Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасынын жиынтық табысын есептеу ережесі
Осы Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жнынгық табысын есептеу ережесі (бұдан әрі — Ереже) “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және он сегіз жаска дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдам әрі — балаларға арналған жәрдемақы) алуға үміткер отбасылардың жиыктық табысын есептеу тәртібін белгілейді.
1. Жиынтық табысты есептеу тәртібі
1. Отбасының жиынтық табысын балаларға арналған жардемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган есептейді.
2. Жиынтық табыска оси Ереженің 2 бөліміне сәйкес отбасы кұрамында есепке алынған барлық адамдардың балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтініш берілген тоқсанның алдындағы токсандағы (бұдан әрі -есепті кезең)табысы косылады.
Есепті кезеңде кұрамында өзгерістер болған отбасылық жиынтық табысын есептеу кезінде келген отбасы мүшесінің табысы келген күнінен бастап есепке алынады. Есептік кезенде отбасының мүшесі кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күннен бастап отбасының кеткен мүшесіне келетін орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шегіріле отырып есептеледі.
3. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы есепті кезендегі жиынтық табысты көрсетілген кезеңдегі айлардың санына және отбасын мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.
4.Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудан нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
5. Өтініш беруші тексеру жүргізуге уәкілетті органдар анықтаған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда жиынтық табысты есептеу жүргізілмейді.
Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған кезде, өтініш берушіге және оның отбасына балаларға арналған жәрдемақы төлемі тоқтатылады.
2.Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын отбасының құрамы
6.Жиынтық табысты есептеу кеінде балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының құрамында мыналар есепке алынады:
1) ата-аналар( асырап алушылар) мен оардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалары;
2) оқушылар мен күндізгі оқу бөлімінің 18 жасқа толмаған студенттері, оның ішінде стипендия алатындар( олардың ата-аналарымен( асырап алушылармен, қорғаншылармен(қамқоршылармен) бірге тұруына немесе басқа елді мекендерде оқып жүргеніне қарамастан );
3) отбасында туратын өгей ұлдар мен өгей қыздар, егер олар басқа ата-анасының отбасында есепке алынбаған болса;
4) тұрақты медициналық және санаторийлік-курорттық ұйымдарда емделіп жатқан балалар, сондай-ақ мектеп-интернаттарда ұстау үшін ата-аналары (асырап алушылары, қорганшылары, (қамқоршылары) ішінара ақы төлейтін балалар.
7. Жиынтық табысты есептеу кезінде балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасы құрамында мыналар есепке алынбайды:
1) ата-аналарының (асырап алушылардың) туыстары - еқбекке жарамды ата-аналары немесе зейнетақы алатын ата-аналары, атасы, әжесі, аға-інілері, апа-сіңілілері және басқа да туыстары;
2) ата-анасы оларға қатысты ата-аналық кұқығынан айырылған балалар;
3) 14 жастағы және одан жоғары жұмыс істейтін балалар;
4) толық мемлекет карауындағы балалар;
5) меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарында толық қамсыздандыру жағдайында ақы төлемей оқитындар;
6) корғаншының (асырап алушының) отбасында тәрбиеленуші балалар;
7) мерзімді қызметтегі әскери кызметшілер, оның ішінде әскери-кұрылыс жасақтарында кызмет өткеріп жүргендер.
8. Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының құрамы жәрдемақы алуға өтініш берген сәтте есепке алынады.
9. Қорғаншылығындағы балаларға жардемақы алуға жиынтық табысты есептеген кезде отбасының құрамында қорғаншылығындағы балалар ғана есепке алынады
10. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда, балалар анасының немесе әкесінің отбасында өздерінің нақты тұруына карай есепке алынады.
3. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде
есепке алынатын табыс түрлері
11. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстын мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен кұс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) өзге де табыс.
12. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
3) тұрғын үй көмегі;
4) жерлеуге арналган бір жолғы жәрдемақы;
5) бала тууына байланысты берілетін бір жолгғы мемлекеттік жәрдемақы;
6) есепті кезеңде белгіленген ең төмен күнкөріс денгейінен төмен жалпы сомада керсетілген, ақшалай және заттай түрдегі (кұндык бағадағы) қайырымдылық көмек.
Есепті кезеңде көрсетілген қайырымдылық көмек ең төмен күнкөріс деңгейінен асып түскен жағдайда, керсетілген көмек сомасы мен облыстарда, республикалык; маңызы бар калада, астанада есепті кезеңде калыптаскан ең төмен күнкөріс деңгейі арасындағы айырма жиынтық табыста есепке алынады;
7) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылыкты дамытуға арналған материаддық көмек.
Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс керсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
8) төтенше жағдайлар салдарынан олардын денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
9) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
10) қорғаншылардың (камкоршылардың) табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған кезде);
11) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
12) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
13) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
14)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;
дәрілік препараттар;
санаторийлік-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар( жасау және жөндеу);
жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтару құралдары;
білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.
4. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
13. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай ( осы Ереженің 12- тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады :
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар ( Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
ұйым ( заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің ( жеке тұлғаның) қызмет тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескірілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
мерзімді қызметтігі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
жалдау бойынша төленетін еңбеақы;
жұмыс беруші төлеген кре