Қонақ үйдің даму тарихы
Әрбір кәсіпорын белгілі бір мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшн кұрылады. Кәсіпорын басшыларының негізгі міндеті -ұйымның мақсаттары мен міндеттерін мүмкіндігінше жақсы және табысты деңгейде атқару. Ең тиімді немесе ең табысты болу басқарудың өнімділік түсінігіне басқаша айтқанда ұйымдық тиімділігіне қарай белгіленеді.
Ұйымнын бар болуы қызметкерлерге, ал қызметкерлердің әрекеті ұйымдағы және ұйымнан тыс адамдардың мақсат және әрекеттерінен негіз алуына және осы адамдардың ортаның негізгі элементтері болуына байланысты олардың ұйымдық тиімділігін белгілейтін басты фактор болып табылады.
Қонақ үй кәсіпорындары ғаламдасқан әлемде қатаң бәсеке шарттарына қарамастан өмірін сақтап қалуға, дамуға, тіпті жаңа орын алуға тырысуда, барлық жүйелер ұдайы өзгеріс жағдайында тұр. Барлық жүйелер экономикалық, саяси және ұйымдық болып өзгеру керектігін біледі.
Ғаламдасқан бәсеке жеке және ұйымдық өзгерудің қаншалықты керек екендігін түсінуді қамтамасыз етуде. Қазір әлем көптеген кәсіпорынның жұмыс істеу әдістерін өзгертуді керек етеді, өзгеру процесінен өтіп жатқандығы байқалады. Бұл өзгерістерге мойынсүнбайтын адамдардың өнімдері мен кәсіпорындарының аз уақытта артта қалатындығы ақиқат.
Бұл өзгерістер кәсіпорындарды бәсекеге алып келеді. Ғаламдасу процесі экоңомикалық әрекеттердің өндіріс секторындағы салмағын қызмет секторына ығыстырған. Осының нәтижесінде әлемдегі қызмет өндірісінің тауар өндірісінен жеті есеге өскені байқалады. Ғаламдасудың тағы бір маңызды нәтижесі — тұлға құнының екі жақты артуы. Ғаламдасудың тұлға тұрғысынан алғандағы маңыздылығының бірі - тұлғаның тұтынушы ретінде құнының артуы. Екіншісі -кәсіпорындарда адам ресурсы ретінде маңызының артуы. Ғаламдасумен бірге бәсеке шарттарының қиындауы өнім немесе қызмет өндірісінде айырмашылық жасау үшін адам ресурсының сапасын және қабілетін арттыру керек. Өндіріс процесінде технологияның барлық жерде және жоғары сапада болуы қажет. Қонақ үй кәсіпорындары тұрғысынан қарағанда осы ілгері технология сапалы адам күшінің қызметіне берілсе өндіріс пен қызмет стандарттарында өзгеріс жасауға болады.
Қонақ үй кәсіпорындарында ұйымдасқан тиімділік:
Жалпы мағынада ұйымдық тиімділік ұйымның мақсаттарына өнімді түрде жету дәрежесі болып табылады. Ұйымдық тиімділік деп көрсететін бір ғана нәрсе жоқ. Ұйымдық тиімділік барлық ұйымға қатысты ұғым және бір жерге жинағанда кейбірлері мағынасын жоғалтатын бірқатар бөлшектен тұрады. Осы тұрғыдан ұйымдық тиімділікті тәжірибелік ұғым ретінде қарастырып, белгілі бір теория бойынша бағаландыру керек.
Басқа бір анықтама бойынша ұйымдық тиімділік ұйым жүйесінің негізгі жұмыстарын, мақсаттарын жүзеге асыру, қызметкерлерге қолдау керсетіп, тұрақтылығын қамтамасыз ету және сыртқы ортамен үйлесім арқылы бақылауды жалғастыру мағынасын береді.
Ұйымдық тиімділік ұйымның табыстылық, өнімділік және беріктік дәрежесін белгілейтін ұғым болып табылады.
Тиімділік - ұйымдардың анықгалған мақсаттарына жету мақсатында жүзеге асырған белсенділік нәтижесінде осы мақсаттарға жету дәрежесін белгілейтін өнімділік өлшемі.
Тиімділік мақсаттардың жүзеге асу деңгейін кәсіпорынның шығыңдарымен басқаша айтқанда алынған нәтижелерімен байланыстырып белгілейді.
Осы ерекшелігіне байланысты тиімділік кәсіпорын деңгейіңде
жиынтық өнімділікті көрсететін ең маңызды өнімділік өлшемі
болып табылады. Өйткені, алынған нәтижелер - басқарушылар мен
қызметкерлердің әрекет, білім және тәжірибелерінен, қолданылған
технологиялық әдістерге, тіпті сыртқы ортамен байланысына
қатысты еңбектің жемісі.
Тиімділіктің -көздеген мақсаттары жалпы кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаттары болып табылады. Мысалы, қысқа мерзімді сату немесе пайданы арттыру сияқты мақсаттар тиімділік көлемімен қарастырылатын мақсаттар болуы керек. Қысқа мерзімде түсірілген табыстар мен пайданың артуы кәсіпорынның ұйымдық тиімділігі деп саналмауы керек. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді табыстарын қысқа мерзімді табыстарға қарай бағалау қателігінен басқарушыларды сақтау жолын көрсететін кұрал деп қарау керек.
Тағы бір анықтама бойынша тиімділік кәсіпорында таңдалған мақсаттар мен атқарылған жұмыстардың лайық және дұрыс екендігін, бұл жұмыстардың өз уақытында, сапалы түрде және талап етілген мөлшерде атқарылып-атқарылмағандығының көрсеткіші деп қабылданады. Бұл жердегі сапа өндірісте өнімнің көзбен бақыланатын ерекшеліктерінен талап етілетін сападан басқаша.
