Қазақ операсының фольклорлық бастаулары

Скачать

Қазақ операсының фольклорлық бастаулары
Қзақстанның ұлттық опера өнері - халықтың рухиани қазынасын байытқан жаңа дәуірдің ерекше құбылысы. Бұл жанрдың мазмұны орыс жэне еуропа мәдениеті үрдісі негізінде ұлттық фольклорымызды кең колдана отырып, халықтық мұраны жаңғырту болып табылады.
Қазақстанда операның бірден қаз тұрып кетуі қиынға соқты, оның жолын көптеген киындықтар тосып тұр еді. Жарты ғасырда жазылған 32 қазақ операсының бәpі бірдей табысты болған жоқ, кейбірінің сахналануы сәтсіздікке ұшырады, кейбірі репертуарға орныға алмады, ал баска бірі қойылысымен ұмытылып кетті. Тек аз ғана бөлігі ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын қорына кіріп, классикамызға айналды. Қазақстандағы опера жанрының бастауы мен дамуы бұрыннан қалыптасып қалған академиялық формалар мен әлемдік классикалық опера өнерінің ықпалында болды. Оған дәстүрлі қазақ мәдениетінің жанрлық образдық түрлері кең қолданылды. Опера жанрының дамуы барысындағы негізгі бағыт – дәстүрлі жанрлар мен әншілік - аспаптық фольклор қалпындағы үлгілерді жаңаша түрлендіру болды.
XX ғасырдың 30-40 жылдарында жазылған алғашқы операларға халықтық музыканы кең колдану әдісі тарихтың кеөзімен қарағанда дұрыс болды, әpi өзін ақтай алды.
XX ғасырдың 60-80 жылдары опера түбегейлі өзгеріске тап болды. Бұл өзгеріс бәрінен бұрын сюжеттік - тақырыптық негізге қатысты, ендігі жерде шығарманың басты тұғыры ауызша поэтикалык фольклор - батырлар жыры, лирикалық - романтикалық және әулеметтік тұрмыстық эпос мазмұнына құрыла бастады.
Опера өнерінің озық үлгілері қатарына республиканың халық әртістері, алғашқы ұлттық сазгерлер А.Жубанов пен Л.Хамиди жазган «Абай» (1944), КСРО халық әртісі М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» (1946) опералары жатады, ұлттық опера өнерінің шын мәніндегі зүміреті болған бұл туындыларға кезінде КСРО - ныц мемлекеттік сыйлығы да берілді (1949).
Музыкалық драматургияның жаңа сатысына көтерілу жұмыстары осыдан кейін көп күттірмей басталып да кетті. Е.Брусиловскийдің «Дударай» (1953) операсы Мәриам Жагорқызының (Мария Рыкина, 1887 - 1950) осы аттас әнінің лейттакырыбы (лейттема) негізінде жазылды, автор тақырып пен сюжетті қабыстыра отырып, кейіпкерлердің психологиялық мінездері мен жекелеген жағдаяттарының баяндауын шегіне жеткізе білді.







