Реформалар жағдайында кәсіпорынға ұзақ мерзімді стратегия – бизнес жоспарды жасақтауға негізделген қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесі талап етіледі.
Бизнес-жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақ мерзімді келешекке айналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет.Бизнес жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақмерзімді келешекке аналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет.
Бұдан басқа, бизнес жоспар кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіштерінің бөлімінен; кәсіпорынның мақсаттары туралы ақпараттарды құратын бөлімнен тұруға тйіс, патенттік құқұқ, экспорт көрсеткіштері және оның мүмкіндіктері, кәсіпорын шығаратын өнімнің тұтыну қасиеттерін жетілдіру негізгі бағыттары, өнімнің ассортиментік құрамы туралы берілгендер келтіріледі.
Бизнес – жоспардың маңызды бөлімі кәсіпорын өнімнің өткізілім нарығын сипаттауы болып табылады, ол нарықтық зерттеуді, тұтынушыларды және олардың сурамыс деңгейін, тұтынушылар ынталануын, кәсіпорынның нарықтағы жағдаиын, негізгі көрсеткіштерін талдаудан тұруға тиіс. Будан басқа, кәсіпорынның талдау – бәсекелестер қызметін зерттеу, бәсекелестер өнімін бағалау, салыстырмалы бағалау қажет. Сондай-ақ маркетингтік зерттеулерде қажет өған мыналар кірістіріледі: бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге маркетинг стратегиясын анықтау тауар саясаты, баға саясаты, сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру.
Кәсіпорынның өндірістік-технологиалық және инновациялық саясатын сипаттайтын және келесі ақпараттардан тұратын бөлім қажет:
кәсіпорынның орналасқан жері туралы;
өндіріс қуаттылығы туралы;
ұзақ мерзімді активтер туралы;
өндірістің технологиялық денгейі, оның қазіргі заман талаптарына сәйкес келуі;
өндірістік процесті бақылау туралы, өнім сапасына кепілдік себептерді талдау;
өндірістік кооперациялау және өндірісті материалдық қамтамасыз ету туралы;
қорщаған ортаны қорғау туралы;
өндіріс өрісінде мемлекеттік және құқұқтық реттеу туралы.
Бизнес жоспардың құрамды бөлімі кадрлық саясатқа және қызметкерлерді басқаруға арналған, кәсіпорынның ұйымдық құрылымы болып табылады. Ол кәсіпорын алдында тұрған міндеттермен мақсаттарға сәйкес келуі керек.
Кәсіпорын бизнес жоспарды жасақтауда тәуекелмен сақтандыру ескерілуі тиіс. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларында қызмет етуі кәсіпорын басшылығы қателесіпқабылдайтын шешімдермен байланысты. Себебі кәсіпорын қызметіндегі мәселелер кәсіпорынның барлық жұмысшыларын, акционерлерді, инвесторларды, тұтынушыларды қызықтыратын болғандықтан мүмкін болатын тәуекелдерді талдау керек. Бұл тәуекел мәні мәселелері, тәуекел себептері, тәуекел факторлары, өтеумен тәуекелді азайту әдістері болуы мүмкін.
Тәукелдерді сақтандырудың қазіргі бар жұмысы сақтандыру, мүлікті сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру, несиелерді сақтандыру туралы келісім шарттарды қарастырады.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдаиын талдауды ескеру мен қабылданған бизнес жоспар негізінде қаржылық ресурстарды басқарушешімдер жасақталынады.
Қаржылық жоспарлауды жасақтауды пайда немесе зиян шегуді болжамдап бастаған дұрыс, себебі сату көлемін болжау бойынша берілгендер болса, материалдық және еңбек ресурстарының қажетті мөлшерін есептеуге, материалдық және еңбек шығындарын анықталады. Одан кейін қолма қол қаражаттар қозғалысы болжамы жасақталанады. Оны анықтаудың қажеттілігі пайда немесе зиян шегу болжамын түсіндіргенде төлемдерді жүзеге асыру тәртібінде көрсетілмейді. Қолма қол қаражаттардың қозғалысын болжау қолма қол қаражаттардың құйылуын, қолма қол қаражаттардың ағылуын, таза ақша ағынын банк шотының бастапқы және соңғы сальдосын ескереді.
Кәсіпорынның төлемқабілетті жағдаиын қамтамасыз ету мақсатында оның қаржылық жағдаиы, қаржылық турақтылығымен орнықтылығы есептеледі.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сапалық және сандық критериилердің жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Сапалық критериилер – бұл өтім нарығының кеңдігі, кәсіпорынның жақсы атағы, басеке қабілеттілік тұрақты жеткізіп берушілер мен тұтынушылардың болуы. Бұндай формальды емес критерилерді басқа кәсіпорынның критериилерімен салыстырып қарау керек.
