Әрекет конфликтілері

Скачать

ЭССЕ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ТАРТЫС

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Тартыс, конфликт (лат. conflіctus – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы.
Дау-дамай (конфликт) - адамдардың санасындағы, қатынастарындағы жағымсыз сезімдермен байланысты карама-карсы бағыттардың тоғысуы.
Дау-дамайлық қатынастар мен әрекеттердің негізінде бір-бірімен сәйкес емес, бір мезгілде жүзеге аса алмайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер, құндылықтар жатады. Дау-дамайдың турлері: тұлға ішіндік адам (өзімен-өзі келіспейді), түлғааралық (екі адам арасында), топаралық (екі топ арасында), тік (бастык пен қызметкер арасында), көлденең (әріптестер арасында). Субъективті себептерді былай қойып, объективті қайшылық болған кезде де дау-дамайға қатысушылардың психологиялық хал-ахуалы төмендейді, жағымсыз сезімдері туады.
Дау-дамайдың себептерін, құрылымын, дамуын және қызметін карастырайық. Дау-дамайдың психологаялық құрылымын екі ұғым: "дау-дамай жағдаяты" және "инцидент" арқылы түсінуге болады.
Дау-дамай жағдаяты - дау-дамайдың нақтылы негізі, екі жақтың қызығушылығы мен қажеттілігі арасындағы нақтылы қайшылық. Бұл әлі дау-дамайдың өзі емес, нақтылы болмыстан қайшылықты ұзаққа дейін бірлескен әрекетке қатысушылар саналы түрде қабылдамай жүре береді.
Инцидент - дау-дамай жағдаятын саналы түрде түсіну.
Қазіргі заманда тартыс(дау-дамайды, конфликті) мәселесін зерттейтін ғылым саласы – “Конфликтология” деп аталады.
Педагогикалық конфликт түрлері
Әдебиеттерде педагогикалық конфликт түрлері өте көп аталады. Мысалы, конфликтіге түсуші субъектілерге байланысты педагогикалық конфликтінің төменедегідей түрлері кезедеседі.
Сызба 12. Қатысушы субъектілерге байланысты педагогикалық конфликт түрлері

Пратикада мұғалім-оқушы және оқушы-оқушы, мұғалім-ата-ана конфликтілері жиі кезедеседі.
Сызба 13. Педагогикалық конфликт түрлері

Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-қарсы келетін мақсатттарды орындау барыснда іс-әрекетте туындайтын конфликтілермен сипатталады.
Топаралық конфликт – бұл әлеуметтік топтар арсында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.
Тұлғалық-топтық конфликт - тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды.
Конфликтінің туындау себептеріне байланысты конфликт түрлері(М.М.Рыбакова бойынша) :

• Іс-әрекет конфликтілері;
• Қарым-қатынас конфликтілері;
• Әрекет конфликтілері.
Іс-әрекет конфликтілері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады.
Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда тунындайды.
Әрекет конфликтілері мұғалімнің конфликтіні шешуде туындаған кез келген қателіктері жаңа мәселелер мен конфликттер туындатады. Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді шешуден қарағанда оның алдын-алу жеңіл.
Мұғалім конфликт барысында өзінің позициясын анықтап алғаны дұрыс, себебі сынып оның жағында болған жағдайда конфликтіден шығу жеңіл өтеді.
Қарым-қатынас конфликтілері – педагогтың проблемалы ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе ұзақ мерзімге созлады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқа ие болады, оқушының мұғалімге деген жек көрушілік сезімін туындатады. Сондықтан қарым-қатынастағы тартыстан абайлап жүргеніміз артық.


Скачать


zharar.kz