Орал гуманитарлық техникалық
колледжінің 5 КШТ тобының студенті
Клемеова Лаураның байқау
машығына арналған дәптері
Орал 2015 жыл
Орал гуманитарлық техникалық
колледжінің 5 КШТ тобының студенті
Кумаков Қуаныштың машық өткізген сабақ жоспары
2015-2016 оқу жылы
Шебердің қолы ортақ 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шебердің қолы ортақ
Сабақтың мақсаты: Жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Өнер туындыларын эстетикалық талғам - мен қабылдау қабілеттіліктерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, бұйым жасау түрлеріндегі іс - әрекетке білімі мен шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Бұйымның тиімділігі мен қажеттілігін түсініп топтаса отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеу, кезінде уақытты тиімді пайдаланып, жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, қазақ тілі, валеология, т. б.
Сабақ әдісі: Сайыс сабақ.
Құрал – жабдықтар: Жіп, ине, қайшы, түрлі – түсті қағаз, пышақ, тақта, т. б.
Сабақтың өтілу барысы: Сабақты оқушыларды екі топқа бөлу арқылы сайыс сабағын өткізу. Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
7 ә сынып қыздар арасында, екі топтың қатысуы арқылы, командаға ат беру.
Топтардың аты: Іскер тобы, Шебер тобы.
1 - кезең. Топтың аты, ұраны, эмблема.
2 - кезең. Оюшылар текемет оюын ояды.
3 - кезең. Мақал – мәтел жарысы.
4 - кезең. Кесте тігу.
5 - кезең. Ұлттық қолөнерге байланысты, қоржыннан екі топ 4 сұрақтан алып жауап береді.
6 - кезең. Сөз беріп, сол әріптердің ішіненбірнеше сөз құрау.
7 - кезең. Салат жасау.
Қорытынды бөлім: Әділқазылар алқасы екі топтың жұмыстарын бағалап, толықтыратын жерлерін көрсетеді, жеңімпаз топты анықтайды. Оқушылардың еңбегіне қарай орындар беріп марапатталады.
Сабақтың көрнекілігі:
... Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.
Әл - Фараби
Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән.
Еңбек үйренемін десең жерікпе.
Баппен бастап, талғаммен аяқта.
Осы қанатты сөздер көрнекті жерге ілінеді.
Жүргізуші:
Уа, халқым аманбысың, армысың,
Көңілі көктем арулары бармысың.
Мерекеге сән беретін аруларды
Мына отырған көрерменім қолдасын.
Болады қыздың аты затына сай.
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі,
Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі.
Салт - дәстүр мирас болып бізге жеткен,
Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі.
Халқымыз Шебердің қолы ортақ деген, он саусағынан өнері тамған Іскер тобы мен Шебер тобының өнерін көрейік.
Жүргізуші:
1. Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1 - топ басшысы: Бисенбин Шәмшәт
2 - топ басшысы: Сәбденбекова Айдана
1 - топ топтың аты, ұраны, эмблема.
2 - топ топтың аты, ұраны, эмблема.
2. Түрін – ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой қошақаным өзіме! деп,
Әжем кеп сипағандай шашымды жай.
Күйімді кешсеңдер - ау сол беттегі,
Тұрғандай ана - көңілі тербеп мені,
Жан бітіп жайраңдады жан - жағымнан
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
Ою ойғанның ойы ұтқыр. Екі топтың қыздары текемет оюын ояды. (5 минут).
3. Салт – дәстүрге байланысты мақал – мәтел жарысы. ( 5 минут).
4. Гүл өсірсең терлеп – мұның аты еңбек,
Кесте тіксең зерлеп – мұның аты еңбек,
Сабағыңа жөндеп, әзірлесең еңбек,
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Қазақ халқында Өнерлінің қолы алтын деген сөз бар, екі топтың кестешілері кесте тігеді. ( 7 минут).
5. Ұлттық қолөнерге, салт – дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.
1. Қазақ қыздарының бас киімі. ( Сәукеле )
2. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. ( Сырмақ )
3. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал. ( Оймақ )
4. Ең көне ою. ( Қошқар мүйіз )
5. Жеңсіз жеңіл киім. ( Камзол )
6. Кестеге арналған матаның аты. ( Шыт )
7. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтың үй жиһаздарының бірі. ( Түскиіз )
8. Кестеге арналған ине қандай болу керек? ( Жіңішке және қысқа )
6. Дастарқан деген сөздің ішінен, бірнеше сөз құрау. (1 минут )
7. Жақсы ісі шығарар адам атын,
Танытқандай мөр қасқаны маңдайымнан.
Тәтті қолмен жасалған дәмді астың,
Дәмі кетпес талай уақыт таңдайымнан.
Ас адамның арқауы - қыздардың салат жасау уақыттары келді. Ортаға салат жасаушы қыздарды шақырамыз. ( 7 минут)
Әділқазылар алқасы, екі топтың бағасын қорытындылап, жеңген топқа марапаттау қағазын табыс етеді.
Жүргізуші:
Қолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен жыр кестесін аяқтаймын,
Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін.
Сабақтың соның Әнұранмен аяқтадым.
Гүл композициясын құрастыру
Сабақ жоспары.
Сыныбы: 7.
Тақырып: Гүл композициясын құрастыру.
Мақсаты: Гүл композициясына толық түсінік беру.Табиғи материалдардан гүл құрастыру және оның жасалуын түсіндіру.
Білімділік: Гүл композиция түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: Ойлауды танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Тазалыққа, ұқыптылыққа дағдыландыру, көркемдік талғамды, икемділікті қалыптастыру, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа тақырып.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сарамандық.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, биология, бейнелеу өнері, орыс тілі.
