КОНСТАНТИН ДМИТРИЕВИЧ УШИНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ.

Скачать

ҰЛЫ ОРЫС ПЕДАГОГЫ КОНСТАНТИН ДМИТРИЕВИЧ УШИНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ.



ЖОСПАРЫ:
I.Кіріспе: Негізгі бөлім.
1.К.Д.Ушинскийдің көзқарасы.
2.К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқрасы, тәрбиенің халықтық идеясы.

Константин Дмитриевич Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIX екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналады. Ол-Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектаебінің негізін қалаушы.Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты тамаша еңбектері, балалар мн мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.
Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.
«Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру –менің өмірімнің бірден-бір мақсаты», -деп жазды К.Д.Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісңі осы сөздерінде еді.
К.Д.Ушинский 1824жылы 18 февральда Тула қаласында туды. Әкесі оқыған офицер дәрәжесінде 1812жылы Отан соғысына қатысты. Ушинский балалық шағы Чернигов губерниясындағы Новгород-Северск қаласының маңындағы әкесінің шағын имениясында өтті. Семья жағдайы баланың тәрбиесіне қолацлы болды. Орта білімді Новгород-Северск гимназиясында алады. 1840жылы Москва университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1844жыл бітіріп шығады. Университетті бітіру қарсаңында Ушинский қоғамдық қозғалыстың ықпалында болды.
Университетті сәтті аяқтағаннан кейін білімін әрі қарай тереңдетіп, екі жылдай профессорлық атаққа әзірленді. 1846жылы Ярославльдегі заң лицейіне профессордвың міндетін атқарушы болып тағайындалды. Лицеде Ушинскийдің педагогикалық шеберлігі күннен-күнге ұштала берді. Оның мазмұнды лекцияларын студенттер құмарта тыңдап, демократияшыл бастамаларына студент жастар мен алдыңғы қатарлы оқутышылар көңілін аударады.
К.Д Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні -әрбір елде халықтың мақсат мүддесіне ,мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идеясында еді.
Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра,Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірімен тұрмысын , талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын көрсетті. Ушинский орыс халқына тән тарихи қалыптасқан мынадай ерекшеліктерді көрсетті . Ғасырлар бойы сыйынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске өзір болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволық сезімділік .
К.Д.Ушинскиийдің бүкіл өмірі мен қызметі өз еліне және өз халқына жан-тәнімен шын беріле қызмет етудің тамаша үлгісі болды.
Орыс мұғалімдерінің ұстазы К.Д.Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді.Ушинский өз шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрби мақсатымен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылым негізінде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды.


Скачать


zharar.kz