Жалпы осы тақырып «Сотта іс қарау», бұл тақырыпта қаралатындар, сот отырысының түсінігі оның тәртібі, төрағалық етуші, іске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, куәдан қалай жауап алу керектігі қарастырылады. Бұл тақырып ауқымды қаралады, кең көлемде қаралады деген ойдамын.
Сот істі талап қобшы талаптардың шегінде шешеді. Алайда талап қоюшының келісуі мен сот, егер бұл талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қажет деп тапса, сондай-ақ көзделген басқа да жағдайларда, талап қоюшы мәлімдеген талаптардың шегінен шығуы мүмкін. Сот іс үшін маңызды жаңа мән жайларды анықтауды немесе дәлелдемелерді қосымша зерттеуді қажет деп тапса, істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Сот істі мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін сот жарыссөздерін, прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.
Осылайша сотта іс қарау бейнеленеді, яғни істі толық қарағаннан кейін шешім шығарылады.
Бұл тақырыпты қарастыратын себебім өйткені әрбір тұлға сотта іс қалай, қай түрде қаралатыны туралы білу қажет, егер куәгер болатын жағдайда, яғни куәгер ретінде сот ісіне немесе істі тергеп жатқан кезде онда куәгер өз құқығын білу қажет, сол сияқты куә, жәбірленуші, сезікті және айыпталушы өз құқықтары мен міндеттерін білу қажет.
Сол себепті іс қалай қаралу керек екендігі туралы білуіміз крек деген ойдамын.