№ 2 семинар тақырыбы: Мектепте,сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау
1.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Білім туралы заңмен салыстыру.
Күшті жақтары:
1. білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
2. мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;
3. білім берудің әрбір деңгейі бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;
4. қазақстандық білім беру құрылымының Білім берудің халықаралық стандарты жіктеуішімен сәйкестігі;
5. техникалық және кәсіптік білімді қайта құрылымдау;
6. Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;
7. TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;
8. Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.
Әлсіз жақтары:
1. білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
2. педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;
3. педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
4. жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
5. балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;
6. білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;
7. білім беру саласында мемлекеттік – жеке-әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жүйесі толық дамымаған;
8. білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;
9. білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және білім алушыларға қолжетімсіз;
10. мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;
11. жалпы орта және жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;
12. білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
13. ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;
14. инклюзивті білімнің нашар дамуы;
15. ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;
16. колледждер мен ЖОО бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы;
17. жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.
2.12 жылдық оқыту моделіне көшу негізінде өз мамандығыныз бойынша Қуаныш мектебі атты білім ордасының жобасын жасаңыз.
Менің мамандығым болашақ шет тілдер мұғалімі. Менің Қуаныш мектебі басқа мектептерге ұқсамайды. Бастауыш мектептін оқыйтын мерзімі-4 жыл.Жалпы орта білім беретін мектептін оқыйтын мерзімі-6 жыл. Жоғарғы білім беретін мектептін оқыйтын мерзімі-2 жыл. Бірінші сыныптан бастап ағылшын,қытай тілдерін оқытамын.Мектепте бір жалпы форма болады.Өз мектебімді Еуропа мектептеріне ұқсатамын.Мынадай пәндер енгіземін: “Тіл және әдебиет”, “Математика”, “Жаратылыстану”, “Қоғамтану”, “Технология”, “Өнер”, “Дене шынықтыру”, “Адамтану”. Педагогикалық кадрларға жас маммандарды алғым келеді.Өйткені,жас мамандардын білімінің арқылы ғана біз елімізді алға шығарала аламыз.