Нанохимия
Нанохимия- нанобөлшектердің құрылымы мен өзгеру ерекшеліктерін зерттейтін химия саласы. Нанохимияның ерекшелігі мөлшер эффектінің болуы, яғни бөлшектердің атом немесе молекула өзегеруінен физика-химиялық қасиеттердің және реакцияға ұшырау белсенділігінің сапалық өзгерісі. Әдетте бұл эффект 10нм көлемнен кем бөлшектерде байқалады, бірақ бұл шартты өлшем болып келеді.
Қолданысы
Медицинада
Нанохимияның жоғары дәрежеде зерттелген қолданысы медицина болып табылады. Күннен қорғайтын крем нанохимия арқылы жасалынады. Бұл крем құрамында титан диоксиді мен мырыш оксидінің нанобөлшектері бар. Нанобөлшектер теріге зиянды ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп, терінің зақымдануын болдырмайды.
Нанохимия жарақат пен түрлі зақымдардың тез жазылуына ықпал ете алады. Электроспинниг- биологиялық тұрғыда ұлпа инженериясында қолданылатын полимеризациялық әдіс, бірақ жара жазылуында дәрі жеткізуін қамтамасыз ете алады.
Зерттеулер бойынша, күміс нанобөлшектерінде вирус пен бактериялардың ингибирленуіне жағымды ықпал ететін қасиеттер бар екені анықталды.
Ұлпа инженериясы
Нанохимияны имплантация процессінің қарқынды дамуына әсер тигізуде, себебі жасушалар нанотопографияға өте сезімтал болып келеді. Қажетті жағдайлар жасалғанда, 3-д қаңқа жасушалардың мүшеде қалыпты өсуін қамтамасыз етеді.
Катализ
Нанобөлшекті ферменттердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Олардың өте кішкентай мөлшерлері, оларды оптикалық, магниттік, электронды және каталитикалық қасиеттермен қамтамасыз етті.
Нанохимияның зерртеу бағыттары
Наноманипуляторлар арқылы атомдардан ірі молеклалардың құрастырылу әдістерін әзірлеу, атомдардың молекулаішілік қайта топталуының механикалық, электр және магниттық әсерлерін зерттеу
Нанокристаллдардың құрастыру әдістерін әзірлеу; наноқұрылымдардың синтезі
Наноқұрылымдардың физико-химиялық теориялардың әзірленуі, наноқұрылымдардың деградациясын болдырмайтын жолдарды ойластыру
Химияға және мұнай өнеркәсібіне қажетті катализаторларды жасау, нанокристаллдардың каталитикалық реакция механизмін зерттеу
Наноқұрылымдардың биологиялық ұлпалардағы синтезі
Зерттеу жұмыстардың мақсаты, функционалды машиналарды дайындау. Бұл машиналар өз кезегінде келесі заттармен қамтамасыз етеді:
Химя өнеркәсібі мен лабороториялық тәжірибе жұмыстарына қажетті жаңа катализаторлармен
Химиялық деградацияны болжайтын әдістемелермен
Жаңа дәрілердің алынуын
Жаңа химиялық сенсорлармен; сенсорлардың сезімталдығын өсіретін әдістемелермен