Сапарғали Бегалин – балалар жазушысы

Скачать

Сапарғали Бегалин 1895 жылы Семей облысы Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таниды,керуенмен Семейге келіп пристанда жүкші болып қызмет істейді, кейін оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Құлжановтың үйінде ат күтуші болады, ол кісіден орыс тілін үйренеді, кейін приход мектебіне түседі, жаз айларында жүктілік жұмысын жалғастырады.
1916 жылы патша жарлығымен тыл жұмысына алынады. 1923-28 жылдары ауданның халық сотында істейді.
Ақынның әдеби қызметі 1914 жылы басталады « Қазақ жастарына » атты өлеңі « Айқапта» жарияланады.
С.Бегалиннің көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған алғашқы кітабы—« Қыран кегі» поэмасы 1944 жылы жарыққа шықты. Бұдан кейін жас аңшы « Сәтжан» атты повесі 30 мың, екінші жолы 300 мың дана тиражбен шықты. Повесть азербайжан, өзбек, армян, корей тілдеріне аударылды. Ол балаларға « Ермектің алмасы», « Бақыт» жинақтарын арнайды. Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын аударады, Шоқанның балалық шағы туралы жазды.
Бегалин – балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, тамаша үлгісін көрсеткен жазушыС.Бегалинның балаларға арнап жазған шығармаларының тақырыбын беске бөлуге болады.

1. Аңшылық тақырыбына жазған (« Бала мерген», « Сәтжан», « Алданған жолбарыс» т.б.)
2. Туған өлкенің жан-жануарларымен байлықтарын таныту .Мыс; бұғының мүйізіндегі қан санға ауруға дәрі, аюдың өті сан жараға ем. т.б. Мұны « Көксегеннің көргендері» әңгімесінде тамаша баяндайды.
3. Балалардың мал шаруашылығымен айналысуы.Мыс; «Сұрапылда», « Жылқышы», « Шопан даңқы» т.б.
4. Өмірге икемсіз, ұрыншақ балаларды дұрыс жолға салу. Мыс; « Ұрыншақ», «Бес батыр» т.б.
5. Мектеп жұмысын өндірістік оқу жұмысымен байланыстыру.


Скачать


zharar.kz