«Невада-Семей» антиядролық қозғалыстың үйлестірушісі Жеңіскүл Қонарованың айтуынша, Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларының тұрғындары атом бомбасының құрбаны болып, соның зардабын осы күнге дейін тартып келеді.
- Енді міне, сол бір қасіретті оқиғаға 60 жыл толып отыр. Ал Қазақстан халқы Семей полигоны және басқа полигондарда 40 жыл бойы жүрілген ядролық сынақтардың зардабын әлі күнге тартып келеді. Бұл екі халық мұңдас, тағдырлас, сондықтан да осы жолғы халықаралық жиынның мақсаты Хиросима, Нагасаки қалаларының тұрғындарына қолдау көрсету болмақ, - дейді ол.
«Хиросима-Семей» атты халықаралық жобаның құрметті президенті Хираока Такашийдің айтуынша Хиросима, Нагасаки қалаларының тұрғындары осы күнге дейін бұдан 60 жыл бұрын әуеден тасталған атом бомбасының зардабын тартып келеді. Елде 100 мыңнан астам адам радиациялық улы сәулелердің салдарынан түрлі ауруларға ұшыраған.
- Сол оқиғалалар жапон халқы үшін ең қасіретті күн ретінде жыл сайын тамыздың 6-сы және 9-ы күндері еске алынады, - дейді ол.
«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменовтың айтуынша, Семей полигонында ядролық сынақ өткізу тоқтатылғанымен оның 40 жыл бойғы экологияға, халыққа келтірген зардабын жою мәселесі әлі күнге дейін шешілмей келеді.
- Яғни, бұл орайда Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі бірлесіп шешетін мәселе жеткілікті, - дейді О.Сүлейменов.
Кеңес Одағы кезінде Қазақстан тек қана ядролық қаруларды сақтайтын орын болып қана қоймай, бұл жерде барлығы 500-дей рет ядролық жарылыстар орын алды. Әлемде барлығы 2056 ядролық жарылыс болса, ең көп жарылыс АҚШ-та -1030 рет, бұрынғы Кеңес елінде - 716 рет, Францияда – 210 рет, Қытайда – 45 рет, Ұлыбританияда – 44 рет, Үндістанда – 6 рет, ал Пәкістанда 5 рет болған екен.
Облыс аумағында өткізілген ядролық жарылыстардың кіндігі Байғанин ауданы болып есептеледі. Семеймен тағдырлас «Ембі-5» полигонынан да қара халық қасірет шеккен. Сол уақыттағы дәрігерлердің айтуынша, бір ғана Қаражар елді мекеніндегі оқушылардың 80 пайызының көзі нашар көрген. Ағаш жапырақтарынан да радиация зардаптары айқын аңғарылыпты. Тіпті жайылымдағы түйенің түгінен де сәуленің зардабы сезілген. Ал бойының ұзындығы небәрі 1 м. 15 см. болатын 21 жастағы жігіттің былтырғы жұмбақ өлімі, дүниеге қолсыз келген нәрестенің жағдайы алаңдатпай қоймайды. Деректерге сүйенсек, Ақтөбе облысы аумағында 11 жарылыс, оның 10-ы Байғанин ауданында болған екен. Айта кетейік, облыстағы соңғы жарылыс 1989 жылы 4 қазан күні Қалдайбек елді мекенінің жанында болыпты. Әскери мамандардан сұрастыра келе, дәрігерлердің көз жеткізгені 150 килотонна жарылыс мерзімінен ерте, яғни асығыстықпен жасалған. Бұл маңда, қан аздылық, балалар ауруы, қатерлі ісікті айтпаған күнде, жол мен ауыз су тапшылығы ерекше сезіледі. Бүгінде аталған ауданда көптеген шет ел компаниялары жұмыс жасауда. Өз кезегінде, халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының батыс аймағы бойынша үйлестірушісі Ізімғали Көбеновтің дерегінше, бір ғана Қытай мұнайшылары өткен жылы мұнайдан 150 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс түсіріпті.