Көрнекілік: Суреттер жинағы, тақта, дәптер, қалам, карандаш. Гүл түрлері слайд. Үй гүл өсімдіктерінің түрлері. Гүлістан журналы.
Құрал – жабдықтар: қайшы, ұсақ тастар мен гүл орайтын фольга және корзина, паралон қиындылары, түрлі түсті таспалар(лента). Жасанды гүл түрлері және кепкен жапырақтар мен гүлдер.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- сәлемдесу
- түгендеу.
- оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
- оқушыларды топқа бөлу.
- жұмыс орнын дайындау.
- ТҚЕ айтып кету.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мүйіз типті ою өрнектерді қағаз бетіне жасап келу.
( І. Қызығушылықты ояту) Кім жылдам?.
Қандай гүлдердің атауын біледі екенбіз?.
Мына гүлдердің орысша атауын табыңыздар?.
Қазтамақ - герань, шегіргүл – фиалка, раушан - роза, түймедақ - ромашка.
Қазтабан гүл - гусиные лапки, жасаңшөп - толстянка т. б.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Композиция (латын сөзі – kompositio – құрастыру, тәртіпке келтіру) – көркем шығарманың құрылысы. Гүл композициясы дегеніміз - гүлмен көркемдеп құрастыру.
Енді біз әр түрлі гүлдерді корзинаға әдемілеп үйлестіріп сыйлық гүл жасаймыз.
Жұмыстың орындалуы
- Корзина дайындап алу.
- Паралонның қиындысын корзина түбіне шақтап орналастыру
- Паралон бетіне ұсақ тастарды салу (тастарды әр түрлі түске бояуға да болады).
- Жасанды гүлдерді желіммен паралонға жабыстыру.
- Өз қиялымен әрлеп жасау.(жапырақтар салып, кепкен бұтақтарды қолдану).
(ІІ. Мағынаны ашу). Берілген мақалдың мағынасына әр топ өз ойларын, түсініктерін беру.
І топ. Гүл өссе – жердің көркі
ІІ топ. Гүл – көңіл ашады
ІV. Сарамандық жұмыс.
Тақырыбы: Гүл композициясын құрастыру. Сыйлық гүл жасау
Сарамандық жұмыстың мақсаты: оқушыларға берілген тапсырманың орындалуын қадағалау мен түсіндіру, көрсету.
Сарамандық жұмыстың құрал - жабдықтары: қайшы, ұсақ тастар мен гүл орайтын фальга және корзина, паралон қиындылары, түрлі түсті таспалар(лента). Жасанды гүл түрлері және кепкен жапырақтар мен гүлдер.
Гүл композициясын жасау кезіндегі ТҚЕ сақтау.
Сергіту сәті. 2 мин.
Бәріміз экранға қараймыз Қарлығаш сергіту сәтін жасаймыз.
V. Бекіту.( ІІІ. Ой толғаныс)
Гүлдерді атауына қарай өзіндік сыйлау қағидасы, мәдениеті болады екен айтып жіберіңіздер кім біледі?
Гүлдерге байланысты есімдерді білеміз ба?.
VI. Сабақты қорытындылау.
Бүгін менің білгенім ... . Мен енді жасай аламын ... Менің түсінбегенім...
VI. Үйге тапсырма.Жұмысты аяқтау.
VII. Оқушыларды бағалау.(оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарына қарап бірін - бірі бағалайды.)
Модулді оригами. Қағазды бүктеу арқылы бұйым жасау
Шеберлік сағатының тақырыбы: Модулді оригами. Қағазды бүктеу арқылы бұйым жасау, Квилинг әдісімен гүл шоқтарын жасау
Шеберлік сағатының мақсаты:
Оригамиің шығу тарихын, дамуын зерттеп білу;
“оригами” сөзінің мағынасын ашу;
Ноталық әліппесімен танысу;
Оригамидің әр - түрлі бағыттарын зерттеу;
Шеберлік сағатының жоспары:
Оригамиің шығу тарихын, дамуын зерттеп білу;
“оригами” сөзінің мағынасын ашу;
Ноталық әліппесімен танысу;
Оригамидің әр - түрлі бағыттарын зерттеу;
Оригамидің Отаны - Жапония;
Қағаздың алғаш пайда болуы;
Оригамидің әліппесі;
Оригамидің түрлері мен техникасы;
Квилинтің шығу тарихы;
Оқушыларға үйрету;
Шеберлік сағаттың барысы:
(оқушылар өздерінің слайдтарын көрсете отырып, оригами, квилинг туралы мәліметтерін айтады)
Маған айт – мен естимін, маған көрсет – мен есімде сақтаймын, маған істеуге бер – мен түсінемін. (Жапон мақалы)
Оригамидің Отаны – Жапония.
Жапонияда оригами Хэйан заманынан (794 - 1185ж. ж.) бастап келеді. Бұл заманда қағаз қолдан істеу әдісімен өндірілген, құнды және әсем материал болды, негізінен діни рәсімдерде қолданылды. Ори – қағаз және ками – құдай сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастық маңызды роль атқаруы мүмкін.
Діни рәсімдердің бірі Санбо шағын қорапшаларына балықтың бөлшектерін, көкіністерді салып, құрбаныққа шалу ретінде храмдарға әкелу болды.
Камакура (1185 – 1333 ж. ж.) және Мурамати (1333 – 1573 ж. ж.) замандарында оригами храмдар аясынан шығып, император ауласына жетеді. Ақсүйектер, аула қарамағындағылар, монахтар қағаз бүктеу өнерінің кейбір дағдыларын білу қажет етеді. Бүктей білу бұл жақсы білім мен тамаша мәндердің белгілері болды. Әртүрлі танымал отбасылар оригами фигураларын елтаңба және мөр ретінде қолданды.
