Сонғы кезде, интернет желісі сияқты жаңа телекомуникациялық жүелердің пайда болуына байланысты ақпаратты нақты түрде беру мәселесі күрделене түсті. Осыған байланысты болашақ түлектердің жоғары оқу орындарында (ЖОО) әртүрлі пәндерді оқу мен одан кейінгі кәсіптік жетілуі кезінде оқу материалын игеруде ақпаратпен танысудың қазіргі әдістерін пайдалануда жаңа проблемалар туындайды. Оқу процесінде бұл секілді технологияларды пайдалану студенттердің ақпаратты пайдалану студенттердің ақпаратты қабылдау белсенділігінің өте жоғары болуына ықпал
Броузерлерге жүктеледі. Бұндай программалар тек қана гипермәтіндік ақпараттық мәліметтерді ғана көрсетпейді. Олар студенттерге бір гипермедия объектісінен екіншісіне өтуге мүмкіндік береді, бұл кезде гиперсілтеме механизмінің навигациясы, яғни ауысуы орындалады.
Бұған ұқсас программалардың алғашқысы Netscape Navigator болып саналады. Ол белгілі бір компьютерден желі арқылы басқа компьютердегі гипермәтіндік құжаттарға енуге мүмкіндік береді. Студенттер мен оқытушылар мәліметтер базасына қосылған жаңа Web – серверлерден көптеген ақпараттар көзіне оңай ене алады. Netscape Navigator гипермәтіндік беттерін қарап шығу үшін, студенттердің гиперсілтеме болып саналатын, белгіленген сөздерді таңдауы керек. Сол кезде экранда басқа бір бет немесе қосымша ақпарат ашылады. Әрбір сілтемеде, Web – желісінің немесе жергілікті файлдың сол компьютердегі адресі болып табылатын, Интернет адресі туралы ақпарат болады.
Netscape Navigator – да гипермәтінді оқып үйрену үшін барлық қажетті мүмкіндіктер бар. Бірақ, бұл салада ең көп тараған программа болып Internet Explorer шолушы программасы, яғни броузері саналады. Гиппермәтіндік беттерді қарап шығуды жылдамдату әрі жеңілдету үшін, студентер Internet Explorer –мен жұмыс істеудің кейбір негізгі әдістерін білуі тиіс, мысалға саймандар тақтасының батырмаларын пайдалана білу, меню командаларын орындау, т.б. Студентер гипермәтіндік беттерді, бумаларды ашу немесе программаларды тез іске қосуды меңгеруі керек.
Жоғарыда айтылған ақпараттық технологияларда қолданылатын программалық жабдықтардың жаңа мүмкіндігін ескере отырып, ЖОО-да информатика пәнін оқыту әдісіне көптеген жаңалықтар енгізеді. Жаңа ақпараттық технологиялардың оқу үрдісіне тигізетін әсерін ескере отырып, медицина саласында да жаңа оқу материалын құрастыруға кірісу қажет. Студенттер жаңа технология көмегімен болашақта информатикадан да, белгілі бір кәсіби оқу бағытындағы пәндерден де жаңа материалдарын қалаптастыра алады.
Оқу материалының компьютерлік нұсқасын жасау- көкейтесті мәселе.
Ол қазіргі кездегі әртүрлі пәндер бойынша кәдімгі қағаз оқулықтарымен қатар көмекші немесе альтернативті оқу курсы болатын, педагогикалық программалар мен гипермәтіндік электрондық оқулықтар жасауды талап етеді. Бұндай программалар ЖОО-да дәріс беру кезінде FrontPage-де жасала береді. Мысалы Internet Explorer үшін FrontPage –де жасалатын гипермәтіндік құжаттар арқылы мынадай курстар бойынша –«Ішкі ауырулар», «Балар ауыруы», «Клиникалық фармакология» және т.б. материалдар дайындалып жатыр.
Бұл программалар студенттердің ақпараттар және олармен операциялар орындаудың әртүрлі формалары мен әдістерін көруге мүмкіндік береді.
