Радиацияға толы сфера

Скачать

Радиацияға толы сфера – Біздің қоршаған ортада радиактивті элементтердің (заттардың) көп болуынан. Бұл ашық түде болуы, антропогендік факторлармен де болады. Осы 1940-1980 ж әлемде 1349 рет ядролық сынақтар жүргізілді. Осының нәтижесінде өте үлкен, өте көп қоршаған ортағарадионуклидтер әкеліп соқтырды. 1950 ж атмосферада және су астында 11,000 кем емес радиоактивті қалдықтарымен контейнерлер жүргізілді. 60 жылдары Арикаспийде әлемдік мақсатқа байланысты 50 жер асты ядролық жарылыстар болып өтті.
Чернобыль оқиғасы АЭС 1986 жылғы өзінің қауіпті жағдайымен, өте үлкен экологиялық фактор ретінде тарихта қалған. Әлемдік радиациялық заттардың атмосфераға тасталғанымен 77 кг болып шықты (салыстырмалы түрде Хиросимода бомбасының жарылысынан кейін 740 г тасталған радионуклеидтер),сонда да радиоактивті заттардың 70% Белорусь территориясында кездеседі.
Россиядағы Ченобыль АЭС-сы, 1995 ж. ластану систематизацияландыру жұмысы аяқталды. Ластанғаны – 137. (15%-ы тасталынған радионуклеидтердің толық саны). Көбі Брянская, Колужская, Тульская және Орлов облыстары.
Нәтижеінде Чернобль оқиғасының кезінде құрылған ормандардың 600 га болып шықты, ол зақымданғандардың 15,000 га. Радионуклеидтерден Дуная, Днепр, Днестра, Дона, Волги өзендерінің бассеиндері зақымданды, ол суқоймалардан (Киев, Коневский т.б.)
Осылай, қалдықтар ағылшын және француз атомдық зауыттары өздерінің радионуклеидтермен айтарлықтай бүкіл Солтүстік Атлантинаны, Сотүстік Корвежскиді, Гренландия, Баренцево көлдерін зақымдандырды.
көлінде 11,000 радиоактивті қалдығы контейнерлер, және де 15 атомдық суасты қайықармен реакторлар батып кеткен.








Айналадағы ортаны радиация қалдықтарымен ластау – адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электор станцияларын салуда, уран өндіруде, олардан шығатын радиактивті қалдықтардан сақтануды ескеріп жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Атом энергиясын қауіпсіз өндіру адамзатқа қойылып отырған үлкен сын, онсыз өркениеттің өрге басуы мүмкін емес. Алайда радиактивті қалдықтарды залалсыздандыру немесе қауіп келтірместей етіп сақтау адамзат алдындағы ең күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шешу үшін ұлттық деңгейде арнайы радиациялық қауіпсіздік шаралары қабылданып іске асырылуы керек. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан, радиактивті бөлшектер жер бетіндегі тіршілік атаулыны бірте – бірте жоятын болады міне, сондықтан қошаған табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға зор жауапкершілік жүктеледі.
Альфа бөлшектер – кейбір радиоактивті заттардың ыдырауынан шығып, екі рет иондаған гелий атомының ядросы ( Не). Альфа бөлшектері бір-бірімен өте күшті байланысқан екі протоннан және екі нейтроннан тұрады. Альфа бөлшектерінің массасы 6,644•10ֿ² гр, заряды электрон зарядынан екі есе артық. Альфа бөлшектері нейтрон мен кейбір радиоактивті изотоптарды алуға арналған ядролық реакцияларда пайдаланылады. Альфа бөлшектердің ұзақ әсері нәтижесінде тірі организм сәуле ауруына шалдығады. Альфа бөлшектері парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Бірақ та, адам терісінда қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы өтіп кетсе, ӨТЕ ҚАУІПТІ!!!
Бета бөлшектер – атом ядросына бета ыдырау кезінде бөлініп шығатын электрондар мен позитрондар. Бета бөлшектері электрондар болса β– деп, ал позитрондар болса β+ деп белгіленеді. Бета бөлшектерінің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1 – 2см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.
Гамма сәулелер - өте қысқа толқанда (толқын ұзындығы 1ºА=10ˉ см-ден аз) электромагниттік сәуленің бір түрі. Гамма сәулелері атом ядросының радиоактивті түрленуі, микробөлшектердің зат ішінде кенеттен тежелуі, элементар бөлшектердің аннигиляциясы және әр түлі ыдырау (πº-мезонның ыдырауы) т.б. процесстер кезінде бөлініп шығады. Гамма сәулелерді электромагниттік толқын ретінде де қарастыруға болады. Ұзын толқынды гамма сәулелердің толқындық қасиеті, ал қысқа толқынды гамма сәулелердің корпускулалық, яғни бөлшекке ғана тән қасиеті (фотоэффект, Комптон эффектісі) басым болады. Гамма сәулелердің (γ-кванттыңэнергиясы Е=hν) арқылы өрнектеледі. Энергиясы Е=І ГэВ шамасындағы гамма сәулелер зарядты бөлшек үдеткіштерінде электронның кенеттен тежелуі кезінде бөлініп шығады. Гамма сәулелері – ең өткір сәулелердің бірі. Гамма сәулелердің өткірлігі оның энергиясы мен сәуле өтетін ортаның қасиетіне байланысты анықталады. Гамма сәулесін шығаратын радиоактивті заттар техникада түрлі ақауларды анықтауда,медецинада әр түрлі ауруларға диагноз қоюда және оны емдеуде кеңінен қолданылады.