Адзути - Момояма (1573 - 1603ж. ж.) және Эдо (1603 - 1876ж. ж.) замандарында оригами рәсімдік өнерден әйгілі уақыт өткізудің әдісіне айналды. Көп модельдер ойластырылып істелді, оның ішінде жапондық тырна (цуру) – бақыт пен ұзақ өмірдің дәстүрлі нышаны.
Қағаздың алғаш пайда болуы
Қағаздың Қытайда пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады., Цай Лунь шенеулігі императорға осындай технологияның бар екендігі туралы ресми мәлімдеді. Қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды.
VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп қағаз жасау құпиясын ашады.
Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алды. Бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырды – бамбук сабақтарымен, ағаш қабығымен, кендірмен, шүберекпен.
Ал жүз жыл өткесін жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан асып түседі.
Жапонияда қағаз шығарудың ежелгі технологиясы осы күнге дейін сақталған. Шеберлерге, көне қолөнердің құпияларын білетіндерге “тірі қазына” атағы беріледі және біршама шәкіртақы бөлінеді.
Күн сайын километр орама қағаздар шығаратын ірі фабрикалармен қатар, қолдан жасалған қымбат “Ваши” қағаз парақтарын шығаратын шағын шеберханалар да жұмыс істейді. Бұл қағаз өте берік – бірнеше мың бүктелуге төзеді.
“Ваши” қағазына бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бейбітшілік туралы Версаль келісіміне қол қойылды.
Оригамидің әліппесі
Авторлық жұмыстың көпшілігі танымал жапон шебері Акира Иошизаваның есімімен байланысты. Оригамидің өзіндік ноталық әліппесін ойлап тапты, ол фигураларды бүктеу процесін жазуға және таратуға ықпал етті.
Оригамидің әліппесін сызықтар, бағыттауыш сызықтар және белгілерге бөледі
Оригамидің түрлері мен техникасы
(Оқушыларға модулдік оригамидан модульдерді жасап үйрете отырып, оригами техникасымен қағаздан бұйым жасап үйретілді)
Қағазды бүктеу тәсілі.
Модельді оригами
Қағазды бүктеп бұйым жасау
Жүннен жасалған бұйымдар
Жүннен жасалған бұйымдар
Мақсаты: қазақ халқының ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасын жаңғырту - ұлттық дәстүрімізді жалғастыру. Халықтың дәстүрлі қолөнері мәдениетінің қазыналарын жинап, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын және өздерін суретке түсіру, олардың қолөнерге тән аса құнды тәжірибелері мен дәстүрлі бұйымдардың жасалу жолдарын үйрену, әр өңірдің қол өнері бұйымдарын салыстыра отырып, зерттеу. Өнердің мәңгі өшпейтін осы түрінің сыры мен қырын үйрену.
Гипотеза.
1. Қазақ қолөнерінің тәлім - тәрбиелік дәстүрлерін үйрену.
2. Қоғам өміріндегі еңбектің, халық қолөнерінің рөлін түсіну өнер адамдарын құрметтеу
3. Түрлі ою - өрнекті, көне мұраларды тауып, түрлендіре жаңғырту.
Кіріспе
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2050 стратегиясында алған міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі - мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тариқын шынайы тұрғыда таныта біліп, салт - дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қажеттіліктің бірі - халықтың қолөнері.
Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді - деп М. Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.
Қолөнер – ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу - көзі ашық, көкірегі ояу, ар - намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы. Алғаш ұстазыммен осы істі қолға алғанда, осы борышымды қолдан келгенше өтегім келді.
Ел іші – алтын бесік деген аталы сөздің ақиқатын көзіммен көріп, халық шеберлерінің жасаған таңғажайып ою - өрнекті бұйымдарын қолыма ұстағанда, ізденімді тапқандай болдым.
Зерттеу бөлімінің бірінші кезеңі
Көшпелі халық болғандықтан да мал бағумен айналысып, ата - бабаларымыз қолөнер бұйымдарын жасауда мал терісі мен жүнін шикізат ретінде пайдаланған. Аналарымыз бен апаларымыздың ақыл - парасатынан, ісмерлігінен, көркемдік талғамдарынан көздің жауын алардай құнды ұлттық өнер туындылары өмірге келген. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, шыдамды, жылы, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы, алып жүруге ыңғайлы және жеңіл. Тұрмысқа арқан - жіп, бау, ноқта, көген, киіз, текемет, сырмақ, алаша, кілем әртүрлі дорбалар – барлығы дерлік жүннен жасалады.
Жүнді сақтау.
Жуылмаған жүн шектен тыс ылғалданғыш, сондықтан микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта. Жүнді ұзақ мезім сақтау керек болса, қапқа, фанер жәшікке, қағаз қаптарға нығыздап салып Дезмоль, Антимоль, Фоксид препараттарын салып сақтайды.
Жүн сақтайтын бөлменің есік, терезесін ашып, міндетті түрде желдетіп тұру керек. Жүнді ашық күн астында сақтауға болмайды.
Жүнді өңдеу.
Тоғытылған қойдың жүнін жумаса да болады. Жуып, кептірілген жүннің түтілуі де қиындай түседі.
Алаша жібі пысық, кілем жібі жуан бос иіріледі. Түбіт иіруге жеңіл ұршық керек.
Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан, түйенің шудасынан алашаға арқау, күзеу жіптерін иіреді. Қойдың күзем жүнінен, қозының жүнінен киіз басады.
