ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ

Скачать

Қандай ғылым болса да қарастырылып отырған объектілердің мәнің ашып, олардың қандай заңдылықтарға бағынатыннын зерттейді.
Объектілерді танып білу, оларды бақылау және оны сипаттау жұмыстарынан басталады.
Экономикалық теорияның негізгі концепциясымен танысу мектептегі экономикалық білім берудің мақсаты болып табылады, бұл оқушыларға эмоция немесе интуицияға емес, экономика қызметі мен даму заңдылықтарының біліміне негізделіп, оларды қоршаған нақты өмір, оның экономикалық құрылымы туралы мәлімет алуға көмектеседі. Ақырғысы өте маңызды. Білім дағдыға айналуы қажет. Түсініктер, заңдар, ережелер, тәсілдер жиынтығына оқытпай, экономикалық ойлауға үйрету керек.
Оқушылар алған экономикалық мағлұматтарын қолма-қол пайдалануға дағдылануы қажет, өйтпесе бұлар пайдаланылмағандықтан, керексіз болып тез ұмытылады.
Сондықтан, экономикалық ойлаудын дағдысын қалыптастыру – мектептегі экономика курсының негізгі мақсаты.
Тағыда бір маңызды кезең – ақпаратты өздігінен іздеу және меңгеру дағдысын қалыптастыру. Бұл тек қана экономика пәніне қатысты емес. Оқуға оқыту - мұнда ешқандай жаңалық жоқ, бірақ бұл мақсат осы күнге дейін актуалды болып отыр, әсіресе қазіргі таңда оның мағынасы өсуде.
Тез өзгеріп отыратын қоғамда шапшаң бейімделіп отыратын адам жеңіске жетеді. Ал экономикалық жағынан кәсіби жан-жақтылық үлкен мағына алады. Дамыған елдерде адам өмірінде бірнеше рет мамандықтарын ауыстырады, бұл оларға жамандық болып көрінбейді. Сондықтан бүгінгі мектеп оқушыларын алдағы өмірге лайық дайындауға дағды қалыптастыру керек, өйткені еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестікке қатысу үшін өздігінен ақпаратты меңгеру қажет.
Осыдан экономика сабағында білімді бақылаудың үш деңгейін бөлуге болады:
• экономикалық теорияның түсініктерін, терминдарын, заңдарын меңгеру (қарапайым есте сақтау мен айтып беру);
• мағынасын түсіну, мұнда оқушылар
а) түсініктер, заңдар, тағы басқаларды өмірден мысал келтіре білу
б) берілген шынайы ситуацияларда экономикалық принцптердің әсерін «тану»
в) алған білімдер көмегімен ситуацияларды – нақты және нақты емес - талдау және түсіндіре білу керек;
• ойлаудың жүйелілігі – түсініктер мен принциптер жиынтығын алғашқы білген түсініктермен байланысын түсіну және бұл жүйені нақты ситуацияларды талдау мен шешім қабылдауға қолдана білу.
Оқу процесіне «кіру» позициясынан білім бақылаудың үш кезеңін бөліп көрсетуге болады:
Бақылаудың бірінші кезеңі – ағымды бақылау. Бұл кезеңде білім бақылаудың мақсаты оқытылып отырған материалды дұрыс түсінгенін тексеру және экономикалық ойлаудың дағдысын қалыптастыру.
Осы бақылау кезеңіндегі тапсырмалардың түрлері көп:
1. Сұрақтар
- экономикалық теориялық білімсіз де қарапайым және жеңіл түсінетін ситуацияларға байланысты (мысалы: неге арзан майды көбінесе зейнеткерлер сатып алады?)
- экономикалық ойлаудың дағдысын бекіту (мысалы: неліктен дамыған елдерде үкімет колледж бен университеттерге субсидиялар береді)
2. Сұрақ - тест. Бұл тестер түсініктерді қайталау және оларды нақты ситуацияларда «тани» білу Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отыру қажет. Мұнда әсіресе төмендегідей әдістерді қолданған жөн : а) тестік жүйе бойынша; б) өзін-өзі тексеру; в) көршісін тексеру; т.б.
