2СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
2.1Әліппе қазақ тілін меңгеруде басты мәселе.
Әліппе – жас жеткіншектің ең алғаш танысатын оқулығы. Баланың оқи білу және жазу дағдылары осы кітап арқылы қалыптасады. Кез-келген тілді меңгеруде жас баланың тез үйрентінін білеміз. Одан басқа Қазақстанда тұратын өзге ұлттың өкілдері мен қазақтың қара домалақ балдарын бала кезінде өзіміздің ұлттық тілге үйренуіне ықпал жасасақ онда біріншіден уақыттан ұтып және қазақ тіліне деген құрметке ие болар едік. Сондықтан да қазақ тілінде сауат ашу жүйесінің зәруліктері қазіргі таңдағы оқыту үрдісіндегі басты мәселенің бірі.
Кез-келген тілді үйрену үшін оның жасына қарамай, алдымен оның меңгерген деңгейін қарастыру керек сияқты. Сондықтан алдымен қазақ тілін үйрену үшін әліппеден бастау дұрыс. Сауат ашу мәселесі, “Әліппе” оқулығының ғылыми тұрғыда белгілі бір тақырыптық – мазмұндық жүйеде түзілуіне байланысты.
2.2Оқулықтарды құрастыруда лингвостатистикалық әдісті қолданудың кейбір мәселелері
Бастауыш сыныптағы әліппе оқулықғына берілетін тілдік материалдарды ғылыми тұрғыдан оқушылардың әдеби сөздік қорын кеңейту, байыту мақсатында пайдаланған жоқ.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптағы ана тілінің бұрынғы оқулықтарында саясатқа баса көңіл бөлініп, ұлттық ерекшелігіміз, дәстүрлеріміз назардан тыс қалды.
Ал бүгін жаңа бағдарлама бойынша жаңа әдіспен оқыту жолы көзделуде. Зерттеу әдістері де өзгерді: тұтас сыныптармен эксперименттер жасау басталды. Мұндай оқытудың тиімді тұсы білім мен дағдыны жетілдіру үрдісімен байланысты сыныптағы орындалатын жұмыстардың темпін жылдамдатып, жетілдіруге қатысты болды.
Сонымен бірге төменгі сыныптарда қазақ тілі мен ана тілі, әліппе пәндерін оқытуда мәтін түрлерін саналы түсініп оқу арқылы есте сақтап, өз ой-пікірлері мен тұжырымы бойынша белгілі тақырыпқа сай ауызша – жазбаша сөйлеу икемділіктерін аттырып, ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болмақ.
Қазіргі мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Ал сөйлеу - ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының сөйлеу икемділіктерін дамытуда әліппені, қазақ тілі мен ана тілінің пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан баланы сөйлеуге үйрету, сөйлеу тілін дамыту үшін баланың сөздік қоры туралы түсінігі мен оны құрастыра білу икемділіктер дағдылары құрастырылады. Мәселенің өзектілігі соңғы онжылдықта көптеген лингвистикалық зерттеулерге арқау болуда.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда оқулықтар мазмұнына жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы балалардың таным қызметін кеңейту, ойын жетілдіру – олардың сөйлеу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Бұл орайда оқушылардың жазбаша тілдің психологиялық механизмдерін меңгеру ерекшеліктеріне қарай, сөйлеу тілі де мәдениетті де икемді әрі еркін бола түседі. Бұлар өз кезегінде оқу мазмұнына байланысты.
Қазақ тілінің жұмсалу аясына, тіл тазалығына қатысты қазақ тілі фонологиялық жүйесінің ерекшеліктерін сақтау, үндестік заңын бұзбау мақсатында мектепте оқушыларға өзге тілдерден енген сөздерді жаздырып, оқытуда белгілі бір жүйенің болмауына байланысты орфографиямыздағы келеңсіздіктерге статистикалық талдау жасалынып, мектеп оқулықтарындағы олардың үлесі анықталып, сөздердің дұрыс жазылуын реттеуді бастауыш сынып оқулықтарынан бастау туралы ұсыныс, пікірлер айтылған.
