Топырақтың морфологиялық құрылымы

Скачать

Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады.
Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет В.В Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұнқырды қазып, Бір бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінмен сипатталады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу процесі туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әр түрлі топырақ типтері де осылай бір-бірімен ажыратылады.
Топырақтың негізгі морфологиялық сипаттамаларына топырақтың түсі, құрылымы, тығыздығы, механикалық құрамы, әр түрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, НСЕ-мен әрекеті т.б. жатады.
Топырақтың профилі. Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. В.В.Докучаев топырақтың бетінен төмен қарай үш қабатқа бөлді. А- қара шірікті қабат. В- өтпелі қабат, С- топырақ түзуші аналық тау жынысы қабаты. Олар тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне байланысты әрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін. Оларды А1А2, В1В2, С1С2 т.б. белгілейді.
Топырақтың түсі – топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар:
1.Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.
2. Темі марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.
3.Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға ерігіш тұздар (Хлоридтер және сульфаттар). Олардың түстері-ақ.
4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.
Үш бұрыш ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы үш негізгі түстердің азды көптігіне байланысты неше түрлі түстер болады. Топырақтың түсін анық бір түспен айту қиын, сондықтан да негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына қойылады. Мысалы, қара қоңыр, сары құба, ашық сары деген сияқты.
Топырақтың түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті боллуы гумустың молдығын көрсетеді. Көкшіл немесе көк түсті-топырақтың батпақтануы.Мұндай жерлерді пайдалану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.
Топырақ құрылымы. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ қаиеттері:
1,Ылғал сыйымдылығы
2.Сіңіру сыйымдылығы
3.Топырақ жабысқақтығы
4.Топырақ біріккіштігі, үйкелістік қасиеті
5.Топырақ төзімділігі, беріктілігі.
6.Нығыздылығы.

опырақ нығыздылығы- оның борпылдақ қуысты немесе нығыз болу қаиеті, Бұл көрсеткіш топырақтың тығыздылығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді.
Топырақ қуыстары ауа мен судың, жылудың жылуына ықпал етеді. Топырақтың нығыздылығы топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, органикалық және минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты.Топырақ нығыздылығына қарай мынадай 5 түрге бөлінеді.
Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі ерітінділердің кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалуын айтады.
Докучаевтың басқа кітапты былай жазылғанын көреміз яғни 5 қабатқа бөгенін көреміз.
А) Негізгі қара шірікке болған, топырақтың құнарлы қабаты
В) Түсі ашығырақ, бірте-бірте тау жыныстарына ауысады.
С) Топырақ түзуші аналық тау жынысы.
Д) Шайылу қабаты.
Топырақтың физикалық қаиеттері
Топырақтың физикалық қаиеттеріне оның құнарлығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер: Топырақ бөлшектерінің құрылымы, су- ауа режимі, жылылық, меншікті және көлемді салмағы, сонымен қатар өндірістік құрылыс жол салуға топырақтың қаттылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы сияқты қасиеттері жатады.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы .
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. ҚҰрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.


Скачать


zharar.kz