Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау негізгі көрсеткіштер арасында өзара байланысты құрылымдандыруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар жиынтығы көмегімен жүргізіледі.
Абсолюттік көрсеткіштерді талдау – бұл бухгалтерлік есептілікте көрсетілген берілгендерді танып білу: кәсіпорын мүлігінің құрамы қаржлық салымдардың құрылымы, меншікті капиталдың қалыптасуы көздері, қарызға алынатын қаражаттар мөлшері, өткізуден түскен түсүм көлемі, пайда мөлшері анықталады.
Көлденең (уақыттық) талдау – бүл өткен кезеңмен өткізуден есеп берудің арбір айқындамасын салыстыру, ал ол баланс баптарының және олардың топтарының өзгеру бағытын айқындауға және оның негізінде базистік өсу қарқындарын есептеуге мүмкіндік береді.
Тікесінен (құрылымдық) талдау қортындылық қаржылық көрсеткіштер құрылымын анықтау, яғни жалпы натижелік көрсеткіштері есеп беру дегі жеке баптардың үлес салмағын айқындау мақсатында жүргізіледі.
Тренділік (динамикалық) талдау бір қатар жылдарға есептіліктің әрбір айқындамасын салыстыруға және трендіні анықтауға негізделген.
Тренді көмегімен келешектік, болжамдық талдау жүргізіледі. Қаржылық-экономикалық талдаудың басты әдісі қаржылық (аналитикалық) коэфициенттерді есептеу болып табылады.
Қаржылық коэффициенттер пайдаланушылардың әр түрлі топтарына: акционерлерге, менеджерлерге, талдаушыларға қажет. Мұндай коэффициенттерді талдау – бұл есептің жеке айқындамалары немесе есептіліктің әр түрлі нысандары айқындамалары арасында арақатысты есептеу, олардың өз ара байланысын анықтау.
Ондаған салыстырмалы көрсеткіштер белгілі, бірақ қолайлы болу үшін олар бірнеше топтарға біріктірілген:
өтімділік;
төлемқабілеттілік;
қаржылық орнықтылық;
мүлік құрылымының сипаттамасы.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын алдын ала бағалау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштер топтары өз араларында сапалық айырмашылықтары бар бірінші және екінші сыныптарға бөлінеді. Көрсеткіштер тобының екі сыныпқа бөлінуі елеулі шамада қарастырылып отырған талдаушылық құралдың жеткіліксіз дамығандығының салдары.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдауды жүргізу үшін ақпараттық база болып бухгалтрлік есептілік (есеп беру) қызмет етеді. Ұйымның (шаруашылық субьектінің) есеп берушілігі – бүл натижелерді сипаттайтын және өткен уақытқа оның жұмысының жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берушілікке ағымдағы есептің барлық түрлері кірістірілген.
Соның арқасында есеп беруде кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің барлық түрлерін бейнелеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Есептерді құрайтын мәліметтер сипаты бойынша басқарушылық (ішкі) және қаржылық (сыртқы) есеп беру етіп бөледі.
Қаржылық есеп беруге бір қатар талаптар қойылады, олардың негізгілері:
ақпараттардың орындылығы мен дұрыстығы;
берілген есеп берудің мәнділігі.
Жоғарыда айтылып кеткенде, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау негізінен қаржылық бухгалтерлік есеп беруіне сүйінеді.
Қаржылық бухгалтерлік есеп беру бірнеше құраушы бырынғай тұтас есеп құжаттарынан тұрады:
бухгалтерлік баланс;
пайда және зиян шегу туралы есеп;
капитал қозғалысы;
ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп; бухгалтерлік балансқа жалғама.
Кәсіпорын жыл қорытындысы бойынша жоғарыда аталған құжаттардан басқа, аудиторлар пікірінен, қаржылық есеп берулерге ескертулерден түратын құжаттар қосымша ақпараттарды ұсынуға тиісті. Атап өткен жөн, аудиторлар қаржылық есеп берулердің дәлділігін растамайды, тек есеп берудің белгіленген ережелерге сайкес құрылғаны туралы касіби түйін жасайды.
Қаржылық есеп беру-бүл ұйымның откен белгілі бір кезеңге қызмет нәтижелерін көрсететін құжат болғандықтан, сыртқы талдаушылардың ескірген мәліметтерге сүйеніп сол кездегі жағдайын бағалағаннан басқа амалы жоқ.
Кәсіпорынның қызметі туралы көп түрлі экономикалық ақпарат және сол қызметті талдаудың көптеген тәсілдері бар.
Сыртқы қаржылық есеп берудің берілгендері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың класикалық тәсілі болып табылады. Оның жүргізілуі келесі сатылардан тұрады:
1. Ақпараттарды жинақтау және оның дұрыстығын бағалау, талап етілетін уақыт кезеңіне бухгалтерлік есеп беру нысанынан берілгендерді іріктеу. Бухгалтерлік есеп берудің типтік нысандарының аналитикалық нысанға өзгеруі.