Іскерлік белсенділіктің сандық критериилері абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен анықталады. Абсолюттік көрсеткіштер ішінен өндірілген өнімді өткізу көлемін, пайда авансыланған капитал шамасын бөліп алу керек.
Осы көрсеткіштердің салыстырмалы динамикасын мақсатқа сай есептеу керек. Тиімді ара қатынас
ТП>ТВ>ТАК>100%
Мұнда ТП – пайданың өзгеру қарқыны; ТВ - өнімді өткізуден түскен түсімнің өзгеру қарқыны; ТАК – кәсіпорынның активтерінің өзгеру қарқыны. Келтірілген ара қатынас «Кәсіпорын экономикасының алтын ережесі» атағын алды: кәсіпорынның мүлігімен өткізу көлеміне қарағанда пайда жоғарырақ темптерімен өсуі керек. Бұл мынаны білдіреді: өндіріс шығымдары және айналымы төмендеуі керек, ал кәсіпорын ресурстары тиімдірек қолданылуі керек. Дегенмен тұрақты табысты кәсіпорынның тәжірибесінде де кей жағдайда осы ара қатынастан ауытқу болуы мүмкін.
Себептері де әр түрлі болуы мүмкін: ірі инвестициялар, жаңа технологияларды менгеру, басқару мен өндіріс құрылымын қайта ұйымдастыру, модернизация және қайта құру және т.б..
Бұл шаралар көбі несе сыртқы ортаның ықпалымен келтірілген және алдағы уақытта пайда әкелетін қаржылық салымдарды талап етеді.
Іскерлік белсенділіктің салыстырмалы көрсеткіштері ресурстарды қолдану тиімділігінің деңгеиін сипаттайды. Іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерінің беріліп отырған жүйесі кәсіпорынның бухгалтерлік (қаржылық) есеп беруінің мәліметтеріне негізделеді.
Бұл жағдай көрсеткіштер есебінің берілгендері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістер бойынша бақылауға мүмкіндік береді.
Есеп беру үшін есепті кезеңдегі түсім пайда бойынша абсолютты қорытынды мәліметтер қолданылады. Бірақ баланс көрсеткіштері кезең басына және кезең соңына есептелген яғни, бір кезеңдік сипатта болады. Сондықтан коэффициенттерді есептеу кезінде баланс баптарының кей көрсеткіштері қолданылады.
Рентабелділік - өндіріс процесіндегі қаражаттардың қолдануы дәрежесін және шығындарды қайтару деңгейн және өнімді өткізуді сипаттайтын кәсіорындағы өндіріс тиімділігінің негізгі құндық сапалық көрсеткіштерінің бірі. Егер қаржылық өрістегі кәсіпорынның іскерлік белсенділігі ресурстар аиналымының жылдамдығынан бұрын көрінсе, онда кәсіпорын рентабелділігі оның қызметінің пайдалылық дарежесін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдаиын талдауда келесі рентабелділік көрсеткіштерінің ерекшеліктері маңызды ықпал етеді.
Тарихи аспект.рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның жұмысының нәтижелігін есепті кезеңге көрсетеді. Атап өткеніміздей кәсіпорынның шарушылық қызметінде ірі инвестициялар мен шығындарды керек ететін өзгерістер болуы мүмкін – пайда.
Ол қозғалмалы, онда өтіп кеткен кезеңдегі қызмет нәтижелері, өндірілген өнім саны, баға денгейі көрінеді, кейбір формалары көрсеткіштің ортақ бөлгіші болып немесе меншікті капитал (Ис) немесе аиналымнан тыс активтер (Ғ) болуы мүмкін.
Кәсіпорынның қызмет өрісі. Негізгі критерии – бизнестегі тәуекелділік. өндіріс жоғары пайда алумен жүргізілуі мүмкін, бірақ үлкен тәуекелділік құнымен және нарықтағы тұрақсыздығымен. Рентабельділікпен негізгі көрсеткіштерін келесі топтарға біріктіруге болады:
1. Өнімнің табыстылығымен көрсеткіштері. Өнімді өткізуден түскен түсім негізінде және өндіріске кеткен шығындар негізінде есептеледі.
2. Кәсіпорын мүлігінің табыстылығының көрсеткіштері. Мүлік шамасының өзгерісіне тәуелді рентабельділік деңгейінің есебі негізінде құрылады.
3. Қөлданылалатын капитал табыстылығының көрсеткіштері. Инвестицияланатын капитал негізінде есептеледі.