Қазіргі заманғы киім үлгілері және оған қойылатын талаптар
Тақырыбы: Қазіргі заманғы киім үлгілері және оған қойылатын талаптар.
Иық бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы.
Мақсаты: Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі иық бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
А. Қазіргі заман киімдерінің ішінен иық бұйымдарының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар туралы біледі;
В. Иық киімдерінің түрлерін, қазіргі киімнің стилдерін ажырата алады;
С. Жаңа үлгідегі иық киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданады.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: АКТ, Таныстырылым, А4 формат, түрлі - түсті қағаздар,
қарындаштар, флипчарт, маркер. желім, қайшы. ресурстар. стикер.
Сабақтың барысы:
Кіріспе
Мұғалім әрекеті
1. Сергіту сәті.(би қимылы)
2. Топқа бөлу.
Қағазға киімнің стиль түрлерін жасырып, үш топқа бөлу.
1 - т классикалық стиль.
2 - т спорттық стиль.
3 - т жастар стилі.
3. Топ ережесін еске түсіру.
Топ басшысын сайлау.
(бағалау парағын беремін)
Оқушы әрекеті
1. сергіту жаттығуларын орындайды.
2. Топтарға бөлініп отырады.
І топ: классикалық стиль.
ІІ топ: спорттық стиль.
ІІІ топ: жастар стилі.
3. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.
Топ басшысын сайлайды. бағалау парағының бөлімдерімен танысады.
Топтар Ой қозғау І ІІ Сұрақ
жауап
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Тұсаукесер:
Мұғалім әрекеті
Киім сөзіне ой қозғау. Оқушылардың киім туралы пікірлерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашамын. АКТ таныстырылым:
Бейне жазба арқылы қазіргі заманғы иық киім үлгілерін көрсету
Оқушы әрекеті
Киім туралы әр топ өз ойларын айтады.
Сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады.
Қазіргі кездегі сән үлгісіндегі иық киімдерінің түрлерімен танысады, көру арқылы есте сақтайды.
Негізгі бөлім
Мұғалім әрекеті
Жаңа сабақ. Әр топқа ресурс парақтары беріледі.
Зерттеушілік әңгіме тапсырма бойынша оқушылар бірге ойлайды, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды.
Ітоп. Иық киімі оған қойылатын талаптар.
І топ.
Иықты киімдер тарихы.
ІІ Ітоп
Киім силуэті мен стилі.
Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, постер дайындайды және қорғайды.
Жеке жұмыс. Ұлттық иық киім үлгісін қағаздан жапсырмалау. Табыс критерийлерін оқушылармен бірге шығару.
Топ атынан ұсынылған жұмыстарды екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.
Оқушы әрекеті
Оқушылар оқулыққа қосымша ресурс парақтарын пайдалана отырып постер дайындайды, әр топтан бір адам шығы топтық жұмысты қорғайды. Топтық жұмысты табыс критерийлер бойынша бағалайды.Сэндвич әдісі арқылы 1жақсы 1сын 1мақтау айтады.
Топтық жұмысты бағалау табыс критерийлері.
Критерийлер Толық жауап Жартылай
жауап
1. Тақырып мазмұнының
ашылуы.
2. Баяндау шеберлігі.
3. Эстетикалық талғамы.
Оқушылар А4 форматына түрлі - түсті қағаздан ұлтттық киімінің үлгісін жасайды.
Табыс критерийлері:
Критер - й 3 4 5
Ұлттық
киімді
бейнелеу
шебер - гі
Эстети -
калық
талғамға
сай болуы.
Шығарма - шылығы
Табыс критерийлер бойынша, өзін - өзі бағалау, өзара бағалайды.
Топ атынан үздік жұмысты ұсынады. Стикерге екі мақтау, бір ұсыныс жазып ұнаған жұмысқа жапсырады.
Қорытынды.
Мұғалім әрекеті
Түрткі сұрақтарды қолдана отырып сабақты бекіту.
Оқушылардың қоржынына жиналған бағаларын назарға ала отырып, қортынды бағалаймын.
Рефлексия:
Мен ... есептеймін. Ең табысты болғаны ... .. Менің ұсынысым бар ...
Оқушы әрекеті
Оқушылар бекіту сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерін еске түсіре отырып, сыныптағы оқу әрекетіне талдау жасайды, баға береді.
Матаны батик әдісімен әшекейлеу
Сабақтың тақырыбы: Матаны батик әдісімен әшекейлеу
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға батик өнерінің шығу тарихы туралы мағлұмат беру;
• Оқушыларды мата бетіне сурет салу техникасымен таныстыру;
• Сәндік қолданбалы өнерімен таныстыру;
• Оқушыларға батиктің жасалу технологиясын менгерту;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
• Мата үстіне сурет салу кезінде құрал - жабдықтарды қолдануын үйрету;
• суық батик тәсілінің әдістері, принциптері техникалық тәсілдерді меңгеру;
Дамытушылық:
• Сәндік сурет салу кезінде графикалық біліктілікті дамыту;
• Сәндік қолданбалы өнеріне қызығушылығын арттыру;
• Шығармашылық қабілеттерді: ырғақ, түс, сезімді дамыту;
Тәрбиелік:
• Шеберлер өнеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
• Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: шығармашылық практикум.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Баяндау, сұрақ - жауап, тәжірибелік, кластер, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, дайын батик үлгілері, қағаз, акрил бояулары, қылқаламдар, керілген мата.
Пәнаралық байланыс:
Тарих, биология, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Өткен сабақты қайталау (сұрақ - жауап арқылы).
- Жастықшаларда құрақтың қандай технологиясын пайдаланылды?