Мектеп оқушыларына ана тіліміздің лексика-грамматикалық жүйесін меңгерту үшін оқулықтардағы сөздік қор мен оның құрамын анықтап, оны жетілдіру жолдарын қарастыру, сөздердің кездесу жиіліктеріне сәйкес тіл заңдылықтарын түсіндіру, мектеп оқулықтарының тілдік ерекшеліктерін анықтау секілді теориялық мәселелер де қамтылады.
2.3Оқулық мәтіндеріндегі сөз таптарының қолданысы
1950-2000 ж.жү БСО (Бастауыш сынып оқулықтары) мен БӘ (Балалар әдебиеті) мәтіндерін зерттеу нәтижесінде біз әртүрлі сөз топтарының (таптарының) статистикалық мәліметтерін алдық және алынған нәтижелер бойынша өзара байланыстар таблицасын жасадық. Бірінші таблица сандық мәліметтерді бақылау жолымен, ал екіншісі корреляциялық кесте ретімен құрылды.
Қажетті мәліметтерді анықтау барысында кейбір проблемалар туындайды, бұл әсіресе педагогика-психологиялық және қоғамдық ғылымдарға тән. Көбінесе бұл қиындық зерттелініп отырған материалдардың сандық сипаттамаларын анықтауда туындайды. Сондықтан да осы секілді бақылау мүмкіндігі шамалы құбылыстарды сипаттау немесе есептеу-зерттеу жұмыстарында зерттеудің математикалық және компьютерлік әдістері қолданылады. Соған байланысты статистикалық методтар осы әдістерге негізделді. Осындай әдістердің қатарына реттік белгілердің корреляциясы методын жатқызуға болады. Мысалы, оқулық мәтіндеріндегі ең жиілігі жоғары сөзді 1 деп таңбаласақ, одан кейінгі жиі кездесетін сөздің таңбасы 2 т.б. Осы таңбалар реті мен сөз таптары арасындағы өзара байланысты өлшеу үшін р (ро) формасы бойынша Спирменнің корреяция коэффиценті пайдаланады:
p 1- осыдан келіп шығатын формула p1
Мұндағы п- вариант немесе өзгермелі сан, - қосынды, d2 параметрі салыстырылып отырған мәтіндердегі сөздердің жиілігі бойынша орналасқан рангілерінің айырмасының квадратын білдіреді. Ал кестелердегі d2 бағанасының мәндерін қоссақ, салыстырылып отырғанмәтіндердегі белгілі сөз таптарының қолданылуы бойынша d2 мәнін аламыз. (Мыс: 50 ж. БСО –468, 70 ж. БСО –838, БӘ -214).
Егер р мәні 0,50-ден артық болса (р >0,50), онда зерттеуге негіз етіп алынған мәтіндердің арасында өзара тығыз байланыс бар деп есептелінеді. Ал р мәні 0,50-ден аз болса, онда бұл салыстырылып отырған мәтіндердің арасында ерекше байланыс жоқ деп есептелінеді. Осы болжамды тексеру үшін біз 50 және 70 жылдардағы БСО мәтіндерінде қолданылуы жағынан өзге сөз таптарынан үлесі бсым болып келетін зат есім, етістік, сын есімжәне есімдіктердің әрқайсысының ең жиі қолданылатын 20 сөзден таңдап алдық. Бұл сөздер кему жиілігіне қарай кестелерге реттестірілді. Мысалы: зат есімдер бойынша 50 ж. БСО мәтіндеріндегі күн сөзінің реттік нөмірі 2 болса, 70 ж. БСО мәтіндеріндегі бұл сөздің жиілік бойынша реттік нөмірі 4.
Демек, мұнда d2і = 4. Егер ал етістігінің жиілік бойынша 50 ж. оқулықтарда реттік нөмірі 5 болса, ал 70 ж. оқулықтарда реттік нөмірі 1, БӘ (БӘ) 4.