бұрап.
С. Марат.
D. Домбыраның.
Е. Құлағын.
$$$ 89
Кезектес салалас сөйлемді табыңыз.
А. Экологияны сақтайық, соған ат салысайық.
В. Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады.
С. Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын.
D. Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.
Е. Онымен әр кеңескен сайын әр түрлі жаңалықтар естимін.
$$$ 90
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А. Қыз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек.
В. Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
С. Күдері сөзінен Жақыпбектің жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, соңынан ұшып түрегелді.
D. Екпей егін бітпес, үйренбей білім бітпес.
Е. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.
$$$ 91
Қарсылықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңыз.
А. Баланың бас ұстазы – ата-анасы.
В. Өзің-ақ бар.
С. Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап.
D. Сөзге сараң, бірақ ісін орындайды.
Е. Жомарт қазіргісі мен кешегісін салыстыруда.
$$$ 92
1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Мен шаңғы теуіп жүремін.
В. Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді.
С. Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
D. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кежебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.
Е. Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.
$$$ 93
Сызықша дұрыс қойылған жерді табыңыз.
А. Көшірі – ұзын Байбол.
В. Класта жиырма бес – адам бар ма?
С. Осы – сурет көмесіне келдім.
D. Болаттың жасы-қырық бестерде ме?
Е. Қара жолмен өрлеп – бір арбалы келеді.
$$$ 94
Жыртық шапанның өңі жұртта жатқан шүберек тәрізді, сонда да жылуы бар.
Салалас түрін анықтаңыз.
А. Ыңғайлас.
В. Түсіндірмелі.
С. Талғаулы.
Д. Қарсылықты
Е. Кезектес.
$$$ 95
Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
А. Көрмес түйені - де көрмес.
В. Көрмес түйені де - көрмес.
С. Көрмес - түйені - де көрмес.
D. Көрмес - түйені де көрмес.
Е. - Көрмес түйені де көрмес.
$$$ 96
Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.
Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.
А. Пысықтауыш.
В. Анықтауыш.
С. Баяндауыш.
D. Толықтауыш.
Е. Бастауыш.
$$$ 97
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.
А. Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
В. Еңбек – жан рахаты.
С. Ол мәселені шешіп кетті.
D. Үйде екі-ақ адам отыр.
Е. Олар бір-бірлеп келе бастады.
$$$ 98
Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
А. Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.
В. Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.
С. Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.
D. Биылғы қыс суық болған жоқ.
Е. Бұның дұрыс болмады, - деп әкесі ренжіді.
$$$ 99
Қарсалықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, 2 сөйлем арасында не қойылатынын белгілеңіз.
А. Үтір, дефис.
В. Нүкте.
С. Үтір, сызықша.
D. Үтір.
Е. Қос нүкте.
$$$ 100
Ыңғайлас салаласты табыңыз.
А. Ол үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды.
В. Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.
С. Асыл тастан, өнер жастан шығады.
D. Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қаттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар.
Е. Оның жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.