Жер шарының су қабаты – дүниежүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%), орташа тереңдігі 3,7 км , көлемі – 1 370 000 000 км3( гидросфера көлемінің 94%) . Жердің беті бойынша Мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің көлемімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз, аз, бірақ географиялық қабықша-дағы әртүрлі процестер үшін маңызы орасан зор.
Құрлықтар мен мұхиттар жер бетінде біркелкі таралмаған. Оңтүстік жарты шар мұхиты – оның ауданының 81% -ын , солтүстік жарты шардың 61% -ын алып жа-тыр. Планетамызда құрлықтар мен мұхиттардың біркелкі таралмауы Жер бетінің табиғи ерекшеліктерінің қалыптасуындағы негізгі фактор болып есептеледі.
Шартты түрде Дүниежүзілік мұхит бір- бірінен оқшауланған , жеке бөліктерден – мұхиттардан тұрады. Алғаш рет Дүниежүзілік мұхитты жекелеген бөліктерге жіктеуді 1650 ж. Голландия ғалымы Б. Варениус өткізген. Ол Дүниежүзілік мұхитты бес бөлікке бөлген: Солтүстік мұзды мұхит , Атлант, Тынық , Үнді және Оңтүстік мұхит. Кейбір шетелдік географтар осы уақытқа дейін бұл классификацияны пайда-ланады. Үнді, Атлант және Тынық мұхиттардың оңтүстік бөлігінің физикалық, химиялық, биологиялық және динамикалық қасиеттеріне байланысты Оңтүстік мұхтииың бар екендігін ТМД ғалымдары да мойындайды, бірақ оның шекарасының айқын анықталмауы мен зерттелмегендігінен қазіргі мұхиттар классификациясында Оңтүстік мұхит бөлінбеген. Сондықтан жер шарында төрт мұхит бөлінеді.
Әрбір жекеленген мұхит бірнеше тармақтардан тұрады:олар теңіздер мен шығанақтар.
Теңіз дегеніміз – көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттері-мен, ( тұздылығы, температурасы, мөлдірлігі т.б.) экологиялық жағдайымен, ағыс-тары мен толысуларының сипатымен ерекшелінетін мұхиттың азды- көпті оқшау-ланған бөлігі. Морфологиялық және гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты теңіздер шеткі , жерорталық (ішкі құрлықтық және құрылық аралық ) және арал аралық деп жіктеледі.
Шеткі теңіздер өтпелі зоналарда немесе материктердің шетіне жақын орналасады, тереңдігі 200 метр , сирек – 200 метрден асады. Мұхиттардан олар аралдар тізбегімен , сирегірек түбектермен бөлініп жатыр. Материктік қайраңдағы (шельфтік) теңіздердің суы терең емес. Мысалы Сары теңіздің максимальды терең-дігі 106 метр, өтпелі зонадағы теңіздердің тереңдігі 3500-4000 метп(Беринг, Охотск, Жапон). Шеткі теңіздер Дүниежүзілік мұхит суымен қатынасып жатқандықтан физикалық қасиеті мен химиялық құрамы бойынша мұхит суларынан айырма-шылығы жоқ.
Жерорталық теңіздер құрлыққа еніп жатады, мұхит суларымен салыстырмалы ені тар бұғаздармен бөлініп жатады. Жерорталық теңіздердің оқшаулануы, мұхит суымен су айырбасының күрделенуі салдарынан бұл теңіздердің гидрологиялық режимі мұхит суларынан өзгеше. Олар: ішкі құрлықтың және құрылық аралық деп бөлінеді. Құрылық аралық теңіздер ірі, тектоникалық активтілігі жоғары зоналарда пайда болғандықтан терең, жағалауы қатты тілімденген, сейсмикалық және вулкан-дық процестер тән.
Олар құрлықтардың аралық бөлігінде орналасқан: Евразия мен Африка құрлықтарының арасындағы – Жерорта теңізі .
Ішкі құрлықтық теңіздердің жағалаулары бір құрылық шеңберінде (мысалы, Балтық, Ақ, Қара теңіздер) және құрлықтық қыртыста орналасқан , онша терең емес , таяз. Мысалы, Балтық теңізінің ең максимальды тереңдігі -470 м, Ақ теңіздікі 350 м, Азов теңізі -13 м.
