Қ. А. Ясауи хикметтерінің тәрбиелік мәні

Скачать

Қ.А.Ясауидің "мейірімсіз менмендерден қаштым міне" деп жер астына түскеніне де біршама уақыт өтіпті. Қолдағы мәліметгерге қарағанда Ахмет Ясауи Шымкент қаласының шығысында орналасқан Шахияр өзенінің кішігірім саласы Қарасудың жағасындағы Сайрам қалашығында дүниеге келген. Исфиджап немесе Аққала (Акшехир) деп аталған Сайрам маңызды елді мекен болған. Халқы түріктерден және парсылардан тұратын. Кейбір деректерде оның Яссыда туылғандығы жайында айтылғанмен, мұның шындық екендігін растау мүмкін емес. Бір хикметінде туған жерін Түркістан ретінде көрсеткенмен, мұны Яссы қаласы емес, Түркістан аймағы деп түсінсек дұрысырақ болар еді. Туылған жылы нақты белгілі емес. Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жыл деп белгілейді. Қ.А. Ясауи - бүкіл түркі халықтарының атасы, XII ғасырда көне түркі тілінде жазылған " Диуани хикмет" кітабының авторы. Қ.А.Ясауи Исламға шақыруын, насихаттарын хикмет атымен уағыздаған. Бұл таңдау болса керек. Өйткені Құран Кәрімнің Нахл сүресінің 125 аятында: "Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық және көркем үгіт) арқылы шақыр" деп бұйырылған. Хикметтің мағынасын ашатын болсақ даналық, туралық, кәміл ақылдылық, ой пікір, білімділік, өнер дегенді білдіреді. Одан басқа хикмет халал (адал) және харамды (арам) білу, білімді амал жасау мағыналарына келеді.
Өзінің хикметтері арқылы жеті принципін жеткізген:
1 Аллаһқа деген махаббат
2 Ықылас пен шынайылық
3 Адамға деген сүйіспеншілік
4 Кішіпейілділік
5 Әйел мен еркек теңдігі
6 Еңбекті бағалау
7 Ілім мәселесі
"Диуани хикмет" (Даналык кітабы) оғыз-қыпшақ тілінде өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған әдеби туынды. Хикмет тілі дін Исламнан хабары бар жанға жеңіл. Хикметтерді тереңірек үңіліп, мән бере оқыған адам Ясауи жырларының қыпшақ тіліне өте жақын екендігін аңғарады. Сондықтан, Қ.А.Ясауи шығармалары бүкіл түркі халықтарына ортақ рухани мұра. Ақынның шамамен 143 хикметі бар. "Диуани хикметтің" алғы сөзінде жалпы мұсылман дінінің негізгі қағидаларын, шарттарын, парыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік (анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері арнайы сөз болады. "Диуани хикмет" адамзатты имандылыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып жазылған шығарма.
Ақын "Диуани хикмет" еңбегінде адамзатқа ақыл, өсиет айта отырып үлгі, өнеге көрсетуте шақырған.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы болғын,
Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын.
Махшар күні тәңірге жақын болғын,
Менменсіген халықтан қаштым міне.
Бұл хикметінде ақын адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын, мейірімділігін, сүйіспеншілігін насихаттайды.
Қ.А.Ясауи өзінің "Диуани хикмет" шығармасында Аллаһқа сүйіспеншілік мәселесіне ерекше мән берген. Осы әлемдегі өмірдің түйіні-Аллаһқа құлшылық ету, тәубеге келу, құдай жолына жанын пида ету секілді парыз міндеттерді суреттеп қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарына да арнайы тоқталады. Аллаһ адамды махаббат сезімінен жаратқан. Мұсылмандық Аллаһты сүюден басталады және жалғасады. Сол себепті Қожа Ахмет:
Иман жоқ сүймегенде, жаны да жоқ,
Болмайды Расул сөзін танып әлек,-
дейді. Ақын өз өмірінен қорытынды шығарып, былай дейді:
Бар дүние менікі деген сұлтандарға,
Ғалам малын сансыз жиып айдағандарға.
Өмірі сауық-сайран құрғандарға,
Өлім неше бір опа өылмайды деп
Осындай дүние-мүлік үшін жанын жалдап, арамдық, сұмдық, зұлымдыққа барған кісілерді аяусыз әшкерелейді. Оларды тәубеге келтіріп, иманды ету үшін ақын ең алдымен өз басындағы міндеттерді тізбелейді.
Күрмеуге келмес қысқа жіптей аз күн жалғанда, нарықтық заман қыспағында Қ. А.Ясауи бабамыздың хикметтерінің маңызы зор. Егер әрбір пенде күнделікті өмір, күйбең тіршілік қам-қарекеттерін күйттеп, рухани ілім, білім, әдебиет, мәдениет мәселесіне мән бермесе, қазаққа еңселі елдік қайда, егемендіктен не пайда?!
Дәуірлер, замандар көші алға озуда. Алайда, ата-бабаларымыздан қалған асыл сөз ешқашан көнермек емес, " Ғалымның хаты өлмейді" дегендей Ясауи кітабын тек әдеби шығарма деп бағалау аз. Мұндай асыл-мұралар, тарихи туындылар адамды тығырықтан шығарып, тұтқиылдан босатар, инабатшыл көңілдерге иман ұялатар мәнді шығарма. Бұл туындылардың түп төркіні, маңыздылығы ар-ұят аталған әлемдік жарасым әміршісі-Аллаһқа деген сенімде, шексіз махабатта жатыр. Тәртіптілік пен тәрбиелілік. Аллаһтың киелі ақжолынан бастау алған, ағайын. Ұлы баба Қ.А.Ясауи хикметтерінің негізгі идеясы да осы, яғни:
Бір құдайға жеткізген соң бұл даусын,
Білгендерге шапағат нұр жаусын!


Скачать


zharar.kz