Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары

Скачать

Қысқа мерзім кезеңі деп – белгілі бір уақыт кезеңін айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кеібір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезеңіндегі өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (FС) және айнымалы (VC) ажыратады, яғни:
ТС = FС + VC
Тұрақты шығындар (FС) деп – қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады:амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.
Айнымалы шығындар (VC) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға : шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. 1-суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы графигі көрсетілген.
Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және ТС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың VC А нүктесіне дейін төменгі жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында еңбек өнімділігінің жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі. Шекті өнімділіктің азаю заңының әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды. ТС қисығы түгелімен VC қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FС-тің жылжуы болып табылады.


Скачать


zharar.kz