АҚЖАРМА (Есір)

Скачать

АҚЖАРМА (Есір)
Есір күйлері бірнеше толқын орындаушылар қолынан өтіп келеді. Бүгінгі күнге Есір күйін жеткізушілер Арал, Есбай, Өскенбай, Бегімсал, Қартбай, Көпендер болса, олардан Нәби, Атангүл, Байғали сақтап, Шамғүл, Мұрат үйренген. Кәзіргі кезде Есір күйлерін Сержан Шәкіратов, Ізбасар Шыртанов, И.Шамғүлов, К.Тасболатовтар шебер орындайды. Есір күйлері халықтық музыка өнерінің алтын қазынасына айналды.
Маңғыстауда "Жанай мектебі" деп аталатын тағы бір күйшілік мектеп қалыптасқан, оны адайдың жанай руынан шыққан Өскенбай Қалмамбетов (1860-1925) барынша дамытып, негізін құрған.
Өскенбай Батыс Қазақстанның, Түрікменстанның барлық өңірінде болып, күй тартыстарға қатысқан. Сол кездегі өрелі күйшілер Қартбай, Жолды, Есір, Жоламан, Мылқайдарлармен жиі араласып тұрған. Ол аты аңызға айналған түрікменнің бахшысы Құлыбаймен күй тартысқа түсіп, жеңіп шыққан.
Атақты Абыл мен Есірдің күйшілік мектебін жетік меңгерген Өскенбайдың өнері мен мұрасын оның бел баласы Мұрат толық сақтап жалғастырған.
Мұрат Өскенбайүлы (1904-1982) - Маңғыстау күйшілік дәстүрін, сонымен бірге түрікменніц дутар шалу өнерін мейлінше толық игерген дәулескер күйші. Түрікмендер Мұратты "қазақтың мақтанышы - ұлы бахшы" деп атаған. Мұрат 300-дей күй білген, оның ішінде атақты "Ақсақ құлан" аңыз-күйлері, түрікмен шығармалары, "Өрелі мая" атты түрікменнің тартыс күйлері және әкесімен өзінің төл күйлері, атышулы Науаи әуендері бар: ҚАЗАҚСТАН (Мурат Өскенбайүлы)
Маңғыстау өңіріндегі езіндік орындаушылық мәнерімен ерекшеленетін күйшілік өнердің тағы бірі - Байшағыр мектебі.
Бұл мектеп алдыңғы екі мектепке қарағанда аздау дамыған. Дегенмен, көркемдік тұрғыдан алғанда толыққанды ән-күйлер, жырлар тудырған бұл ағымда күйшіліктің өзіндік бір арнасы байқалады. Байшағырдың өнерін жалғастырушылар, атақты күйшілер Мойын, Қауынбай, Жүзбайлар. Кейінгі бу-ындағы ізбасары Р. Романов болды.
Байшағырдың мектебінде жергілікті Маңғыстаудың күйлері, соның дәстүрлі ерекшеліктері таза сақталып, толық дамыған.
Маңғыстау өңірінің күйшілік өнері жалпы төкпе күй дәстүріне жатқанымен, өзіне ғана тән стильдік, орындаушылық, құрылымдық айырмашылығымен дараланады. Мәселен, осы адай күйлеріндегі ""шалыс қағыс", "сүйретпе қағыс" баска өңірде байқалмайды. Төкпе күйдің "Бөкейлік", "Аралдық" дэстүрлеріне қарағанда "маңғыстаулық" үрдісте күйшінің орындаушылық мәнеріне, оның дене қозғалысына, екі қол шеберлігіне үлкен мән беріледі. Күй тарту кезінде қағыстар мен оң қолды түрліше ойнату тәсілдері шағын музыкалық театр іспетті әсер беріп, күйшіден үлкен шеберлікті, ептілікті қажет етеді.
Маңғыстау күйлері музыкалық ғылыми орталықтарда, оқу орындарында, концерттік эстрадаларда жиі орындалуда және арнаулы бағдарлама бойынша зерттеліп, кейінгі ұрпаққа үйретілуде.
Рухани мұрамыздың алтын қазыналарының бірі - Маңғыстау күйлері әлі талай сан ұрпақты сусындата бермек.
Қазақ күй керуенінің айрықша бір саласы маңғыстаулық күй тарту мектебі орындаушылық және құрылымдық түрғыдан да аса күрделі әрі өте терең. Сезімдік бейнелер тудыру қасиеті де келісті. Сондықтан болар, бұл өңір күйлеріне кез келген домбырашы қол соза алмайды.


Скачать


zharar.kz