Шарлы диірмен

Скачать

Цемент өнімдерін ылғалды тәсілмен өндіру кезінде шикізаттарды майдалау үшін, негізінен шарлы диірменді пайдаланады. МС4 х 13,5 типті құбырлы диірмен бұл жаңа технологиялық жүйелерді орнатылған аса жоғары өнімді жабдық болып саналады. Диірмен барабаннан 1, арту-тиеу 2, түсіру –төгу 5 құрылғыларынан, арту камерасын 6, негізгі және қосалқы қозғалтқыш жүйелерінен 12 тұрады. Негізгі қозғалтқыш екі сатылы редуктордан 8, жалғастыру білігінен 7, муфтадан 9 және электрлі қозғалтқыштан 10 тұрады. Қосалқы қозғалтқыш 11 жөндеу кезінде диірменді айналдыру үшін, қызмет істейді.
Барабан екі жағынан қалыңдығы 45 мм болатын түптермен 16 жабылған. Барабанның түктерінде кіретін 13 және шығатын 28 келте құбырлар-цапфарлар орналасқан.
Цапфарлар барабаның бар салмағын көтеріп, оны битондық іргетасқа беріп тұратын цапфарлық зырылдауықтарға 3 отырғызылған. Түптер барабанның бүкіл шеңберінің бойымен болттармен бекітіліп, іш жағынан грондалған плитамен 17 қапталады. Барабанда майдалағыш денелерді салуға брондық плиталарды орнатылған және ауыстыруға арналған қақпағы бар, дөңгелек тесіктер, лүктер орналастырылған барабанның бір жағында түсіру тігу құрылғылары жағында түсіру төгу торлары орналасқан.


«Гидрофол» диірмені
ММС 70 х 23 типті гидрофол диірмені екі цапфалық зырылдауыққа отырғызылған қысқа барабанды 3 құрылғы. Барабанның ішкі жағы бұрандалған плиталармен 4 қапталған Брон плиталардың көтергіш қырлары 13 майдаланатын материалдарды көтеріп, аударып тастауға есептелген.
Барабанның екі жақ қабырғаларына арту-тиеу 2 және түсіру 5 тірегіш цапфалары орнатылған. Тегіш құрылғылар жағында елегіш тор 12 орнатылған. Ол арқылы дайын шлам өтеді.
Дайын шлам қалақшамен тиегіш ұңғыға 10 беріледі. Шламның арасынан ірі түйірлерді бөліп, алу үшін ойықтары 10 және 40 мм болатын қабаттардың конустық есеппен –бутара 7 жабдықталған. Диірмен тиісті дөңгелек 6 арқылы редуктор 9 және электрлі қозғалтқыш 8 көмегімен айналдырады. Диірмен негізгі қозғалтқыштан бөлек жөндеу кезінле барабанды айналдыруға арналған. Қосалқы айналдырғыш жүйемен жабдықтанған материал диірменге ұнғы 1 және бас цапфа арқылы салынады. Барабанның ішінде лифтерлармен жоғары көтеріліп, ең жоғарыдан төмен қарай құлатылады. Сөйтіп, бір-біріне жэәне Брон плиталарға ұрлып, майдаланады.
«Гидрофол» диірмені беріктілігімен және ұзақ уақыт бұзылмай жұмыс істейтіндігімен ерекшеленеді.


Скачать


zharar.kz