Қазақстан экономикасы: проблемалары мен шикізат көзі
1987 жылы басталған республика халық шаруашылығының құлдырауы одан кейінгі жылдарда да оңала алмады. Қоғамдық өндірістің тиімділігі бұрынғысынша төмен болды. Республика экономикасының жұмысына халық шаруашылығының қалыптасқан салалық құрылымы кері әсер етті. Егер өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өндіруші салалардың үлес салмағы ел бойынша 9 процент болса, треспубликада 14,7 процентке дейін жетті. Қазақстан халық шаруашылығында қалыптасқан бұрмаланған құрылым, оның республикааралық экономикалық байланыстарының көлемі мен сипатын айқындаушы болды. Қазақстан, мысалы, 1988 жылы республикадан сыртқа 6,7 млрд. сомның өнімін шығарса, 13,8 млрд. сомның заты сырттан әкелінді.
Шығарылған өнімдер негізінен шикізат және шала дайындалған өнім болды да, әкелінгендері дайын, аяқталған және өте қымбат өнімдер еді. Осылайша қалыптасқан экономикалық байланыстардың құрылымы тиімсізқ және ақылға сиымсыз болды; республиканың экономикалық дамуында экстенсивті факторлардың рөлі өте жзоғары болды. Тіпті, ресми түрде жарияланған «шаруашылықтың экстенсивті формаларынан интенсивті формаларына көшейік» бағытынан кейін де іс оңға баспай- ақ қойды. Терең құрылымдық өзгерістерсіз, экономикалық өмірдің барлық үлгілеріне өзгерістер енгізбейінше КСРО халық шаруашылығы дағдарысынан шыға алмайтын еді.
Ауыл шаруашылығын және мал шаруашылығын дамыту үшін жұмсалған орасан зор қаржылар күткен нәтиже бермседі. Партия мен мемлекет басшыларының ондаған жылдар бойы алға қойған міндеттері, жариялаған жобалары, жақсылық өзгерістерге берген уәделері жүзеге аспады. Тіпті, бесжылдық жоспарлардың көпшілігі тек қағаз жүзінде, көшірме баяндамаларда ғана орындалды. Көзбояушылық пен қосып жазу барлық салаларды жайлшап алды.
Мұндай бірде- бір механизм заңда қарастырылмағандықтан, өйткені әңгіме заңсыз, сондықтан құпия операциялар туралы болып отыр- ондай шаруашылық іс жүзінде ұрлық- қарлықпен қоян- қолтық араласып, өкімет орындары да бірте- бірте заңсыз операцияларға бейімделді, адамгершілік пен ар- ұяттың бұрмаланғаны сондай, олар шын мәнісінде жалпыкеңестік сипат алды.