Ақпаратты өңдеу

Скачать

7-сыныптар
2-қазан
І. Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өңдеу
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің ақпаратты өңдеу,
сақтау құралы екендігімен таныстыру.
Өз бетінше ойлауға, дайындалуға баулу.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: ДК, плокат
IV. Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығын
тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. Жоқтама жасап, үй тапсырмасын сұрау.
V. Жаңа сабақтың барысы:
Информация термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде не қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Сабақ үстінде мұғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді.
Ақпарат (Информация) - дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда,түрлi объектiлер, құбылыстар мен процестер т.б. жөнiндегi мағлұматтар Ақпарат делiнедi. Мысалы, айналадағы кеңiстiктен жер жағдайы, өсiмдiктер жөнiнде көп Ақпарат аламыз.Ауада найзағайдың ойнауы-күннiң бұлтты екенiн және жауын жаууы мүмкiндiгiн т.б.
Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді оған қажетті түсіндіру мәтіндерін, тексеру сұрақтарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.
Біз өзімізге қажетті информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлар мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз.
Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Ақпараттар адамның қабылдау мүшесіне белгілі бір физикалық әсер ретінде, яғни сигнал ретінде беріледі:
Информация өлшемі белгілі салғаннан кейін, 1 секунтта қанша информация беріледі немесе өңделеді деген келіп есептеуіш техниканың жылдамдығы деген ұғым шығады.
Информациялардың берілу жылдамдығы бит/сек, байт/сек, кбайт/сек, мбайт/сек, гбайт/сек өлшеулерінің бірімен өлшенеді.
Көлемі 100 Гигабайт жадқа төмендегілерді орналастыруға болады:
- 50000 беттік мәтін;
- 150 түсті слайдттар;
- 1,5 сағаттың стерео музыкалық көрініс.
VI. Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалау.
Үйге №4,5 (18б)

9-қазан Информатика 7-сыныптар
І. Сабақтың тақырыбы: Компьютер ақпаратты өңдеу құралы
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің қызметі және оған
енгізілетін деректер туралы түсінік беру.
Оларды өзбетінше дербес компьютерге
қолдана білуге үйрету.
ІІІ. Сабақтың көрнекігі: Суреттер, ДК, плокат
IV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
V. Сабақты ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныптың, оқушылардың сабаққа
дайындығын қадағалау. Жоқтама жасап,
халаттарын түгелдеу, үй тапсырмасын сұрау.
VI. Өтілген тақырыпты қайталау.
1) Ақпарат дегенімізді қалай түсінсіңдер?
2) Информация термині қай тілден шыққан және ұғымы қандай?
VIІ. Жаңа сабақтың барысы:
Ақпараттың процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер.
Ақпараттарды автоматты түрде өңдейтін аппараттың және программалық түрде өңдейтін процесті информацияларды автоматты түрде өңдеу дейді.
Ақпаратты жинастыру, өңдеу, сақтау және оларды тұтынушыларға тез жеткiзiп беру процестерi (Ақпараттық процестер) үлкен көлемдi әрi маңызды жұмыстардың бiрi болып отыр.
50 жылдардың бас кездерiнен бастап көптеп жарыққа шыға бастаған электронды есептеуiш мәшинелерiн (ЭЕМ-дердi) осы жұмыстарға пайдалану оларды орындаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкiндiк туғызуда.
ДК-дi компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның өңдеуiне бейiмделiп дайындалған сандық,‚ символдық,‚ текстiк т.б.Ақпаратты берiлгендер деп те атайды.
Мақсатқа жету үшiн Ақпаратты ДК-де арнайы ережелер бойынша түрлендiру оны өңдеу деп аталады. ДК арқылы берiлгендердi өңдеу мәшинеге түсiнiктi нұсқаулар тiзбегi (программа) арқылы жүргiзiледi.
Түрлi салаларда жиi пайдаланылатын берiлгендер мен программалар көп болғандықтан, олар әр түрлi материалдар-дан тұратын магниттiк таспаларға, дискiлерге (тасымалдаушыларға) жазылып, сақталып қойылатын болды.
Информатика - Ақпарат қасиеттерiн және оның көрсетiлуi мен автоматты түрде өңдеу әдiстерiн зерттейтiн комплекстi ғылым.
ДК-нiң техникалық мүмкiндiктерiн пайдаланып, Ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткiзiп беру тәсiлдерiн Ақпараттық не компьютерлiк технология деп те атайды (texne (техно)- шеберлiк, logos (логия)-iлiм).
Жалпы, Ақпаратны ДК-де өңдеп, нәтижесiн талдауды ұйымдастыру үшiн орындалатын әрекеттер мынадай:
• Ақпаратты алып, өңдеуге мүмкiндiк туғызатын үлгiсiн дайындау;
• оны өңдеу үшiн жинақты түрде нұсқаулар тiзбегiн алгоритмiн құру;
• мәшине «түсiне алатын командаларды (командалар жүйесiн) пайдаланатын бiр программалау тiлiнде алгоритмдi программаға айналдыру;
• программаны ЭЕМ-де орындап,нәтиже алу;
• нәтиженi зерттеу.
Егер құрылған үлгiде‚алгоритмде не программада қате кеткен болса,оны дұрыстау;
• керек кезiнде пайдалану үшiн берiлгендер мен дұрысталған программаны тасымалдаушыға тиеп, сақтау.
Бұл әрекеттердiң көпшiлiгi, мысалы,үлгi дайындау, программа құру оңай жұмыс емес. Олар кiтаптың келесi тарауларында қарастырылады.
Күрделi Ақпаратты әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкiндiк бар. Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер Ақпаратты өңдеу тәсiлдерiн зерттеу мен компьютерде түрлi есептердi шешу ғана емес. Ақпаратты өңдеу, сақтау және осы сияқты кең түрде пайдаланылады.

VI. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Үйге бүгінгі өткен сабақты қайталау.

І. Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің құрылғылары.

ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің құрылғыларымен
тышқан, принтер, пернетақта құралдарымен таныстыру.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: ДК, плокат
IV. Сабақтың түрі: Ашық сабақ
V. Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығын
тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. Жоқтама жасап, үй тапсырмасын сұрау.
V. Жаңа сабақтың барысы:
Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі — ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар. Бұл тарауда біз дербес компьютер қандай құрылғылардан тұратынын, яғни дербес ДК-дің құрылғысымен құралдарымен танысамыз.


Скачать


zharar.kz