Жүсіп Баласағұни еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

Скачать

Жүсіп Баласағұни еңбектеріндегі халықтық
педагогика мәселелері

Ж.БАЛАСАҒҰНИДЫҢ ізімен немесе одан тәуелсіз қорытындылар арқылы ғылымның және білімнің маңыздылығы мен пайдалылығы идеясын Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбу-л Қасым Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф Сараи да дәледдеген еді.
Бұл ойлардың ерекше өзгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени құндылықгар әрбір халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады.
Туған тілдің ролін түсінудегі пікірлестік олардың түркі халықгарының рухани сұраныстары мен тілектеріне жақындастырды. Мәселен, кезінде ел арасына кеңінен тарап, авторға ізгі атақ әкелген "Құтты білік" шығармасындағы халықтың талғам-білігін аңғартатын толып жатқан арналардың біреуін ғана, яғни тілдің қоғамдық-әлеуметтік, әсіресе, эстетикалық орнын айқындайтын бәйіттерге назар аударсақ, қазақ жағдайында бірауыз сөзбен адам тағдырын шеше беретін дәстүрдің алғашқы бастауын көріп, өткенімізде қаншама рухани байлық жатқанын аңғарамыз.
Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі дүниесі халқының салттарының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей енді. Кандай да бір үлы педагог секілді ол энциклопедист-философ, психолог, тарихшы, лингвист, этнограф, фольклорист, әдебиеттанушы болатын. Түркі
халықтарының рухани асыл қазынасы оның көз алдында болды, ғалым олардың мәдениетіндегі сабақтастық пен ортақтыққа қызықты.
Соның ішінде адамдық жетілулердің мәні мен мазмұны жайлы түсінік төрбиенің халықтық идеалдарының түрақтылығынан куә етеді. Кемелденген түлға сипаттары тек тілек-сөздер аумағында ғана мүмкін болған жоқ Олар тәрбие тәжірибесі мен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының ең күшті түстарының бірі деп арнайы көрсетеді.
Ұлы данышпанның айтуынша, тәрбие мақсатын жүйеге келтіруге өрекеттенеді. Жақсы тілек, жақсы сөз, жақсы іс – автордың көрсетуінде түркі халықгары үшін белгілі өсиет. Аса байкалатыны, олардың адамдық кемелдену зандылығын тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеумен өзара байланыста, бірлікте қарастыратындықтары байқалады. Жетілу - түркілер ұғымында тұлғаның ұнамды жөне ұнамсыз сапаларының бірін-бірі жоққа шығаруы. Жағымды сипаттардың қалыптасуы бұл жерде, ең алдымен адамның жағымсыз сапаларға қарсы тұра алатын ішкі күштерін қолдау ретінде түсіндіріледі.
Ойшыл ғалымның жауынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың қарама-қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі мыналар:
• біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;
• екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;
• үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;
• төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін;
• бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.
Шығармада халықтық педагогикалық тұжырымдарының дұрыстығы, тиімділігіне назар аудартатын мұндай парасатты мәліметтер жеткілікті.
Ұлы педагог ретінде Жүсіп Баласағұни халықгық педагогика адамзат рухани ілгерілеуінің нақты тарихи кезеңін, педагогикалық білімдер деңгейін көрсете алатынын дұрыс байкайды. Халықтық педагогикалық афоризмдерді ойды білдірудің тиімді құралы ретіңде жақсы көреді. Шынында да халық еш уақытта бала тәрбиелеудің енжар сырттай бақылаушысы болған емес. Оның
өзін-өзі тәрбиелеуі кей уақыттарда арнайы ұйымдастырылған тәрбиеден тиімдірек болып шықты.

Жай халықтың ісі, көңілі, құлқы да,
Сай келеді білік, акыл, қүлқына...
Оларсыз еш іс бітпейді емес пе? –

- деп ойшыл халық педагогының түркілердің өзіңдік, соны адамгершілік тәртібіне өзіндік рухани мөдениетіне арнайы көңіл аудартуы осыдан. Бұқара халықта оның өмірін игілендіруші ежелден калыптаскан салттары мен дәстүрлері мол болцы. Олар табиғатқа қарым-қатынаста халықтың ауызша шығармашылығында, таңғажайып халықтық қолөнерде, киімнің әдемілігінде, даланың даңқты қонақ жайлық кағидаларында, жақсы мінездің ізгі әдеттері мен әдептілік ережелерінде білініп отырды.

