Дала балладасы

Скачать



Қазіргі заманғы Қазақстандық гобелен-қызықты және болашағы зор көркем өнер туындылары болып табылады. Гобелен өнері басқа көркемдеуші өнерлерден көркем өнер тілінің сәнділігін, тоқу ерекшелігімен, түстерінің қанық әрі молдылығымен, қолмен тоқу ерекшелігімен өзгешеленеді. Гобелендер тоқу ісі шеберден асқан шыдамдылықты, ыждағаттылықты талап етумен бірге көп уақыт алады. Қазақтарда қайсыбір түстің символдық мәні бар: көк түс-аспанның символы, қызыл түс оттың күн көзінің символы, сары түс ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы қара түс жер символы, жасыл түс жастықтың көктемнің символы. Демек бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің ұлттың өзіне тән талғамы мен тоғлымы болған. Гобелендерді әр түстерді алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымыда бар. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографикалық тарихымен де байланысты символдың мәні бар. Колорит сәуле мен көлеңкенің түстерге әсері сияқты графика мен кескіндемеге сәйкес эстетикалық тәсілдері тіпті кемде көркемдік ойларына сәйкес қажет бір ғана жіптің түсін анықтауда гобелен шебері осы тәсілдерді тәжірбиеге алады. Түстік сипаттама Қоршаған табиғи орта озінің асқан сұлулығымен, сан түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды. Адамның белгілі бір түске психологиялық реакциясын көптеген мысалдармен байланыстырады. Түс ұлттық дәстүрменде байланысты Темпераментті күшті оңтүстіктегілер жылылықты сездіреді, бірде ылғалдық пен салқындықты сездіреді.
Суретші Тыныбеков Құрасбек Дала балладасы атты шығармасын
қарап көрелік.

Дала балладасы

Суретші шығармасында қазақтың кең жазира даласында ең бір елеулі құбылыс бояулардың үйлестігі және түстің үйлесімділігі. Суретшінің шығармасында жылы түстер өте қанықта анық барлық күшімен үйлесімділік тауып тұр. Шығармадағы барлық түстер кеңістікті және қазақ халқының салт-дәстүрімен, оюлармен үйлесуде. Түстер үйлесімділігін айтқанда оларды солғын түстерден құралған деп айтуға болмайды. Дала балладасы картинкасының түстері көрерменге өзіндік ерекшеліктермен салтанаттылығымен қабылданады.
Тау мен дала аңызы атты шығармасында мазмұнға толы бай көрінісін көре аламыз.

Тау мен дала аңызы

Суретші шығармадағы әрбір кейіпкердің бет бейнесін ашу үшін оларды көгілдір фонда күн сәулесінің жарығымен айқындай түседі. Үлбіреген қызыл, сары күн бейнесі, ақ, ашық сары түстер шексіз-түпсіз бейбітшіліктің келбеті ретінде әсем көріністері адамдың көру сезімін сыйқырлай, шығармашылыққа баулиды. Суретші қазақтың кең даласын бейнелеуге қосымша түстермен қатар қарама-қарсы түстердіде көп пайдаланған. Шығармадағы сары, ақ түстал көлеңкеде көк жасыл түстер басым.
Әлем шаттығы атты шығармасында шаттыққа толы түстер бейнеленген.

Әлем шаттығы

Жылы түстер яғни қызыл, сары түстер көзге жылы қабылданады. Суретшінің шығармасында түстердің әсемдігі композицияның анықтығы, бояу колоритінің байлығы суретшінің әрбір шығармасында әлемді, әуезді қабылдауға бейімділік байқалады. Гобеленде әрбір кейіпкердің бет бейнесін ашып көрсету үшін оларды қызыл фонда күн сәулесінің жарығымен айқындай түседі.
Батима Зәуірбекованың шығармаларын алып қарайтын болсақ
.
Әйгерім

Әйгерім гобеленінің шығармасындағы елеулі бір құбылыс бояуларымен үйлесімділігі гобеленшінің шығармасын көркемдеп түсуде. Қыздың сұлулығын
ажарлығын суреттейді. Қыздың бет бейнесін ашып көрсету оларды қызғылт және жылы колоритті түстер айқындай түседі. Гобеленші басты назарын жарық пен көлеңкеге көбірек бөлетіні сезілді. Осы жарық пен көлеңке қыздың бет әлпетін жандандырып оны аша түседі.
Жайлау атты шығармасында барлық түстер дерлік кеңістікті көрсетеді
.
Жайлау

Үлбіреген қызыл, сары түстер табиғи қалыптағы түске жақын келеді. Гобеленшінің шығармасындағы түстерден құралған деп айтуға болмайды. Бұл шығармадағы переходпен берілген түстер көрерменнің айрықша көңіл күйін көтереді. Гобеленін түстері көрген көздін жауын алады.

Пайдаланған әдебиеттер
1. “Қазақстан бейнелеу өнері” Ералин Қ, Ж Айменов
2. “Этнодизайн” Қуандық Ералин
3. “Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы” Ералин Қ, Бейсенбеков Ж, Матеева.М


Скачать


zharar.kz