Сәулелік ауру - әр түрлі иондауыш сәулелердің әскерінен пайда болатын қатерлі сырқат. Адам, жануарлар, микроорганизмдер және өсімдіктерге жер қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және космос сәулелері сырттан, организмде болатын радиоактивті элементтер ( К, Ra, Rn, С т.б.) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады. Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға, әсіресе тыныс алу жолы арқылы теріге, ішек қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда болады. Сәлелік ауру жедел және созылмалы деп екіге бөлінеді. Жедел түрі бір мезгілде организмге сәуленің өте көп мөлшері өткен жағдайда пайда болады. Ал созылмалы сәлелік ауру сәуленің аз мөлшерінен зақымданғанда, кейде жедел түрі созылмалы түрге айналуынан болады. Сәлелік ауруының белгілері организмге өткен сәуленің мөлшеріне байланысты 100p өткенде ауру жеңіл өтеді, организмдегі өзгеріс кейде тіпті байқалмауы мүмкін. Сәуле мөлшері 100p-нен артса, организмде аурудың белгілері анық білінеді, мұндайда, мысалы, сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті төмендейді, организмнің ауру туғызатын микробтарға қарсы қабілеті нашарлайды. Егер организм 600p мөлшерінде сәулеленсе, 1–2 айда өледі. Сәулелік ауруына шалдыққан адамның бірнеше минуттан кейін жүрегі айниды, құсады, әлі кетеді. Мұндай жағдай 3–4 тәуліктен кейін басылып, науқас 14–15 күн, кейде 4–5 жетідей айыққандай сезінеді. Бірақ науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, кейбір органға қан құйылады, дене температурасы көтеріледі, іші өтеді, тәбеті кемиді, терісі көгереді, тістің түбі қанталайды, шашы түсе бастайды. Мұндай жағдай 15–20 күнге созылады. Организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұратын қабілеті кемігендіктен өкпе қабынады, теріге іріңді жара шығады. Егер организмге сәуленің 1000–5000р мөлшері өтсе, сәулелік ауруына ішек – қарын шалдығып, зат алмасуы, әсіресе тұз және су алмасуы бұзылады да, ол қан айналысына әсер етеді. Сәулелік ауруының бұл түрінен адам алғашқы 1–2 тәулікте өледі. Қарттар мен балалар сәулелік ауруын көтере алмайды. Сәулелік ауруының қай түрінде болмасын организмнің қан айналыс, нерв, ас қорыту жүйесінің
қызметі бұзылады. Емі: қан түйіршіктері түзілетін органдарға операция жасалады, қан құяды, антибиотиктер, құнарлы тағам беріледі, витаминмен емдеу, таза ауа, емдік физкультура, организмді әлдендіретін препараттар қолданылады. Сәулелік ауруына үй жануарлары мен өсімдіктер де шалдығады. Сәуленің мөлшеріне қарай сәулелік ауру жануарларда жеңілу (150-200р), орташа (200-400p), ауыр (400-600p) деп бөлінеді. өсімдіктер сәулелік ауруына шалдыққанда углевод, май, нуклеин қышқылдарының алмасуы бұзылады. Жануарларға адамды емдегенде пайдаланатын дәріледі беріледі, ал өсімдікдің ауруына ем әлі табылған жоқ.