"Кісілерге мирас, ата сөзі ғой,
Ата сөзі - ұқсаң құттың көзі ғой".

Бұл жолдар автор үшін халық өнегесінің жоғары бедел болып табылатындығының тағы бір дәлелі. Баласағұндық ғұлама ғалым фольклордың кез-келген жанры шығармаларының халықтығы соңыңда педагогикалық мақсаттылығымен анықталатынын жақсы байқайды. Халық өмірінің өзі тәрбие болатын: бәрі тәрбиеленеді, әрдайым тәрбиеленеді, барлығы да өле-өлгенше тәрбиеленді. Мақалдар мен мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер, аңыздар мен эпостар сол тәрбиенің, өнеге-өсиеттің құралдары қызметін атқарды. Халық әндері тәрбиенің тамаша ескерткіштері бола алады. Балалар мен жастардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру мақсатымен оларға сөз бен әсер ету шаралары жайлы «Құтты білік» шығармасының
"Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда зияны" айтылатын тарауын да егжей-тегжейлі қозғалған. Халықтық тәрбие дөстүрлерін жетік білгені Баласағүнға мінез-құлық ережелерін жүйелеуге жәрдемдесті. Ол түлғаға табиғаттың ықпалы жайлы халық сенімін өз сенімі тақырыбы етіп алады және табиғатқа үйлесімділік қағидасын үсынады. Осылайша ұлы үстаз халықтан өзі үйрене отыра, халықты үйретті. Халыққа қызмет ету оның рухани қазынасын игерусіз мүмкін емес: халықтық - халық балаларына, автордың негізгі өсиеті осыдан түрды. Халықтардың рухани өмірінің мәнді нышандарын жетік білуге сүйенетін халықтық қағидасы Баласағүни педагогикасына ерекше тартымды күш берді. Сондықтан бұл қағида оның педагогикалық жүйесінің патриоттық өзегі болып табылады.
Таңғажайып шығарма - «Құтты біліктің» ғылымға белгілі Веналық, Каирлық және Намангандық нұсқалары бар. Тұлғалы туынды Батыстагы әлемге австриялық әйгілі шығыстанушы фон Хаммер Пургшталь арқылы белгілі болады. Қолжазба 1796 жылы Стамбулда оның қолына түсіп, оны өзінің отанындағы Вена кітапханасына сыйға тартқан. Бірінші басылымы неміс тілінде жарық көріп, оған белгілі шығыстанушы Г.Ванбери түсініктеме
берген. Екінші нұсқасы Мысыр (Каир, Египет) кітапханасынан табылған. Оны аудармамен салыстыра отырып, 1891-1910 жылдары академик В.В. Радлов ғылыми негізде зерттеп шығады. Қазірде Ташкенттегі Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақтаулы "Қүтты біліктің" үшінші нұсқасы кейінірек 1913 жылы табылған. Ұлы шығарманың осы аталған үш қолжазбаның негізінде (Вена, Каир, Наманган) үлкен зерттеу жүмысын жүргізіп, ғылыми жинақ жазған белгілі түрік философы Р.Р.Араттың еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық.
Баласағүнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары В.В.Бартольд пен С.Е.Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен әдебиеттанушы ғалым Е.Э.Бертельс пен А.Н.Самойлович, түркітанушы А.Н.Кононов жөне басқалары өз зерттеулерінде ойдағыдай нәтижеге жетті. Х-ХІІ ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың мәдени дамуындағы өзіндік өрнек үлгілері жан-жанты көрініс берген аса құнды шығарма қазакстандық ғалымдардың да назарынан тыс қалған жоқ. Б.Кенжебаев, Ә.Дербісөлиев, Ғ.Айдаров, Ә.Қоңыратбаев, М.Мырзаахметов еңбектеріңде бұл көне жәдігер түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылып, яғни әдеби, тілдік, стильдік, философиялық, педагогикалық, текстологиялық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени тұрғылардан зерттелініп келеді. Соның ішінде Жүсіп Баласағұнидың қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуына, қазақ жерінде ақыл-ойдың, даналықтың дамуына тигізген ықпалы мен тәлім-тәрбие мәселелерін көтерудегі ролі, көптеген халықтық даналықтардың ұқсастықтары мен сабақтастықтары да ғалымдар назарынан тыс қалмаған жәйттер.
Мұның өзі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының қазақ халықтық педагогикасы тарихындағы орасан зор орнын айшықтайды.


З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»


Скачать


zharar.kz