Гимнастика
1. Гимнастика сабақтарының қауіпсіздік ережелері
1. Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындау кезінде жарақаттанып қалудан сақтану керек. мысалы, 2-3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды.
2. Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.
3. Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек.
4. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсіру керек
5. Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатыңсыз немесе команда берілмей бастауға болмайды.
6. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
7. Мұғалімнің немесе әріптесінің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды.
8. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.
9. Сабақта, үзіліс кезінде және басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай, күрделі жаттығулар орындауға болмайды.
10. Қандай да бір жаттығуды орындағанда, әсіресе, доп ойнап жүргенде әріптестермен де, қарсыластармен де өте әдепті, сыпайы қатынаста болу керек. Себебі спортшы басқаға күш көрсетуден, мен спортшымын деп мақтанудан, тағы басқа да жағымсыз қылықтар спортщының беделін түсіреді.
2. Дене мүшелерінің негізгі қимылдары.
Дене тәрдиесі қатысты қимыл, қозғалыс немесе қимыл-қозғалыс деген сөздер үнемі қолданылып келгені белгілі. Бұл атаулардың әрқайсысының өзіндік мәні бар. Мысалы, ойындар ойнау, жаттығулар орындау, жүгіру кездерінде адам бір орыннан екінші орынға ауысады. Мұны дене тәрбиесінде қозғалыс деп атайды. Ал енді адамның бір орында тұрғаның өзінде оның дене мүшелері түрлі қозғалыстар жасайды. Мұны дене тәрбиесінде қозғалыс деп атайды. Ал енді адамның бір орында тұрғанның өзінде оның дене мүшелері түрлі қозғалыстар жасайды. Мұны дене тәрбиесінде қимыл деп атайды. Мысалы, қол бүгіледі, жазылады, сермеледі, жазғанда саусақтар қимылдайды; бас оңға, солға бұрылады; кеуде еңкейеді, шалқаяды; беломыртқа оңға, солға бұрылады, тіпті белгілі мөлшерде айналады; аяқты сілтейді, аяқпен тебеді, қолды сермейді және т.б.
Сапқа және қатарға тұру жаттығулары
Гимнастика сөзі грек тілінде жалаңаш жүріп жаттығулар орындау деген ұғымды білдіретіні белгілі. Ертедегі Грецияда ата-ана өз балалары дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшін, оларды арнаулы гимнастикалық мектептерде оқытқан.
Гимнастика спорттың бір түрі реттінде спорттық гимнастика мен көркем гимнастиканы, акробатика мен ырғақты (ритмикалық) гимнастиканы және еркін жаттығуларды, сондай-ақ, жалпы дамыту жаттығуларын құрайды.
Команда негізінен екі бөлімнен тұрады: біріншісі – дайындық бөлімі, екіншісі – орындау бөлімі. Мысалы, Оңға бұрыл!, Солға бұрыл!, Артқа бұрыл! деген командалардың оңға, солға, артқа деген сөздері – дайындық бөлімі де, бұрыл сөзі – орындау бөлімі. Тез әрі нық айтылады.
Артқа бұрыл! деген команда беріліп, бір дегенде сол аяқтың өкшесі мен оң аяқтың басын бірден артқа бұрып, екі дегенде, оң аяқты сол аяқтың жанына әкеліп қою керек.
Адымдап жүр! деген команда берілгенде, жүруді сол аяқтан бастайды.