2006 жылдың бірінші науырызындағы Қазақщстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік оргондарды тиімді пайдаланамыз.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізі мақсаты: «Оқыту порцесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қаблетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты падалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы принципті басшылыққа ала отырып, біз бастауыш мектепте «Кирилл и Мефодий» деген жүйелік программаны сабақта пайдаланамыз, оқу бағдарламамыз да сол оқулық негізінде құрылған. Әр сабаққа арналған бейне көрініс электрондық оқулықта бар. Бұл электрондық оқулық бастауыш сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді, мұгалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Әсіресе, алгорит, логика, Интернетке шығу, сайт құру.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ, Электрон оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуға болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі- аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Бір жағынан электрондық оқулықтың келеңсіз жақтары да бар. Бұл психология- педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты. Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау, оқушының жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын және оқып үйретудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмейді.
Ең үлкен кемшілігі- фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдағы санитарлық, гигиеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі. Ол әсіресе жоғары кластарға арналған математика, физика, <<Елім-ай>> тағы басқа электрондық оқулықтарына байланысты. Информатика пәні бойынша <<Информатика 30 сабақ>> бағдарламасы және <<Электрондық практикум>> берілген. Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті тауып, оқып үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас Ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сбаққа пайдалану- оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүесінің қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжіребе алмасып, кемщілік – жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.