- Пэчворк дегеніміз не?
- Құрақ бұйымдарында қандай ненің үйлесімділігі болу керек?
- Мата түстерін таңдағанда түстері мен реңдері қандай болу керек?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Ой шақыру.
- Батик өнері туралы не білесіңдер?
- Батик жасауда алғашқыда қандай бояулар қолданылады?
Батик сөзі яван тілінен аударылғанда - ыстақ балауызбен сурет салу деген мағына береді. Бұл матаны ерітілген балауызбен әшекейлеу әдісі.
Өнердің бұл түрімен әлемнің көптеген халқы (үндістер, қытайлықтар, мысырлықтар, перулықтар) ежелден айналысып келген, соның ішінде, суреттің қанықтығы мен көркемдігі және техникалық жетістігі жағынан ең жоғары деңгейге жеткен - явандықтар болды.
Яван батиктері көркемдігімен, әдемілігімен бүкіл әлем халқын таң қалдырды, ал индонезиялықтар үшін бұл қарапайым ғана өрнек.
Өйткені, батик – индонезиялықтар үшін Ява, Бали және басқа аралдардың тұрғындары үшін – ер адамдар да, әйелдер де киетін жай ғана ұлттық киім.
Батикке салынатын өрнектер алуан түрлі – он мың астам түрі бар. Көпшілігі ежелден келе жатқан өрнектер. өте кең тараған - өмір қуанышы өрнегі: құстарды, көбелектерді, гүлдерді, жемістерді бейнелегенде, бояу ерекше үйлесім тапқан. Сондай - ақ батиктерде – мифтік Гаруд құсының бейнесі көбірек кездеседі.
Батикке салынған суреттер бірнеше түрге бөлінеді: геометриялық, түрлі денелер, өсімдіктер бейнесіндегі өрнектер.
Матаны кескіндеудің негізгі әдісі. Батик техникасының негізі бояуды резервте ұстау принципінде, яғни қажет кезінде қолданылатын артық бояуды сыйымдылыққа (ыдысқа) жинақтау принципінде жатыр. Бұл матаның өрнек жасалатын белгілі бөліктерін боямай қалдыруға мүмкіндік береді.
Бұл техниканы матаға салынатын әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: ыстық, суық және аралас батик.
Суық және ыстық батик жайма бойымен аққыштығы шектеулі, сыйымдылықтағы (резервтегі бояу) бояумен жұмыс істеуге негізделген.
Суық батик.
Осы тәсіл ыстық батиктен резерв температурасымен, құрал - жабдықтарымен ерекшеленеді. Сурет резерв сызығымен шектеледі. Суық батикте резервті алып тастау қажет емес, ол өте ыңғайлы және әдемі.
Батик жасау үшін бізге құрал - саймандар қажет, олар:
Жақтау - бұл айлабұйымды сатып алуға немесе қажет өлшемде қолдан жасап алуға болады.
Батик жасауға пайдаланатын маталар. Мақта мата (бөз, шыт, шифон) маталары. Біз бүгінгі суық батигімізде мақта матасын қолданамыз.
Бояулар. Матаға арналған акрил бояулары.
Қылқаламдар: қатты қылқаламдар және жұмсақ қылқаламдар.
Балауыз: дайын балауыз (резерв).
Үтік: дайын бұйымда үтіктеу үшін.
Қорғаныш киімдері: химиялық қоспаларды қолданғанда қолыңның терісін сақтау үшін резенке бес саусақ қолғап. Әр түрлі бояуларды қолданғанда алжапқыш кию міндетті, олар бояулардан дақ түспеу үшін киіледі. Қылқаламдарды сүртіп отыру үшін қиық маталар.
IV. Практикалық кезең.
Суық тәсілімен мата үстіне батик суретін салу.
• Нақты өлшеммен бұйымның суретін (эскизін) салу.
• Қыстырмалы кнопка арқылы матаны кереміз. Керілген мата мықты және берік болу керек.
• Суретті жай қарындашпен мата үстіне көшіреміз.
• Сурет сызықтарын резервпен жүргіземіз.
• Бояуды бастаймыз. Контур ішіндегі суретті сулаймыз. Бірінші ашық түстермен, содан соң қою түспен бояймыз.
• Гүлдерді бояп болған соң жапырақтарға көшеміз.
• Жұмыстың аяғында матаға арналған контурмен безендіреміз.
• Жұмыстың аяғында суретті ыстық үтікпен бояудың беріктігін күшейтеміз.
V. Сабақты қорытындылау.
• Балауызбен қандай бұйымдар жасауға болады?
• Батик өнері туралы не білесіңдер?
• Батиктің қандай түрлері бар?
• суық батик жасау үшін қандай құрал жабдықтар керек?
• Балауыз дегеніміз не?
• Батик өнерін қандай маталарда орындауға болады?
VI. Үйге тапсырма.
Келесі сабақта осы суреттің шет сызықтарын мата бетіне көшіру.
VII. Баға қою.
Сабаққа қатысқандарына қарап баға қою.
VIII. Рефлексия.
• Сабақ қалай өтті?
• Бүгінгі өткен сабақтан қандай әсер алдыңдар?
• Батик өнері ұнады ма?
Теріні шикілей өңдеу
Технология 9 класс
Сабақтың тақырыбы: Теріні шикілей өңдеу
Сабақтың мақсаты: А) Ата - бабамыз кәсіп еткен төл өнерімізді оқушыларға меңгерту. Көне өнер түрін жаңғырту.
Ә) Оқушылардың іскерлік, шеберлік қабілеттерін арттыра отырып, қол ептілігін дамыту. Ойлау, есептеу сауаттылықтарын дамыту.