Күнге күю – күн сәулесінің әсерінен меленин пигменті көбеюден терінің қоңыр түске боялуы. Ультракүлгін сәуленің әсерінен тері тез қызарып, терінің зат алмасуы, қан айналысы жақсарады. Терідегі минерал заттарының алмасуын қалыптастыратын «D» витамины молаяды. Сондай-ақ күнге күю әр түрлі тері ауруларын (терлегіштік, қабыршықты теміреткі безеу т.б.) емдеуге пайдалы. Күнге күйгенде алғашқы күндері 10–15 минут, кейін қыздырыну уақытын ұзарту қажет. Кенет ұзақ қыздырынса күн сәулесі өтіп, адамның дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, қалтырауы, кейде естен тануы мүмкін. Сондықтан күнге күюден бұрын дәрігерге қаралып денсаулығын мұқият тексерту керек. Тері біркелкі күю үшін қыздырыну алдынды денеге өсімдік майын (шабдалы, жаңғақ майы т.б.) жаққан жөн.






Қара құрдым – ғарыштық нысан. Ол гравитациялық күштің әсерімен өзінің (rg=2GM/c², М – дененің массасы, G – гравитациялық тұрақты, c – жарық жылдамдығының сан мәні) кіші мөлшерге дейін сығылуы нәтижесінде пайда болады. Гравитациялық өріс кернеулігі орасан зор болуына байланысты қара құрдым сыртқа сәуле шығара алмайды. Ғаламда қара құрдымның болатыны жөніндегі алғашқы болжам жалпысалыстырмалық теориясы негізінде жасалды. Қара құрдымның пайда болуы жайындағы алғашқы пікірдің біреуіжұлдыздардың эволюциялық теориясына негізделген. Ол бойынша қойнауында термоядролық энергияның көзі таусылған жұлдыз қара құрдымға айналады. Массасы М>Мкриз=1,5 - 3Мo (Мo – Күннің массасы) жұлдыздардағы ішкі қысым күші гравитациялық күшке қарсы тұра алмай, біртіндеп соғыла береді. Сыртқы беті, радиусы rg сфераға (Шварцшильд сферасы) дейін сығылған жұлдызда мынадай ерекше қасиет байқалады: Шварцшильд сферасының ішінен шыққан сигнал (жарық, бөлшектер) оны көктей өтіп, сыртқы бақылаушыға жетпей, сонда қалып кқояды. Жарығы сыртқа шыға алмайтын облыс шекарасын қара құрдымның горизонты деп атайды. Қара құрдымның гравитацичлық өрісінің үлкен ара қашықтықтарда кәдімгі жұлдыз өрісінен айырмашылығы болмайды. Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей қара құрдым абсолют қара дене тәрізді температурасы Т=10² /М (кельвин бойынша) сәуле шағарады. Қара құрдымның осындай сәуле шығару механизмін 1974 ж. ағылшын физигі С.Хоукинг қарастырды. өздігінен пайда болған, сондай-ақ, жұлдыздық табиғаты бар қара құрдымды іздестіру қазіргі астрономияның аса маңызды мәселелерінің бірі болып саналыды. Галактикалар мен квазарлардың қарқынды процестер өтіп жататын қойнауында аса үлкен қара құрдымдардың (М~10 – 10 Мo)орналасуы да мүмкін деген болжам бар.


Скачать


zharar.kz