Бүгінгі таңда еліміздегі қай деңгейде болмасын оқушылар білімін тексерудің негізгі түрлерінің бірі тестілеу әдісі болып отыр. Бұл әдіс бірітіндеп оқушы білімін бағалауға мұғалімнің субьективтік көзқарасының әсері болмауын қамтамасыз етсе, екіншіден аз уақыт арасында көлемді материалды қамти отырып, білім деңгейін жылдам тексеріп шығуға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмаларын үлкен тарауды өткенде оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін және мұғалімнің шеберлік деңгейін анықтау үшін қолдануғаболады. Сондай-ақ сынақ жұмыстарын жүргізу кезінде де тестің пайдасы орасан зор екендігі белгілі. Оқушының әлеуметтік көзқарасының өзгеруі, танымдылық әрекетінің дамуы мектептерде тест тәсілінің тиімділін көрсетеді. Тест әдістері қоғам даму кезеңдерінің әртүрлі формацияларында адамзат өмірімен тығыз байланыста күнделікті тұрмыста да қолданылып келе жатқанын байқасақ та, ғылыми тұрғыда ХІХ ғасырдың аяғында ғана педагогика мен психологияның ерекше бағыттары ретіңде бөлініп, тестология ғылымының негізгі тармақтары ретінде қалыптасты. Тест білімді бағалау ретінде қолданылып, нық және нақты әдістемелік талаптарды қанағаттандыру қажет.
Тест құрудағы басты мақсаттардың бірі оқушының қанша жауапты дәл таба білгенін анықтау емес, оның білім деңгейін бағалау, біліктілігін көрсетуіне білімін жетілдіруге тест арқылы ықпал ету.
3. Мозаика – дұрыс шешімдерді қабылдау және құруға тапсырмалар, «термин-анықтама» жұптарын табу, т.б.
4. «Қатені тап» түріндегі тапсырмалар – мағыналы қателер немесе олқылықтары бар мәтін талдауға беріледі.
5. Математикалық есептер. Экономикалық білімдерін пайдалана отырып математикалық есептерді шығару.
6. Пікірталасқа шығарылған ситуациялар. Мұндай пікірталастардың сәтті тәсілі – шағын топтармен жұмыс істеу. Мысалы осындай тақырыпты талдауға болады: мемлекеттік бюджет қаражатын қалай бөлуге болады?
Бақылаудың екінші кезеңі – периодтық тақырыптық бақылау. Мақсаты - өткен тақырыпты меңгергенін және оны пайдалану дағдысын тексеру. Периодтық тақырыптық бақылауда жоғарыда айтылған тапсырмалар пайдаланылады. Зерттеу жұмыстарын да жүргізуге болады. Мысалы берілген тақырыпқа шығарма немесе рефераттар мен баяндама жазуға болады.
Бақылаудың үшінші кезеңі – оқушылар дайындығының жалпы деңгейін бақылау. Бұл бақылаудың құралы ретінде олимпиада, зерттеулер, реферат, баяндамалар болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру үшін практикада арнайы дайындалған танымдылық тапсырмалар ұсынылады. Олардың ішіндегі маныздысы, оқушылардың анықтамарды, ережелерді, заңдарды және олардың практикада қолдану тиімділігін тұжырымдап айту үшін шығармашылық әрекеттерді орындауға бағытталған тапсырмалар.
Зерттеулік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар :
1. Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу мақсаты беріледі және мүмкіндігінше оның таңдауы түсіндірілуі керек - зерттеудің актуалдылығы негізделеді.
2. Келесі бөлімде таңдаған тақырыпқа қатысты негізгі теориялық кезеңдер болу керек.
3. Жұмыста міндетті түрде зерттеулік бөлім болуы қажет.
4. Қорытындысында зерттеу нәтижесінде қандай қорытынды алынғаны, қойылған мақсатқа жеткені туралы айтылуы керек.
Қазіргі кезенде сабақты дұрыс жүргізілуге қойылатын негізігі талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, басқара білу. Ол біріншіден тек дайын ақпарат, деректер, заңдар, ережелер беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай бағыттап, олардың еңбектерін дұрыс бағалап отыруымыз шарт. Екіншіден оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Мұғалім оқытудың әр кезенінде: үй жұмысын тексерген кезде, оқушылрдың жаңа білімді меңгеруге дайындығы кезде, жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға сүйенген кезде, алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірген кезде де оның басқарушы, ұйымдастырушылық қабылеті көрініп тұруы керек.
Оқу процесінде берілетін білім сапасымен қатар білімді тексеру құралын да деңгейлік сипатта, яғни бақылау мақсатында, ортасында, ішкі құрылымына тәуелді екендігі мәлім. Сондықтан тақырыптардың, оның ішінде тапсырмалардың, бақылау нұсқаларының қиындық деңгейін анықтау критерийін ғылыми әдістемелік тұрғыдан зерттеп, жетілдіру керек.


Скачать


zharar.kz