Б) Ұлттық құндылығымыз арқылы тәрбие беру. Ұлт құндылығымызды насихаттай отырып, ұлт жанашырын тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас. Сабақтың көрнекілігі: Слайд, қайыстар.
Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеу, әзірлігін тексеру. Кезекшілік тағайындау.
ІІ. Жаңа сабақ. – Балалар экраннан не көріп тұрсыңдар?
(Былғарыдан жасалған бұйымдар.)
– Былғарының адамға пайдасы қандай?
(Киім, сусын құятын ыдыс, ат әбзелдері, тб.)
– Енді назарымызды экрандағы кестеге аударайық. Сендерге тері түрлері берілген және қандай кәдеге жаратылғаны қысқаша түрде көрсетілген.
● Ірі қара терісінен
Ат әбзелдері.
Жүген
Айыл
Ер-тұрман
● Қой терісінен
Киім
Тон
Ішік
Тулақ
● Ешкі терісінен
Музыкалық аспаптар (көнтерісінен)
Қобыз
Шертер
Дауылпаз
Балалар терінің адам өмірінде пайдасы мен маңыздылығын ескере отырып, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз теріні шикілей өңдеу болып табылады. Ертеде ата - бабаларымыз теріні айранның көксуымен немесе жерге көміп тастау арқылы өңдеген.
Негізінен, жаңа сойылған мал терісіне тұз сеппей орап жылы жерге қойса, ол өз - өзінен 2 - 3 күннің ішінде жидіп, жүні түсіп қалады. Бірақ олай өңделген теріден шыққан иіс өте өткір келеді. Ал теріні тез тазалау үшін жаңа сойылған мал, әсіресе ешкі терісінің ішіне қоймалжың әк (ізбес) жағып, теріні тұмшалап орап, арнаулы жылы су құйылған ыдысқа батырып салып қою керек. Бұл процесті алдын - ала дайындап қойғанмын. Енді сендер әрі қарай сарамандық жұмыс кезінде жалғастыратын боласыңдар.
ІІІ. Қауіпсіздік ережесі.
Арнаулы киім кию. Қолға бессаусақ пен бетперде тағу.
ҮІ. Сарамандық жұмыс.
Беті бүркеулі қауырсын ыдыстағы ешкінің терісін алып, жүн - түктерден тазалап, кергішке кереміз.
Ү. Жасалу процесі. Үш күн суда сақталған терінің жүнін тартып көреді. Егер терінің жүні еркін жұлынып кетсе, жидігені. Жидіген теріні арнаулы тегіс жерге жайып, жүннен тазалайды. Содан кейін теріні ішкі жағына қарай аударып, оны іш майынан, сары етінен терінің түгі шыққанша тазалайды. Арнаулы пышақпен әбден тазаланған терінің әгін (ізбес) жумастан кергішке шегелер арқылы керіп тастайды. Бұл процес келесі сабақта да жалғасын табады.
Ұлттық тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.
Тәрбиелігі: Жаңашылдыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: іздену, салыстыру, сараптау, талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, конверттер, мақал - мәтелдер, тағам түрлері, слайдтар.
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабаққа әзірлігін тексеру.
3. Кіріспе әңгіме
оқушыларды 2 топқа бөліп, сабақ жоспарымен таныстыру.
1. Жаңа сабақ:
Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады.
1. Венн диаграммасы. Өз ойларымен бөлісу.
2. Кесте бойынша жұмыс.
3. Бой сергіту
4. Бұл қандай тағам?
5. Мақал – мәтелдер.
6. Мен саған, сен маған.
7.Менің сүйікті тағамым
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері.
Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні шық бермес шығайбай атандырған.
Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз.
2. Өз ойларымен бөлісу.
1. Диаграмма Венн қолдану.
2. Кесте бойынша жұмыс істеңдер.
1. Еттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
2. Сүттен жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
3. Ұннан жасалатын тағамдарды таңдап алыңдар.
3.Бой сергіту
Әр командаға 6 сұрақтан құралған карочка беріледі, кейін әрқайсысы жауап береді.
Ет тағамдары командасы.
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т.б.)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
3. Сенің сүйікті тамағың не? (...)
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
5. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
Сусындар командасы.
1. Айран ненің сүтінен жасалады? (сиыр сүтінен)
2. Қазы, қарта, жая ненің еті? (жылқы еті)
3. Бесбармаққа ненің етін салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
4. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар? (жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды
5. Құрт неден жасалады? (сүттен)
6. Сенің сүйікті тағамың не? (...)
4. Бұл қандай тағам?
1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам. Айран.
2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын Қуырдақ.
3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. Бауырсақ.
4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Құрт
5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. Жент
6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi.
Шұжық
5. Мақал - мәтелдер.
Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет
Ынтымақты үйдің асы тәтті.
Ат – адамның қанаты, ас - адамның қуаты
Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Ас - иесімен тәтті
Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай - ас екен.
6. Мен саған, сен маған
Топ балалары бір – біріне дайындаған сұрақтарды қояды.
7.Менің сүйікті ұлттық тағамым атты тақырыпқа, тағамының дайындау тәсілін аитып беруі қажет.
ІІІ Бағалау
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
ІV. Үйге тапсырма. Ұлттық тағамдарға байланысты буклет жасап келеміз.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Бисермен жұмыс
Сабақ тақырыбы: Бисермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Бисермен жұмыстануда шығармашылық жоба жұмысы туралы білім қалыптастыру.Моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, ынта-ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту, жобаны талқылау мен қорғау іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: төзімділкке, ұқыптылыққа, әсемдікке эстетикалық талғамын арттыру.
Көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, сатылап көрсетілген нұсқаулық суреттер, моншақтар, леска №18-8, қайшы, жібек жіп.көрме жұмыстары.т.б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ,сарамандық жұмыс.
Сабақ өткізу әдістері:
а) түсіндіру-иллюстрациялық (әңгімелесу, дидактикалық материалмен жұмыс, көрнекілік);
ә) жеке іздестірушілік;
б) нұсқама, сарамандық жұмыс, өздігінен орындалатын жұмыс.
Оқу құралдары:
а) пәндік-табиғи объектілер, көрнекті құралдар;көрме жұмысы, сарамандық-еңбек қызметі;фарнитура ,Буклет.т.б.
Сабақтың барысы
ТРЕНИНГСЕН ҚАНДАЙСЫҢ?Қызыл,жасыл моншақ болып топқа бөлу.
I.Қызығушылығын ояту:
Дәптерге күннің жадын жазу.Тақырып:Бисермен жұмыс.
Сабақтың ұраны:Алғыр еңбек терең ой,нағыз досың ойлап қой
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
Бисерталдау-жинақтау.Ассоциация.
Бисерді қайда қолдануға болады?
* Көрмеге саяхат.Моншақтар әлемі
II.Мағынаны тану:
Барлық қолөнер сияқты бисердің де өз тарихы бар.
Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады. Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сыр-
ға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.
Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі бусра сөзінен шыққан.
Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді.
Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.
Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.
Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.
Рубка- қысқа таяқшалар.
Шығармашылық жобаны таңдау.
Бүгінгі сабақтың мақсаты - шығармашылық жобада бұйымды таңдай білуге үйрену және бисермен тоқу техникасын жетілдіру. Жұмысты шығармашылықты түрде ұйымдастыру үшін сынып шағын топтарға бөлінеді, әрбір топ жұмыстың өздеріне бөлінген кезеңін атқарады, әрбібір топтың өз жұмыс орны, қажетті құралдары болады және мұғалімнің кеңесін ала алады.
I-топҚызыл моншақ
II-топЖасыл моншақ
Жоба бойынша жұмыс. Бақыт ағашы,Түйреуіш көбелек
Жобаның көкейтестілігі.
2 топ жобаны жіктеу мен талқылау барысында іс-әрекеттер жоспары жасалады, проблемаға талдау жүргізіледі.
Қазір қолда не барын және нені істеу керек?
Деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады.
(Жұмыс барысында мұғалім мақсат коюға көмектеседі, жұмысқа түзету енгізеді).
Зерттеу.
Жоба нұсқалары суреттермен, сұлбалармен, қысқаша сипатталармен қатар беріледі.
Тақырып бойынша ақпарат жиналып, талқыланады. Бірлесіп талқыланғаннан кейін негізгі нұсқаны таңдап алады.
Мұғалім іс-әрекеттер жоспарын жасауға көмектеседі.
Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырады, құрал –саймандар,(сым,қайшы,моншақ.композиция ,т.б)материалдар іріктеліп алынады. Оқушылар көрсетілген дайын жобаларға талдау жасайды, болашақ бұйымға қажетті заттардың тізімін құрастырады.
Жоба тақырыбын таңдап алуды негіздеу, идеяларды дайындау мен үздіктерін таңдап алу.
Оқушылар мұғаліммен бірге алға қойылған мәселелерді талқылайды. Өз жобалары үшін қажетті ақпаратты іріктеп алады.
Қауіпсіздік техникалық ережесі:
* Моншақтарды араластырма.
* Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн.
* Сым темірмен ойнама.
* Сымды қайшымен қияды.
*Сымды көзге жақын ұстамайды.
* Жұмыс орныңды таза ұста.
Керекті құрал – жабдықтар:
• Бисер түрлері;
•қайшы; жіңішке сым;
.фарнитуралар(түйреуіш,т..б)
.ермексаз
*Сарамандық жұмыс
1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек;
2. Жұмыс киімін кию;
3. Құралдарды тексеру;
4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді алып дайындаймыз;
5. жұқа сымды аламыз;
6. Сымның бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз;
7. Сымның бір шетінен бастап бисерлерді 1-2-3 түйірден бастап ораймыз, ара қашықтығы 1-1,5 см болу керек;
8. Осындай бұтақтық 16 данасын жасауымыз керек;
9. Дайын бұтақтардың 5 данасын бір-біріне біріктіріп жіппен орап, ораймыз да талдың бір бұтағын дайындаймыз
10. Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, изолентпен ораймыз;
11. Дайын ағашты арнайы ыдысқа саламыз, ол үшін бізге ермексаз жұмсарту, үстіне ағашты саламыз;;
12. Эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.
Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин Жаттығу жасау реті:
Көзді алақанмен жауып тұру.
1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату
2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет
көзді жыпылықтату
3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет
Нәтижелер мен қорытындылар:
Оқушылар дайындаудың оңтайлы технологияларын таңдап алып, болашақ жобалардың эскиздерін көрсетеді, жиналған ақпаратты нақтылайды,талдайды, қорытындылар жасайды. (Барлық жұмыс мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.)
Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.
1.Таңдаған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы керек.
2.Таңдаған зат сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма?
Осының барлығын ойластыру керек.
3.Таңдаған жобаның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек. Жұмыс орындарын жинастыру.
Жаңа материалды бекіту: Жоба жазу, дайын жұмысты сәндеу , жобаны қорғауға дайындау.
Ой толғаныс:
*Бисер дегеніміз не?)ұсақ моншақтар.)
*Бисердің қандай түрлері болады?(стеклярус,моншақ.)
