ҚАТТЫ ДЕНЕ КИНЕМАТИКАСЫ

Скачать

Кеңістіктегі қатты дене қозғалысы оның бір түзуде жатпайтын үш нүктесінің қозғалысымен анықталады.

Қатты дене кинематикасының оның нүктелері жылдамдықтары туралы негізгі теорема. Қатты дененің екі нүктесінің жылдамдықтарының оларды қосатын түзуге проекциясы бір-бірімен тең.

§7 ДЕНЕНІҢ ІЛГЕРІЛЕМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы деп денеден алынған кез-келген түзу өзінің бастапқы бағытына параллель болып қалатын қозғалысты айтады.

Егер дене ілгерілемелі қозғалса, онда оның барлық нүктелерінде жылдамдық пен үдеу бірдей болады.

§8 ҚОЗҒАЛМАЙТЫН ОСЬ АЙНАЛАСЫНАН ҚАТТЫ ДЕНЕНІҢ АЙНАЛУЫ

Қатты дененің қозғалмайтын ось айналасынан айналуы деп берілген санақ жүйесінде екі нүктенің (немесе денемен байланысқан екі нүкте) қозғалыссыз қалатын қозғалысын айтады.

Егер уақыт функциясы ретінде айналмалы ось арқылы өтетін жазықтық бұрылып тұратын бұрыш және қандай да бір айналатын дене нүктесі берілсе, онда қатты дененің айналмалы қозғалысы анықталады.

Бұрыштық жылдамдық уақыт бойынша бұрылыс бұрышының бірінші туындысымен табылады:ω=φ.
ҚОЗҒАЛМАЙТЫН БІР НҮКТЕСІ БАР ДЕНЕНІҢ БҰРЫШТЫҚ ЖЫЛДАМДЫҒЫ


Скачать


zharar.kz