Кәсіпорынның рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіш есебі орта жылдық шамаларды анықтауға негізделген. Бұл пайданың жыл басынан бастап және барлық есепті кеңге осіңкі қортындымен есептелетіндігімен түсіндіріледі. Бөлімдегі шама, мысалы меншікті капитал көлемі, өзгеріп кетуі мүмкін.
Өнімнің рентабелділігінің көрсеткіші өзіне келесі көрсеткіштерді кірістіреді:
1. Өнімді өткізуден пайданың өнімді өткізуден түскен түсімге (ҚҚС-сыз) қатынасын білдіретін барлық өткізілген өнімніңрентабельділігі;
2. Баланстық пайданың өнімді өткізуден түскен түсімге (ҚҚС-сыз) қатынасына тең жалпы рентабельділік.
3. Таза пайданың өткізуден түсетін түсімге (ҚҚС-сыз) ретінде анықталатын таза пайда бойынша сату рентабельділігі;
3.3. Кәсіпорынның өтімділігімен төлемқабілеттілігін талдау
Жаппай төлем қабілетсіздік және көптеген кәсіпорындарға банкроттық процедуралар қолдану жағдайларында қаржылық-экономикалық жағдай объективтік және дәл беғалаудың бірінші дәрежедегі мәні болады. Мүндай бағалаудың негізгі критерийі төлемқабілеттілік көрсеткіштері мен кәсіпорынның өтімділігі дәрежесі болып табылады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі ақша сипатындағы сауда, несиелік және басқада операциялардан келіп шығатын төлем міндеттемелерін өз уақытында және толықтай орындау мүмкіндігімен анықталады. Төлем қабілеттілік коммерцияның мәмілелердің нысандар мен шарттарына, соның ішінде несиені алу әсер етеді.
Кәсіпорынның өтімділігі ондағы өтімді қаражаттардың болуымен анықталады. Өтімді қаражаттарға қолма қол ақшалар, банк шоттарындағы ақша қаражаттары және айналым ресурстарының тез өтетін элементтері жатады. Өтімділік кәсіпорынның кез келген уақытта қажетті шығындарды жүзеге асыру қабілетін бейнелейді.
Өтімділік пен төлем қабілеттілік экономикалық категория ретінде тең емес, бірақ тәжірибиде олар өз араларында тығыз өз ара байланысты.
Кәсіпорынның өтімділігі қарыз міндеттемелері бойынша төлем қабілеттілікті көрсетеді. Кәсіпорынның кредиторлар және бюджет алдындағы өз қарыз міндеттемелерін өтеуге қабілетсіздігі банкроттыққа әкеледі. Кәсіпорынды банкрот деп тану үшін негіз тек олармен бірнеше айлар ағымында бюджет алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмауы емес, сонымен бірге кәсіпорынға қаржылық және мүліктік талаптары бар жеке және заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы.
Төлемқабілеттілік пен өтімділікті бағалау үшін келесі амалдар қолданылады:
Баланстық активтік және пассивтік төлемдердің өзгерісін құрылымдық талдау;
өтімділіктің қаржылық коэффициенттерін есептеу;
есепті кезегі ақша қаражаттары қозғалысын талдау.
Баланс өтімділігін бағалаудағы негізгі міндет кәсіпорындардың оның активтері мен міндеттемелерін өтеу шамасын анықтайды, олардың ақша нысанына айналу мерзімімен міндеттемелердің өтеу мерзіміне сәйкес келеді.
Талдауды жүргізу үшін баланс активі мен пассиві келесі белгілер бойынша топтастырылады:
өтімділіктің кему дәрежесі бойынша;
төлеу мерзімі дәрежесі бойынша
Активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдылығына байланысты келесі топтарға бөлінеді:
А1- ең өтімді активтер. Бұған ақша қаражаттарымен қысқа мерзімді қаржылық салымдар
А2- тез өткізілетін активтер. Дебиторлық борышпен басқа активтер.
А3- баяу өткізілетін активтер бұған айналым активтерімен ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жатады.
А4- қиын өткізілетін активтер. Бұл айналымнан тыс активтер.
Пассивтерді топтастыруолардың қайтарылу мерзімі дәрежесі бойынша жүреді
П1- ең қысқа мерзімді міндеттемелер. Бұған кредиторлық борыш және басқада қысқа мерзімді пассивтер жатады
П2- қысқа меззімді пассивтер. Заемдық қаражаттар жатады.
П3- ұзақ мерзімді пассивтер. Ұзақ мерзімді несиелер мен заемдық қаражаттар жатады.
П4- тұрақты пассивтер. Капитал мен резервтер жатады.
Баланс өтімділігін анықтауда активтермен пассивтер топтары өз араларында салыстырылады.