*Бисерден стеклярустың айырмашылығы неде? (ол ұзындығы 3мм түтікше тәріздес болып келеді)
* Шығармашылық жоба дегеніміз не?
Оқушы жұмысының нәтижесіне қарай бағалау.
Инсертарқылы қызыл түсті фишка- 5,жасыл түсті- 4бағалау.
Көңіл-күйойыны
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді бейнелеңіз.
Ақ қағазды пайдалана отырып білдіру.Ойын шарты : қарындаш,қаламсап,қайшының көмегінсіз.
Сабақ аяқталды .Сау болыңыздар
Сабақтың тақырыбы: Алқа жасау
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға алқа жасау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: оқушығаөз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, ойлау, қабылдау, салыстыра білу, шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Білімділік: оқушыларға бисер туралы түсінік беру, бисермен жұмыс істеу шеберлігін арттырып, алқаның жасалу технологиясын үйрету. Тәрбиелік: оқушыларды төзімділікке, сұлулық пен әсемдікке талғампаздыққа баулу, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: бисерден жасалған бұйымдар, бисер және стеклярус түрлері,леска, ине, арнайы жіп, қайшы.
Сабақтың пәндермен байланысы: тарих, сурет.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ақпарат жинау , ойлау, өңдеу,
бөлшектерді жинақтау тәсілдері.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.
III. Жаңа сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Сарамандық жұмыс,техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау., пысықтау, бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында мақал –мәтелдердің жасырын сөзін тауып,толықтырып оқу жаттығуын орындаймын.
1. Шебердің инесі де,алтын, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Жақсыдан үйрен, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Еңбектің наны тәтті, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4. Шебер көп жерде, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
II. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
Сұрақтары : 1.Тоқуға арналған ілмекбіздер қандай материалдардан жасайды?
(металл,сүйек,пласмасса,қалыңдығы әр түрлі ағаштан 1мм -8мм-ге дейін)
2. Ілмек бізді қалай таңдаймыз?
( ілмек біздің нөмірін жіптің жуандығына қарай таңдаймыз )
3. Жүннен немесе жуан етіп иірілген иірімжіппен тоқу үшін қандай
ілмек бізді қолданамыз? (3- 6мм біз )
4. Ілмекбізбен тоқудың негізгі элементтері атаңыз?
III. Жаңа сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды бисерден алқа жасау технологиясымен таныстыру, орындау әдіс -тәсілдерін үйрету, оқушыларды ұқыптылыққа, шеберліке баулу.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бисерден жасалған әшекейлер түрлі –түсті шыны моншақтар бірігіп,өрнекті компазиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы кезден-ақ шеберлерді қызықтырған.
Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі-түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасайды. “ Бисер ” сөзі араптың “буера” сөзінен шыққан. Бисерді кейбір халықтар айырбас ақша (монеті) ретінде де пайдаланған.Африкада құлиеленуші дәуірде бірнеше қатар бисерге құл сатып алатын болған.
Венецияда бисерден өндірісбіршама жетістікке жеткен. Мөлдір және түрлі түсті венециан шынысының рецепін өте құпия сақтаған.Құпияны жариялағанадам өлім жазасына кесілетін болған.ΧVғасырда жәнеΧVI ғасырдың ббасында бисер өнері ерекше қарқынмен дамыған.
Стеклярустың бисерден айырмашылығы- ол түкше тәріздес, оны Францияда жасап шығарған.
Бисер- ол кішкентай ортасы тесігі бар шариктер. Түстері әр түрлі құрамына қарай бисер шыныдан,металдан, керамикадан жасалады.
V. Сарамандық жұмыс.
Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
1.Жұмыс барысына керекті құрал-жабдықтарды түгенде!
2. Инені арнайы ине салғышта немесе жастықшаға түйре!
3.Қайшыны ашық ұстама,ұшынан ұстап сабымен бер.
4.Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию керек.
5. Бисер мен стеклярусты арнайы ыдыста немесе қорапта ұстаңыз.
Сарамандық жұмыстың барысы:
1. Бисер және стеклярус түрін таңдау.
2. Жіп немесе леска Өлшемдерін алу.
3. Жіп немесе лескаға 1тал бисер,1тал стеклярус өткіземіз.
4. Кезекпен өткізілген 3тал бисер мен 3тал стеклярусты біріктіреміз.
5. 1 қатар үстімен қайталап ретімен тізбектейміз. .
6. Келесі 2-3-4-5-6-7-8-9-10 қатарға дейін айландырып тізбектейміз.
7. Алқа ұзындығын өз қалауыңызша алуға болады.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау, пысықтау, бағалау.
Сабақты тест сұрақтарымен пысықтау.
Тест сұрақтары.
1. Ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.
а) моншақ ә)бисер б) барлық жауап дұрыс.
2. Бисерге қандай ине қолданамыз?
а) тебен ине ә) біз б) № 10
3. Бисердің ең көп шығатын жері.
а) Қытай ә)Үндістан б) барлық жауап дұрыс
4. Ұзындығы 3мм түкше тәріздес моншақ түрі .
а) моншақ ә) бисер б) стеклярус
5. Мойынға тағатын зергерлік әшекей.
а) моншақ ә) алқа б) барлық жауап дұрыс
6. Жас жұбайларға арналып соғылатын зергерлік бұйым.
а) алқа ә) жүзік б) неке сақинасы.
7. Қолға тағатын әшекей бұйым.
а) тамақша ә) білезік б) барлық жауап дұрыс
Оқушы жұмыстарына талдау жасай отырып, оқушы жұмысын бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Алқа жұмысын аяқтау. Бисерден жасалатын бұйымдар.