Салауатты өмір салты-белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға салауаттандыруға арналған мінез құлық тәрбиесі.
Салауатты өмір салты- тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байлансты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлуметтік топтар мен жалпы қогамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Әр атпал азамат баладан өседі.Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «баланы жастан» дейтініде сондықтан.Бала тәрбиесіндегі ең басты мәселенің бірі-оны дүрыс тамақтандыру.Өйіткені дүрыс тамақтанған баланың денсаулығы да зор болып өседі.
Әрине,жаңа туған жас нәресте өмірінің алғашқы айларында, көбіне 1 жасқа дейін,емшек сүтін емеді. Емшек сүттімен оның организмінеқажетті заттар жеткізеді. Ал 1 жастан 1,5жасқа дейінгібалалар тағамыәр түрлі болуға тиіс.Олардың құрамына сүзбе, ірімшік, ет,бидай наны,қант, майда жарма,қарақұмық жармасы,күріш,картоп,капуста,сәбіз,қызылша,жас және кепкен жеміс,т.б енеді.Бұл өнімдердің әрқайсысынан бала үшін арнайы тағам дайындаудың қажеті жоқ.Жалпы отбасы үшін пісірілген көкеніс сорпасынан 1-2 қасық, еттен бір кесек,тағы басқалардан осындай аз-аздан беріп отырса жетіп жатыр.Ал 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі түрлі көкеністен, сүттен, жармадан, онша майлы етпей өздеріне арнап дайындаған дұрыс.Жасанды коректендіру жағдайындағы балаларға үстеме тамақтандыруды ертерек бастауға болады.Өйіткені олардың организіміана сүтін алмастыратын тағамдардан «бөтен» тағамдық заттарды; сиыр сүті,глюкоза сиропы, өсімдік майы т.с.с ана сүтінен құрылысы басқаша болып келетін жаңа тағамдық заттарға үйренген болып келеді.
Балалардың тамақтануының рационады болуы,тамақтанудың тәртібін ұйымдастырғанда ғана мүмкін.Ол үшін томенде корсетілген шаралардың орындалуы қажет-1 Тамақтану уақыттын және уақыт аралықтарын қатал сақтау.2 Тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы. 3 Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тағамды мөлшері мен сапасына байланысты дүрыс бөлу. 4 Тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі.
1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін,аралығы 3,5-4,0 сағаттан тұратын,күніне 4-5 рет тамақтану ең рационды болып саналады.Одан жиі немесе сирек тамақтандырудың қажеті жоқ..Асқазан сөлі дүрыс бөлінуіне жағдай жасау үшін,тамақтану уақыты тұрақты болуы керек. Тамақтану аралығында балаларға ешқандай тағам бермей, ал ең соңғы тамақтану ұйықтардан 2 сағат бұрын беріледі. Бұл талаптар сақталмаса бала организімінің ас қорытуы нашарлап, тағамдарға тәбеті төмендейді.Тәуліктік рацион тамақтану мезгіліне байланысты дұрыс бөлінуі тиіс. Тамақтану мезгіліне байланысты таң ертенгілік аспен кешкі ас рационның 20-25%,түскі ас 30-35%,қосымша екінші таң ертенгі ас 10-15%,құрайды,кейбір жағдайларға байланысты 5% мөлшерінде рұқсат етіледі. Дене еңбегі және эмоционалдық жүктеме асқазан сөлінің бөлінуін төмендетеді.Сондықтан,тамақтанар алдында балаларға міндетті түрде 30 минуттық демалыс қарастырылуы керек. Сонымен қатар тамақтану ұзақтығы да мөлшерленеді,таң ертенгі аспен кешкі асқа 10-15 минут,түскі тамақтануға 20-25 минут берілуі тиіс.
Санитарлық дәрігер ас мәзірін құрастырған кезде мынандай негізгі қағидаларды білуі керек-1 Тағам рационы балалардың жас мөлшеріне сәйкес дене еңбегінің жүктемесіне, жыл мезгіліне, климатқа байланысты алынған тағамдық заттарға және энергияға қажеттілігіне сәйкес болуы қажет.