Мақаладағы терминдер түсінігі:
Броузер (Броузер; browser)-1) гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған программа. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе графиктердің экранда бейнелеуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтасыз етеді. Кең тараған броузерлерге-Web, Internet Explorer , Netscape Navigator және т.б. жатады. Броузерлерге гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шықаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік береді.
Гипермәтін (Гипертекст;hyrertext) Гипермәтін мүмкіндігі бар экранда ашық тұрған құжаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылдам ауысуды жүзеге асырады. Ол үшін құжаттық басқа бір бөлігіне өту ұйымдастыратын, гипермәтін басқа түске боялып, ерешеленіп белгіленген элементі бояуы тиіс. Сол элементте тышқанды шерту
Мәтіннің сол сөзбен байланысты басқа бөлігін экранға шығарады, гипермәтінді сипаттау тілінің (HTML) негізгі элементі болып саналады.
Гипермәтінді сипаттау тілі (Язык описания гипертекст; hypertext marcup lanquge) –гипермәтіндік құжаттарды қору үшін пайдалынатын қарап шолушы программалардың осы құжатты экранға қандай түрде шығаратын анықтауға арналған, арнайы тэгтермен жабдықталған сипаттаудың жалпылама стандартты тілі.
Гипермәтіндік сілтеме, сілтемелік сөйлем үзіндісі (reference phrase, hypertext reference phrase)- гипермәтінде-гипермәтіндік байланысты орнатуға пайдаланылатын, кем дегенде бір символдық кірістік орісі бар және комескі түспен таңбаланған мәтін үзіндісі.
Электрондық құжат (Электронный документ; electronic document)-программалық және аппараттық құралдардың көмегімен адамдың оқып шығүына және таңдауына арналған есептеуіш жүйенің жадындағы мәліметтер жиынтығы. Электрондық құжат мәтіндік, графиктік және дыбыстық ақпаратты қамтуы мүмкін. Сондай-ақ ол гипермәтін мүмкіндіктерін де кең пайдаланады.
тораптарды қамтып, деректер таратудың магистральдық желісі негізінде білім беру жүйесінің корпорациялық телекоммуникациялық таратылған желісін құруға бағытталған.
Магистралдық байланысқа сенімді қосылмаған аймақтарда спутниктік байланыс жабдығы орнатылады, ол осындай жабдығы бар аймақтық орталықтардың бәрімен де сапалы байланысты қамтамасыз етеді.
Білім берудің ақпараттық – телекоммуникациялық желісін толықтыру үшін ақпараттық ресурстарды әзірлеу мен енгізу бір мезгілде жүзеге асады. Сонымен бірге Интернет ғаламдық желісінің ақпараттық ресурстар типі бойынша, желі ішінде пайдаланылатын ақпараттық білім беру порталдары жасалады.
Екінші кезенде аймақішілік таратылған желі ұйымдасады және аудан орталықтары мен елді мекендерде аудандық деңгейдегі телекоммуникация тораптары жасалады.
Үшінші кезең екі негізгі бағыттан тұрады:
- нақты бір аймақтың ақырғы пайдаланушыларынан барлық ақпарат ағынын өңдеу мүмкіндігі үшін аймақтық тораптарды жаңарту;
- барлық ауыл мектептерін аймақтық телекоммуникация тораптарына ақырғы пайдаланушыларды қосуға қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.
Түйіндей келгенде , Бағдарлама білім беру жүйесіне барынша өң өзгерістер әкелетінін, халықтың рухани дамуына игі әсер ететінін байқаймыз, ал бұл әлем алдында мемлекетіміздің мәртебесін арттыра түседі.
Ақпараттық технологиялар дәуірі- объективтік мәні бар үрдіс, ол адам мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жолд ашады, ал оларды қолдану адам бойындағы қабілетті дамыту негізінде қоғамның алға басуына үлкен ықпал етеді.