ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама – айшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбімесі Күнке ден туған Қудайберді 37 жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдық тәрбиесінде балған. Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұталғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Жеті жасынан бастап өлен сөзге бейсімділігін тансытады. Оның ерекше зеректігін ақғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады. Молда сабағынан басқа, орысша үйренеді. Балайға өмірін ғалым – бірім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, суретке саяу, т.б. өнерлерге арнайды. Жиырмаға талғаннан кейінгі үш жылын Шәкәрім болыс болып, ел басқаруға арнаған. Бұл жылдарын ол «Ерікcіз жемтік шоқыдым», «Ар кешіп, айла жамылдым» деп еске алады. Әйтсе де елмен қызмет бабында араласу ақынның адам жануына, адамшылық пен аярлықты айыра білуіне, қоғамдық ортаның ташырын басып, сырқашын аңықтауына көмектеседі. 1905 – 1906 жылдары Шәкәрім ел, жер тану сапарымен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралауға шығады 1908 жылдан бастап Шәкәрім жалғыз өзі елімен жырақтау бұрын саятшылық мақсатпен тау арасына салдырған Саятқора деген қыстауыка қоныс аударады. «Ойға оңаша жер керек» деп шығармашылық жұмыспен өңашаланып оқу, жазумен мұғалданады. Бұл жылдары өте өндіре жазған. Ш. Құдайбердіұлының әдеби мұрасы өте бай. Оның шығармашылыға жанры жағынан да әр түрлі. Ол поэзия, проза, аударма, трактат саласында жұмыс істейді, Шәкәрім Құдайбердіұлы Қазан төнкерісіне дейін сыншыл ақын ретінде қалыптасты. Идеялық мақсата жағынан демократтық – халықтық, ирманистік – ағартушылық бағатты ұстанды.