Халықтың эпикалық мұрасына бетбұрыс - Қазақстандағы опера өнерінің дамуындағы заңды құбылыс еді. Эпикалық сюжеттер мен образдарды игеру, олардың біртуар көркем әлеміне бойлау - қазақ операсының ұлттық бейнесі мен бағдарын айқындайтын басты касиет. Эпикалық сарында жазылған опералар қатарында «Ер-Тарғьш», «Бекет»,
«Алпамыс», ал, балет саласында «Қамбар Назым», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақсақ Құлан» сияқты шығармалар бар.
Қазақ операсының кұндылығы мен тарихи маңызы оның ұлттық
классикалық әдебиетпен тығыз байланыстылығында, каһармандық пен лирика тақырыбы, тарихта болған оқиғалар және қиялды көкке өрлететін фантастика, сол заманның көкейкесті оқиғалары, бостандық үшін кұрес сонымен бірге ұлттық мінез, тұрмыс пен талғам, бәpi де қазақтың жазба әдебиетіне сүйене кұрылған. Осы салада еңбектер: Мухтар Әуезовтен -«Абай», «Бекет», «Еңлік-Кебек», Бейімбет Майлиннен - «Жалбыр», Сәбит Мукановтан - «Алтын астық», Ғабит Мүсіреповтен - «Амангелді», Сәкен Сейфуллиннен - «Көкшетау», Султанмахмұт Торыайғыровтан - «Камар сұлу». Хамит Ерғалиевтан - «Махамбет» (опера либреттосына Махамбет Өтемісұлының жыр - толғаулары қолданылған) және басқалары.
Қазақ операсының концептуальды (бағдарлы) негізі, сюжеті, музыкалық әсері мен тілдік семантикасы (қолданысы) халықтың ежелгі мәдениеті - поэтикалық, прозалық, музыкалық және орындаушылықтан бастау алады. Қазіргі қазақ операсының композициялық, жанрлық һәм тілдік структурасының анықтаушы кұбылысы осылар.
Фольклорлық - өлеңдік материал. Негізінен операдағы басты кейіпкерлердің мінезін сомдау үшін қолданылды. Мысалы - «ЕрТарғын» операсындағы «Алтыбасар», «Қамар сұлудағы» «Айтбай» т.б. осы әндер опералык шығармалардың музыкалық драматургиясындағы басты компоненті болды – дәлелдеме үшін, «Елім-ай» әні Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Туған жер», Е.Жубанованың «Еңлік-Кебек» операларында бастаушы әуен ретінде колданылған. Опера мен театр табиғаты - ауызша дамыған дәстүрдің тамаша өкілдері, халық сазгерлері Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса, («Қыз Жібек»), Біржан сал, Ақан сері (осы аттас опералар), Иман Жүсіп («Жалбыр»), Мәді («Ер тарғын») т.б. өлеңдерінде сәттімен ашыла қамтылды.
Ұлттық операда домбыра күйлерін жаңғырту (модификация) композициялық, жанрлық һәм тілдік деңгейді ескере отырып іске асырылды, соның сәтімен толыққанды оркестр үні мен әсерге бай палитра жасауга кол жеткізілді.







Домбыра күйлерінің әрсалалы міндеттерінде «Жалбыр» («Шора»),
«Ер Тарғын» («Балбырауын»), «Абай» («Қосалка», «Мерген»), «Песнь о целине» («Дайрабай», «Махамбет») Махамбет күйлері, және осы тектес көптеген опералардан кездестіруге болады.
Домбыра күйлеріне тән әндету тәсілін С.Мухамеджанов өзінің «Жұмбақ қыз» операсында тиімді пайдалана білді. Қазақ ауылының мамыржай тұрмысын бейнелеу үшін автор Қрманғазының «Сарыарқа» күйін қолданды. Жігіттер квартетінің орындауынан күйдің салтанат пен шаттыққа толы екпіні айқын білінeді.
Речитатив турлері. Фабуланың талабына қарай шығарманың стильдік ерекшеліктерінің музыкалық - драматургиялық концепциясына байланысты жаңарып отырады. Қазақ операсында декламациялық әдетті сақтай отырып жасалған речитативтердің әртүрлі типтері кездесіп отырады, олар - әнмен, әнсіз, эпикалық - баяндауға кұрылған, ұйқасы мен ырғағы жетілген түрде болуы мүмкін. Алғаш бұл қадамға аяқ басқан Е.Брусиловский болды, речитативтік үндестік тәсілін өзінің «Ер Тарғын» (Қарт Қожақтың партиясы) операсында көрсете алды. Осындай әрекетті Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» (эпикалық кейіпкер - Жырау бейнесі), Ғ.Жубанованың «Еңлік-Кебектегі» (эпикалық тұлға - Абыздың бейнесі) операларынан да аңғара аламыз. Е.Жұбанова речитативтік форманы пайдалана отырып, операның мелодиялық өрбу шарасын сәтті шығара алған, бұған ұлттық бояуы қанық әуезовтық прозадан ауысқан сөз өнерінің жәрдемі тигені де рас. «Еңліккебектегі» бірсыдырғы баяндау (рельефный речитатив) күрделі драмалық хикаяның түйінін шешу үшін колданылды. Әcipece, операдағы жағымсыз кейіпкерлерді сомдауда речитативті оң пайдаланып отырды (безбүйрек би – Еспенбеттің бейнесі).
Қазақ операсының музыкалық архитектоникасының ерекшелігі - мұнда қазақ фольклорындағы көнеден келе жаткан үрдістерді: терме, желдірме, және толғауларды мейлінше кең пайдалануында. Қазақ операсына ажарлы ұлттық бояу (колорит) бере отырып, олар композициялық тұтастықты, опера тілінің шешендігің, сюжеттердің ширағуын қамтамасыз етті.
Халық поэзиясындағы ән - өлеңдік үрдісті (песенно-стихотворная форма) іске асыруда операдағы речитативтің тағы да бip үлгісі ретінде қолданылып журген толғау жөнінде айтпай кетуге болмайды. Мазмұны мен структурасы жағынан толғауды философиялық ой, қоғамдық - әлеуметтік үндеу, азаматтық пен адамгершілік биіктері сияқты толғаныстарға құрылған опералық монологпен салыстыруға болады.