«Халықтың жағдайы мәз болмай жатқанда, осыншама ірі көлемде табыс түсіруге Қытайдың моральдық құқығы жоқ» дейді қозғалыс белсендісі. Қараша айында Ізімғали Көбенов бастаған делегация Байғанин ауданы тұрғындарымен кездеспекші. Мақсат – халықтың қазіргі әлеуметтік жағдайын тағы бір зерттеу. Сондай-ақ білікті мамандар бастаған топ ауыл тұрғындарының жағдайын бейнетаспаға түсіріп, осыдан он бес жыл бұрын түсірілген «Қалдайбектің қасіреті» фильмінің жалғасы іспеттес деректі фильм түсіріп, оны жақын уақытта облыс жұртшылығының назарына ұсынбақ. Ақпарат көздерінде шет жағасы айтылып қалып жүрген мәліметтерге сүйенсек, «Ембі-5» полигоны Ресейге тағы да жалға беріледі-міс. Әрине, ядролық жарылыстар өткізу үшін емес. Мұнда әскери жаттығулар өткізіліп тұруы мүмкін. Дегенмен Ізімғали Көбеновтің айтуынша, екі ел арасындағы келісім құжаттарын рәсімдегенде, келтірілген шығын көлемін де өндірту жөнінде арнайы бап енгізу керек. Тек қана «Ембі-5» полигонының Ақтөбе облысы аумағына тигізген шығыны, І. Көбеновтің есебінше, 5 млрд. 568 миллион Ресей рублі. «Радиациялық жарылыс зардабы бірнеше ғасырларға дейін созылады. Ұрпақ үшін белсенді жұмыс жалғасуы керек, қоғамдық ұйымдармен белсенді азаматтардың тыс қалмауын өтінемін» дейді І. Көбенов.
Семейде жаһандық масштабтағы тарихи маңызы
Бар айтулы оқиға орын алды. Семейде Орталық Азияда ядролық қарудан еркін аймақ туралы шартқа қол қою рәсімі өтті. Сағат 10-нан 15 минут кеткенде минут кеткенде шартқа қол қоюшылар әуежайға табан тіреді. Сыртқы істер министрлерін облысы басшысы Виктор Храпунов пен қала әкімі Нұрлан Омаров қарсы алды.
Бүгін қаламызда жаһандық масштабтағы тарихи маңызы бар айтулы оқиға орын алды.Орталық Азияда ядролық қарудан еркін аймақ туралы шартқа қол қою рәсімі Семейде өтті. Сағат 10.15 минут кеткенде шартқа қол қоюшы Бесеу әуежайға табан тіреді. Сыртқы істер министрлерін облсы басшысы Виктор Храпуновпен,қала әкімі Нұрлан Омаров қарсы алды.
Интш қарсы алған. Бесеуді атап өтсек: Қазақстанның сыртқы істер министрі-Қасымжомарт Тоқаев, Қырғызстанның сыртқы істер министрі Әлібек Жекшенқұлов, Өзбекстан сыртқы істер министрі-Владимир Норов,Тәжікстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары-Саймумин Ятимов, Түркменстанның қазақстандағы елшісі-Мұхамед Абалаков. Сонымен қатар қол қою рәсіміне қатысатын қонақтардың ішінде Бейбітшілік пен қарусыздандыру мәселелері жөніндегі БҰҰ Орталығының Өңірлік директоры Ишигури, Ресей елшісі Владимир Бабичев және қытай елшісі Чжан Сюинь сынды жоғары уәкілетті тұлғалар да бар. Іс-шараға сондай-ақ "Невада-Семей" Халықаралық антиядролық қозғалысының, "Полигон 29 тамыз" халықаралық қорының және Семейдегі түрлі қауымдастықтардың мүшелері қатысады. Шарт жобасын орта-азиялық елдер 9 жыл бойы дайындап, еліміздің ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сай болатын мәтінге қол жеткізді. Тарихи маңыздылығы жоғары рәсімді насихаттау үшін шет елдің 28 ден астам БАҚ өкілдері де қатысты. Ортаазиялық бес елдің өкілі ең алдымен Полковнийчи аралындағы “Өлімнен де күшті” ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойды. Интш гүл қойған
Осыдан соң халықаралық маңызы бар шартқа қол қою үшін олар Абай атындағы театрға аттанды.
Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларының тұрғындарына қарсы алғаш рет атом бомбасын қолданған қасіретті оқиғаға биыл 60 жыл толып отыр. Осыған орай халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ұйымдастыруымен мамырдың 19-ы күні Алматыда «Жапония мен Қазақстанда орын алған атом зардаптары қайталанбауы тиісті» атты халықаралық жиын өтті. Жиынға қатысушы қазақстандық және жапондық ғалымдар мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдері әлем елдеріне арнап ядролық қаруларды таратпау жөніндегі халқаралық келісім-шартты орындауға шақырған үндеулерін жариялады. Сондай-ақ, осындай мазмұндас үндеу әлем қалаларының әкімдері конференциясы атына және ғаламдық антиядролық альянс атты ұйымға да арналыпты. Қазанның 26 күні «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы ғалымдар мен экологтардың басын қосып, «Ядролық жарылыс болмайтын-21 ғасыр болашақпен жаңа жоспарлар» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді. «Невада-Семей» қозғалысы төрағасының орынбасы Майдан Әбішевтың айтуынша, бұл шараға олар көктем айларынан бері дайындалған.Негізінен, біз бұл шараны қазанның 19 күні өткіземіз, деп жоспарладық, себебі қазанның 19 күні соңғы рет атом жарылысы болған. Бірақ біз үлгермедік, енді 26 күні өткіземіз. Осы шара арқылы біз дүниежүзінде атом жарылысы болмасын, дегенді айтқымыз келеді. Қазіргі кезде жағдай өзгеріп жатыр, себебі Невада полигоны қайтадан іске қосылады, деген мәселе көтеріліп жатыр. Егер олай болып жатса, онда қайтадан жарылыс орын алады. Сонымен қатар, біз Семей полигоны маңында мекендейтін азаматтардың денсаулық мәселесін, олардың әлеуметтік жағдайы туралы мәселені көтереміз, деп отырмыз. «Невада-Семей» қозғалысының отырысына эколог, «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов та қатысады. Мэлс Елеусізов бұл кездесуде көкейінде жүрген мәселелерді көтеруге дайын.
Мэлс Елеусізов, «Табиғат» одағының жетекшісі:
Қазақстандағы кейбір мамандар мен парламент мүшелері мемлекетте бар ядролық қалдықтарды жою үшін, шетелден ядролық қалдық әкелейік, деген ұсыныс жасады. Осы арқылы олар шетелден ақша алып, бұл ақшаны ядролық қалдықтарды жою үшін пайдаланамыз, деген. Біз осы ұсынысқа қарсымыз. Екіншіден, Қазақстан үкіметі Балқаш маңына атом стансасын саламыз деп отыр. Біз бұл жобаға да қарсымыз, себебі Балқаш маңына ондай станса салуға болмайды, ол зиян болады. Келер жылдың мамыр айында, Алматыда антиядролық одақтың 4-ші Халықаралық конгрессі өтеді. Қазанның 26 күні өтетін отырыста қабылданатын ұсыныстар, конгресске жіберіледі, деп күтіліп отыр. Көп жылдан бері Семей полигоны маңын зерттеген маман Айтқожа Беғалиевтың айтуынша, полигон зардабын жою үшін 200-300 жыл керек. Айтқожа Беғалиев, биология ғылымының докторы, профессор:
Радиация өте қауіпті. Негізінен, радиация табиғатта бар, күн сәулесімен, жер астында жатқан уранды кен орнынан шығарып, пайдаланғанда радиация қоршаған ортаға тарайды. Атом қуатын игергеннен кейін, адамзат бұл қауатты өз мұқтажына пайдаланды, қазіргі кезде де пайдаланып келе жатыр, бірақ негізінен адамзат атом қуатын қару –жарақ ретінде пайдаланады. Сол кезде бұл қоршаған ортаға көп зиян тигізеді. Семей маңында жүргізілген ядролық сынақтар 1949 жылы басталып, 1989 жылы тоқтатылған. 40 жылдың ішінде 500 жуық ядролық жарылыс орын алған.