Арал аралық теңіздер мұхиттардан жекеленген аралдар немесе арал тізбектері арқылы бөлініп жатады. (Филиппин, Банда, Сулу т.б). Саргасова теңізі де арал аралық теңіз болып табылады. Мұхиттың ортасында орналасып , айқын шекарасы жоқ болса да өзіндік гидрологиялық режимі, жануарлары мен өсімдік түрлері арқылы көршілес территориялардан ерекшеленеді.
Шығанақтар – судың құрлыққа еніп жатқан бөлігі . Шығу тегіне , жағалау-ларының құрлысына , формасына қарай шығанақтар: фьорд, бухта, лиман деп те аталады. Тарихи сонау ерте кезден бастап қалыптасып кеткен түсініктер бойынша кейбір теңіздер шығанаққа (Парсы, Мексика, Бенгаль), ал шығанақтар , режимі жағынан айырмашылығы болса да , мұхиттарға жатқызылып кеткен (Босфор теңізі, Линкольн теңізі).
Мұхиттарды, теңіздерді және шығанақтарды бір- бірімен бұғаздар жалғастырып жатыр. Өте енді және терең бұғаз – Дрейк бұғазы (Оңтүстік Американың оңтүстігін-де ) –орташа ені 986 км , орташа тереңдігі 3111 км , ал ең ұзын бұғаз Мозамбик бұға-зы – 1760 км.
Дүниежүзілік мұхиттың еркін жатқан беті деңгейлік деп аталады. Тыныш күйде бұл геоид бетімен сай келуге тиіс. Алайда көптеген себептердің жиынтықтарының әсері: температура, атмосфера қысымы, жел, толысу түзетін күштер, су баланысы, жер қыртысының қозғалыстары – оның ауытқуын тудырады. Мұхит деңгейінің үздіксіз өзгерістері кезеңді және кезеңсіз де болуы мүмкін. Ауытқу кезеңдері өте қысқа (бірнеше сағат) және өте ұзақта (ғасырлық ауытқулар) болады. Мәселен, жазда мұхит суының жоғарғы қабатының қызуы деңгейінің көтерілуін, қыста оның суынуы төмендеуін тудырады. Мұхит деңгейінің баяу түсуі мен көтерілуі екі түрлі себепке байланысты. Мұхит деңгейінің көтерілуі немесе түсуі мұхиттағы судың азаюмен, көбеюмен – су балансының өзгерісімен (гидрократтық себептер) тууы мүмкін. Мысалы, Антарктиданың мұз жамылғысының толық еріп кетуі Мұхит деңгейінің шамамен 60 метрге көтерілуін туыдырады. Сірә, құрлықта мұздықтардың пайда болуы Мұхит деңгейінің төмендеуін тудырса керек. Мұхит деңгейінің жағдайы жер қыртысы қозғалысына да байланыстыөзгеріп отырады(геократтықсебептер) мысалы, Голландия мен Дания жағаларының осы кездегі төмен түсуі салдарынан Мұхит құрлыққа өріс жаяды, ал керсінше, Скандинавия түбегінің көтерілуі салдарынан Швеция жағаларында шегінеді.
Соңғы жарты ғасыр аралығында Дүниежүзілік мұхит деңгейі 10 см-ге көтерілді , бірақ көтерілу деңгейі мұхиттардың әртүрлі бөлігінде әрқалай. Мұхит деңгейінің ауытқын отыруын бақылауды арнайы постар зерттейді. Осындай алғашқы постар XҮII ғасырда ашылған (1682ж. –Амстердамда, 1704ж. –Кронштадтта); қазіргі күні Дүниежүзілік мұхиттың су деңгейінің өзгерісін бақылайтын осындай постардың саны 1500-ден артық.
Сонымен, дүниежүзілік мұхиттың деңгейі үздіксіз өзгеріп отырады және оның әртүрлі бөлігінде әрқалай. Жалпы өзгеру механизмі күрделі, 1500-ден артық бақылау нүктелерінен алынған көп жылдық мәліметтердің өзі жеткіліксіз. Мұхиттың орташа тереңдігін есептеп шығаруға мүмкіншілік аз. Сондықтан орташа көп жылдық деңгей көрсеткішін әрбір жекелеген нүкте үшін жеке-жеке есептеп шығарады. Осы деңгейлер құрлықтардың абсолюттік биіктігі мен мұхиттардың тереңдігін анықтаудағы алғашқы нүкте болып табылады. Әрбір елде бір нүкте алынады. ТМД елдерінде тереңдік пен биіктікті есептеу Кронштадттағы Фин шығанағы деңгейі (Кронштадт футштогының нолдік деңгейі), Батыс Европа елдерінде Солтүстік теңіз деңгейінен есептеледі.