Отынды ұсатып жануға дайындау жүйесінің жылу есебі

Скачать

Бұл бөлімде диірменнің уату және кептіру өндірушілігінің есебі келтірілген. Шоқ дайындау нормаларына сәйкес барабандағы шарларды әр түрлі деңгейлерде толтыру кезінде шоқ жүйесі арқылы өтетін ауа шығынының қолайлы есебі шығарылды. Диірмен жұмысының өндірістігі уату мен кептіру шарттарымен шектеледі. Бастапқыда Майкөбе мен Семей көмірінің ылғалдығы жобаланған Кузнецк көмірінің ылғалдығынан артып кеттеді. Сондықтан да осы көмірлерді кептірудің қалыпты жағдайын қалыптастыру үшін ондағы ыстық ауаның үлесін арттыру есебінен кептіру агентінің температурасы көтерілді және екінші сатылы ауа қыздырғыштан кейін ыстық ауаның температурасы артты. Кептіру агенті: ауа қыздырғыштың екінші сатысынан және ауа қыздырғыштың бірінші сатысынан кейінгі нашар жылытылған ыстық ауаның қоспасы. Шоқ жүйесі жолдары бойынша жылдамдығы есептелді. Шоқ дайындау құралдары жолдарының үлгісі 2 суретте көрсетілген.
1.3.1 Басты деректер мен есептік параметрлердің таңдауы.
Өндірістік ыдысты шоқ жүйесі ШБМ 287/470 типті диірменімен және ВМ 75/1200-1Б, ( п = 1480 об/мин) типті диірмен желдеткіштерімен жабдықталған. 3420 диаметрлі ЦККБ айырғышы, диаметрі 2350 «НИИОГАЗ» типті циклон, 426 х 11 мм диаметрлі шоқ сымдары. Жабдықтың сипатамасы Б ҚОСЫМШАСЫНДА келтірілген.


Скачать


zharar.kz