Мұндағы өнім немесе қызметтен түсетін пайдамен есептеледі. Мысалы; тұтынушының талаптарының орындалуы жүзеге асырылған нәтежиенің кәсіпорынның мақсаттарының жүзеге асуына қосатын үлесі.
Көсіпорыннның өнім және қыззметтердің мақсаттарды жүзеге асыру қабілетіне қарай бағаландырылғанда тиімділік туралы айтуға болады.
Қонақ үй кәсіпорындарының өзгеруіне және кәсіпорын басқару түсінігінде пайда болған өзгерістерді екі тақырыпта қарастыруға болады.
Олар:
-Қонақ үй кәсіпорындарының ұйымдық құрылымында туындаған өзгерістер,
- Конақ үй кәсіпорындарының басқару түсінігінде
таңдаған өзгерістер.
Қонақ үй кәсіпорнының ұйымдық құрылымы қызметкерлер, жұмыс барысы, бір-бірімен және басқарушылармен байланысын реттейді. Ұйымдық құрылым деген төменде көрсетілгендерді қамтиды:
Қонақ үй кәсіпорны ішіңдегі бөлімдерге анықтама беру;
Басқару түрі;
Қызметкерлердің жұмыстары мен міндеттерінің
анықтамасы;
Басқарушылардың бақылау саласы;
Құқықтың қалай және қаншалықты қолданылатындығы;
- Жұмыс саласы.
Бәсеке артқан ортада шапшаң және икемді әрекет жасай алатын кәсіпорыңдар жетістікке жетеді. Сол себептен, ғаламдасу процесіне үйлесім құруда кәсіпорындардың құрылымы маңызды роль ойнайды. Қатаң бюрократиялық және иерархиялық ұйым кұрылымына ие кәсіпорындар ғаламдасу алдындағы ең үлкен кедергі ретінде қабылданады. Қазіргі кезде ең жақсы ұйымдық құрылым - өзін-өзі басқара алатын құрылымдар. Бұл құрылымда сатушылар, қонақтар және әріптестерімен горизонтальды байланыс жасайтын икемді жұмыс топтары бар. Әр топтың мүшелері жасаған істеріне, өндірілген өнімге және ұсынған қызметіне жауапты. Жұмыстарын басынан аяғына дейін өздері жоспарлап, басқарады және жүзеге асырады. Бөлімнің басшысы болса да жауапкершілік барлық мүшеге тән.
Қонақ үй кәсіпорнының құрылымы өзгеріске кедергі болмауы керек. Тез ойланып, тез шешім қабылдауды талап ететін ғаламдасқан жұмыс әлемінде кәсіпорын құрылымының иерархиялардан және қатаң бюрократиялық қағидалардан арылуы керек. Өйткені, қонақ үй кәсіпорындарында тауар мен қызметті ұсынған кезде тұтыну мәжбүрлігі бар.
Қонақ үй кәсіпорынының болашағына қатысы бар өзгермелі процестерді ең жақсы атқаратын адамдармен жұмыс істеу жетістіктің негізгі қөзі болып табылады; Ұйымдар _ қаншалықты қозғалмалы және ағымды болса,тасымал шешім қабылдау және топтың жұмысы соншалықты табысты болады. Иерархиялық сатыларды азайту жетістік үшін қажет. Жұмысты байыту қызметкерлердің бір-бірімен араласуын қамтамасыз етіп, тәжірибелерін арттырады. Қызмет барысында жаңа пікірлер қалыптасады, ал бұл өзгеріс пен ұйымдық тиімділікті тездетеді.
Қазіргі кезде өзгерісті меңгерген кәсіпорындар білім мен тәжірибе мамандарының, яғни элита әріптестердің ұйымы болып табылады. Ешқандай білім басқа білімнен жоғары деңгейде болмайды. Әрқайсысының орны өзінен шыққан үстемдік немесе төмендікке қарай емес, ортақ мақсатқа тигізетін үлесіне қарай анықталады. Жаңашыл құрылым - басшы мен қызметкерлердің ұйымы емес, бір жерге жиналған маман адамдардан құралған топтың ұйымы. Барлық ұйым басқарылады, алайда мәлімет ұйымында бұйрық беру емес, бағыт беру - басты нәрсе.
Классикалық басқару функцияларында басқарушының
қызығушылық ортасы жұмыс болып табылады. Жұмыс
жоспарланады, ұйымдастырылады және бақыланады. Өзгеру
процесіне сәйкес жаңашыл басқару түсінігінде қызығушылық
ортасы жеке тұлғаға аударылған. Білім алатын, қолдау көрсетілетін,
ынталандырылатын, негізгі жұмысты атқаратын — жеке тұлға.
Құқық беру - әр сатыдағы адам немесе топтың өз білімдерін
пайдалану арқылы инициатива алу және оларға мәселелерді шешуге
құқық беру және осы адамдардың білім, тәжірибе және мотивация
деңгейлерінің осыны жеткілікті қолдана алатындай болу процесі.
Құқық беру - құқық тапсыру емес, төменгі басқару штаттарыңда
құқық қолдануды қамтамасыз ететін белгілі шарттардың дамытылуы
деген мағынаға келеді. Басқарушылардың өз құқық және
жауапкершіліктері құрамына кіретін мәселелерде қарамағындағыларды жетілдіріп, оларға осы құқық пен жауапкершіліктерді беруі деген сөз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Ахипашоглы. 2001ж. 73-74 бб.
2. Мансини. 1996. 6 б.
3. Мысырлы. 2002. 151 б.
4. Галларза. Саура және Гарсия. 2001.