Қазіргі кезеңде Юпитердің 61 серігі анықталды. Олардың бәрі де қатты денелер, төртеуі неғұрлым ірі және айдың көлемі мен массасымен салыстырарлықтай шар тәрізді. Бұл төрт серікті 1610 жылдың қаңтарында - ақ Галилей ашқан. Олар тіпті дүрбі арқылы да көрінеді. Серіктердің өз өосінен айналу жылдамдықтары Юпитердің төңірегіндегі айналу жылдамдықтары Юпитерге ылғи бір жарты шарымен (Ай сияқты) қараған күйде және оның экваторы белдеуі бойымен айналады.
Оларға ежелгі грек мифологиясынан алынған: Ио (айдың тәңірісі), Еуропа (жер шаруашылығының тәңірі), Ганимед және Калисто деген есімдер берілген. Юпитер спутниктерінің қысқаша сипаттамасы.
№ Аталуы Жарқы-рауы Юпитерден қашықтығы
103 км Айналу периоды тәулікпен Диометр Айдағы массасы мен алынған масса
Км Ай диаметр мен алынған
І Ио 5,0 421,6 1,769 3630 1,041 1,21
ІІ Еуропа 5,3 670,9 3,551 3140 0,90 0,66
ІІІ Ганимед 4,6 1070,0 7,155 5260 1,51 2,02
ІV Коллиста 5,6 1880 16,689 4800 1,38 1,44
Көлемі жағынан Ганимед Меркуриден үлкен, ал Калисто оны мен бірдей деуге болады. Ио серігі Күн жүйесіндегі бірден бір бекенді жанартаулы серік онан биіктігі 200 км – ге дейін газ бен тозаң лаұқтыратын жеті жанартау табылды. Серіктердің беті толып жатқан қазан – шұңқырдан, жал – жл болып қатып қалған құм секілді созылып жатқан қыртыстардан және тілімделген жарықтардан тұрады. Ал Ио серігінің беті жаңартау лавасымен көмілген.
Юпитердің 4 галилей серіктерінің ішінде ең кішісі – Еуропа Оның мөлшері Айдан сәл кішірек (3476 км – Ай диаметрі болса, Еуропа - 3130 км). Еуропа Ай сияқты өз ғаламшарына әруақытта бір жанымен бұрылған. Ал олардың тығыздығы шамамен бірдей - 3г/см3 Еуропаның тоғыздығы, Айдыкі – 3,3 г/ см 3 .
Ганимед - күн жүйесінің ең үлкен серігі. Егер Ганимед күн айналасының орбитасы бойынша айналса, онда ол ғаламшар болып есептелер еді. Өзінің мөлшеріне (диаметрі - 5262 км) қарай меркурий (2440 км) мен Плутон (1142 км) ғаламшарларынан асып түседі.
«Пионер – 10» (1973 жылғы желтоқсан) мен «пионер – 11» (1974 жыл) бірінші болып гонимед серігіне жақындады, шамамен 750 мың км. Қашықтықта зерттеді түсірілген суреттерден оның беті метеориттік кратерлермен шимақталғаны айқын көрінеді. Зерттеу барысы ганимедттің тығыздығы шамамен 1,9 г/см3 екенін көрсетті. Демек, юпитердің үшінші серігі Ганимед жартылай судан тұрады.
Калисто – ұлы ғалым Голилей ашқан Юпитердің төртінші серігі. Ол үлкен мөлшерімен ерекшеленеді - диаметрі 4800 км және салмағы 1,08х 1023, ал оның орбитасы ғаламшар бетінен 1883 000 км арақашықтықта созылып жатыр. Юпитердің бұл серіг мөлшері жағынан Меркурий ғаламшарына (4880 км) тең және көлемі жағынан күн жүйесінің үшінші серігі болып табылады. Оның айналу мерзімі – 16,689 тәулік.
Калисто негізінен тастар мен мұздардан тұрады: 40% – пайыз мұздан және 60% – пайыз силикат пен темірден, деп есептейді.
Калисто серігінің беті өте ежелден келеді: оның қалыптасуы 4 млрд. жыл бұрын аяқталады. Онан арғы бетінің рельефтерінің өзгеруі негізінен метеоритерге байланысты болады.
Қалған серіктерінің шамасы 1 – нан 280 км-ге дейін жетеді, ал пішіндері бұрыс. Олар ашылу ретіне қарай нөмірленген, сондықтан ол цифрлар ғаламшардан қашықтығын көрсететін цифрлармен сәйкес келмейді ғаламшарға ең жақын ХІV адрастея мен ХVІ Метис 128000 км радиусты ұқсас орбитасымен 7 сағ 05 мин айналып шығады. Төрт алыс серіктері (ХІІ Ананке, ХІ Карме, VІІІ Пасифе мен ІХ Синопе) кері бағытта аса созылыңқы, біршама көлбеу орбитамен қозғалады, Анағұрлым алыс ІХ серік 2,33. 107 км орташа қашықтықта 758 тәулік мерзімде бір айналып шығады.
Юпитердің өзінің шалғай серіктерін астероидтар белдеуінен қармап алуы әбден мүмкін.
Өзінің қозғалысы кезінде жақын серіктер ғаламшардың тасасына енеді (серіктердің тұтылуы), ғаламшардың арғы жағына жасырынады (серіктермен тоғысуы), оның алдынғы тұсынан өтеді (серіктердің өтуі) және оның шартабағына көлеңкелерін түсіреді. Бұл құбылыстар тіпті шағын телескоппен қарағанда да жақсы көрінеді.
Юпитерді зерттеу әдістері.
Күн жүйесінен ары ұшу алғаш 1972 жылдың 3 наурызынан басталды, алайда оның негізгі мақсаты жұлдыздарға саяхат жасау болмады. «Пионер - 10» станциясына юпитердің салмағын анықтау, оның магниттік өрісі мен радиациялық белдеуін, жылу тепе – теңдігі мен температураның сыртқы атмосферада таралуын зерттеу және де ғаламшар мен оның серіктерінің көрінетін жарықтағы суреттерін түсіріп, олардың сипаттамаларын зерттеу міндеттері жүктелген еді. Юпитерге ұшу бағытындағы күн желі, ғаламшараралық магнит өрісі, космос сәулелері, метеор заттары зерттелді. Станцияда Юпитердің астероидтық және радиациялық белдеуінің электрондық аппаратура үшін қатерінің дәрежесін анықтауға тура келді.
Юпитерге ұшырылған ғарыштық аппараттар.
Станция салмағы 260 кг, ал ғылыми аспаптардың салмағы – 30 кг болды. Оның ішінде магнитометр, плазма анализаторы, зарядталған бөлшектер мен космос сәулелерінің детекторы, Гейгер – Мюллер санауышының жиынтығы, радиациялық детектор,