Химия өндірісі өнімдерінің өзіндік құнында қуаттың үлкен үлесі өндірісте оны тиімді және рационалды, үнемді қолдануды талап етті. Қуатты үнемді қолданудың критерийі болып (Wт) - өнім бірлігінің өндірісіне теоретикалық қажетінің қуат көлеміне қатынасы теңінің осыған жұмсалған (Wn) қуаттың мөлшеріне қатынасы =
Жоғарғы температуралы эндотермиялық процестер үшін жылу қуатын қолдану коэфициенті 0,7 ден аспайды, яғни 30% дейін реакция өнімдерімен жылу шығыны түрінде жоғалады.
Химиялық өнімдерде қуатты тиімді қолдану қуатты қолданудың коэфициентін көтеретін әдістерді қолдануды білдіреді. Бұл әдістер келесі топтарға әкелінуі мүмкін. Қуатты сақтаушы технологияларды жасау және өндірістік процестерде қуатты қолдануды жақсарту. Іс –шаралардың бірінші тобына келесілер жатады:
- қуат үнемдеуші технологиялық нобайыларды жасау.
- катализаторлар белсенділігін көтеру.
- Қолданудағы әдістерді қуатты аз қолданылатынға алмастыру. (мысалы: реактификацияны экстракцияға алмастыру).
- үйлестірілген қуатты технологиялық схемаларды, технологиялық операцияларды біріктіретін, қуатты (жылуды) бөлумен және оны сіңірумен жүретін операциялары бар технологияны қолдану.
- Қуат өндіру мен технологиялық өндірісте мұндай үйлесімділік химиялық процестерінің қуатын толық қолдануға мүмкіндік береді және басқа қуат ресурстарын үнемдеп және қуаттехнологиялық агрегаттарының өнімділігін көтеруге мүмкін етеді.
Қуат сақтаушы іс – шаралар тобына келесілер жатады:
- жылуды қорғауды тиімді іске асыру нәтижесінде жылу шығынын кеміту және аппаратураның беткейлік шағылыстырушы көлемін кеміту:
- электро механикалық өндірістерде қарсылыққа жұмсауларды кеміту.
- Екінші реттік қуат ресурстарды қолдану (ЕҚР)
Екінші реттік қуат ресурстарына жанар май енеді – ол металлургия өндірісінің жанғыш газы мен отынын қайта өңдеу процестерінің технологиялық қалдықтарының химиялық қуаты. Сонымен қатар жылу беруші ЕҚР технологиялық агрегаттардың сұйықтықтарымен шығарушы газдарының физикалық жылуын және негізгі өндіріс жылуын білдіреді, және осы ретте газдар мен сұйықтықтардың (техникалық агрегаттарын шығатын, артық қысымда жұмыс істейтін агрегаттардан шығатын) газдармен сұйықтардың жылуы жатады.
Түрі мен параметрлеріне байланысты ЕҚР өндірісте қолданудың келесі бағыттары қарастырылған:
- ЕҚР жанғыш компонеттерін отын ретінде тікелей қолдану түріндегі отындық бағыт.
- жылулық ЕҚР қолдану түріндегі отындық бағыт
- механикалық және электр қуатын өндіруге арналған ЕҚР қолдану түріндегі қуаттық бағыт.
- үлестірілген бағыт (6.3. суреті. 6.4, 6.5, 6.6, 6.7 суреттер)