ЭТНОДЕФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ҮЛТТЫҚ ' ОЙ-САНАПРОБЛЕМАСЫ

Скачать

Ұлттық ой-сананың құбылу - өзгеру ағынының ерекше иктерше қарай жаңадан пайда болған өмірлік материалдар бір-біріне орын босатады немесе, толықтырады, авторлық концепция маңызын күшейтетін де осы ой - санасыны мен өмірлік материалдың алмасу ерекшеліктері. "Прблемасы өте дамымалы құбылыс. Бұл процесс өзінің әрбір даму сатысында өмірлік материалды алмастыра отырып, оның үйреншікті қалыпты құбылысқа айналғандарын іріктеп, ысырып шығарады да, тек сыншыл көзқарасқа күшейткіш мән беретін күлкілі іс-әркеттерге назар аудартады. Мұның айрықша маңызы бар. Өмірлік материал күлкі шақырмаса, онда оған деген сыншыл көзкдрас та актуальді емес деген сөз. Демек, бұрын сөз болған өмірлік материал мен күлкілі іс-әрекет толығымен сақталғанмен, өмірлік материалдың күлкі шақыруы әлсіздене түссе, ұлттық ой-сана проблемасының одан әрі асқынуының көрінісі бола алмайды. Сондықтан жаңадан пайда болған өмірлік материалдың комедиялық туындыда өзара орын алмастырып отыруы ең алдымен ұлттық ой-сана проблемасының асқыну процесін сипаттаудың әдісі.
Ұлттық ой-сана проблемасын қозғайтын комедиялардағы ерекше көзге шалынатын нәрсе - күлкілі іс-әрекет иелерінің рухани жан таяздығы жағынан егіз қозыдай ұқсас болуы. Олардың есімдері әртүрлі аталғанымен, іс-әрекет ұқсастықтары, ой-өрісі деңгейі тұрғысынан бір-бірінен аумай қалған кейіпкерлер, Бұл - типтік бейнелердің ғана емес, сонымен қатар типтік өмірлік материалдардың жиынтығы.
Ал, өмірлік материал ойдан, қиялдан шығарылмаған, тек өмірдің өзі, қоғамның даму заңдылықтары туғызған шындық. Егер типтік материалдарды тікелей қаламгердің өз қиялының қатысуымен іріктейтін болсақ. соның өзі тарихи шындыққа да, тіпті ұлттық ой-сана проблемасының асқыну заңдылықтарына да қайшы келеді.
"Өзіме де сол керек" пьесасында осы айтылған ерекшеліктердің барлығы қамтылған. Әрі бұл ерекшеліктер аталмыш пьесаны "Белтірік берік астында", "Құдағи келіпті", "Қуырдақдайын" комедияларынан бөлектеп тұрған негізгі фактор. Комедияда авторлық концепция қоғамдық өмірдегі келеңсіз әрекеттермен күлкілі құбылыстарға белсене араласады. Оның үстіне ұлттық ой-сана проблемасын айқындайтын өмірлік материалдар топтастырған кейіпкерлер іс-әрекеті жалпы халықтықсананы, жайлай бастаған дерттің айқын куәгеріне айналып кеткен. Бұрын тек нышана ретінде байқалған өмірлік материалдарды өз іс-әрекеті арқылы толықтырушы болар. Садық - ұлттық ой-сана проблемасын шын мәнінде айқындаушы ретінде көрінеді. Әсіресе Сапар типтік өмір тік материалды жинақтаушы кейіпкер. Олай дейтінім дарбекті бір есептен Арыстанға да, Сапарға да ұқсас асііи. Тіпті осы бір кейіпкерді автор Хайдарбек деп атамай Сапар деп атай салған болса, онда бұрынғы Сапардың өзі екендігіне көрерменнің риясыз сенетіндігі сөзсіз. Әрине, драматургтің "Өзіме де сол керек'" комедиясындағы кейіпкерін Хайдарбек деп атауы табиғи зандылық. Себебі, Хайдарбектің іс-әрекеті ойдан шығарылмаған, өмірдің өзі ұсынған кейіпкер. Басқаша айтсақ. Хайдарбектің іс-әрекетіне өзек етілген өмірлік материал интеллектуальды даму кезеңінің санадағы өзгерістерге тигізген бслсенді әсерінің жемісі. Олай болса, Қ.Мұхамеджановтың Хайдарбекті уақыт белгілеген өз атымен атауы өте орынды. Мұның өзі ұлттық ой-сана проблемасының асқырту заңдылықтарын дәл айқындайды.
Ал, ұлттық ой-сана проблемасының асқынуы - рухани жарымжан кейіпкерлердің іс-әрекетіндегі ұқсастықты күшейтеді. Бірақ олардың іс-қимылы қоғамдықдамуға барынша ықпал жасаушы ретінде айрыкша роль атқарады. Қоғамға белсене ықпал етуші саяз ойлы кейіп-керлер ор уақытта уақыт ағымына бейімделгіш, ұлттық санаға кереғар жәйттерді тез қабылдайтын, айлакерлік, кісінің іші бауырына кіріп кететін жыл достық жылмаға қасиеттерімен ерекшеленеді. Айрықша атап айтар нәрсе ұлттық ой-сана проблемасын ақатысты өмірлік материал әр уақытта іс-әрекеті ширақ, өзі де сөзі де жылмағам кеиіп керлердің іс-әрекеті арқылы бейнеленеді. Онда өмірлік матерналды «типтік» (рухани таяздық жағынан ұқсас кеиіпкерлердің іс-әрекеті деп атамыздың себебі де осында.
Халыктың ой-сана әлеміне енген сапалық және кереғар өзгерістср азаматтық өлшемі мен ұшқарылық процес арқылы бейнеленеді. Ұшқарылық процес ұлттық эмоциялық елікпе көңіл-күйге, ал ұлттық сана пролемсы этнодеформациялық мобилнзацияға тәуелді.


Скачать


zharar.kz