1. Есеп құрылымы мен көрсеткіштер өзгерісінің сипаттамасы.
2. Талдаудың негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштерді есептеу және топтау.
3. Зерттелінетін кезеңге көрсеткіштер топтарын айқындау және өзгерту.
4. Негізгі зерттелінетін көрсеткіштер мен нәтижелер дәйектемесі арасында өзара байланысты белгілеу.
5. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайы туралы түйінді дайындау.
6. «Тар орындарды айқындау және резервтерді іздестіру.
7. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау құрылымы бас негізгі блок параметрлерді бағалаудаан тұрады:
1. Баланстың құрамы мен құрлымын;
2. Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын;
3. Кәсіпорын өтімділігі мен төлемқабілеттілігін;
4. Рентабелділігін;
5. Іскерлік белсенділікті;
Өзара байланысты бұл блоктар кәсіпорынның ағымдағы экономикалық жағдайының ең дәл және объективтік бейнесін бепетін көрсеткіштерді есептеу мен топтауды жүргізуге негіз болатын талдау құрылымын білдіреді.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау қажетті мәліметтер болғанда күрделі емес.
1.3. Бухгалтерлік баланстың құрылымымен динамикасын жалпы бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік балансты, оның құрылымын, құрамымен динамикасын танып білуден басталады. Ол үшін келесі мәселелерді қарастыру керек:
баланстың негізгі тұжырымдамаларын;
баланстың мәнімен қызметтерін;
бухгалтерлік баланстың құрылуын.
Бухгалтерлік баланс – бүл кәсіпорын мүлігінің құны мен қаржыландыру көздері құнын бейнелейтін белгілі бір уақыт кезеңіне шаруашылық бірліктің каржылық жағдайы туралы ақпарат.
Кәсіпорын балансында бухгалтерлік есептің неғізін құраушы тұжырымдамалар бар:
1. Ақшамен өлшеу тұжырымдамасы. Есеп беруде ақша тұрінде көріне алатын ақпарат ғана тіркеледі.
2. Жекеленген кәсіпорын тұжырымдамасы ұйымнаң шаруашылық қызметін есепке алу оны заңды тұлға ретінде тіркелген кезден бастап үздіксіз жүргізіледі.
3. Әрекет етуші кәсіпорын тұжырымдамасы кәсіпорын қызмет етіп тұратын уақыт аралығы белгісіз екендігімен жіберіледі.
Шаруашылық субъект әрекеттегі кәсіпорын болып табылады және одан әрі қызмет етуін жалғастырады.
4. Құны бойынша есепке алу тұжырымдамасы, кәсіпорын мүлкін алуға төленген баға бойынша есепке алу реестіріне еңгізіледі. Бүл активтерді келесіде есепке алу үшін негіз болып табылады.
5. Екі ұдайлық есеп жұргізу тұжырымдамасы, кәсіпорынның барлық активтері олардың иелерімен немесе кредиторлармен талап етілуі мүмкін және бұл талаптардың жалпы сомасы талап етіліп отырған активтер сомасынан арта алмайды. Бұл активтер мен пассивтердің тең екендігін білдіреді.
Негізін құрайтын тұжырымдамалармен қатар мәнділік,сақтық есеп ақпаратының зарарсыздығы және т.б. болады.
Бухгалтерлік баланс – кәсіпорын қаражаттарының олардың қаржыландыру көздеріне қатысы бойынша жағдайын орналастыруын және пайдалануын ақша нысанында бейнелеу тәсілі. Нысан боиынша баланс нәтежелері өз араларында тең сандардың екі қатарын білдіреді, сондықтан бухгалтерлік баланстың маңызды сыртқы белгісі екі жақтық тепе теңдігі қағидасын сақтау болып табылады.
Нарықтық экономикада бухгалтерлік баланс – нгізгі ақпараттар көздері. Олардың көмегімен пайдаланушылардың кең шеңбері:
Шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайымен танысу;
Кәсіпорын әл – ауқатын анықтау;
Ұйым үшінші тұлға – акционерлер, инвесторлар, кредиторлар сатып алушылар және басқалары алдында өз міндеттемелерін орындай алуы;
Кәсіпорын жұмысының соңғы қаржылық нәтижелер аныктау мүмкіндігіне ие болады.
Бухгалтерлік баланстың құрылуы мынадай: баланстың негізгі бөлімдері мен олардың негізгі баптары белгілі бір түрде топтастырылған.
Бұл аналитикалық зерттеулерді орындау және активтер мен пассивтер құрылымын бағалау үшін қажет (Сызба
Активтер деп әдетте ақшалар салынған мүлікті айтады. Активтің баптарын мүліктің өтімділігі дарежесіне байланысты, яғни активтің сол тұрін ақша тұріне қаншалықты тез ауыстыруға болатынына байланысты орналастырады балнс активінің бөлімдері өтімділіктің өсу тәртібімен құрылады.