Бұл ретте, толғаудың жанрлық элементтерін сақтай отырып жазылған Абай (А.Жубанов пен Л.Хамиди), Кұрманғазы (А.Жұбанов пен Ғ.Жубанова), Махамбет (Б.Жуманиязов) монологтарын айтуға болады.
Эсем әуенмен еркін шырқалатын, тілі өткір, ырғағы жүрдек терме формасы қазақ операсында опералық речитативтің бірегей түpі ретінде ылайықты орнын тапты. Сәттімен шыққан термелер ретінде Шегенің (Е.Брусиловскийдің «Кыз Жібегі»), Манаптың (Л.Хамидидің «Жамбыл мен айкүмісі»), Естайдың (М.Төлебаевтың «Біржан-Сарасы»), Жамбылдың (Ғ.Жұбанованың «Жиырма сегіз батыры») т.б. термелерін айтуға болады.
Операдағы жанрлық - семантикалық белгілерді, қазақ дәстүріндегі хормен ән айту тәжірибесінен көруге болады. Халықтық өнердің бұл синкреттік түрі монодиялық ән мәдениетінен туа отырып, күй мен ән сияқты ұлттың мінезін, халықтың ғұрпы мен әдебін, елдің тұтастығы мен ұлыстығын айқындайды.
Қазақ операларындағы оқиғаның ширығуына себепші болған елеулі музыкалық - сахналық фактор жоқтау өлеңдердің әулеттік – ғурыптық (семейно-обрядовый) жанры. Алғаш «Қыз Жібек» операсына Мұхиттың «Дүние-ай» әні тақырыбымен кірген жоқтау жары, әрі қарай «Абай» (4-актідегі Ажардың жылауы), «Біржан - Сара» (финалдағы Біржанның шешесінің жылауы), «Төлеген Тоқтаров» (А.Жұбанов, Л.Хамиди - «Жас қазақ» ән реквиемі, 1-акт, әнді шығарған - жауынгер-композитор Р.Елебаев) сияқты беделді қойылымдардың кұрамдас бөлігіне айналды.
Ақындық дәстүрдің жалғасуының нышаны (символы) М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсында (либреттосы Қ.Жұмалиевтікі) әсерлі. Мұндағы оқиғаның өзегі тарихта болған тұлғалар - Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897) мен Сара Тастамбекқызының (1853-1907) төңірегінде өрбиді. Драматургиялық және эмоциялық тартыстың шын қызуы ақындар айтысы көрінісінен орын алады, сахнад


Скачать


zharar.kz