Ф е р м е н т т е р

Скачать

Ферменттер-тірі организм клеткалары жасап шығаратын барлық химиялық реакциялардың жүрісін тездететін биологиялық катализаторлар.
Тіршіліктің негізіне тірі организм клеткаларында жүріп жататын алуан түрлі химиялық реакциялар жатады. Осы реакциялардың барлығы белгілі бір ферметтердің қатысуымен өте жоғары жылдамдықпен жүреді. Мысалы, лабораториялық жағдайда 1 г белокты ыдырату 100 о Стемпературада 6№ НСЕ әсерімен 24 сағат аралығында жүрсе, осы реакция ас қорту жолдарында 37 о С температура шамасында 2 сағатта өтеді.
Қазіргі кезде белгілі ферменттердің бәрі химиялық табиғаты жағынан белоктар,ферменттер молекулаларының құрлысына қарай 2 топқа бөлінеді:1) тек қана белоктардан тұратын бір компоненті ферменттер; 2) молекулаларының құрамына белоктан басқа простетикалық топ деп аталатын белоксыз заттар кіретін екі компонентті ферменттер. Әртүрлі химиялық реакциялардың жүрісін тездетуге фермент молекуласы түгел қатыспай,оның белсенді орталық деп аталатын бөлімшесі ғана тездетеді.Бір компонентті ферменттерде аминқышқылдарының әртүрлі функционалды топтарды осы белсенді орталық қызыметін атқарса,екі компанентті ферменттерде белсенді орталық метал (Ғе,Со,Си,Мп) немесе кіші молекулалы органикалық заттар; витаминдер, нуклеотидтер т.б. болуы мүмкін.


Скачать


zharar.kz